Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 18:19, курсовая работа
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі арта түсуде.
Кез-келген өркениетті қоғамда нарық механизмі мен мемлекеттік реттеу іркіліксіз жұмыс істейді. Үкімет нарықтың барлық субъектілері үшін орындауға міндетті экономикалық қатынасты айқын, әрі лайықты ережелерін белгілейді. Мұның өзі қоғамға қажетті, әрі тұрақты экономикалық өсудің басты жағдайы болып табылады.
Кіріспе.......................................................................................................5
1 ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ҚҰРЫЛТАЙШЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ЕСЕБІ, АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
1.1 Жарғылық капиталды қалыптастырудың мәні мен мазмұны…............8
1.2 Жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарды есепке алудың методикасы.............................................................................14
2 «АКТАУ ГАЗ ТАРМАҒЫ» ЖШС-НІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 ЖШС-нің жалпы сипаттамасы мен есеп саясаты..................................19
2.2 Жарғылық капиталды қалыптастыру мен құрылтайшы құжаттарын есепке алудың талдауы........................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................36
Серіктестіктің қызметінің мәні төмендегілерді қоса, бірақ онымен шектелмей, кез келген қызмет түрлері болып табылады:
Серіктестіктің қатысушысы Қазақстан Республикасының 050008, Актау қаласы, Алмалы ауданы, Жароков көшесі, 20 орналасқан «КазТрансГаз-Актау» Акционерлік қоғамы болып табылады.
(мың.тенге)
Көрсеткіштер |
2009ж |
2010ж |
Ауытқу.(+;-) |
Өсім қарқыны, % |
Өнімді өткізуден түскен табыс |
16112 |
33221 |
17109 |
206,2 |
Өнімді өндіруге кеткен шығындар |
912,5 |
26954 |
26041,5 |
2953,9 |
Жұмысшалардың орташа тізімдік саны, адам |
54 |
54 |
0 |
100,0 |
Еңбекақы қоры |
378 |
486 |
108,0 |
128,5 |
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны |
6595 |
7865 |
1270 |
119,3 |
Бір жұмысшының өнім өндіруі |
298,4 |
615,2 |
316,8 |
206,2 |
Бір жұмысшыға шаққандағы еңбекақының орташа жылдық мөлшері |
84 |
108 |
24 |
128,5 |
Негізгі қызметтен түскен табысы |
461 |
443 |
(18) |
96,1 |
Негізгі емес қызметтен түскен табыс |
250 |
230 |
(20) |
92,0 |
Таза табыс |
547 |
518 |
(29) |
94,7 |
Е с к е р т у – ЖШС-нің мәліметтері негізінде жасақталған |
2-кестеде көріп отырғанымыздай кәсіпорынның жұмысының барысында оң жағдайлар көп. Олардың дәледемесі болып мыналар табылады: өнімді өткізуден түскен табыс 2009-2010 жылдары 17109 мың теңгеге артып, 2009 жылға шаққанда 206,2% құрады, негізгі құралдардың орташа жылдық құны 1270 мың теңгеге артып, 2009 жылға шаққанда 119,3 %, бір жұмысшыға шаққандағы өндірілген өнім 316,5 мың теңгеге артып, 2009 жылға шаққанда 206,2%, бір жұмысшыға шаққандағы еңбекақының орташа жылдық құны өткен жылға қарағанда 24 мың теңгеге артып, 128,5% құрады, соның нәтижесінде еңбекақының қоры 108 мың теңгеге артып, 2009 жылмен салыстырғанда 128,5% құрады және маңызы басқалардан кем емес болып табылатын жұмысшылардың орташа тізімдік саны өзгеріссіз болып қалды, бірақ ол да оң көрсеткіш болып табылады.
Алайда «Актау газ тармағы» ЖШС-нің басқа да кез келген кәсіпорындардағыдай теріс жақтары да бар. Мысалы, өнімді өткізуге кеткен шығындар 2009-2010 жылдары 912,5 мың теңгеден 26954 мың теңгеге , яғни 26041,5 мың теңгеге артты, ал бұл өткен жылға шаққанда 2953,9 % құрады. Өнімді өткізуге кеткен шығындардың жоғарлауына байланысты негізгі қызметтен түскен табыс 18 мың теңгеге кеміп, 2009 жылға шаққанда 96,1% құрады.
Сонымен қатар «Актау газ тармағы» ЖШС-нің негізгі емес қызметтен түскен табысы төмендеді, 2009-2010 жылдары 20 мың теңгеге кеміп, 92,0% құрады.
Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыстардың төмендеуі таза табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырды. Өйткені 2009-2010 жылдары ол 29 мың теңгеге кеміп, өткен жылмен салыстырғанда 94,7% құрады.
Есеп саясаты деп- ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз. Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді.
Жалпы ережелері
«Актау газ тармағы» ЖШС-ның есеп саясаты қаржылық қортынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.
Есеп саясатын қалыптастыру барысында мына төмендегі базистік принциптер маңызын басшылыққа алу керек:
Ұйымның есеп саясаты мына төмендегі принциптерді сақтау арқылы қамтамасыз етіледі:
Есеп саясатын қалыптастыру барысында ұйым төмендегі фокторларды есепке алып отырады:
Ұйымдар өрісінде қалыптасқан есеп саясаты осы ұйым қызметінің ары қарай дамуына, бизнестік әрекеттің кезеңдік жолдармен өркендеуіне (мысалы, өндірістік үрдістің ұлғаюы, базарлы саудаға түсу, жаңа өнімдер өндіру технологиясы) тікелей әсер етуі керек. Егер инвестициялық процестің тиімділігі болмаса, сондай-ақ таза пайда алу процесі қалыптаспаған жағдайда есеп саясатын жасаудың қажеті болмайды. Есеп саясаты ұйымдар қызметінің қаржылық тиімділігіне және ақша қаражатының көбеюіне (мысалға ұзақ мерзімге ұтымды жасалған жалдау процесі, пайда мен ақша қаражатының көбеюі) әсер етеді. Сонымен қатар жасалған келісімшарттар мен қаржылық келісімдер ұйымдар қызметінің тиімділігіне бірден әсер ете қоймайтындықтан есте сақтаған жөн. Мұндай экономикалық қатынастар ұзақ мерзім аралығындағы тиімділікті сипаттайды. Осыған орай ұйымдардың атқарушы бухгалтерлері тұрақты бағытта пайда келтіру процесін қамтамасыз етуге әсер ететін бухгалтерлік есеп әдіснамаларын жақсы зерделеп, ұйымның есеп тәжірибесінде пайдалануы керек.
Алайда кейбір бухгалтерлер салық салынатын табыс көлемін, сондай-ақ төленетін дивидендтік соманы азайту мақсатында ойланған түрде қателер жіберіп, өндірілген өнімдердің өзіндік құнына тікелей байланысты емес шығындарды жазу фактілерін орындауы да мүмкін. Қандай жағдайда болмасын бухгалтерлік есеп өзара сабақтастық байланыстағы жүйеден тұратындығын ескере отырып, бір баптың тиімділігін (пайда көлемін) ұлғайту мақсатында есеп обьектілерінің басқа баптарына зиян келтірмеу жағы есеп саясатын жасау барысында жан-жақты қаралуы керек.
Әрбір жанама жағдайдағы оқиғалардың қайшы жағы (екінші) болатындығын, мұның өзі экономикалық қарама-қайшылық тудыратынын білген жөн. Барлық ұйымдар қызметіне тән байырғы есеп саясатын жасау өте қиын және ауыр процесс. Әйткенмен де есеп саясатының мазмұнын ашып көрсету арқылы дербес түрде шешімдер қабылдап, қаржылық қорытынды есеп өрісіндегі обьективтік ұғым қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары (ХҚЕС) – кәсіпорынның қаржылық жай-күйі және қызметінің нәтижелері туралы әділ және шын ақпарат ұсынуды қамтамасыз ететін барынша тәртіпке келтірілген бухгалтерлік стандарттар жүйесін білдіреді. Мәселен, «Актау газ тармағы» ЖШС-нің басшылығы пайдаланушыларға қаржылық есептерді сапалы, айқын және салыстырмалы ақпарат ұсыну мақсатында ХҚЕС-на сай дайындалған алғашқы қаржылық есептілік жасау үшін іс-шаралар жоспарын жүргізу туралы шешім қабылдады.
«ХҚЕС бойынша алғашқы қаржылық есептілік» термині оның ХҚЕС-на айқын және сөзсіз сай келетіні және әрбір қолданылатын стандарттың барлық талаптарын қанағаттандыратыны туралы мәлімдеме және оған түсіндірме бар алғашқы қаржылық есептілікті білдіреді.
«Актау газ тармағы» ЖШС-і жұмысының кезеңдерін негізгі құралдарды есепке алу мысалымен қарастырайық, өйткені негізгі құралдарды есепке алу бухгалтерлік есептің аса күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады.
«Актау газ тармағы» ЖШС-нің мамандары мынадай алдын ала жұмыс жүргізеді:
Осыған байланысты іс жүзінде әрбір халықаралық стандарттың кәсіби пайымдауды пайдалануды болжайтынын айта кеткіміз келеді.
Бухгалтерлік есептің әдіскерлері шаруашылық жағдайын сипаттау үшін және шын мәнінде басқару шешімдерін қабылдау үшін ол жөнінде кәсіби бухгалтердің әділ айтқан пайдалы пікірін «кәсіби пайымдау» деп түсінген жөн.
«Актау газ тармағы» ЖШС-нің мамандары негізгі құралдарды есепке алуға қатысты қолданылатын есепке алу прициптеріне талдау жүргізді және оларды ХБЕС-дағы принциптерге сәйкес тесттен өткізді.
Есеп саясатын қолданып форматтарға бухгалтерлік есеп принциптерін мұқият орындау керек:
«Актау газ тармағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп саясатының анықтылығы. жылдық амортизациялық құн шегірімдері түзу әдіс бойынша анықталады. Материал шегеру тәртібі сатылған жұмыс арқылы орташа өлшемді құнмен шегеріледі.
Басқарушылық есебіне кірістіру мақсаты компания басшысымен жедел толық және нақты ақпаратпен анықталады, қажетті басқарушылық шешім қабылдау үшін.