Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 20:41, курсовая работа

Описание работы

ухгалтерлік есепте негізгі кұралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек қүралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Содержание

І. КІРІСПЕ
І. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Негізгі құралдардың ұғымы және жіктелуі
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы
ІІ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Негізгі құралдардың қозғалыс есебі
2.2. Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым
мөлшерін есептеу
2.3. Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
2.4. Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі
2.5. Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

4 Негізгі құралдарды жөндеу есебі.doc

— 212.50 Кб (Скачать)

 

                                        ҚОРЫТЫНДЫ

             Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық (талдамалық) есебі әрбір түгендеме объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Түгендеме (инвентарлық) объектісі деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды (үйлері мен ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекеленген немесе бірімен-бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

            Кәсіпорындарда негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға түгендеме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.

      Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның нөмірі йымның жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Түгендеме объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен нөмірлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу то-бына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік нөмірлер белгіленеді, ол сериялық реттік нөмірді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығын көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген түгендеме нөмірі оның түгендеме карточкасыңда және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үші толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі.

             Кәсіпорындардың бухгалтериясында негізгі құралдардың әрбір объектісіне типтік ведомостволық түгендеу карточка ашылады. Егер жеке бірінсіз-бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар, тағы басқалары қосылып бір түгендеме объектіні құрайтын болса, онда оның түгендеу карточкасына сол объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жазылады. Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі. Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына бөлек түгендеме нөмірі беріледі. Негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай-ақ ұйымға күнтізбелік (календарлық) бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік-шаруашылық қызметінің бір түрін орындауга арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуге үлгілі түрі НҚ-6 ведомоствоаралық түгендеу карточкасы қолданылады. Түгендеу карточкалар ұйымның бухгалтериясында тиісті топтары бойынша тіркеледі.

           Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетелуін қамтамасыз етуі керек.  

                       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданған әдебиеттер 

  1. "Бухгалтерлік  есеп және қаржылык, есеп беру туралы" 2002 жылгы 24 маусымдагы Қазақстан Республикасының №309-1/ заңы.
 
  1. Қазақстан   Республикасы   Президентінің   "Қазақстан   Республи- 
    касындагы аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылгы 20 қараша- 
    дагы №20 заң күші бар жарлыгы (2001 жылгы   15 қарашадағы 
    өзгертулер және толықтырулармен).
 
  1. "Салық  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 
    туралы " 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-11 Қазақстан Респуб- 
    ликасының салық кодексі.
 
 
  1. Қазақстан   Республикасы   Президентінің   "Акционерлік  қоғамдар 
    туралы " 1998 жылгы 10 шілдедегі №2811 заң күші бар жарлығы.
 
  1. Бухгалтерлік  есеп  стандарттары.   Қазақстан   Республикасының 
    Ұлттық комиссиясы. — Алматы, 1996-2003 ж.
 
 
  1. Халықаралық қаржылық  есеп  беру  стандарттары.   (аудармашы 
    Тарусина В.И.), - М., 1998.
 
  1. Халықаралық   бухгалтерлік  есеп   және   аудит   стандарттары. 
    (қүрастырушы Рапопорт М.М.), — М., 1992.
 
  1. Бухгалтерлік   есептің   типтік   шоттар   жоспары.    Қазақстан 
    Республикасы қаржы министрлігінің 2002 жылгы 18 қыркүйектегі 
    №438 бұйрығымен бекітілген.
 
  1. Андреев В.Д. Практтескші аудит. — М.: Экономика, 1994.
 
  1.  Андросов А.М. Бухгалтерскии   учет. — М.: Финансы и статис- 
    тика, 1996.
 
 
  1.  Әбдіманапов Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. 
    - Алматы: АЙАН, 2001.

Информация о работе Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу