Жеке тұлғаларға несие берудің ақпараттық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 22:27, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты –несие беру жүйесінің мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі несие жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
 Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
 «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;

Содержание

 Курстық жұмыс тақырыбы...........................................................3
 Курстық жұмыс мақсаты..............................................................3
 Курстық жұмыс құрылымы..........................................................3

1 – ТАРАУ. Теориялық бөлім

1.1. Қолдану саласына талдау.....................................................................4
1) Несие және несие қатынастарының пайда болуына сипаттама... ................................................................................................................5
2) Осы қызметті жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар...................8

1.2. « Жеке тұлғаға несие берудің» ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты.........................................................................................................10
1.3. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар..................................10
1) Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар...................11
2) Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын талаптар..................12
1.4. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы...................18


2 – ТАРАУ. Негізгі бөлім

2.1. Несиенің қызметтері және несие берудің формалары мен
түрлері.....................................................................................................19
2.2. Кіріс ақпараты......................................................................................20
2.3. Шығыс ақпараты..................................................................................21

Қорытынды............................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................27

Қосымшалар................................................................

Работа содержит 1 файл

Жеке тұлғаларға несие берудің ақпараттық жүйесі.DOC

— 252.00 Кб (Скачать)


 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

 

Тақырыбы:
Жеке тұлғаға несие берудің ақпараттық жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

 

                             

 

 

 

             Мазмұны:

 

         

         Курстық жұмыс тақырыбы...........................................................3

         Курстық жұмыс мақсаты..............................................................3

         Курстық жұмыс құрылымы..........................................................3

 

    1 – ТАРАУ. Теориялық бөлім 

 

1.1.           Қолдану саласына талдау.....................................................................4

1)             Несие және несие қатынастарының пайда болуына сипаттама... ................................................................................................................5

2)             Осы қызметті жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар...................8

             

1.2.  « Жеке тұлғаға несие берудің» ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты.........................................................................................................10

1.3.  Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар..................................10

  1)  Ақпараттық жүйенің құрылымына қойылатын талаптар...................11

  2)  Ақпараттық жүйенің ресурстарына қойылатын талаптар..................12 

1.4. Ақпараттық жүйенің концептуалдық сызба нұсқасы...................18

     

 

          2 – ТАРАУ. Негізгі бөлім

 

       2.1.  Несиенің қызметтері және несие берудің формалары мен       

              түрлері.....................................................................................................19

       2.2.  Кіріс ақпараты......................................................................................20

       2.3.  Шығыс ақпараты..................................................................................21

 

      Қорытынды............................................................................................26

 

      Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................27

     

      Қосымшалар..........................................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Курстық жұмыстың тақырыбы - «Жеке тұлғаға несие берудің» ақпараттық жүйесі.

 

Курстық жұмыстың мақсаты –несие беру жүйесінің мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі несие жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.

Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:

                  Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;

                  «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;

                  «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;

 

        Курстық жұмысымың құрылымы .

 

         Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, яғни несие жүйесінің түсінігі кіргізіледі. Бұл бөлімде жеке тұлғаларға несиелік операциялар бойынша қызмет көрсетудің ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.

Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша жасалған жобалық шешімдер қарастырылған.

 

Бұл бөлімде «Жеке тұлғаларға несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» міндеттерін қою қарастырылған, онда осы міндеттің сипаттамасы берілген, кіріс және шығыс ақпараты берілген. Міндеттеме қаулысынан кейін машина сыртындағы ақпараттық база сипатталған. Машинадан тыс ақпараттық базасында кодтау жүйесі және сыныптауда қолданылытын ақпараттық модель қарастырылған. Машина ішіндегі міндеттер кешенін тарату әр қайсысы сәйкесінше кестелерде келтірілген құрылымдық сипаттамалық мәліметтер базасының тізімі берілген. Бұл бөлімде ақпарат жүйесіне математикалық, программалық қамтамасыздандыруына сипаттама берілген.

 

          1 – ТАРАУ.   Теориялық бөлім

 

Қолдану саласына талдау

      

              Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие – есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие – қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуы мен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие жүйесі несие – қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.

              Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі  бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы  өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы  мен төлемдері жүргізіліп, сондай – ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және сол сияқты көптеген операциялар өтеді.

              Несие жүйесінің мен ел экономикасындағы ролі біраз көрсеткіштермен; атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемклкрдің негізгі және айнымалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және тағы басқалармен сипатталады. Мысалы әр бір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезеңге және қоғамдық – экономикалық формацияның өзіне тән несие жүйесінің құрылымы болады. Мысалы, ХХ ғасырдың 20- жылдарынан 90 – жылдардың бас жағына дейін КСРО – да жосарлы – орталықтанған экономикаға сай келетін қатаң орталықтанған несие жүйесі құрылды.

              Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен дүние жүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді. Оған дәлел, ол елде ақша капиталының орташа алғанда ¾ бөлігінің несие жүйесі арқылы өтуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызметінің сипаттамасы

Несие қатынастарының  пайда болуы және дамуы

 

              Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.

              Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүлік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық (ростовщический) несие деп аталды.

              Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер – көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар, ал қарыздар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлернесиеніағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, ал билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс - әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақының деңгейінің өте жоғарылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді шаруашылығын жабуға мәжбүр етті. Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21 проценттен 43 процентке дейін көтеруге, ал кейбір жағдайларда 100-200% - ке жеткізуге рұқсат етілді. Дегенмен, өсімқорлық несие капиталисттік өндіріс әдісінің пайда болуына алғы жағдайлар жасады, яғни ескі өндіріс әдістерін ыдыратып, жаңа әдістің пайда болуына негіз дайындады. Сөйтіп несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып, капиталистік тауарлы өндіріс тұсындадамуының жоғары сатысына жетті.

              Ал капиталистік несие капиталистік өндіріс әдісінен туындап, қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді. Сондықтан капиталистік несиенің өсімқорлық несиеденелеулі ерекшеліктері бар:

              Біріншіден, қарыздар бойынша. өсімқорлық несие алушылар – ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар, ал капиталистік несиені, негізінен, өнеркәсіп және сауда капиталистері алады.

              Екіншіден, қарызға берген ақшаны пайдалану әдісі бойынша. өсімқорлық несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғана капитал ретінде өсім ақы түсіреді, капиталистік несиені, керісінше, несие беруші де, қарыздар да капитал ретінде қосымша құн алу үшін жұмсайды.

              Үшіншіден, экономикалық маңызы бойынша. өсімқорлық несие өндірістің құлдырауына тіресе, кпиталистік несие бір жағынан өндірістің өсуіне, ал екінші жағынан капиталистік нарық шаруашылығы  қайшылықтарының шиеленісуіне жағдай жасайды.

              Төртіншіден, өсім ақының шығу көзіне байланысты. Кпиталистік несие үшін өсім ақының көзі – жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны, өсімқорлық несие үшін өсім ақының көзі – құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнім өндірушілердің қосымша еңбегі.

              Бесіншіден, өсім ақының деңгейі бойынша. өсімқорлық несие үшін өсім ақыны өтеуге барлық қосымша өнім, тіпті қажетті өнімнің де бір бөлігі жұмсалды, капиталистік несие үшін өсім ақы төлеуге орташа пайданың тек бір бөлігі кетеді.

              Сонымен, қарыз капиталы деген капиталист – меншік иесінің жұмыс істеуші капиталдың қайталама айналымына қарызға берген және жалдамалы еңбекті қанау негізінде өсім ақы түсіретін ақшалы каптал. өсімқорлық капитал капитализмге дейінгі өндірістік қатынастарды білдірсе, қарыз капиталы – капиталистік өндірістік қатынастардың көрінісі. Ол өнеркәсіп капиталының қайталама айналымының негізіде пайда болды.

              Несие ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс – несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарФықта болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы. Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдерді бір – біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек. Себебі тауарлар қолдан – қолға өтетін айырбас процесі – несие қатынастарының тйындайтын көрінісі.

 

 

1.1.   3) Осы қызметті жүзеге асырушы тұлғалар

және ұйымдық құрылымдар

 

       Несие беру қызметтері жүзеге асырушылар заңды немесе жеке тұлғалар және экономиканың әр түрлі секторында қызмет ететін көп қызметті мекемелер, корпорациялар, акционерлік компаниялар, орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының қаржылық мекемелері, коммерциялық емес ұйымдар, сондай – ақ басқа да үкіметтік ұйымдар болып табылады. Несие беруді жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар төмендегі сызба нұсқада көрсетілген:                     

                                                                                                     1-кесте   

                                                                                                        

 

 

 

 

Информация о работе Жеке тұлғаларға несие берудің ақпараттық жүйесі