Сауда кәсіпорындағы бух есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 18:27, курсовая работа

Описание работы

Осы курстық жұмыста мен «Сауда кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» тақырыбын тереңірек талдап, салыстырып, толығырақ зерттеп көрсетемін. Тақырыптың өзектілігі: қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүзедеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.

Содержание

І-ТАРАУ. КІРІСПЕ.....................................................................................................3
ІІ-ТАРАУ. САУДА КӘСІПОРЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП
2.1Сауда кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп..........................................................4
2.2 Саудадағы бухгалтерлік есептің кірісі............................................................9
2.3 Саудадағы бухгалтерлік есептің шығысы.....................................................11
ІІІ-ТАРАУ. САУДАДАҒЫ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДЕЛДАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ-ТЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ АУДИТТІК ТАЛДАУЫ
3.1«Ата-Тек-Астана» ЖШС-нің қызметі мен құрылымы.................................13
3.2«Ата-Тек-Астана» ЖШС-нің синтетикалық шоттар бойынша есеп регистірлері............................................................................................................18
ІҮ-ТАРАУ. САУДАДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ............27
Қорытынды.......................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................35

Работа содержит 1 файл

Сауда кәсіпорындағы бух есеп 2009 жана вариант.doc

— 401.00 Кб (Скачать)

 

Айдың аяғында жолдағы (қоймаға келіп түспеген), ақысы төленген тауардың құны былай көрсетіледі: 1330/1 «Қоймадағы тауарлар» шот дебеті»

3310 «Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті (қоймаға кірістелмейді). Келесі айдың басында бұл сома ағындық шотта дебиторлық берешек ретінде 1210-«Алынуға тиісті шоттар» шоты бойынша түзетпеленіп, саналады.

 

2.3 Саудадағы бухгалтерлік есептің шығысы

Тауарлық есеп берудің шығыны бөлігінде сатылған тауарларды есептен шығаруға мынадай жазба жазылады.

№ р/с

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дебет

Кредит

Сома

1

Сатылған тауардың өзіндік құны есептен шығарылды

7010 «Сатылған  дайын өнімдердің (тауарлар, жұмыс,қызмет»

1330/2 «Бөлшек саудадағы тауарлар»

300000

2

Кассалық аппараттың деректерімен салыстырылған сатушының есеп беруіне сәйкес кассаға сатылған тауарлардың түсімі кірістеледі

1010

«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар»

6010 «Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) сатудан алынатын табыс»

390000

3

16% түсіммен бірге түскен ҚҚС жеке көрсетіледі

1010

«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар»

3130

«ҚҚС»

58500

4

Айдың аяқталуы бойынша түзетіледі:

а) Тауар бағасындағы ҚҚС

б) Өткізілген сауда үстеме бағасы

1330/4 «Тауар бағасына ҚҚС»

1330/3 «Саудалық үстеме баға»

1330/2 «Бөл-шек саудадағы тауарлар»

1330/2 «Бөлшек саудадағы тауарлар»

 

58500

 

 

 

 

90000

5

Есепті кезеңнің соңында:

а)  табыс қорытынды табысты көбейту есебінен есептен шығарылады,

ә) шығын қорытынды табысты кеміту есебінен есептен шығарылады

6010 «Дайын өнімдерді(тауар-лар, жұмыс, қызмет» сату-дан алынатын табыс

5510 «Жиынтық табыс»

5510«Жиынтық табыс»

7010 «Сатылған дайын өнімдердің (тауарлар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны»

390000

 

 

 

 

 

 

300000

 

 

 

 

Есептік кезеңнің  соңында 5510 шотында дебеттік және кредиттік айналымдарды салыстыру жолымен субъект шаруашылық қызметінің салық салынатын табысы (залал)  анықталады.

Сауда тауарларды өткізуге байланысты, дәлірегі, тұрақты сатып алушылардың болмауынан және жарнамаға қаражаттың аздығынан қалыптасқан жағдайда бірқатар қиындықтарға кезігіп отыр. Мұндай ахуалдан шығудың бір жолы – тауарды консингнациондық негізде, делдалдар арқылы, ұсақ бөлшекті сауда желілерімен, жолсапар саудасымен өткізу.

