Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 20:41, курсовая работа
ухгалтерлік есепте негізгі кұралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек қүралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
І. КІРІСПЕ
І. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Негізгі құралдардың ұғымы және жіктелуі
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы
ІІ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Негізгі құралдардың қозғалыс есебі
2.2. Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым
мөлшерін есептеу
2.3. Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
2.4. Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі
2.5. Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кұнды
орындалган жұмыстыц
көлеміне тепе-тең мол-шерде
есептен шығару әдісі (өндірістік
әдіс)
Бұл әдіс объектінің пайдаланылған уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 10 (он) миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бір дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.
Бұл әдісті
(өндірістік әдісті) қолдануда әр жылғы
амортизациялық аударым сомасымен орындалған
жұмыс көлемінің, яғни станок арқылы өндірілген
өнім санның арасында тікелей байланыс
бар. Бұл әдісті қолдану барысында жинақталған
тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың
көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай
өсіп, көбейіп отырады. Ол
объектінің қалдық құны амортизацияланатын
құнның соңына жеткенше орындалған
жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің
санына тікелей үйлесімді түрде азайып
отырады. Жалпы бұл әдісті объектінің
пайдалану кезіндегі оның істейтін жұмысының
көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің,
санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға
болатын жағдайда ғана қолдануға болады.
Жылдамдатып есептен шығару әдісі
Жеделдетілген амортизациялық аударым әдістері негізгі құралдарды өздерінің мөлшерленген пайдалану мелшерінен бұрын есептеп шығару үшін қолданылады. Бұл әдістерді қолдану барысында негізгі құралдарды алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасы, оның соңғы пайдаланатын жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасынан анағүрлым (едәуір) асып түседі. Өйткені, негізгі құралдардың алғашқы пайдалану, яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қабілеттілігі соңғы жылдарға қарағанда едәуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ амортизациялық аударым есептеудің жоғырыда аталған жылдамдатып есептен шығару әдісі өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріліп есептеу принципіне негізделген. Жеделдетілген әдістің қолданылуы, сонымен қатар техника мен технологияны мейлінше жетілдіруге, яғни жаңартуға орай жабдықтардың, яғни негізгі құралдардың өздерінің сапалық құнын тез жоғалтып алуына байланысты бұрын сатып алынған, сапалық жағынан тозған негізгі құралдарды жаңа өнімділігі жоғары басқа да жақтардың тиімді болып келетін құралдармен ауыстыруды көздейді. Жылдамдатып есептен шығару әдісін қолдануға әсер ететін тағы да бір дәлелденген жағдай негізгі құралдарды жөңдеу шығындарына байланысты. Олар яғни жөңдеу шығындары негізгі құралдарды пайдалану кезеңдерінің бастапқы уақытына қарағанда пайдаланудың соңғы уақытына қарай есе бастайды. Егерде негізгі құралдарға жылдамдатып есептен шығару деп аталатын амортизациялық аударым әдісін қолданған жағдайда амортизациялық аударым мен жөндеу шығындарының қосындысы негізгі құралдардың пайдаланылуы барысында бірнеше жыл, яғни ұзақ уақыт бойы бір қалыпты деңгейде болады. Нәтижесінде негізгі құралдардың өздерінің пайдаланылуы барысында ұйымға келтіретін пайдасы бір қалыпты тең мөлшерде яғни бірдей шамада болып қалады.
Сандардың жиынтыгы бойынша құнын есептен шыгару әдісі (коммулятивтік әдіс)
Бұл әдістің коммулятивтік, яғни сандардың қосынды жиынтық сомасы деп айтылуының (аталуының) себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарынын косындысына тең болуына байланысты,
Қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі
Бұл әдіс бойынша ннгізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды бір қалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдың бастапқы құны оның жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100 % деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.
Осыған
дейінгі әдістерде мысалға алынған
станоктың амортизациялық аударымын осы
әдіс бойынша есептейтін болсақ, төмендегідей
көрсеткіштер табылады. Станоктың пайдалану
мерзімі бес (5) жыл, сондықтан бірқалыпты
(тура жолды) есептен шығару әдісі бойынша
жалдың амортизациялық аударым мөлшері
20% болады. Ал қалдық құнының кему әдісі
бойынша ол көрсеткіш екі еселеніп алынады,
яғни 40% болады. Бұл белгіленген амортизациялық
аударым мөлшерінің пайызы (проценті)
негізгі құралдардың зор есепті жылдың
соңында қалған қалдық құнына көбейтіледі.
Амортизациялық аударым сомасы тек негізгі
құралдардың пайдалану мерзімінің ең
соңғы жылында қалдық құнының сомасы қалатындай
мөлшерде шектеліп (біздің мысалда 29600
теңге), өндіріс шығындарына қосылады.
Ал басқа жылдарда өндіріс шығындарына
қосылатын амортизациялық аударым сомаларына
ешқандай шек қойылмайды.
