Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:19, курсовая работа
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі арта түсуде.
Кез-келген өркениетті қоғамда нарық механизмі мен мемлекеттік реттеу іркіліксіз жұмыс істейді. Үкімет нарықтың барлық субъектілері үшін орындауға міндетті экономикалық қатынасты айқын, әрі лайықты ережелерін белгілейді. Мұның өзі қоғамға қажетті, әрі тұрақты экономикалық өсудің басты жағдайы болып табылады.
Кіріспе.......................................................................................................5
1 ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ҚҰРЫЛТАЙШЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЕСЕБІ, АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
1.1 Жарғылық капиталды қалыптастырудың мәні мен мазмұны…............8
1.2 Жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарды есепке алудың методикасы.............................................................................14
2 «АКТАУ ГАЗ ТАРМАҒЫ» ЖШС-НІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 ЖШС-нің жалпы сипаттамасы мен есеп саясаты..................................19
2.2 Жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарын есепке алудың талдауы........................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................36
Тауарлы- материалдық құндылықтардың есебі қоймаларды карточкалармен (№ М-17) және машинограммаларда жүргізіледі. Бухгалтериядағы есеп жедел есепті бухгалтерлік әдіс қолданады.
Тауарлы- материалдық құндылықтар келесідей ретпен бағаланады:
Өндіріске жіберу өте қатаң нормаланады: есептен шығару тікелей өндіріс шығындарына бағытталады.
Тауарлы- материалдық құндылықтарды түгелдеу мен қайта бағалау қойылған ретпен жүргізіледі.
Атап айтқанда , есеп саясатын
әзірлеген кезде кәсіпорын өз
мүліктері мен міндеттемелерін
басқа кәсіпорынның мүліктері мен
міндеттемелерінен бөліп
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.
2.2 Жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарын есепке алудың талдауы
Қазіргі кездегі нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қызметі мен оның дамуы өзін-өзі қаржыландыру арқылы, яғни меншікті капитал арқылы жүзеге асырылады. Тек осы меншікті капитал жетіспеген жағдайда ғана қаражаттар тартылады. Мұндай жағдайда қаржылық тәуелсіздік маңызды орын алады. Яғни тартылған қаражаттарсыз жұмыс істеу мүмкін емес деген сөз. Бірақ бұл қиын, тіпті, мүмкін емес. Сондықтан қаржылық есеп берудегі активтердің құралу көздерін шектеу керек. Олардың ең аз мөлшері меншікті капиталдан тұрады. Ал егер меншікті капитал жетіспейтін болса оның үстінен қысқа мерзімді банк несиелері немесе коммерциялық несиелер, яғни тартылған қаражаттар қолданылады.
Активтің қалыптасу көздерінің талдауын жасау барысында меншікті және тартылған капиталдың нақты көлемі анықталып, есепті мерзімде болған өзгерістердің себептері анықталады және бағаланады. Мұнда ең бастысы меншікті капиталға көп көңіл бөлінеді. Себебі меншікті қаражаттар көзінің қоры – бұл қаржылық тұрақтылық қоры болып табылады.
Меншікті капиталдың құрамына экономикалық мазмұнына, құралу қағидаларына және пайдалану көздеріне қарай мыналардан тұрады: жарғылық капитал, қосымша төленген капитал, қосымша төленбеген капитал, резервтік капитал және бөлінбеген пайда.
Капиталды талдау барысында мынадай көрсеткіштер жиі қолданылады:
Кәсіпорынды талдау процесі кезінде мынадай көрсеткіштер анықталады:
Активтің қалыптасу көздерінің талдауын жасау барысында меншікті және тартылған капиталдың нақты көлемі анықталып, есепті мерзімде болған өзгерістердің себептері анықталады және бағаланады. Мұнда ең бастысы меншікті капиталға көп көңіл бөлінеді. Себебі меншікті қаражаттар көзінің қоры – бұл қаржылық тұрақтылық қоры болып табылады. «Актау газ тармағы» ЖШС-нің меншікті қаражаттары мен ұзақ мерзімді міндеттемелері, ТМҚ қалыптасу көздерінің жалпы сомасы төмендегі кестеде келтірілген.