Бөлшек саудадағы желілер арқылы қолма-қол ақшаға есеп айырысумен тауарды сатуда түскен түсім сауда кәсіпорнының кассасына түседі, оның мөлшерін кассир-операционист кітабында тіркелген (шот көрсеткішіндегі басталған жұмыс күні мен аяқталған жұмыс күні арасындағы айырмашылық сияқты) кассалық-бақылау аппараты шоттарының көрсеткіші бойынша анықтайды. Сатудан түскен түсім кассир-операционистен кассирге беріледі, ол кассалық ордерге кірістеу квитанциясында көрсетіледі.

Ұсақ бөлшекті сауда да (қол арбадан, интернадан, кәрзеңкеден, бақшада, балмұздақ саудасында, құйылмалы сусындар) халықпен ақшалай есеп айырысқанда кассалық-бақылау аппараты қолданылмайлы. Мұндай жағдайда материалды жауапты тұлғаға тауардың есебін беруіне жөнелтпе құжат жазып береді.

Сатылған тауарлардың мөлшері сатушының сауда кәсіпорнының кассасына, почта бөліміне, жинақ банкісіне тапсырған түсім сомасымен анықталады.

Сату орнына тауарды жеткізумен байланысты  көлік шығындары тауарды сату шығынына жатады. Колхоз, заттай нарығында тауардың көп бөлігі сатылмай қалуы ықтимал. Сол себепті сату сәтінде тек тапсырылған түсім ғана болуы мүмкін. Тауарлардың қалған бөлігі қоймаға өткізіліп, кірістелуі керек.

Сатылуы үшін тауарды басқа орынға көшіретін жағдайда тауарларды материалды жауапты тұлғаға тапсыру өткізу сәті болып саналады. Егер белгіленген мерзім аяқталып, өтпеген тауарлар сауда субъектісіне қайтып оралатын болса, онда тауардың бұл бөлігі кіріс жөнелтпе құжатымен ресімделіп, тауардың қайтып оралуы ретінде көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ-ТАРАУ. САУДАДАҒЫ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ  ДЕЛДАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ-ТЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ АУДИТТІК  ТАЛДАУЫ

 

3.1«Ата-Тек-Астана» ЖШС-нің қызметі мен құрылымы

Саудадағы және коммерциялық-делдалдық қызметтегі бухгалтерлік есеп «Ата-Тек-Астана» ЖШС-ң реквизиттері:

СТН № 482000056583. Астан қаласындағы «Халық» банкінде №004509821 есеп айырысу шоты бар. Кәсіпорының мекен-жайы: Астана қаласы Жеңіс көшесі №78 үй.

              Директордың аты-жөні –Утегенова Р.К.

              Бас бухгалтердің аты-жөні –Жамалова Ж.С.

              Кәсіпорын сауда және коммерциялық-делдалдық қызметпен айналысады. 2007 жылы ұйымдастырылып өзінің жұмысын бастады.

              І.Кәсіпорын 2007 жылы ұйымдастырылып жұмыстың бастағанынан жылдың 1 қаңтарына кіріспе баланс нөлге тең болады.

              ІІ.2008 жылы кәсіпорында төмендегі қаржылық және шаруашылық операциялар жасалды:

1.      Кәсіпорының жарғылық капиталына салымдар мен пайлар ретінде қалдық бағасы 400000 теңге мөлшерінде көлік құралдары қосылды (құрылтай құжаттары мен актілер бойынша).

2.      Кәсіпорынынң жарғылық капиталына салымдар мен пайлар ретінде  300000 теңгеге келісім-шарт жасалды (құрылтай құжаттары мен актілер бойынша)

3.      Кеңсені жалға алу үшін айына 3000 теңге есебінен, жылына 36000 теңгеге келісім шарт жасалды (жалға алу келісім шарты бойынша).

4.      Банктен 800000 теңге мөлшерінде қысқа мерзімді несие алынды (банктің келісім шарты бойынша).

5.      Кассадан есеп айырысу шотына 200000 теңге қолма қол ақша өткізілді (банктің квитанциясы бойынша).

6.      Жеткізушіге есеп айырысу шотынан 928000 теңге ақша аударылды (жеткізіп берудің келісім-шарты мен төлем тапсырмасы бойынша).

7.      Жеткізушіден 800000 теңгеге тауарлар келіп түсті (шот-фактура мен жүкқұжаттар бойынша).

8.      Алынған тауарлар бойынша өтелуге тиіс ҚҚС-ы 128000 теңгені құрады (шот-фактура мен жүкқұжаттар бойынша).

9.      Сату үшін жауапты тұлғаларға (сатушылапрға, дүкен меңгерушілеріне) 750000 теңгеге тауарлар  босатылды (ішкі жүкқұжатар бойынша).

10. Сатылатын тауарларға олардың құнының 40% мөлшерінде 300000 теңге үстеме баға қойылды (есептеулер мен тауар-ақша есептері бойынша).

11. 168000 теңге мөлшеріндегі ҚҚС-ң сомасына сатылатын тауарлардың  құны өсірілді (есептеулер бойынша).

12. Тауарларды сатудан 950000 теңге қолма-қол ақша түсті (сатушылардың тауар-ақша есептері бойынша).

13. Сатылған тауарлардың құнын (сатып алынған құны бойынша) сауданың өзіндік құнына 678572 теңге  мөлшерінде шығыс ету (сатушыларды тауар-ақша есептері бойынша).

14. Тауарлардың өткізілуіне 152000 теңге мөлшерінде ҚҚС-ы есептелді (есептеулер мен декларациялар бойынша).

15. 12980 теңге мөлшерінде ҚҚС-ң сомасы есепке жатқызылды (шот-фактуралар, есептеулер мен декларациялар бойынша).

16. Сатылған тауарлардың бағасындағы үстеме бағаның сомасы 271428 теңгені құрады (сатушылардың тауар-ақша есептері).

17. Сатылған тауардың бағасындағы ҚҚС-сомасы 152000 теңгені құрады (сатушылардың бағасындағы ҚҚС-сомасы 152000 теңгені құрады (сатушылардың тауар-ақша есептері).

18. Персоналға 100000 теңге мөлшерде еңбекақы есептелді (табельдер бойынша).

19. Еңбекақыдан 2800 теңге мөлшерінде табыс салығы есептелді (есептеулер бойынша).

20. Еңбекақыдан 2800 теңге мөлшерінде табыс салығы есептелді (есептеулер бойынша).

21. Персоналдың еңбекақысынан 18900 теңге мөлшерінде әлеуметтік салық есептелді (есептеу бойынша).

22. Әлеуметік қамсыздандырудың  мұқтаждықтарына 1500 теңге мөлшерінде еңбек ақыдан төлемдер есептелді (еңбек ақыдан 1,5%).

23. Агенттіктен тауарларды өткізу бойынша атқарылған жарнамалық қызметтері үшін 8000 теңге шот қабылданды (шот-фактура бойынша).

24. Жарнамалар бойынша пайдаланған қызметтер үшін ҚҚС-ың сомасы 1280 теңгені құрады (шот-фактура бойынша).

25. Есеп айырысу шотынан жарнама агенттігіне 9280 теңге төленді (төлем тапсырмасы бойынша).

26. Жинақтаушы зейнетақы қорына 10000 теңге мөлшерде төлемдер аударылды (төлем айырмасы бойынша).

27. 27)Персоналға 87200 теңге мөшерінде еңбек ақы төленді (ведомостл бойынша).

28. Банктегі есеп айрысу шотына 540000 теңге қолма-қол ақша салынды (банктің квитанциясы бойынша).

29. Есеп айырсу шотынан МСИ-на 3000 теңге мөлшерінде жеке тұлғалардың табыс салығы төленді.

30. Есеп айырысу шотына МСИ-на 12000 теңге мөлшеріндеәлеуметтік салық төленді.

31. Есеп айырысу шотынан МСИ-на 3000 теңге мөлшерінде ҚҚС-ы төленді(төлем тасырысы бойынша).

32. Уақытша жұмысқа жарамсыздықтың парағы (бюллетен) бойынша 1200 теңге қолма-қол ақша төленді (шығыс кассалық ордер бойынша).

33. Қызметкерлерге іссапар және басқа шаруашылық мұқтаждықтарға 20000 теңге қолма-қол ақша есепті ақша берілді (шығыс кассалық ордерлер бойынша).

34. Есепті сомаға жеке (патенті жоқ) тұлғалардан қолма-қол ақшаға кеңсе тауарлары алынып өткізудің өзіндік құнына 4000 теңге мөлшерінде шығыс етілді (акті бойынша).