Шаруашылық
операция
мазмұны |
дебит | кредит | тип | сомасы |
1.Негізгі
өндіріс цехтарын пайдалану |
8100 | 2420 | І | 30000 |
2.Басқару
әкімшілігі объектіні |
7200 | 2420 | І | 20000 |
3.Өнімді
сату бөліміндегі |
7110 | 2420 | І
|
25000 |
2.3. Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
Ұйымдардағы негізгі құралдардың пайдалану барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі, яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып, соның себебінен негізгі құрал істен шығуы (пайдалануға жарамсыз болып түруы) мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерін тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндігі болмай, пайдаланып жүруі мүмкін. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарың пайдалану мерзімі уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөңдеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай (немесе оны ағымдағы деп те атайды) және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөңдеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз - алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшекгерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін, өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құраддың бастапқы құнын өсіреді. Яғни күрделі жөндеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып, активтің болашақта табыс әкелуі көзделеді.
Ал ағымдағы жөндеуге жұмсалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан шығындар сомасы ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.
Егер негізгі құралдарды ұйым өз күшімен жөндейтін болса, бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады.
Ал кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осындай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса, бұл жөндеудің мердігерлік әдісі болып есептеледі. Басқа ұйымдрға өзінің негізгі құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісімшарт жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай ұйымның қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізу мерзімі, жөндеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі, тағы да басқа жағдайлар (талаптар) көрсетіледі.
Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайыңдалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында үлгілі түрі НҚ-2-ші "Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау тапсыру актісі" толтырылады. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың төлқұжаттарына және олардың түгендеу карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген жөндеуге байланысты тиісті деректер (өзгер-тулер мен толықтырулар) жазылуы тиіс. Бүл толтырылатын актілермен басқа да құжаттар ұйымның бухгалтериясында сақталады. Егер негізгі құралдарды жөңдеу мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда жоғарыда аталған негізгі құралдарды жөндеуден кейін қабылдап алу үшін толтырылатын үлгілі түрі НҚ-2 "Жөңделген, қайта құрылған және жаңартылған обьектілерді қабылдау тапсыру актісі" екі дана етіліп толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген кәсіпорынға беріледі. Ұйымдарда негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни кәсіпорынның өз күшімен жүргізілетін болса, онда ол үшін жұмсалған, шыққан шығындар:
Егер жөндеу жұмысын мердігерлер жүргізген жағдайда жәндеу құнының сомасына жоғарыда көрсетілген шығындар шоттарының тиістілері дебиттелініп, "Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу" шоты (кредиттелінеді).
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындарды өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып отыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар жөндеу қорын (резервтер) құруларына болады. Әсіресе жөңдеу қорын (резервті) құру маусыммен жұмыс істейтін ұйымдар үшін тиімді болып табылады. Бұл айтылған жөндеу қоры оның бекітілген мөлшердегі сомасын ай сайын өндіріс шығындарына қосу арқылы жасалады. Бұл жағдайда қордың сомасы ай сайын:
деп
аталатын шоттың кредитіне жазылады. Ал
негізгі құралдарға жөндеу жүргізілген
уақытында бұл резервтегі қордың жұмсалуына
төмендегідей бухгалтерлік жазу жазылады.
Егер негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық
әдіспен, яғни субъектінің бір күшімен
жүргізілсе, "Қосалқы өндірістер"
шоты кредиттелініп, "Басқадай кредиторлық
борыштар мен есептелген төлемдер"
шоты дебиттелінеді. Ал егер негізгі құралдарды
жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілсе,
"Өнім беруші және мердігерлермен есеп
айырысу" шоты кредиттілініп, "Басқадай
кредиторлық борыштар мен есептелген
төлемдер" шоты дебиттелінеді. Жыл соңында
(аяғында) "Басқадай кредиторлық борыштар
мен есептелген төлемдер" — деп аталатын
шотта ешқандай қалдық қалмауы керек.
Шаруашылық операция мазмұны | дебит | кредит | тип | сомасы |
1.Негізгі
құралдарды жөндеуге кеткен |
2410 | 4700 | І | 50000 |
2.Негізгі
құралдарды жөндеу үшін |
2410 | 40000 | ||
Шаруашылық
тәсілмен жөндеу жүргізді.
Медігерлік тәсілмен жөндеу жүргізді. |
4240 4240 |
8830 3310 |
І ІІ |
20000 20000 |
Шаруашылық операция мазмұны | дебит | кредит | тип | сомасы |
1.Ағымдығы
жалгерлік келісім шарты |
1210 | 2410 | І | 50000 |
2.Жалғаалушының жалақысы келіп түсті | 1010 | 1210 | І | 30000 |
3.Жалақы
берілген негізгі құралдар |
2410 | 2420 | І | 25000 |
4.Аванс
ретінде алынған жалақы |
1610 |
|
||
5.Жалға алушының жүргізілген күрделі жөндеу жұмысы шығындары жалға берушіге тегін берілді. | 7410 |
|
170000 |
Информация о работе Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу