Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 19:31, курсовая работа
Осы курстық жұмыста келесідей мәселелер қарастырылады: бірінші бөлімінде “ Тауарлы – материалдық қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі, тауарлы - материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері, тауарлы - материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі. Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады. Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын тауарлы-материалық қорлардың алатын орны өте зор.
Кіріспе......................................................................................................................3
I. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.
1.1 Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің мақсаты мен міндеттері...............4
1.2 Тауарлы-материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі.8
II. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ.
2.1 Тауарлы–материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы.............................11
2.2 Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті.......14
2.3 Тауарлы-материалдық қорлар, оларды жіктеудің, бағалудың және түгендеудің аудиті.................................................................................................18
Қорытынды..........................................................................................................27
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................28
Аудиторға клиенттің ішкі бақылау жүйесі алға қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізуге деген әкімшіліктің толық сенімділігі үшін дайындалған процедуралар мен әдістемелік басшылықтан тұруы мүмкін екені белгілі болуы керек. Оның ішінде өндіріс циклындағы операцияларды есепке алу үшін кәсіпорын әдетте бағалаудын негізгі жолдары мен тандап алынған әдістерін есеп саясатында немесе оның жеке қағидаларында бейнелейді. Бұл кезде есеп саясаты немесе ереже келесідей аспектілерді сақтауы керек.
- тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау әдісі, сонымен бірге бағалау әдісі барлық тауарлы-материалдық босалқылар үшін бірдей болуы кереқ
- соның негізінде өнім өндірісі процесі бухгалтерлік есепте тіркелген бастапқы құжаттар тізімі;
- басшы бекіткен өдіріс циклі бойынша құжат айналымының графигі;
- тауарлы-материалдық босалқыларды есептен шығару тәртібі;
- тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу жүргізу тәртібі мен мерзімі;
- тауарлы-материалдық босалқыларды жіктелімі, бухгалтерлік есеп тізімі және аналитикалық есепті ұйымдастыру.
Кәсiпорындағы iшкi бақылау процедуралары бола алады:
- мiндеттердi парапар бөлу;
- мақұлдаудың тиiмдi процедурасының болуы;
- құжатнама және есепке алу жазулары;
- тауарлы-материалдық босалқыларды нақты бақылау;
- тәуелсiз тексерулердi iскe асыру.
23
II. Тауарлы – материалдық қорлар есебінің аудиті.
2.1. Тауарлы – материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы.
Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы мынадай басты мәселелерді қамтиды:
Баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы мәліметтермен салыстырып тексеруді;
тауарлы-материалдық қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебінің дұыс жүргізілгендігін тексеруді;
қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың сақталуын, оларға уақтылы түгендеу жүргізілгендігін тексеруді;
қойма есебінің, тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының бастапқы құжаттарының уақтылы дұрыс толтырылғандығын, соңғы қорытынды есеп беру күніне, субьектінің өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін тексереді.
Келіп түскен материалдардың уақтылы толық кіріске алынғандығын және бухгалтерлік жазуларды жүзеге асырылғандығын тексеруді;
Сатылып жөнелтілген және қайта өңдеуге берілген материалдық құндылықтардың операйияларының дұрыс құжатталып, бухгалтерлік жазуларының жүзеге асырылғандығын тексеруді.
Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы
Кесте-4
Рет нөмір | Аудит процедуралары | Ақпарат көздері |
1 | Тауарлық- материалдық қорларды алуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы мен бар екендігін тексеру | Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік құжаттар мен т.с.с. |
2 | Тауарлық- материалдық қорлардың саны мен сапасы жөніндегі тілек-талаптарды ресімдеудің дұрыстығын, негізділігін және уақытылығын тексеру | Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт, теміржол станциясы түбіртіктері, салыстыру тізімдемесі және т.б) жабдықтаушыға, темір жолға немесе кеме шаруашылығына талап-қуанымдар, 8 журнал-ордер, бас кітап және т.б. |
3 | Алынған құндылықтарды кіріске алудың немесе орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет есебінің толықтығы мен уақытылығын тексеру | Қабылдау актілері, жүк құжаттар, шот-фактуралар, кірістік ордерлер, қойма есебі тізімдемесі, 6 журнал- ордер, бас кітапты, баланс және т.б. |
4 | Түскен материалдарды кіріске алудың толықтығы мен ұзақтылығын тексеру
| Бастапқы құжаттар (қабылдау, коммерциялық актілер, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары), шот-фактуралар, кірістік ордерлер және т.с.с. |
5 | Тауарлы – материалдық қорлардың бар болуы мен сақталуын, оларды түгендеуді жүргізудің уақтылығы мен дұрыстығын талдау | Материалдарға жауапты адамдар мен шарттар, бастапқы құжаттар, қоймалық есеп карточкалары, түгендеу актілері |
6 | Кәсіпорынның өндіріс қорлармен соңғы есеп беру күндерінің қамтамасыз етілуін бағалау | Стандарттар, нормалар мен нормативтер, техникалық шарттар, есеп айырысу, бастапқы және құрама құжаттар |
Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитін тереңдетіп жүргізу үшін жоғарыда келтірілген аудиторлық тексеру бағдарламасын, кеңейте түсетін олардың ішкі жағдайын бақылауды тексеру тестерінің сауалнамасын жасау қажет.
Аудитор қойылған сұрақтарына алынған жауаптарын зерделеп және талдап ішкі бақылаудың жағдайы туралы қорытынды жасап бағдарламаға сәйкес аудиторлық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
Ұзақ мерзімді активтер сияқты ағымдағы активтерді баптары бойынша мәліметтерін тексерген кезде қолда барлығын, баланстың, Бас кітаптың, есеп регистрларының мәліметтерінің арасында тепе-теңдіктің сақталғандығын анықтап, синтетикалық және аналитикалық ақпараттардың сәйкестігіне көз жеткізудің маңызы зор.
Тауарлы-материалдық қорлардың кейбір жеке түрлеріне аудит жүргізгенде оларға және олардың есебіне ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор.
Аудитор жасаған бағдарламасын кеңейте түсу үшін тауарлы- материалыдқ қорларды сатуға байланысты мынадай мәселелерді анықтауға тиісті:
1. Тауарлы- материалды құндылықтарды сатуға шарт жасалғандығын және, олардың дұрыс рәсімделгенін;
2. Артып-жөнелтілген өнімдердің құжаттарының дұрыс толтырылғандығын;
3. Артып-жөнелтілген өнімдердің бағасының дұрыс толтырылғандығын;
4. өнім сатуға жасалған шартқа сәйкес босату бағасының, өнімді сатушыдан сатып алушыға дейін жеткізу шығындарының төлену тәртіптері ескеріліп, дұрыс белгіленгендігін, ( оларды мынадай түрлерге бөлуге болады: франко-орын, сатушы, франко-қойма, жөнелтуші, франко-айлақ, белгіленген айлақ, франко-вагон, белгіленген франко – айлақ және сатып алушының франко-қойма);
5. аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің есеп регистрларындағы, Бас кітаптағы және баланстағы жазулармен сәйкестігін.
Есеп айырысу құжаттары алынбаған ТМБ түскен кезде (фактураланбаған жеткізулер), осы түскен құндылықтар төленген, бірақ жолда келе жатқандар (дебиторлық берешек) ретінде саналатын-саналмайтындары анықталады.
ТМҚ аудиті кезіндегі ақпарат көздері
Кесте-5
Реттік № | Нысан № | Нысан атаулары |
1 |
| Бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама |
2 |
| Өнімді жеткізу шарттары, келісім-шарттары (жұмыс пен қызмет көрсету), ерекшелендіру, мәміле паспорты. |
3 |
| Есептеулерді салыстыру актілері, коммерциялық актілер, орындалған жұмыстар (қызмет көрсетулер) актісі, аванстық есеп беру, орындалған жүмыстарды тапсыру-қабылдау актілері. |
4 | 3-түгендеу | "Тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу тізімі" |
5 | 4-түгендеу | "Тиелген тауарларды түгендеу актісі" |
6 | 5-түгендеу | "Жауапты сақтауға қабылданған (тапсырылған) тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу тізімі" |
7 | 6-түгендеу | "Жолдағы тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу актісі" |
8 | 12-түгендеу | "Тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу нәтижелерін салыстыру тізімдемесі" |
9 | ТМҚ-4 | "Тауарлы-материаддық босалқыларды қабылдау туралы акт" |
10 | ТМҚ-4а | "Дайындау, сақтау және ондіріс процесіндегі тауарлы-материалдық босалқылардың жетіспеулері мен ысыраптары туралы акт" |
11 | ТМҚ-46 | "Тауарлы-материалдық босалқылардың бұзылуы, сынуы, қирауы туралы акт" |
12 | ТМҚ-5 | "Тауарлы-материалдық босалқыларды есепке алу карточкасы" |
13 | ТМҚ-7 | "Қоймадағы тауарлы-материаддық босалқы қорлар қалдықтарын есепке алу тізімдемесі" |
14 | ТМҚ-11 | "Ғимараттар мен құрылысты қирату және демонтаждау кезінде алынған тауарлы-материалдық босалқыларды кірістіру туралы акт" |
23
2.2. Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті.
Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп бас жоспарының 1300 «Материалдар» бөлімшесінің синтетикалық шоттарында шикізаттардың, сатып алынған жартылай фабрикаттардың, құрастыру бұйымдарының, конструкцияларының, отындардың, ыдыстардың және ыдыстық материалдардың, қосалқы бөлшектердің, құрылыс материалдарының, қайта өңдеуге берілген және басқа да материалдардың сақталуын, пайдалануын және есебінің ұйымдастырылуын аудиторлық тексеруді қойма шаруашылығын тексеруден бастаудың маңызы зор.
Тауарлы-материалдық қорлардың сақталу орындары бойынша нақты қолда барының есеп мөліметтеріне сәйкестігін тексерген кезде, біріншіден жылдық түгендеудің материалдарымен танысу қажет. Екіншіден сақталу орны бойынша жаппай тексеруге тиісті материалдар топтарын іріктеу : мысалы, оте қымбат тұратын және сирек кездесетін және ішінара тексеру жүргізілетін топтарды анықтау қажет. Қоймаларда материалды құндылықтардың сақталу тәртібіне, сақтау орындарының, қорлардың және түрлерінің сақталу ережелеріне сәйкестігіне ерекше назар аударуды талап етеді. Сондықтан қолда бар материалды құндылықтардың сақталуына тексеруді аудитор қойма шаруашылығын зерделеуден және қажет болған жағдайда оларға түгендеу жүргізуден бастаған жөн.
Аудитор қойма шаруашылығына зер салып зерттеген кезде, қойма ғимараттарының және өлшеу құралдарының жағдайына назар аударуы қажет, сонымен қатар бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысының тиімділігіне, өрттен қорғау және басқа да қауіп-қатерден сақтандыру дыбыс беретін құралдарының орнатылғандығына, материалды құндылықтарды қабылдау, босату және сақтау тәртіптерінің орындалғандығына, материалды-жауапкершілікті тұлғаларды іріктеу және тағайындауға, олардың толық материалды жауапкершілігіне, қолда бар ұзақ уақыт жатып қалған және бүлінген материалдар туралы жасалған шартқа, кіріс және шығыс құжаттарының, қоймалық есептің және қорытынды есептің дұрыс жасалғандығына назар аударуға тиісті. Қоймаларды және материалды құндылықтардың сақталу орнын зерттеу, олардың бағыты бойынша қолдану үшін жарамдылығын анықтау мақсаттарында бағалардың сақталу төртібін және ортке қарсы қауіпсіздікті, дыбыс беретін белгілерінің, өлшеу шаруашылығының, басқа да өлшеу құралдарының және т.б. қолда барлығын тексеру қажет.
Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етудің маңызды шарты дұрыс ұйымдастырылған күзет болып табылады. Аудитор субъектіге материалды құндылықтарды кіргізу жене шығаруда ішкі бақылауды кенеттен тексеруден бастап, күзет жұмыскерлерінің белгіленген тәртіпте кіру, шығу,
рұқсат куәлігін толтыру және тіркеу, олардың пайдаланылғанының бухгалтерияға қайтарылуын және басқа да ережелердің орындалуымен танысады.
Бұндай кезде бір рұқсат қағазымен материалды құндылыктарды екі рет әкету, қол қоюға қүқық берілмеген тұлғалардың қолы қойылған рұқсат қағазбен әкету материалды құндылықтарды ауызша рұқсатпен әкету ж.т.б. сияқты әр түрлі бұрмалаушылықтар тәртіп бұзулар кездеседі.
Кіргізіп-шығару жүйесін тексеру жеке территорияларға бөлініп орналасқан арнайы мамандандырылған өндірістік цехтардың озара байланысының арасын ескеріп жүзеге асырылуға тиісті қоймадағы әр түрлі мақсатқа босатылған материалдарды әкетуге толтыратын рұқсат қағазды мұқият тексеруді және бақылауға алуды талап етеді.
Цехтың өндірістік қызметінде бұрмалаушылық, шектен шығып кету фактілері анықталған кезде (өндірілген өнімді толық кіріске алмау, қосып жазу, ұрлау, есепте дұрыс көрсетпеу) рұқсат қағаз бақылау көзі ретінде қолданылады. Олардың мәліметтерін әкетілген материалды құндылықтардың түр-түрлері бойынша сомасын және құнын шот-фактуралар, бұйрық фактуралар, бұйрық накладнойлар, басқа да жолдама құжаттарымен салыстырады.
Шаруашылықтың қоймасындағы материалды құндылықтардың сақталуын бақылаудың бөлінбейтін бөлігі қойма есебін тексеру болып табылады. Жұмыс практикасы корсеткендей, қойма есебін жүргізудің тәртібін бұзушылық. негізінен материалдардың түрлері бойынша жалған қалдықтың («қызыл қалдық») көрсетілуі, кейбір кіріс құжаттарындағы материалдардың кіріске алынғандығы туралы жазуларының болмауы, қоймалық есеп карточкаларындағы және бухгалтерлік есептегі мәліметтерінің арасындағы алшақтық, шығысқа шығару құжаттарының санының шамадан тыс асып кетуі қалдықтарының дұрыс саналмауы ж.т.б. сияқты фактілері кездесіп қалады. «Қызыл қалдық» келіп түскен материалдық құндылықтарды толык немесе уақтылы кіріске алмаудың, өндіріске босатылған материалдар санының шамадан тыс артық шығысқа шығарылуына, құжаттары толтырылмай материалдарды босатуға, соңғы қалдықтардың дұрыс анықталмауына ж.т.б. жол берілгендігін дәлелдейді.
Материалдар түрлерінің теріс өтпелі қалдығы осы түрге жататын кезекті материалдар келіп түскен кезде уақытша жабылса, ал материалдық құндылықтар саны осы шамаға кемиді. Теріс қалдық тек қана есепте жоқ материалдардың көлемін көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ұрлаудың, талан-таражга салудың резервін де көрсетеді.
Кейбір кіріске алу құжаттары, әсіресе фактурасыз келіп түскен материалдар қоймалық есеп карточкаларында көрсетілмеуі мүмкін. Оларды анықтау үшін қойманың бастапқы құжаттарын кенеттен тексеру керек.