35. Төлем көзінен 200 теңге мөлшерінде жеке тұлғалардың табыс салығы есептелді (есептер бойынша).

36. Банкті несиелері бойынша 400000 теңге қарыз төленді (келісім-шарт пен төлем тапсырысы бойынша).

37. Банктің несиесін пайдаланған үшін (жылдық 8 пайыз мөшерінде) 32000 теңге сыйақы есептелді (есептер бойынша).

38. Банктің сыйақысы 32000 теңге сомада есеп айрысу шотынан ұсталды (есептер мен банктің ұйғарымы бойынша).

39. Іссапар шығыстары 18600 теңге сомада өткізудің өзіндік құнына апарылды (аванстық есеп бойынша).

40. Кеңсенің жайы үшін 20000 теңге сомада жалға алу ақысы қолма-қол төленді (квитанция бойынша). 

41. Сауда үйінен қызметтік пайдалану үшін 450000 теңгеге жеңіл автомашина сатып алынды (сауда үйінің шот-фактурусы бойынша).

42. Жеңіл автомашинаны сатып алу үшін 522000 теңге қолма-қол ақша төленді (жеткізушінің квитанциясы бойынша).

43. МСИ-на есеп айырысу шотынан 8500 теңге мөлшерде ақша төленді

44. (МСИ-ың ұйғарымы бойынша).

45. Кәсіпорын қалалық балалар ауруханасына 20000 теңгеге қайырымдылық жәрдем етті (акті мен төлем тапсырысы бойынша).

46. Автомашинаның бағасындағы ҚҚС-тың сомасы 72000 теңге мөлшерінде көлік құралының баланстық құнына апарылды (жүкқұжат бойынша).

47. Көлік құралын сатып алған үшін 6500 теңге мөшерінде көлік құралының салығы есептелді).

48. Жылдың соңында тауарды өткізу бойынша щығыстардың щотын 8000 теңге сомада №5510 «Жиынтық табыс (залал)» шотына жабу (есептер мен ереже бойынша).

49. Жылдың соңында сыйақылар бойынша шығыстардың щотын 32000 теңге сомада №5510 «Жиынтық табыс (залал)» шотына жабу (есптер мен ереже бойынша).

50. Жылдың соңында өткізудің өзіндік құны бойынша шығыстардың шотын 864072 теңге сомада №5510 «Жиынтық табыс (залал)» шотына жабу (есептер мен ереже бойынша).

51. Жылдың соңында айыппұлдар бойынша шығыстардың шотын 8500 теңге сомада №5510 «Жиынтық табыс (залал)» шотына жабу (есептер мен ереже бойынша).

52. Жылдың соңында қайырымдылық жәрдем бойынша шығыстардың шотын 20000 теңге сомада №5510 «Жиынтық табыс (залал)» шотына жабу (есептер мен ереже бойынша). Қаржы-шаруашылық операциялардың журналын толтыру. Қаржы-шаруашылық операциялардың бойынша жиынтығы есепті кезеңдегі дебет пен кредит бойынша сомалардың жиынтықтарына тең болуы тиіс.

 

3.2 «Ата-Тек-Астана» ЖШС-нің  синтетикалық шоттар бойынша есеп регистірлері

«Ата-Тек-Астана» ЖШС-нің синтетикалық шоттар (проводкалар) бойынша есепті регистрлерін шығару.

Есеп регистрлерін нөмірлерінің өсу тәртібінде құрамыз (мемориалды-ордерлі түр бойынша).

№ 2410 шот "Негізгі құралдар"

1) Дт              124              Кт

С=0 1) 400000 41) 450 000

46) 72000             

Ай =922000                            -             

С =922 000

1-ші, 41-ші, 46-ші операцияларда шот дебет бойынша 922000 теңгеге өтеді, ал кредит бойынша  өтпейді.

Оларды проводкада бейнелейміз.

Ескерту: айлық есепті көрсеткіштің (2003 жылда АЕК 872 теңгеге тең болған) 40-реттік мөлшерінен құны асқан негізгі құрал немесе материалдық емес актив сатып алынған кезде, оның ҚҚС-ы өтелуге алынбайды және негізгі кұралдың баланстық құнына қосылады.

Информация о работе Сауда кәсіпорындағы бух есеп