Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құны калькуляциялаудың нормативтік әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 18:24, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі.Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты. Сондықтан шығындарды толық және дұрыс анықтау келесіні камтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын калькуляциялау, қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығынын толық дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құны калькуляциялаудың нормативтік әдісі..doc

— 276.50 Кб (Скачать)

Өзіндік құнды калькуляциялау –  ол бағаны негіздеу мен өнімдердің жеке түрлерінің табыстылығын анықтайтын қажетті алдыңғы шарт.

Өзіндік құнды калькуляциялаудың  ерекше айырмашылығы- ол, әдетте, өнімнің  көптеген түрлерінің әр түрлі деңгейдегі дайындығымен байланысты және уақытымен  шектелуі тиіс.

Өнімнің даярлық дәрежесінің әр түрлі болуы өнімді тұтас және оның бөлшектерін өндіруге кеткен шығындарды есепке алу әдістемесінің біртұтастығын талап етеді.

Жоғарыда көрсетілгендей калькуляция  үдерісінде бірлік өнімнің өзіндік  құнының калькуляциясы жасалады. [8]

Өнеркәсіп салаларында өнімнің  өзіндік құнының әдісіне әсер ететін негізгі факторлардың тигізетін әсері бірдей емес, сондықтан өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың әртүрлі әдісін қолдануға тура келеді. Өнімнің өзіндік құнының әдісіне әсер ететін негізгі факторлар 3-суретте көрсетілген. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесінде шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты басты рөл атқарады. Әдетте, өнімдер жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Жай өнім - бұл жеке белшектерден, түйіндерден тұрмайды. Жай өнім болып: көмір, рудалар, мұнай, газ, цемент, тері, ет және т.б. саналады.

Бұл аталған өнімдердің. өзіндік  құнын есептеу аса күрделі  әдістемелерді пайдалануды талап  етпейді. Бұндай жай өндірістерде бір  ғана өнім түрі калькуляцияланады.

Күрделі өнім деп жекелеген бөлшектерден, түйіндерден  тұратын өнімдерді атайды.Мысалы, машиналар, станоктар, құрал-жабдықтар, автобустар және т.б. Күрделі өндірісте негізгі өнімнен басқа, дайын өнім ретінде оның бөлшектері, түйіндері де калькуляцияланады. Бұл соңғылары калькуляциялау әдістемесіне қосымша қиындықтар туғызады.

Калькуляциялауды жасау мерзіміне  қарай :

  • алдын ала калькуляция;
  • кейінгі (немесе кезектегі) калькуляция.

Алдын ала жасалатын  калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық және нормативттік калькуляция жатады.



 

 





 


 



 

Сурет 3. Өнімнің өзіндік құнының  әдісіне әсер ететін негізгі факторлар

 

  • жоспарлы калькуляция - жоспарлы кезеңдегі шығындарды есеп- теу арқылы анықталған жеке өнімнің өзіндік құнының деңгейі бойынша тапсырма болып табылады; Ол өнім өндіруге кететін шекті шығынның мөлшеріне сәйкес негізделеді, өнімге (жұмысқа, қызметке) және өнім бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ  ол кезде еңбекақының, энергияның, отынның, материалдардың мөлшері, өндірістің технологиясы, сондай-ақ оларды пайдалану жолдары ескеріледі;
  • сметалық (болжамдық) калькуляция - сырттан жасалған бір реттік тапсырыс бойынша өнімге (жұмысқа, қызметке) кететін шығындарды анықтау үшін жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға және  тапсырыс берушімен есептескенде сметалық калькуляция келісім бағаны анықтауға негіз болып табылады;

- нормативтік  калькуляция  ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады. Жоспарлыдан оның айырмашылығы өнім бірлігінің өзіндік құнының белгілі бір уақыттағы деңгейін көрсетеді және қор шығындарының сол уақытта қолданып жатқан мөлшерлері бойынша құрылады. Нормативтік калькуляциялар өзіндік құны бойынша жоспардың орындалуына бақылау жасауға;

  • жобалық калькуляция күрделі жұмыстарды орындағанда қолданылады, жобаланатын өндірістер мен технологиялық үдерістердің экономикалық тиімділігін негіздеу үшін іріленген шығын нормативтері бойынша жасалады.

Келесі (немесе кезекті) калькуляция өнім шығарылғаннан соң бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады. Оған нақты (есеп беру) калькуляциясы жатады, ол өнім (жұмыс, қызмет) бірлігінің нақты өзіндік құнының деңгейін көрсетеді. Ол жоспарлы калькуляциядағыдай баптар бойынша жасалынады. Мұнда жоспарлы калькуляцияда көрсетілмеген ысыраптар мен шығындар айқын көрініс табады. Мерзімдік және жеке өндірістен басқа нақты калькуляциялар әдетте ай сайын өндірілетін өнімнің барлық түрлері бойынша жасалынады. Олар өнімнің өзіндік құнының құрылымы мен деңгейінің өзгеруін талдау жасау үшін қолданылады.

Калькуляцияның бұл түрі нақты  шығындар туралы есеп беру мәліметтерінің негізінде дайындалады.

Болжаланған калькуляция  нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады.

Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін  алдын ала бағалау үшін пайдаланылады.[9]

Калькуляциялау нысанын негіздеумен  қатар калькуляциялық бірлікті дұрыс  анықтаған да өте маңызды, ал калькуляциялық бірлік дегеніміз калькуляциялау нысанын  өлшейтін бірлікті айтамыз,өнеркәсіптің көптеген салаларында калькуляциялық бірлікті анықтауда өнім өндірісі салаларына сәйкес іске асырылатын стандарттар мен техникалық шарттары негізгі өлшемі болып саналады. Калькуляциялық бірлік өнімнің сандық жағын бейнелей отырып, экономикалық біркелкі және уақыт жағынан тұрақты болуы тиіс.

Калькуляциялық бірліктің келесі түрлерін бөліп көрсету қажет:

  • заттық калькуляциялық бірліктер (дана, тонна, метр, квт-сағат) өнім көлемін табиғи өлшемдермен сипаттайды және өнімнің өзгешілігін көрсетеді; оларды өлшеуге, есептеуге және бағалауға болады. шартты-затты калькуляциялық бірліктер біркелді өнім көлемін шартты салыстырмалы өлшемдермен көрсетеді (шынының шартты жәшігі, тұмшаның шартты банкісі);
  • шартты калькуляциялық бірліктер өнімдегі пайдалы заттың белгілі бір мөлшерін көрсетеді, мысалы азық бірлігіндегі сіңірілетін протеин;
  • еңбектік өлшемдегі калькуляциялық бірліктер (мөлшер-сағат) өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге қажетті жұмыс көлемін сипаттайды.
  • маманданған кәсіпорындардағы  жұмыстардың калькуляциялық бірлігі  т/км, машина/сағ., машина/аусымы түрінде көрсетіледі;
  • құндық калькуляциялық бірліктер: бір тенге өнімге келетін шығындар, белгілі бір өнімнің немесе жұмыстың бір мың теңге өндірісіне тиісті шығындар.

Өндірістік циклы ұзақ өнеркәсіп  салаларында өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесін жасау бірнеше айға немесе маусымға созылуы мүмкін және олар бірнеше сағаттар немесе күндер құрайтын сомалармен салыстырғанда біршама күрделі болып келеді. Оның күрделілігі, ең алдымен, аяқталмаған өндірістің көлемі көп болған жағдайда, оның шығынын бөлу мәселесінің және басқа да арнайы жағдайларының әсерінен болуы мүмкін.

Өнімнің өзіндік құнын дәл анықтау  үшін калькуляциялаудың дұрыс әдісін таңдаған жөн. Калькуляциялау әдісі  деп калькуляциялық бірліктің өзіндік  құнын санауға қолданатын тәсілдердің  жүйесін айтады.

Қазіргі уақытта өзіндік құнды калькуляциялаудың белгілі әдістері 4-суретте көрсетілген.

 



 




 

 

 



 

 

 

Сурет 4. Қазіргі уақытта өзіндік құнды калькуляциялаудың белгілі әдістері

 

Калькуляциялаудың үдерістік (қарапайым) әдісі. Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті бір немесе екі түрлі өнім шығаратын кәсіпорында (су электр стансалары, кен, көмір, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындар) пайдаланылады.

Калькуляциялаудың тапсырмалық әдісі. Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырмалық әдісі машинажасау кешенінде  ұсақ сериялы және жеке өнім шығаратын өндірісі бар кәсіпорындарда, механикалық жөндеу және зерттеу жұмыстарында пайдаланылады. Бұл жағдайда калькуляциялаудың нысаны түрінде  бір немесе бірнеше өнімге берілген тапсырыс болып шығады. Барлық тікелей шығындар әрбір (жекелеген) тапсырыстар бойынша белгіленген номенклатура баптарының кескінінде есепке алынады.[10]

Бірінші бөлімді қорытындылайтын болсақ, өнімнің  өзіндік құнын құрайтын  шығындардың құрамы , түрлері мен  нысандары, өзіндік құнның құрылымы, калькуляциялануы, калькуляциялық нысаны, бірлігі, әдістері, шығындардың саралануы , топтастырылуы және тәсілдері ашып көрсетіліп қарастырылды. Яғни, кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, сондықтан шығындаы толық және дұрыс анықталынды. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылды. Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылды.

 

 

 

 

 

2 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі

 

2.1 Өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің нормативтік  әдісінің жалпы сипаттамасы

 

Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері  әр түрлі және күрделі өнімдерді  жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады.

Нормативтік әдістің міндеттеріне мыналар жатады:

  • шаруашылықтағы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақытылы ескерту;
  • өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу.

Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық  және ақша ресурстары шығынының есептік көлемін техникалық жағынан негіздеу жатады.

Нормативтік есеп әдісі операциялар, процестер, объектілер бойынша нормативтік шығынды өндіріс негізінде олардың ауытқуын шамалаумен алдын ала анықтауды ұйғарады.

Бухгалтерлер бұл әдісті қолдана отырып, нормативтік өзіндік құн мен одан ауытқуды анықтау ісімен шұғылданады. Нормативтік есеп  әдісінің негізгі принциптері мыналар:

1. Кәсіпорын қолданысындағы норма   мен сметаның негізінде әр  бұйым бойынша өзіндік құнның  нормативтік калькуляциясын алдын ала жасау.

Бұл принцип бастапқы технологиялық, конструкторлық, қаржылық және әімшілік құжаттары негізінде есептелетін  нормативтік, сметалық (бюджеттік) көрсеткіштерін қамтитын нормативтік базасы бар  кәсіпорында ғана жүзеге асырылуы және басқарудың әр түрлі қажеттіліктеріне пайдаланылуы мүмкін: өндірістік және коммерциялық процеске кететін шығынның нормативтік сомасын анықтау, өндірістегі және шаруашылық мақсаттарына материалдық, отын-энергия ресурстарын босатуды, еңбекақы қорының есеп айырысуын, қызметкерлердің санын, басқару аппаратының шығын сметасын, бағаны босату жобаларын және т.б. шектеу.

2. Нормативтік өзіндік құнды  түзетуге арналған бір ай ішіндегі  норма есебі, норманың өзгеруіне  себепші болған бұл өзгерістердің  өнімнің өзіндік құнына және шаралардың тиімділігіне әсерін анықтау.

3. Норма және нормадан ауытқу  бойынша шығындарға бөлетін бір  ай ішіндегі нақты шығын есебі. 

4. Сондай-ақ олардың пайда болған  орны бойынша нормадан ауытқу  себептерін талдау.

5. Нормадан ауытқуды және норманың  өзгеруін, нормативтік өзіндік құнның  сомасы ретінде шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнын анықтау.[11]

Нормативтік шығын есебінің жүйесі кеңінен қолданылады, сондықтан  ол әр түрлі мақсаттардың нағыз өзіне  арналған шығындар туралы деректермен  қамтамасыз етеді. Нормативтік шығын есебі жүйесінің негізгі мақсаттары мыналар:

  • сметаны жасауда және басқару тиімділігін бағалауда көмектесу;
  • жоспармен үйлеспейтін операцияларды анықтауға бағытталған бақылау сызбасын, яғни схемасын жасау. Бұл схема менеджерлерге түзетудің  мүмкін шараларын керек ететін ұнамсыз ахуалдардың пайда болғаны туралы ескертуі қажет;
  • шешім қабылдауға пайдаланылатын болашақта болатын шығынды болжау:
  • тауарлы-материалдық құндылықтар қорын бағалау мақсатында түпкілікті өнімге шығынды көшіру міндетін оңайлату;
  • қол жеткізуге аса қажетті мақсаттарды белгілеу.

Нормативтік әдіс бойынша жұмысты  ұйымдастыру табыс табумен байланысты материал, еңбекақы және басқа шығындарды анықтау мақсатындағы технологиялық және нормативтік картаны жасаудан басталады. Нормативтік картаның негізінде  өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляция жасалады..

Үдемелі нормалар мен нормативтер  – шығынға қарсы механизмнің  маңызды элементі, өндіріс тиімділігін  арттыруудың, өнімнің өзіндік құнын  жоспарлауды, есебін және калькуляциялауды жетілдірулің бірден-бір шарты.

Норма – бұл нақты еңбек пәні шығынының және технологиялық процестің  әр түрлі операцияларына кететін  жұмыс уақыты шығынының немесе өнім дайындаумен байланысты еңбек құралын  функциялау шығынының белгілі бір шекке дейін болатын абсолютті шамасы.

Техникалық-экономикалық норманы  және нормативті әзірлеу өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялаудың  құрамдас бөлігі болып табылады.

Нормативтік шығын дегеніміз, әдетте дайын өнім бірлігі есебінде көрініс  табатын алдын ылы мұқиат анықталған нақты іс жүзіндегі шығынды білдіреді. Оған өндірістік шығынның барлық үш элементі кіреді – тікелей материалдық шығын, тікелей еңбек шығыны және жалпы өндірістік шығын.

Әр түрлі себептерден болатын нормадан айытқуды оған себепші болған кінәлілерді және оның себебі қоса  көрсетіліп ең бастапқы құжаттармен рәсімделеді.

Нормадан ауытқу есебі жабдықтың, шикізаттың, материалдық техникалық ерекшеліктеріне, олардың шығынын  және өндірістің технологиялық процесін нормалауға қарай ұйымдастырылады. Нормадан ауытқуға материалдарды ауыстыру, оларды пайдалану сапасы, толық құнды материалдың орнына қалдықтарды қолдану және т.б. факторлар әсер етеді.

Нормативтік шығын бойынша өзіндік  құнды калькуляциялау жүйесі онымен анықталатын нормативтік нақты шығынның ауытқуын бөлшектеп талдауға мүмкіндік береді. Мысалы, әр жауапты ортылықтардың ауытқуы әрбір элемент бойынша анықталуы керек  және ресурстардың бағасы мен санына сәйкес талдануы қажет. Бухгалтер менеджерлерге ауытқудың қай жерде болғанын дәл көрсетіп көмектессе, ал жауапты басшылар ауытқудың себебін табу үшін аса қажетті зерттеу жүргізеді. Мұндай зерттеудің нәижесі тиісті түзетуші болуы керек, ал, егер ауытқу норманың ұдайы өзгеруінен болатыны анықталса, онда оны өзгерту қажет.[12]

Информация о работе Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құны калькуляциялаудың нормативтік әдісі