Жеке тұлғаларға несие берудің ақпараттық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 22:27, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты –несие беру жүйесінің мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі несие жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
 «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;

Содержание

 Курстық жұмыс тақырыбы...........................................................3
 Курстық жұмыс мақсаты..............................................................3
 Курстық жұмыс құрылымы..........................................................3

1 – ТАРАУ. Теориялық бөлім

1.1. Қолдану саласына талдау.....................................................................4
1) Несие және несие қатынастарының пайда болуына сипаттама... ................................................................................................................5
2) Осы қызметті жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар...................8

1.2. « Жеке тұлғаға несие берудің» ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты.........................................................................................................10
1.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар..................................10
1) Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар...................11
2) Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын талаптар..................12
1.4. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы...................18


2 – ТАРАУ. Негізгі бөлім

2.1. Несиенің қызметтері және несие берудің формалары мен
түрлері.....................................................................................................19
2.2. Кіріс ақпараты......................................................................................20
2.3. Шығыс ақпараты..................................................................................21

Қорытынды............................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................27

Қосымшалар................................................................

Работа содержит 1 файл

Жеке тұлғаларға несие берудің ақпараттық жүйесі.DOC

— 252.00 Кб (Скачать)

.

 

 

 

 

      Машинадан тыс ақпараттық база

 

         Машинадан тыс ақпараттық база – ақпараттық  жүйенің әрекет етуінде есептеуіш техникасының құралдарын қолданусыз адаммен қабылданатын түрде пайданылатын, хаттамалар, сигналдар және құжаттардың жиынтығын білдіретін, ақпараттық базаның бөлігі.

Машинадан тыс ақпараттық база жіктеумен кодтау жүйесін, нормативті-анықтамалық құжаттарды, оперативті ақпаратты қосады.

Оперативті ақпарат уақыттың дәл берілген сәтінде объекттің күйлерін көрсетеді, яғни, бұл біріншілік, өңделмеген ақпарат.

 

 

      Машина ішіндегі ақпараттық база

 

        Машина ішіндегі ақпараттық база – белгілі белгілері бойынша топтастырылған, жүйенің машиналық тасымалдаушыларында АЖ-де пайдаланылатын мәліметтер жиынтығын білдіретін, ақпараттық базаның бөлігі. Машиналық тасымалдаушылар ЭЕМ-да немесе ДЭЕМ-да ақпаратты автоматты енгізу үшін жарамды, материалдық объектті білдіреді. Оларға қатты магниттік дисктер (винчестерлер), жұмсақ магниттік дисктер (дискеттер), магнитті барабандар, магнитті карталар, фотохромдық тасымалдаушылар, микрофильмдер, перфокарталар, перфоленталар және тасымалдаушылардың басқа түрлері жатады. Қазіргі уақытта жұмсақ магниттік дисктер (дискеттер) кең қолданылады.

        Машина ішіндегі ақпараттық массивтер тұрақты, сақталатын, оперативті және қызметтік болады. Тұрақты ақпараттық массивтерді (нормативті-анықтамалық ақпараттың массивтері) нормативті құжаттардан және анықтамалардан алады, мәліметтерді өңдеуді бастағанға дейін қалыптасады және ақпараттық жүйелердің есептерін шешуде пайдаланылады. Нормативті-анықтамалық ақпараттың массивтеріне жіктеуіштер, анықтамалар, шартты-тұрақты ақпарат жатады.

  Мәліметтер базасы (МБ) тікелей қол жеткізудің (магниттік дискілер) есте сақтаушы құрылғыларында сақталатын өзара байланысқан ақпараттық массивтердің аталған құрылымданған жиынтығын білдіреді және АЖ-нің басқару функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

  МБ құрудың мақсаты мәліметтерді өңдеудің уақытын қысқарту, мәліметтердің қарама-қайшылығы мен сәйкессіздігін жою, МБ-да мәліметтерді сақтаудың сенімділігі және тағы басқалар болып табылады.

  Машина ішіндегі ақпараттық база, берілген есептің мәліметтер базасы қатты және жұмсақ магниттік дискілерде орналасқан, ақпараттың (файлдардың) массивтерінен тұрады.

 

 

 

 

1.3.           4)  Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруға

қойылатын талаптар

 

   АЖ-нің қызмет етуі мен құрудың маңызды шарты ұйымдастыру-шылық қамтамасыз ету болып табылады.

    Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйенің қызметкерлерінің қызметін оның қызмет ету объектті басқарудың қолда бар жүйесін талдау және оның тиімділігін өсірудің бағыттарын қалыптастыру. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай ақ жүйе қызматін реттейтін заңдық актілерді қамтиды.

  Ұйымдастырумен жабдықтау АЖ-ны тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономика-математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастырумен жабдықтаудың мақсаты, жүйені тұрғызу мен әрі қарайғы қолданудың ұйымдастыру-құқықтық негізін қалыптастыру. Оған АЖ-ның функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.

 

              1.3.  5)  Техникалық қамтамасыздандыруға

қойылатын талаптар

 

     Техникалық қамтамасыздандыру (ТҚ) деп автоматтандырылған АЖ-нің жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдар кешені (ТҚК) аталады.

    АЖ-ні техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттан-дыруы қажет:

-   өнімділік, сенімділік және функционалдық мүмкіндіктер АЖ-нің берілген есептік және ақпараттық есептерін автоматтандырылып шешілуін қамтамасыз етуі тиіс;

-   жүйе конфигурациясын жүйенің әрекет етуін бұзусыз, оған ақпараттандырудың (автоматтандырудың) АРМ-дің, ДЭЕМ-дың және тағы басқаларын жаңа объектілерін қосудың есебінен өзгертуді жіберу;

-   жүйенің дамуының деңгейі бойынша оның конфигурациясын кеңейтуге (өзгертуге) мүмкіндік беретін, құрудың агрегатты принципіне ие болу;

-   есептеуіш техникасының құралдарына техниканың қызмет көрсетуі мен бағдарламалық қамтамасыз етуді, құрастыруды қарапайымдандыратын, мүмкіндігінше бір типті және сериялап шығарылатын, құрылғылар мен кешендер кіруі қажет.

  Техникалық және бағдарламалық құралдардың құрамы мынадай болуы керек:

-   мәліметтерге туынды қол жеткізуді, өңдеу үрдісін максималды автоматтандыруды, ТҚК-нің жеке элементтерінің ретінен шығудағы жүйедегі айналатын (сақталатын) ақпараттық сақталуын (қалпына келтірілуін) қамтамасыз ету;

-   керекті жерде өңделетін ақпараттық құпиялылығын қамтамасыз ету.

 

              1.3.  6) Бағдарламалық қамтамасыздандыруға

қойылатын талаптар

 

          Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) – АЖ-нің техникалық құралдар кешенінің әрекет етуін қамтамасыз ететін, есептер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бағдарламалардың жиынтығы.

         БҚ-ге қойылатын жалпы талаптар мына түрде қалыптасады:

        - түрлі есте сақтаушы құрылғылар мен сыртқы тасымалдаушыларға кітапханаларды ұйымдастырудың дамыған құралдарын пайдаланудың мүмкіндіктері;

-   қажеттіктің мөлшері бойынша қызметкерлердің ЭЕМ-мен тіл табысудың мүмкіндіктері;

-   МБ-да ақпаратқа ыңғайлы және жылдам қол жеткізуді жүргізудің мүмкіндігі;

-   Ақпаратты кодтаудың бір мәнділігі.

     Ақпараттық жүйеде айналатын, барлық бөлімшелер жөніндегі ақпараттың үлкен көлемдерінің салдарынан пайдаланылатын бағдарламалық құралдар келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

                        Операционды жүйе – Microsoft Windows, Server, Workstation.

                        Өңдеудің ортасы – Delphi.

 

            1.3.  7)  Математикалық қамтамасыздандыруға

қойылатын талаптар

 

        Математикалық қамтамасыздандыру – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық әдістерінің, модельдер мен алгоритмдердің жиынтығы. «Депозиттік операцияларды жүргізудің» АЖ-нің  математикалық қамтамасыздандырылуы  нақты есептерді шығаруға және оның дұрыстығын бақылауға тиімді программаны дайындауға мүмкіндік береді,осы есептерді шешу үрдісінде ДЭЕМ жұмысын басқару және оның жұмысының дұрыстығын бақылау тиіс.

«Несие беру операцияларын жүргізудің» АЖ-нің математикалық қамтамасыздандырылуы мыналарды қосуы тиіс:

-   ақпаратты өңдеу мен жинаудың алгоритмдері, типтік және құрастырылатын әдістемелер (сонымен қатар, ЭЕМ-да мәліметтерді енгізуді, сенімділікті бақылауды);

-   мәліметтерді іздеу мен сұрыптаудың алгоритмдері, шығыстық құжаттарды қалыптастыру және көрсету (экранға және баспа).

  АЖ-нің математикалық қамтамасыздандыруына қойылатын жалпы талаптар болып мыналар табылады:

-   аса тәжірибелі математикалық әдістермен алгоритмдерді пайдалану;

-   қолданбалы бағдарламалар пакеттермен берілетін, типтік әдістерді, алгоритмдерді, модельдер мен мүмкіндіктерді максималды пайдалану;

-   пайдаланылатын математикалық әдістер техникалық және бағдарламалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеруі қажет, орын алатын жадының көлемі мен шешу уақыты бойынша минималды мәндерге ие болуы тиіс;

-   алгоритмдерді көрсетудің кез келген пішімі рұқсат етіледі: формулалық, кестелік, блок-схема, сөздік бейнелеу және тағы басқалар.

ЭАЖ математикалық жабдықтауға келесі талаптар қойылады:

1) қолайлы математикалық әдістер мен алгоритмдерді пайдалану;

2) қосымша программалар пакеті беретін үлгі әдістермен алгоритмдерді максималды пайдарану;

3) алгоритмнің кез келген түрі кіргізіледі: формулалық, кестелік, блок-схемалық және т.б;

     Математикалық жабдықтау келесі жалпы талаптарға сай келу қажет:

      ақпаратты іздеу нақты кілттерінің мәні жоқ болу қажет;

      қолданылмалы қосымша программалы пакетке  енгізілетін стандартты іздеу және есептеу процедураларын максималды пайдалану;

      программаның орындалу жолын бақылауды қамтамасыз ету;

 

1.3.  8)  Лингвистикалық қамтамасыздандыруға

қойылатын талаптар

 

      Лингвистикалық қамтамасыздандыру – бұл АЖ-нің әрекетінде есептеуіш техникасының құралдарымен АЖ қызметкерлердің тілдесуінде ақпараттық бірліктерді құру мен сәйкестендірудің, табиғи тілді қалыптастыру үшін тілдік құралдардың жиынтығы.

         Лингвистикалық жабдықтауға мыналар жатады:

1) ақпараттық базаның құрылымын бейнелейтін ақпараттық тіл;

2) мәліметтерді басқару және айла-шарғы жасау тілі;

3)Ақпараттық жүйені жобалау және жобалауды автоматтандыру жүйесінің тіл құралдары;

      Бағдарламалардың көптеген пакеттері бағдарламалаудың бірдей тіліне ие. Мұны бағдарламалау тілін таңдауда ескеру қажет. Бағдарлама-ларды құру мен жүргізудің қарапайымдылығы болжалуы тиіс. Бағдарла-малармен жұмыс кезінде мәліметтерді орнатуды, ұйымдастыру мен көрсетуді қамтамасыз ететін, мәліметтер анықтамалары мен сөздіктер жүйесі алдын-ала қарастырылуы керек.

 

1.4.           Концептуалдық сызба нұсқасы

 

   Концептуалдық сызба бас әдістемелер кезінде ақпараттық  жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді.

   Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының өңделуі кезінде жүйенің әр түрлі элементтерінің графикалық суреттелуі маңызды орынға ие болады, мысалы ақпараттық үлгілердің, блок-схемалық алгоритмдердің, ақпаратты өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым қүжаттарының, ақпараттардың көптігі және т.б.

Тұтас ақпараттық  жүйенің негізгі концептуалды схемасы бүтіндей жүйені құрудың методологиялық аспектілерін көрсетеді және негізгі аспатық құралдарды анықтайды, сонымен қатар функционалдық ішкі жүйелеріне кіретін пәндік салалар. Ал функционалдық ішкі жүйелерінің ролінде ЛЕЖ қолданылуы мүмкін.    

Жеке тұлғалармен несиелік операцияларды жүргізудің ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы төмендегі суретте көрсетілген. Ол 2 бөлімнен тұрады: жабдықтау бөлімі және  функционалды бөлім.

Ақпараттың жүйенің жабдықтау бөлімі программалық, техникалық, ақпараттық жабдықтаумен берілген. Олар бөлек кестелерде берілген.      

Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлімде мәліметтер базасынан Депозиттік бөлімінің қызметкерлері және басқа көздердің алынған ақпаратты қалай өңделетін және қандай құжаттар керек екендігі көрсетілген.

Қамтамасыз етуші бөлікті құрайды: техникалық қамтамасыздандыру (ТҚ), математикалық қамтамасыздандыру (МҚ), бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ), ақпараттық қамтамасыздандыру (АҚ), лингвистикалық қамтамасыздандыру (ЛҚ) және ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру (ҰҚ).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         DOKR

 

         ZOS

 

         DOP

 

          ZC

 

         RNN

 

          UD

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Жеке тұлғаларға несие берудің ақпараттық жүйесі