Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құны калькуляциялаудың нормативтік әдісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 18:24, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі.Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты. Сондықтан шығындарды толық және дұрыс анықтау келесіні камтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын калькуляциялау, қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығынын толық дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құны калькуляциялаудың нормативтік әдісі..doc

— 276.50 Кб (Скачать)

Әкімшілік шығындар. Жалпы басқарумен байланысты, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығындарға, әдетте мыналарды жатқызу керек:

  • әкімшілік персоналына жататын қызметкерлердің еңбекақысы;
  • қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтарда жұмыс істейтін персоналдың еңбекақысы;
  • әкімшілік персоналының және қызмет көрсететін шаруашылық- тарда жұмыс атқаратын персоналдың еңбекақысынан заңда белгіленген мөлшерде әлеуметтік сақтандыру органдарына, зейнетақы қорына төлемдер;
  • әкімшілік басқару аппаратын, субъектінің құрылымдық бөлім- деріне қызмет көрсететін, материалдық-техникалық және көліктік қызмет көрсету жұмыскерлерімен қамтамасыз ету. Соның ішінде қызметтік жеңіл автокөліктерін күтіп-ұстау және қызмет бабымен жеке жеңіл автокөліктерді пайдаланғаны үшін өтемақы;
  • кен өндіру салаларында дайындық жұмыстары бойынша шығындар, егер олар күрделі шығындарға жатпаса (яғни негізгі қорлар ретінде қаржыланбаса);
  • салынып жатқан субъектінің дирекциясын қамтамасыз ету, дирекция болмаған жағдайда – техникалық бақылау тобын, сондай-ақ жаңа ұйымдар мен нысандарды пайдалануға қабылдауға байланысты шығындар;
  • әкімшілік басқару жүйелері мен құралдарын даярлау және жетілдіру жөніндегі шығындар;
  • банк қызметтеріне ақы төлеу;
  • субъектінің штаттық кестесінде кейбір атқарымдық қызметтер көзделмеген жағдайда, басқа ұйымдардың жалпы шаруашылық басқару жөніндегі көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу;
  • әкімшілік басқару персоналының іс-сапар шығындары;
  • әкімшілік басқару аппараты қызметкерлерінің орын ауыстыруына байланысты шығындар.

Қаржыландыру шығындары. Мұндай шығындарға жататындар:

  • банк несиелері бойынша пайыздар төлеу;
  • жабдықтаушылар несиесі бойынша пайыздар төлеу;

-   мүлікті жалға алу бойынша  пайыздар төлеу шығындары және  басқалары.

Өнімді өткізу және қызмет көрсету шығындары. Өнімді өткізу және қызмет көрсету барысында жұмсалған шығындарға өткізу (сату) бөлімінің жұмыскерлерінің еңбекақысы, өткізу (сату) бөлімінің жұмыскерлерінің еңбекақысынан төлемдер, меншікті сақтандыру шығындары, іс-сапар шығындары, амортизациялық аударымдар және қорларды сату барысында пайдаланылатын негізгі қорларды күту шығындары және басқалары жатады.[5]

 

 

1.2 Шығындардың саралануы, топтастырылуы және тәсілдері 

 

Әртүрлі өндіріс саласы бойынша  өнімді өндіру үдерісінде шығындар пайда  болады, бұйымды жасау сипатына, жасалған қызметке, технология мен  еңбекті ұйымдастыруына байланысты әртүрлі экономикалық маңызы бар шығындардан тұрады. Сондықтан өзінің сандық және сапалық жағынан әртүрлі саланың кәсіпорындарында ғана емес, бір саланың ішіндегі кәсіпорында өзіндік құн бірдей емес.

Кәсіпорын бойынша өзіндік құнды  есептеу кезінде шығындардың экономикалық элементтері бойынша оларды саралау қолданылады. Экономикалық элементтері бойынша шығындар дегеніміз қай жерде және не мақсатпен жұмсалғанына байланысты болмайтын біртекті шығындар түрі.

Саралаудың мәні -  өндіріс үдерісінде кейбір шығындар түрінің атқарымдық рөліне негізделген экономикалық біртектілігі бойынша сипатына шек қою болып саналады. Шығындарды саралау төмендегі түрде жүргізіледі:

  • материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құнын шегеріп тастағанда);
  • еңбекақыға кеткен шығындар:
  • әлеуметтік салықтарға аударымдар;
  • негізгі қорлардың амортизациясы;
  • басқа да шығындар.

Экономикалық элементтері бойынша  шығындарды саралау өндіріске қажетті  шығындардың сметасын жасауға негіз  болады, оның көмегімен өндірістің жұмысы талданылады, оның ішінде өндірістің техникалық деңгейі, еңбексыйымдылығы, еңбек өнімділігі анықталады; кәсіпорынның негізгі және айнымалы қорларға деген қажеттілігі белгіленеді.

Шығындарды топтастырудың көптеген түрлері бар, солардың ішінде негізгілері 2-суретте көрсетілген.

Шығындардың пайда болу орны:

  • өндірістік;
  • кезең шығындары (коммерциялық).

Өнімді жасаумен тікелей байланысты шығындар өндірістік шығындардың  қатарына жатады.

Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар коммерциялық шығындар деп аталады. Бұл кез келген кәсіпорынында міндетті түрде болатын айналыс шығындары. Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар екіге бөлінеді: көліктік және өткізу шығындары.

Мақсатқа сәйкестігі бойынша шығындар:

  • өндірістік;
  • өндірістік емес.

Өндіріс жағдайында қажеттілігі дәлелденген және мақсатқа сай келген шығындарды өндірістік деп атайды.

Технологияның және өндірісті ұйымдастыру  кемшіліктерімен, ахаулы өнім шығарғаннан  келген және т.б. шығындар өндірістік емес шығындар қатарына жатады.

Әртүрлі өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі:

  • тікелей;
  • жанама шығындар.

Мұндай бөлу тек екі немесе онан да көп өнім шығаратын кәсіпорындарда қолданылады, солай болғандықтан біркелкі өнім шығаратын кәсіпорында шығындардың  барлығы тура шығындар деп аталады.

Тікелей шығындар деп экономика жағынан біртекті шығындарды атаймыз, олар негізделген мөлшер мен нормативке сәйкес  өнімнің нақты түрінің өзіндік құнына тікелей жатқызылады. Оларға жататындар: шикізат пен негізгі материалдарға, тасымалдау-дайындауға, технологиялық мақсатқа жұмсалатын отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлердің еңбекақысына, әлеуметтік салықтарға кететін шығындар.

Жанама шығындар деп жеке бұйымдарды өндіргенде   олардың тікелей  құрамына қатысты нышанын анықтау  мүмкін болмайтын жағдайдағы  шығындарды айтамыз, себебі олар өнімнің бірнеше түрін жасаумен немесе  жөндеудің неше түрлі сатысынан өтеді. Оларды кешенге топтастырады, сонан кейін қандай да бір шартты негізге сүйене отырып, нақты белгілі бір бұйымның өзіндік құнына  пара-пар бөліп таратады.

 


 

 

 




 



 

 

 





 

 

 


 




 

 

 

 





 

 

 

Сурет 2. Шығындарды топтастырудың  негізгі түрлері

 

Мақсатқа сәйкестігі бойынша шығындар:

  • өндірістік;
  • өндірістік емес.

Өндіріс жағдайында қажеттілігі дәлелденген  және мақсатқа сай келген шығындарды өндірістік деп атайды.

Технологияның және өндірісті ұйымдастыру  кемшіліктерімен, ахаулы өнім шығарғаннан  келген және т.б. шығындар өндірістік емес шығындар қатарына жатады.

Әртүрлі өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі:

  • тікелей;
  • жанама шығындар.

Мұндай бөлу тек екі немесе онан да көп өнім шығаратын кәсіпорындарда қолданылады, солай болғандықтан біркелкі өнім шығаратын кәсіпорында шығындардың барлығы тура шығындар деп аталады.

Тікелей шығындар деп экономика  жағынан біртекті шығындарды атаймыз, олар негізделген мөлшер мен нормативке сәйкес  өнімнің нақты түрінің өзіндік құнына тікелей жатқызылады. Оларға жататындар: шикізат пен негізгі материалдарға, тасымалдау-дайындауға, технологиялық мақсатқа жұмсалатын отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлердің еңбекақысына, әлеуметтік салықтарға кететін шығындар.

Жанама шығындар деп жеке бұйымдарды өндіргенде   олардың тікелей  құрамына қатысты нышанын анықтау  мүмкін болмайтын жағдайдағы  шығындарды айтамыз, себебі олар өнімнің бірнеше  түрін жасаумен немесе  жөндеудің неше түрлі сатысынан өтеді. Оларды кешенге топтастырады, сонан кейін қандай да бір шартты негізге сүйене отырып, нақты белгілі бір бұйымның өзіндік құнына  пара-пар бөліп таратады.

Өндірістің көлемінің өзгерісіне қатысты:

  • айнымалы;
  • шартты-тұрақты (пара-парлы, пара-парлысыз).

Айнымалы шығындар өндірістің көлемінің  өзгеруіне белгілі бір түрде  тура байланысты болады. Оған жататындар: шикізатқа, технологиялық мақсатқа жұмсалған отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлерге төленген еңбекақы және одан төленетін әлеуметтік салықтарға деген шығындар.

Шартты-тұрақты шығындар – шамасы өндіріс көлемінен өзгермейтін  немесе өте аз өзгеретін шығындар. Әдетте, бұл шығындар өнімдерді жасауда  тікелей байланысты болмайды және өндіріске  қызмет ету және басқаруға қажетті шығындар түрінде көрінеді. Оған жататындар - үстемелі және кезең шығындары. Шартты-тұрақты шығындар белгілі бір шекке дейін ғана тұрақты болуы мүмкін. Өндірілген өнімнің көлемі айтарлықтай көбейгенде немесе азайғанда олар да өзгереді.   

