Тауарлы-материалдық қорлар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 19:31, курсовая работа

Описание работы

Осы курстық жұмыста келесідей мәселелер қарастырылады: бірінші бөлімінде “ Тауарлы – материалдық қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі, тауарлы - материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері, тауарлы - материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі. Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады. Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-материалық қорлардың алатын орны өте зор.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

I. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

1.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері...............4
1.2 Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі.8

II. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ.

2.1 Тауарлы–материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы.............................11
2.2 Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті.......14
2.3 Тауарлы-материалдық қорлар, оларды жіктеудің, бағалудың және түгендеудің аудиті.................................................................................................18


Қорытынды..........................................................................................................27

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................28

Работа содержит 1 файл

83_RGH.doc

— 301.50 Кб (Скачать)

Реквизиттері толтырылмаған және олардың атына жазылған тұлғалардың қол қою үлгілері жоқ сенімхаттарды беру жүргізілмейді.

Егер тауарлы-материалдық қорларды бір сенімді өкіл бірнеше қоймалардан алуы керек болса, оларды әр қоймада көрсету үшін жеке сенімхаттар беріледі.

Қолданылмаған сенімхаттарды қайтарып берген кезде берілген сенімхаттарды тіркеу журналында немесе сенімхаттың түбіршегінде «қолданылмады» деген белгі жасалады және ол сенімхаттарды беру мен тіркеу үшін жауапты тұлғада есепті кезең аяқталғанша сақталады.

Қызметтерді қолма қол ақшасыз ақы төлеу түрінде алған кезде сенімхат толтырылмайды. Тауарға берілетін жапсырма қағаздың орнына қызметті көрсетуші орындалған жұмыс (көрсетілген қызмет) актісін толтырып, бекітетіндігін қоспағанда, қызметтерді алу жүйесі тауарды алудан ешқалай да ерекшеленбейді. Актіні де қызметті алушы растайды, актінің негізінде шот-фактура толтырылады. Екі жақ та қол қойған орындалған жұмыс актісі қызметті жеткізушінің шарт жағдайларын орындағаны және аталған қызметтерді алушының шағымдарының жоқтығы туралы куәландырады.

Аудиторға материалдарды, шикізатты, интвентарьды және шаруашылық құрал-жабдықтарын шығынға жазу мен олардың шығындалуының технологиялық нормаларының (нормативтерінің) сақталуын бақылауға алуға тура келеді. Кейде кәсіпорындар өнімді өндіруге кететін шығындарды арттыру мақсатында немесе «есепке алынбаған» дайын өнімді жасау мақсатында материалдық шығындарды негізсіз арттыруға немесе оларды шамадан тыс шығындауға жол береді. Мұнда шикізаттың бақылап отырып жіберілуін қолдануға немесе нормалар бойынша шикізат пен материалдардың шығындалуының альтернативті (баламалы) балансын жасауға болады.

 

 

23

 



Қорытынды

 

      Осы курстық жұмысты қорыта келе,  төмендегідей мәселелерге тоқталдым. Бірінші бөлімде: тауарлы – материалдық қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі, тауарлы - материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері, тауарлы - материалдық қорлар  аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі қарастырылады.

   Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады. Тауарлы – материалдық қорлардың қолда барлығын тексерген кезде олардың нақтылы барлығының жеткілікті айғақ көлемін алу керек, бұған аудитордың түгендеуге қатысуы арқылы қол жеткізіледі.

      Аудитор бухгалтерияда материалдардың жұмсалу нормасын есептеп шығарып және қорытынды есепті бағалайды. Материалдық қорытынды есебін пайдаланған кезде, босатылған материалдарға басқа құжаттарды жасаудың қажеті де болмайды. Материалды жауапкершілікті тұлғаның қорытынды есебі аналитикалық есеп регистрлары ретінде қолданылғандықтан, жауапкершіліктегі материалдардың есебі жеңілдетіледі.

  Аудитордың жұмысының маңызды бағыттарының бірі -өндіріс қорларына талдау жасап, шаруашылықтың кідіріссіз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдармен қамтамасыз етілуін анықтау.

     Материалды құндылықтарға талдау жасау үшін, қоймалық есеп карточкаларын, айналым (қалдық) ведомостарын және түгелдеу көшірмелерін, сонымен қатар бастапқы құжаттарын қолданады.

    Кейбір кіріске алу құжаттары, әсіресе фактурасыз келіп түскен материалдар қоймалық есеп карточкаларында көрсетілмеуі мүмкін. Оларды анықтау үшін қойманың бастапқы құжаттарын кенеттен тексеру керек.

     Аудитордың алынатын тауарлы - материалдық қорлардың, орындалған жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің саны, мөлшері мен сапасы бойынша, сонымен қатар бағалар мен тарифтердің сақталмауына, есептеу құжаттарында арифметикалық қателердің табылуына, өлшеу мен таразыға тарту кезіндегі қателерге байланысты берілген шағымдардың дер кезінде берілуін тексеруге зор көңіл бөлуі керек. Сонымен қатар түгендеу процесі қалай бақыланатындығын, оны жүргізу бойынша қандай нұсқаулықтардың бар екендігін және қандай ереже бұзушылықтар анықталғандығын білу керек.

     Қорыта келгенде, өндіріс қорларын аудиттеу кезінде аудитор материалдарды кіріске алудың дер кезінде және толық жүзеге асырылғандығына, оларды өндіріске, шаруашылықтың басқа да бөлімшелеріне және сыртқы мекемелерге босатудың заңдылығына көз жеткізуге міндетті.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1.       Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы, 20 қараша 1998 жылы. №304 (өзгертулері мен толықтыруларымен).

2.       Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі – 30 қаңтар 2001 ж., №155-ІІ (өзгертулерімен және толықтыруларымен).

3.       Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңы, 17 сәуір 1995ж. №2200 (өзгертулерімен және толықтыруларымен).

4.       Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 16 шілде 1997 ж. №167-1 (өзгертулерімен және толықтыруларымен).

5.       Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлімі) 27 желтоқсан 1994 ж. №268-ХІІІ (өзгертулерімен және толықтыруларымен).

6.       Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы. 26 желтоқсан 1995 ж №2732 (өзгертулерімен және толықтыруларымен).

7.       Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі, 12 маусым 2001ж. №209-2 (өзгертулерімен және толықтыруларымен).

8.       Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңы, 10 желтоқсан 1999ж. №493-1 (өзгертулерімен және толықтыруларымен 25.09.2003ж).

9.       З.Н.Әжібаева, Н.Ә.Байболтаева, Ж.Ғ.Жұмағалиева «Аудит»: Оқулық. -  Алматы: 2006

10.  М.Б. Байдаулетов, «Аудит» : Оқулық. -  Алматы: 2003

11.  А.К. Абленов, «Аудит теориясы» : Оқулық. -  Алматы: 2003

12.  Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары. ҚР Қаржы министрлігінің 2002ж. 18- қыркүйектегі №438 бұйрығы (ҚР Қаржы министрлігінің 21.10.2003 ж. №372 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен).

 

 

 

 

23

 



Информация о работе Тауарлы-материалдық қорлар есебі