Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 20:41, курсовая работа
ухгалтерлік есепте негізгі кұралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек қүралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
І. КІРІСПЕ
І. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Негізгі құралдардың ұғымы және жіктелуі
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы
ІІ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Негізгі құралдардың қозғалыс есебі
2.2. Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым
мөлшерін есептеу
2.3. Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
2.4. Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі
2.5. Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
баска да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа да салымдар.
Негізгі құрал-жабдықтардын бастапқы,
ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және
қалдық құндары болады.
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құны-мен, қалдық (жойылу) қүнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы қүны — ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады). Негізгі құралдарды тасымаддау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:
а) жер учаскесін бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісімшартты ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі (кіргізіледі).
ә) құрал-жабдықтардың бастапқы кұнына: Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар тағы да басқалар енгізілеп (кіргізіледі).
Мысалы:
кәсіпорын жер учаскесін және сол жерде
орналасқан үй мен қоса 500000 (бес жүз мың)
теңгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан
үй бұзылуға тиіс. Кәсіпорынның оларды
сатып алу барысында төленген шығындары
25000 (жиырма бес мың) теңге (салық сомасы,
қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттік
пен шарт жасауға қатысқан заңгердің қызметінің
төлемдері сомасы). Үйді бұзуға кеткен
шығын 40000 (қырық мың) теңге. Бұзғаннан
алынған материалдарды сатудан түскен
табыс 20000 (жиырма мың) теңге. Жерді тазалау
мен тегістеуге кеткен шығын 15000 (он бес
мың) теңге. Осы мәліметтерді қорытындылайтын
болсақ, сатып алынған жердің бастапқы
қүны 560000 (бес жүз алпыс мың) теңгені құрайды
(500000+25000+40000-20000+
Негізгі құралдардың ағымдағы құны — бұл кәсіпорынның белгілі бір уақыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны — бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі қүралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын тағы да басқа пайдалануға болатындарының) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны — бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
а) негізгі қүралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда тағы да басқа) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
ә)
Қазақстан Республикасы Үкіметтің
шешімдері бойынша негізгі құралдарды
қайта бағалағанда.
Шаруашылық операция мазмұны | дебит | кредит | тип | сомасы |
1.Сатылған негізгі құралдар үшін банктегі есеп айырысу шотқа қаражат келіп түсті. | 1030
1210 |
2410
2410 |
І | 450 |
2.Есеп айырысу шотынан алынған ақша қаражаты кассаға кірістелді. | 1010 | 1030 | І | 200 |
3.Қызметкерлерге кеңсе жиһазын сатып алу үшін кассадан ақша берілді. | 1250 | 1010 | І | 100 |
4.Сатып алынған кеңсе жиһазы кірістелді. | 2416 | 7210 | І | 92 |
5.Қызметкер
берешегі бойынша қалған |
1010 | 1250 | І | 80 |
Үй, бастапқы құны 5300800теңге, есептелген тозу сомасы 2120320 теңге, тозу дәрежесі 40%. 2графаға коэффиценттері қолдана отырып қайта есептейік:
2412 «Үйлер»шоты дебеті.
5320 «Негізгі құралдарды артық
бағалаудакн түскен қосымша
5 300 800 теңге-5 587043теңге=286 243теңге.
5320 «Негізгі құралдарды артық бағалаудакн түскен қосымша төленбеген капитал» шот дебиті
2421 «Үйдің тозуы» шот кредиті:
2 234 817теңге - 2 120 320теңге=114 497
теңге.
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыру
2.1. Негізгі құралдардың қозғалыс есебі
Кәсіпорындар өздерінің пайдалануындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын есептен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін бергенде, сатқанда, ұрланғанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де кәсіпорындар өздерінің балансыннан негізгі құралдарды есептен шығара алады. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың іскс жарамсыздығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күр-елі жөндеудің тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін анықтау үшін, сондай-ақ негізгі құралдарды есептен шығаруға қажетті құжаттарды толтыру үшін ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия құрылады. Бұл комис-сияның құрамында мынадай қызметкерлер болуы тиіс:
кәсіпорынның басшысы немесе оның орынбасары (комиссияның төрағасы ретінде);
- тағы
да басқа жұмысшы қызметкерлер болуы мүмкін.