Экономикалық мағынасына қарай шығындар:

  • негізгі;
  • үстемелі.

Негізгі шығындарға өнімді жасаудың технологиялық үдерісіне тікелей  байланысты және басқарудың деңгейіне  және ұйымдастыру нысанына тәуелсіз болмайтын шығындарды жатқызамыз. Бұл  шығындар шикізатқа, материалдарға, технологиялық отын мен энергияға, әлеуметтік салықтарды қосқандағы өндіріс жұмыскерлеріның еңбекақысына, машина мен құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтуге кеткен және т.б. шығындарды атаймыз.

Үстемелі шығындар өнімді жасаудағы  технологиялық үдеріске тікелей байланысты болмайды, ал ол өндірісті ұйымдастыру, басқару және қызмет көрсету жұмыстарының белгілі бір шарттарына байланысты пайда болады. Сондықтан оларға жататындар: негізгі және қосалқы өндірістерге қызмет көрсету үшін пайдаланған материалдар мен қызметтер; негізгі және қосалқы өндірістерте қызмет көрсету үшін жұмыс істейтін өндірістік (цехтық) персоналдың еңбекақысы және одан алынатын әлеуметтік салықтар; амортизациялық аударымдар; өнімді өткізуге қажетті шығындар;  өнімді өткізу  шығындары, әкімшілік шығындары; қаржыландыру шығындары.

Экономикалық біртектілігіне:

  • қарапайым
  • күрделі

Қарапайым (біртекті) шығындар – бір  экономикалық элементтен тұратын шығындар, оларға жататындар: шикізатқа, материалдарға, технологиялық отын мен энергияға, әлеуметтік салықтарды қосқандағы өндіріс жұмыскерлеріның еңбекақысына кететін шығындар.

Күрделі (кешенді) шығындар – бірдей мақсатты мәні бар бірнеше әр текті  экономикалық элементтерден тұратын  шығындар. Оған жататындар: машина мен  құрал-жабдықтарды пайдалану мен  күтуге кеткен, үстемелі шығындар, өнімді өткізу  шығындары, әкімшілік шығындары; қаржыландыру шығындары.[6]

 

 

1.3 Өзіндік құнның құрылымы, калькуляциялануы, калькуляциялық нысаны, бірлігі, әдістері

 

Өзіндік құнды жоспарлауда, смета  жасауда және калькуляциялауда, сондай-ақ, тәжірибе көрсеткендей, бағаны қалыптастыруда өзіндік құнның құрылымы үлкен рөл атқарады.

Өзіндік құнның құрылымы – бұл  жекелеген шығындардың өзара  қатынасы, кәсіпорынның өнімді өндіру, басқару және өткізу шығындарының жалпы  сомасындағы олардың үлес салмағы.

Өзіндік құнның құрылымы шығындардың  экономикалық біртекті элементтері  және калькуляция баптары бойынша  топтастырылуы негізінде анықталуы  мүмкін.

Экономикалық элементтер бойынша  өзіндік құнның жалпылама құрылымы нақты және затқа айналған еңбектің қарым-қатынасын білдіреді. Сонымен қатар бірінші түрі өзіндік құнда еңбекақы қоры мен әлеуметтік мақсаттарға арналған төлемдер арқылы байқалса, ал екіншісі материалдық шығындар мен негізгі қорлардың амортизация шығындарының ара-қатынасы арқылы көрінеді.

Өнімнің өзіндік құнының элементтік құрылымы әр өнеркәсіп салалары бойынша  әртүрлі ерекшеленеді. Бұл  айырмашылықтар шығындардың жеке түрлерінің үлес салмағына  байланысты өнеркәсіп өндірісін  сипаттайды. Мысалы, жалпы өнеркәсіп  бойынша материалдық шығындары (70 пайызға жуық) мен еңбек шығындары- ның (15 пайызға жуық) үлесі бәрінен де үлкен. Осы уақытта ауыр өнеркәсіпте бұл шығындар сәйкесінше 63 және 18 пайыз, машинажасау кешенінде – 61 және 24 пайыз, жеңіл өнеркәсіпте – 86 және 10 пайыз, ауылшаруашылық өндіру кешенінің өңдеу салаларында – 85 және 8 пайыз және т.с.с.

Калькуляциялау деп кәсіпорын  өнімінің (жұмыс, қызмет) жеке данасының  өзіндік құнына қатысты шығындардың  түрлеріне байланысты есептеу және ол шығынның  әр түрі бойынша өнімнің  бір өлшеміне немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау тәсілдерінің жиынтығын айтамыз,  ал осы үдерістің нәтижесі калькуляция деп аталады.

Информация о работе Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құны калькуляциялаудың нормативтік әдісі