Кесте -5 «Актау газ тармағы» ЖШС-нің меншікті қаражатары мен ұзақ мерзімді міндеттемелері
Активтер |
2009ж |
2010ж |
Пассивтер |
2009ж |
2010ж |
Ұзақ мерзімді активтер |
7506 |
9181 |
Меншікті капитал |
7982 |
9208 |
Меншікті қаражаттардың қолда бары |
476 |
27 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
- |
- |
Меншікті қаражаттар мен ұзақ мерзімді активтердің қолда бары |
929 |
477 |
Ағымдағы займдар |
453 |
450 |
ТМҚ қалыптасу көздерінің жалпы сомасы |
929 |
477 |
|||
Е с к е р т у – ЖШС-нің мәліметтері негізінде жасақталған |
«Актау газ тармағы» ЖШС–нің есебінен байқағанымыздай, меншікті қаражаттарының көлемі бойынша 31.12.2009ж. 476 мың.тг, ал 31.12.2010 ж. 27 мың.тг қалды. Бұл меншікті капитал құрылымындағы таза табытың азаюымен байланысты.
Сондықтан, меншікті айналым капиталының факторлық талдауын жасаймыз.
Меншікті айналым капиталының көлеміне 2 негізгі фактор әсер етеді: меншікті капитал мен ұзақ мерзімді активтер. Сондықтан әр факторды бөліп қарастыру керек.
Төмендегі көрсетілген кестеден байқағанымыздай, есепті 2010 жылы меншікті капитал 9208 мың.тг құрады, ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 1226 мың.тг артық.
2010 жылы негізгі құралдардың құны 9181 мың.тг құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1675 мың.тг артты. Бұл жағдайды бөліп қарастырғанда өсім негізгі 2 бап бойынша болды: негізгі құралдар және ұзақ мерзімді қаржылық салымдар. «Актау газ тармағы» ЖШС-нің меншікті айналым капиталының факторлық талдауы 6- кестеде келтірілген.
Кесте -6 «Актау газ тармағы»ЖШС-нің меншікті айналым капиталының факторлық талдауы
Көрсеткіштер |
2005ж |
2009ж |
Ауытқу (+;-) |
Меншікті капитал |
|||
Жарғылық капитал |
6002 |
6002 |
- |
Қосымша төленбеген капитал |
1433 |
2605 |
1172 |
Резервтік капитал |
- |
83 |
83 |
Бөлінбеген пайда |
547 |
518 |
(29) |
Меншікті капиталдың жиынтығы |
7982 |
9208 |
1226 |
Ұзақ мерзімді активтер |
|||
Материалдық емес активтер |
397 |
8 |
(389) |
Негізгі құралдар |
6870 |
8859 |
1987 |
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар |
126 |
314 |
188 |
Ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар |
113 |
- |
(113) |
Ұзақ мерзімді активтердің жиынтығы |
7506 |
9181 |
1675 |
Меншікті айналым капиталы |
476 |
27 |
(449) |
Е с к е р т у – ЖШС-нің мәліметтері негізінде жасақталған |
Бұл, әрине,
негізгі құралдардың
Кестеде берілген мәліметтерден байқап отырғанымыздай, талданып отырған есепті мерзім ішінде «Актау газ тармағы» ЖШС-нің қаражат көздерінің құрамында өзгерістер болды. Сөйтіп, есепті жылы меншікті капиталдың жалпы қаражат көздеріндегі үлесі 0,26%-ға төмендеп 39,87% құрады. Бірақ бұл оның құны төмендеді деген сөз емес. Сөйтіп, меншікті капиталдың сомасы 1226 мың.тг артып, 2010 жылы 9208 мың.тг құрады. Қаражат көздерінің екінші элементі болып заимдық қаражаттар табылады. Олар 2010 жылы құндық және пайыздық түрде де артты. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 1980 мың.тг артып, 0,26% құрады. Әдетте, тартылған қаражаттардың артуы мекеме жұмысын теріс сипаттайды, себебі олар тәуелсіздік коэффициентіне кері әсерін тигізеді.
Капиталды талдау барысында
авансталған капиталдың барлық пайдаланғанын
сипаттайтын көрсеткіштер қарастырылады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның
тартылған қаражаттардан
Кесте – 10 «Актау газ тармағы» ЖШС-нің авансталған капиталын талдау
Көрсеткіштер |
2009ж |
2010ж |
ауытқу (+;-) |
Тәуелсіздік коэффициенті |
0,4 |
0,39 |
0,01 |
Тәуелділік коэффициенті |
0,6 |
0,61 |
0,01 |
Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті |
1,49 |
1,51 |
0,02 |
Қаржыландыру коэффициенті |
0,67 |
0,66 |
0,01 |
Маневрлеу коэффициенті |
0,06 |
0,03 |
0,03 |
Қаржылық тұрақтылық коэффициенті |
0,4 |
0,39 |
0,01 |
Инвестициялау коэффициенті |
1,16 |
1,04 |
0,12 |
Е с к е р т у – ЖШС-нің мәліметтері негізінде жасақталған |
Бұл курстық жұмыста жарғылық капитал есебі мен құрылтайшы құжаттарын есепке алу мәселелері зерттелді. Бұл жұмыста «Актау газ тармағы» ЖШС-нің мәліметтері қолданылды. Ұйымның меншікті капиталы негізгі тәуекел капиталы болып табылады. Кез келген ұйымның меншікті капиталы болуы керек, себебі, нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Меншікті капитал кез келген кәсіпорын үшін маңызды болып табылады.
Жұмысты қорыта келе, жарғылық капиталдың кәсіпорын қызметі үшін қаншалықты маңызды екенін айта кеткен жөн. Оны осы жұмыста жүргізілген ұйымның жұмысқа қабілеттілігін бағалау дәлелдейді.
Шындығында, талдау барысында «Актау газ тармағы» ЖШС –нің қызметінің әсері ететін көптеген факторлар анықталып, ұйымның негізгі қызметі бағаланады.
2009-2010 жж. қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін талдау нәтижесі «Актау газ тармағы» ЖШС-нің жұмысында көптеген оң сәттер бар екендігін көрсетті. Оның дәлелі ретінде 2009-2010 жж. өнімді сатудан түскен табыс 17109 мың. тг артып, 206,2% құрады; негізгі құралдардың орташа жылдық құны 1270 мың.тг артып, 2009 ж. шаққанда 119,3% құрады; бір жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 316,8 мың.тг/адам артып, 206,2% құрады; бір жұмысшының орташа жылдық еңбекақысы 24 мың.тг артып, 128,5% құрады. Ал бұл еңбекақы төлеу қорын 108 мың.тг, яғни 128,5% арттырды. «Актау газ тармағы» ЖШС қызметінде кез келген басқа кәсіпорындардағыдай теріс жағдайлар да болады. Сонымен 2009-2010 жж. сатылған өнімдерге кеткен шығындар 912,5 мың.теңгеден 26954 мың.теңгеге дейін өсті, яғни 26041,5 мың.тг көбейді, 2009ж. салыстырғанда 29,53% құрайды. Сатылған өнімдерге кеткен шығындардың көбеюіне байланысты сатудан түскен табыс төмендеді және негізгі қызметтен түскен табыс 18 мың.тенгеден 443 мың.теңгеге дейін төмендеді, 2009ж. салыстырғанда 96,1% құрады.
2009-2010 жж. «Актау газ тармағы» ЖШС –тің негізгі емес қызметтен түскен табыстары 20 мың.тг –ден 230 мың.тг-ге дейін төмендеді, 2009 жылға қарағанда 92% құрады.
Мобильдік
активтердің
Сөйтіп, есепті жылы жалпы қаражат көздеріндегі сомасының құрамындағы меншікті капиталдың үлес салмағы 39,87% -дан 0,26% дейін төмендеді. Бірақ бұл оның құндық бағасының төмендегенін көрсетпейді.Сонымен меншікті капиталдың сомасы 1226 мың.тг-ге өсті және 2010 ж. 9208 мың.тг құрады.