Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құны калькуляциялаудың нормативтік әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 18:24, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі.Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты. Сондықтан шығындарды толық және дұрыс анықтау келесіні камтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын калькуляциялау, қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығынын толық дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құны калькуляциялаудың нормативтік әдісі..doc

— 276.50 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың тақырыбының  өзектілігі.Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты. Сондықтан шығындарды толық және дұрыс анықтау келесіні  камтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын калькуляциялау, қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығынын толық  дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың  нормативтік әдісін негізінен жаппай өндіріспен шұғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Оны ұсақ топтамалық және жекелеген кәсіпорындарда пайдалануға да болады. Өндірістегі шығындарды есепке алу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша жұмыстардың технологиялық және нормативтік карталар жасаудан басталады. Нормативтік әдісті  өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады. Нормативтік әдіс шаруашылықтағы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын уақытылы ескерту, өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға жәрдемдесу міндеті болып келеді. Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық және ақша ресурстары шығынының есептік көлемін техникалық жағынан негіздеу көрсетіледі. Сондай-ақ, кәсіпорындарда өнімдердің өзіндік құнын есептеудегі нормативтік әдісті ХҚЕС негізінде тиімді пайдалана білу және кәсіпорындарда тәжірибеде қолдануға бейімделу. Сондықтан да, бұл тақырып өзекті болып келеді.[1]

Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономикасы дамыған елдерде шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік  әдісін еліміздегі кәсіпорындарда қолданудың ерекшеліктері мен жетілдіру жолдарын ашып көрсету. Сондай-ақ, нормативтік шығын есебі жүйесінің негізгі мақсаттары сметаны жасауда және басқару тиімділігін бақылауда көмектесу, жоспармен үйлеспейтін операцияларды анықтауға бағытталған бақылау сызбасын, яғни схемасын жасау, шешім қабылдауға пайдаланатын болашақта болатын шығынды болжау, тауарлы-материалдық құндылықтар қорын бағалау мақсатында түпкілікті өнімге шығынды көшіру міндетін оңайлату, қол жеткізуге аса қажетті мақсаттарды белгілеу болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей  міндеттер қойылған:

  • өнімнің  өзіндік құнын құрайтын  шығындардың құрамы , түрлері мен  нысандарын қарастыру;
  • шығындардың саралануы , топтастырылуы және тәсілдерін анықтау;
  • өзіндік  құнның құрылымы , калькуляциялануы , калькуляциялық нысаны, бірлігі мен әдістерін ашып көрсету;
  • өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің нормативтік  әдісінің жалпы сипаттамасын қарастыру;
  • өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және шығынды есепке алудың нормативтік тәсілін айқындау;
  • халықаралық тәжірибеде қолданылатын калькуляциялау әдістеріне тоқталу.

Курстық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Нормативтік әдіс іс жүзіндегі өнім бірлігінің өзіндік құны және барлық өндірілген нормптивтік өзіндік құнмен салыстырылады және прогрессивтік нормада материалдар шығынын, еңбекақы шығынын анықтайды. Сондай-ақ, нормативтік әдісте әрқашан ауытқулар болып тұрады. Нормалардан ауытқуға материалдарды ауыстыру, оларды пайдалану және т.б. осы секілді факторлар әсер етеді. Материалдар шығыны бойынша нормалардан ауытқуларды анықтау үшін материалдарды құжаттау, түгелдеу тағы басқа да шаралар жүргізіліп реттеліп отырылуы тиіс. Сондықтан да, нормативтік әдісті теориялық тұрғыдан қарастырғанның маңыздылығы зор.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс компьютермен терілген, 6 суреттен және  кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиетерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың теориялық аспектілері

 

1.1 Өнімнің  өзіндік құнын  құрайтын  шығындардың құрамы , түрлері мен  нысандары

   

Өнімнің  өзіндік құны  экономикалық  негізгі  қасиеті  бар  және  оның  жалпы    деңгейіне  әртүрлі  әсер  ететін   көптеген   шығындар  түрінен құрылады.

Өнімнің өзіндік  құнын  құрайтын  шығындар  құрамына  іріленген    мына төмендегілерді  қосуға  болады:

  • өнімнің  жаңа  түрлерін  дайындау  және  игеру  үшін  қажетті  шығындар;
  • өнімнің  жоспарланған  көлемін  өндіру  мен  сату  үшін  қажетті  шығындар;
  • кадрларды  дайындау  және  қайта  даярлау  үшін  шығындар;
  • өнімнің  саласын  және бәсекелестігін  жоғарлату  үшін  қажетті  шығындар;
  • техника  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  үшін  қаражаттар.

Өзіндік  құн  құрамында  аталған  шығындардан  ең  көп  үлес  алатындығы, сөзсіз, жоспарланған  өнім  көлемін  өндіру   және  сату  үшін  қажетті  ағымдық  шығындар.

Салалар  бойынша  өзіндік  құнды  құрайтын   шығындардың  құрамы  бірдей  емес. Мысалы: кен  өндіру  өнеркәсібінде  өнімнің  өзіндік  құнында  шикізат  сияқты  шығын  түрі  жоқ.  Ал  өңдеу  өнеркәсібінде   шикізат   шығындардың  маңызды  түрі  болып  табылады.

Өндірілетін өнімнің заттық негізін  құрайтын шикізаттардан  бөлек, өнеркәсіп  көптеген басқа да, өнімнің құрамына енгенімен, бірақ оның негізі болмайтын, материалдарды пайдаланады.

Негізгі материалдар шикізатпен бірге  өнімнің заттай мазмұнын құрайтын мұндай материалдар.

Көмекші материалдар тек технологиялық  үдерісті орындауға ғана әсер ететін материалдар.

Жоспарлау және есепке алу тәжірибесінде технологиялық мақсаттарға пайдаланатын  отын және энергия жеке дара көрсетіледі, себебі олар өнеркәсіп өнімінің өзіндік құнының елеулі көлемін құрайды және сонымен қатар оның деңгейіне елеулі әсер етуі мүмкін.

Өнімнің өзіндік құнында оны өндіру және сату үдерісінде пайдаланатын негізгі қорлардың құны да бейнеленеді. Негізгі қорлардың құны өзіндік құнға олардың тозуына сәйкес келетін мөлшерде амортизациялық  аударымдар ретінде қосылады.

Өзіндік құн - өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру мен сатуға байланысты кәсіпорында жұмсалған негізгі қорлар, шикізаттар, материалдар, отын мен энергия, еңбек және басқа да ресурстарды пайдалану шығындарының ақшалай көрінісі.

Өнімнің өзіндік құны тауар–ақша қатынастар жағдайында дербес шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сипаттайтын экономикалық санаты, ол өнімді өндіру мен сату үшін кәсіпорын қанша шығын жұмсағандығын көрсетеді. Өзіндік құн жай ұдайы өндіріс санатысы болып табылады, себебі ол өнім бағасы арқылы орнын толтыра отырып, кәсіпорынға өндірістің көлемін өзгертпей-ақ өндірісті қайта бастауға мүмкіндік береді.

Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі  бір шығындармен байланысты, сондықтан  шығындарды толық және дұрыс анықтау  келесіні  камтамасыз етуі керек:

  • жалпы өнім көлемін,
  • әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын калькуляциялау,
  • қызметті көрсету,
  • жұмысты орындау,
  • өндірілген өнімнің нақты шығынын толық  дер кезінде және шынайы көрсету,
  • сондай-ақ, жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.[3]

Өнімнің негізгі өндірістік өзіндік  құны үш бөліктен тұрады. Ол 1-суретте көрсетілген.


 




 

 

 


 

Сурет 1. Өнімнің негізгі өндірістік өзіндік құны шығындары

 

Тікелей шығындарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) басқа да шығындармен қосылып есептелінеді. Мысалға, автомобиль өндірісі үшін метал, жиhаз өндірісі үшін ағаш негізгі материалдар болып табылады.

Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей  шығындар – бұл өнімді өндіруге тікелей қатысқан өндіріс жұмыскерлеріне төленетін еңбекақы (еңбекақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады. Мысалы, толассыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе метал өңдеуші станокта жұмыс істейтін жұмыскердің еңбекақысы және т.б. осы сияқты тікелей еңбекақылары жатады.

 Қызмет көрсететін цехтың  көмекші жұмыскерлерінің еңбекақысы  тікелей еңбекақы болып табылмайды, олар үстеме шығындарға жатқызылады.  Одан басқа, үстеме шығындардың  қатарына амортизация аударымдары, еңбекақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй қызметі, жарықтандыру және басқа да себептердің салдарынан өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығындары және т.б. жатады.Үстеме шығындар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды шегеріп тастағанда пайда болады.

Жағдайға, мәніне және нақты есептеу  нысанына байланысты өнеркәсіптің іс-тәжірибесінде  өзіндік құнның келесі негізгі түрлері  болады:

Жеке және салалық  өзіндік құн. Әрбір кәсіпорын барлық өндірілетін өнімнің өзіндік құнын өзінің техникалық және ұйымдастырушылық ерекшеліктерін ескере отырып анықтайды, бұл өнімнің жеке өзіндік құнының деңгейі мен құрылымына байланысты болады. Кәсіпорын бойынша өзіндік құн өндіріс шығындарының жылдық смета негізінде анықталады.

Цехтық, өндірістік және толық өзіндік құны кәсіпорында цехты басқару жүйесі қалыптасқан жағдайда оның шығындарының қосындысы ретінде анықталады.

Өндірістік өзіндік құн тек  өнім өндіретін цехтардың барлық шығындарының жиынтығын анықтау  арқылы есептеледі.

Толық өзіндік құнды анықтау  үшін өндірістік өзіндік құнға жалпы және әкімшілік шығындарды, дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сату шығындарын және несие үшін төленетін төлемдерді қосады.

Шығындар орталығының  өзіндік құны. Бұл өзіндік құн өнім өндірудің белгілі бір аяқталған технологиялық циклының іс-әрекетімен байланысты кәсіпорынның жекелеген құрылымдық бөлімшелері (цехтар, телімдер, бригадалар) бойынша қалыптасады. Бұл технологиялық циклды менеджер басқарады, ол тек шығындар орталығына байланысты шығындарға жауап береді.  Сондықтан  өзін- дік құнның құрамына  шығындар орталығының іс-әрекетіне байланысты шығындар ғана кіреді және ол кәсіпорынішілік есепті іске асыру үшін қажетті көзі болып табылады.

Бастапқы өзіндік құн өнімді өндіруші кәсіпорынның ұсыныс бағасын анықтау үшін қажет. Ол кәсіпорынның нақты уақыттағы таңдаған баға стратегиясына байланысты толық шығындар негізінде, немесе тікелей айнымалы шығындар негізінде есептелуі мүмкін.

Аталған түрлерден басқа өзіндік  құнның келесі нысандары болуы мүмкін:

Жоспарлы өзіндік құн. Жоспарлы өзіндік құн белгілі бір жоспарлы кезеңдегі кәсіпорынның жұмысын анықтайды. Әдетте жоспарлы өзіндік құн бір жылға, тоқсандарға бөлініп есептеледі. Оның негізі болып әр түрлі қорлардың орташа, мүмкін болатын ең көп шығын мөлшерлері алынады, сондықтан да жоспарлы өзіндік құн, шын мәнінде, мүмкін болатын барынша жоғары өлшем, одан асып кету әрбір кәсіпорын үшін тиімсіз болып табылады.

 Есеп беру кезеңіндегі (нақты) өзіндік құн. Өнімді өндіруге және сатуға кеткен нақты шығындармен анықталады және есеп беру кезеңінде жоспардың орындау дәрежесін көрсетеді. Есеп беру кезеңінде өзіндік құнның жоспардан ауытқуы, ең алдымен, кәсіпорынның мұндай жағдайда материалдық құндылықтардың жетіспеуінен, тоқтап қалудан, ақаулардан нақты зиян шегу себебінен болады. Одан басқа, есеп беру кезеңіндегі өзіндік құнның жоспардан ауытқуы кәсіпорынның іс-әрекетіне байланысты емес себептердің әсерінен де болуы мүмкін. Ондай себептерге шикізат пен  материалдардың бағаларының, электроэнергия тарифтерінің, амортизациялық аударымы және салықтық төлемдер мөлшерлерінің өзгеруі жатады.[4]

Үстеме шығындар-өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болатын шығындар, олардың жалпы сипаттамалары:

  • кешенді сипатта болады – шығындар құрамында олардың барлық экономикалық элементтері көрсетіледі;
  • екі немесе одан да көп өнім түрлерін өндіргенде бұл шығындарды өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызылмайды, бір жағынан дайын өнімдер, екінші жағынан – аяқталмаған өндіріс арасында, сондан соң өнімдер арасында жанама (шартты) түрде бөлінеді.

Үстеме шығындарды құрайтын шығындар тізіміне тиісті саладағы техниканың, өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылу  ерекшеліктеріне және жекелеген  өнім түрлерінің өзіндік құнындағы  үлес салмағына байланысты түзетулер  ендірілуі мүмкін. Мысалы, пайдалануға ендірілетін жаңа ұйымдар, өндірістер, цехтар мен агрегаттарды игеру шығындары.

Үстеме шығындардың құрамында  сондай-ақ жоспарланып ескеріледі:

  1. кепілдік қызмет және өнімді жөндеу шығындары;
  2. жоғарыда көрсетілген шығын баптарының ешқайсысына жатпайтын

өзге де шығындар.

Кепілдік қызмет және өнімді жөндеу шығындарына қызмет етудің кепілдік мерзімі қойылған өнім өндіретін  субъектілердің қойылған кепілдік мерзім негізінде тұтынушылардың өнімді бірқалыпты пайдалануын қамтамасыз ететін (нұсқау, техникалық қызмет көрсету, түзету, өнімді пайдалану дұрыстығын тексеру және басқалар) персоналды ұстау шығындары жатады.

Осы әдістемелік нұсқаулардың мақсаты  тауар-материалдық қорлардың өндірістік өзіндік құнына кірмейтін және кезеңнің шығындары (есепті кезеңдегі шығындар) деп танылатын шығындарды анықтау болып табылады, әдетте оларға мыналар жатады:

  • әкімшілік шығындар;
  • өнімді өткізу және қызмет көрсету шығындары;
  • қаржыландыру шығындар   болып  бөлінеді.

Информация о работе Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құны калькуляциялаудың нормативтік әдісі