Бұл жоғарыда аталған адамдардың құрамында
құрылған комиссия ұйымда
мынадай жұмыс мен
міндетті атқарады:
- Есептен шығарылатын негізгі
құралдарды толық тексеріп, сонымен
қатар оның техникалық құжаттары мен төлқұжаттарында
көрсетілген бухгалтерлік есептің деректерімен
танысу арқылы объектіні қалпына келтіруге
болатындығын немесе болмайтындығын,
яғни ол негізгі құралдардың
алдағы уақытта пайдалануға жарайтындығын
немесе жарамайтындығын анықтайды.
Кәсіпорындарда негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ-3 "Негізгі құралдарды есептен шығару актісі" немесе үлгілі түрі НҚ-4 "Көлік құралдарын есептен шығару актісінің" тиістілері толтырылады.
Бұл жоғарыда айтылған актілерде негізгі құралдарды сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:
Комиссия жұмысының нәтижесінде жасалған негізгі құралдарды есептен шығару актісін кәсіпорынның басшысы бекітеді. Акт екі (2) дана етіліп толтырылады. Актінің бірінші данасы негізгі құралдарды есептен шығару үшін ұйымның бухгалтериясына табыс етіледі, ал актінің екінші данасы негізгі құралдарға жауапты адамға беріліп, негізгі құралдарды бұзғаннан алынатын іске жарайтын бәлшектерді, детальдарды, металл сынықтарын тағы да басқаларды қоймаға тапсыру үшін негіздеме болады. Негізгі құралдарды есептен шығару актісі бекітілгенге дейін негізгі құралдарды бұзуға, бөлшектеуге рұқсат етілмейді. Негізгі құралдарды бұзғаннан, есептен шығарудан алынған іске жарайтын бөлшектер комиссияның бағалаған бағасы бойынша бухгалтерлік есепке алынады.
Кәсіпорынның негізгі құралдарды сатқаннан немесе бұзғаннан алған материалдары мен алынған сомаларынан негізгі құралдарды сату және бұзуға байланысты шығындарды алып тастағандағы қалған қалдығы ұйымның өзінде қалады. Ұйымдарда есептен шығарылған негізгі құралдардың құны "Негізгі құралдарды сату бойынша шығын-дар" шотының дебитіне, "Негізгі құралдар" деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдардың есептен шығарылған күнге дейінгі жинақталған (есептелген) тозу сомасына "Негізгі құралдардың тозуы" деп аталатын шоттың тиістілері дебиттелініп, "Негізгі құралдар" деп аталатын шоттың тиістісі кредиттелінеді.
Есептен шығарылған негізгі құралдардан алынған іске жарайтын материалдар мен басқа бөлшектердің құны: "Материалдар" деп аталатын шоттың тиістілерінің дебитіне, "Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс" шотының кредитіне жазылады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдарды сатқаннан алынатын табыс "Дебиторлық борыштар мен басқа да активтер" және "Ақшалар" деп аталатын бөлім шоттарының тиістілерінің дебитін, "Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс" деп аталатын шотының кредитіне жазылады. Негізгі құралдарды есептен шығару операциясының соңында одан алынған кірістер мен шыққан шығыстар "Жиынтық кіріс (шығын)" шотына апарылады.
Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін берілетін негізгі құралдарға үлгілі түрі НҚ-1 "Қабылдау табыс ету (ақысыз) актісі екі дана етіліп толтырылады. Оның біреуі негізгі құралдарды берушіде қалдырылып, ал екінші данасы негізгі құралдарды алушыға табыс етіледі. Осы актінің негізінде басқа жске немесе заңды тұлғаларға берілген негізгі құралдардың түгендеу (инвентарлық) карточкасына тиісті мәліметтер толтырылып, ол карточка актімен бірге негізгі құралдарды алушыға беріледі. Негізгі құралдың және оның түгендеу карточкасының басқа жеке немесе заңды тұлғаға берілуі жайлы негізгі құралдардың жұмыс істеп тұрған жері бойынша жасалған инвентарлық карточкаларының тізіміне тиісті мәліметтер жазылады.
Информация о работе Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу