Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 20:41, курсовая работа

Описание работы

ухгалтерлік есепте негізгі кұралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек қүралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Содержание

І. КІРІСПЕ
І. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Негізгі құралдардың ұғымы және жіктелуі
1.2. Негізгі құралдардың бағалануы
ІІ. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1. Негізгі құралдардың қозғалыс есебі
2.2. Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым
мөлшерін есептеу
2.3. Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
2.4. Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі
2.5. Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу
III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

4 Негізгі құралдарды жөндеу есебі.doc

— 212.50 Кб (Скачать)

      Негізгі құралдарды беруші ұйым оны тегін алушыға берілген негізгі құралдардың бастапқы құны мен тозу сомасын көрсетіп, хат (авизо) жолдауы керек. Бүл хат, яғни авизо 4 (төрт) дана етіліп толтырылады. Негізгі құралдарды алған жеке немесе заңды тұлғаның бухгалтериясы негізгі құралды алғандығын білдіріп, авизоның екі данасына қол қойып және оларға мөр басып, негізгі құралды берушіге қайтарып береді.

      Сонымен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін берілген негізгі құралдар баланстан «Қабылдау табыс ету» актісімен оны алушының дәлелдейтін хатына (авизиоға) негізделіп шығарылады.

      Кәсіпорындарда негізгі құралдарды басқаларға тегін беруге жазылатын бухгалтерлік жазу негізгі құралдарды басқадай жолмен есептен шығаруға жазылатын жазулармен бірдей жазылады. 

      2.2. Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым

                                                   мөлшерін есептеу

      Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдар сатып алуға тура келеді.

      Негізгі құралдардың тозуын "табиги" және "сапалық" тозу деп екіге бәөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісіңде машиналар мен құралдардың жеке белшектерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.

      Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады (туындайды).

      Осы жоғарға айтылғандарды қорьіта келе, негізгі ққралдың тозуы дегеніміз, олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп те айтуға болады.

      Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі — өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрылым төмен-дейді (арзандайды). Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған (пайдаланған) машиналар мен көліктерінің, құрал-саймандарының тағы да басқа негізгі құралдардың орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді стеді.

      . Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми-техниканың өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, енімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланылып келген негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуына әкеліп соқтырады. Барлық ұйымдар қандай меншікте болса да (мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, тағы басқалары) өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескертетін жағдай негізгі құралдардың ішінде мына төменде аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизация есептелмейді:

  • жерге;
  • кітапхана қорларына;
  • фильм қорларына;
  • архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;
  • өнімді малдарға;
  • мұражайлық құндылықтарға (заттарға). 
             Сонымен   қатар   амортазациялық   аударым   мынадай жағдайларда есептелмейді:

      Қайта құру, жаңарту (реконструкция) және техникалық қайта қорландыру (перевооружения) жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта;

      - негізгі құралды уақытша тоқтатып қойған мерзімде.

      Негізгі құралдар (үйлер мен ғимараттар, машиналар, көліктер, тағы басқалары) өндіріс үдерісінде пайдаланылған кезде өздерінің бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндіріліп шығарылатын, жаңадан жасалған енімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл үдеріс "амортизация" деп аталады. Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда "өтеу" деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды. Амортизациялық аударым әрбір өнімнің өзіндік құнына кіріп, ал өнім сатылған кезде қайтарып отырады, яғни негізгі құралдардың тозуына байланысты құнының кемуі амортизациялық аударым жасау арқылы қайтарылады.

      Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз - негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен (процентпен) есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.

      Ұйымдарда негізгі құралдағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, атқарылған жұмыстар мен керсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылып отырады.

      Кәсіпорындарға  жаңадан келіп түскен, кіріске  алынған негізгі қүралдарға амортазациялық аударым келесі айдың басынын (бірінен) бастап есептеледі. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан (бірінен) бастап амортизациялық аударым есептеу тоқтатылады.

      Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу мына әдістер бойынша жүргізіледі:

  1. Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі.
  2. Құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс).
  3. Жылдамдатып есептен шығару әдістері:

      а)  қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі; ә) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (коммулятивтік әдіс) әдісі.

      Амортизациялық аударым есептеудің тандап алынған әдісі кәсіпорынның есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданады. Егер негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептерден болғаны айтылып көрсетілуі тиіс.

    Дүйсембаева К.Ш. «Бухгалтерлік есеп» оқу құралында  жазылғандай негізгі құралдар өндіріс  процесіне ұзақ уақыт бойы  қатыса отырып, біртіндеп  тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.

    Тозу - бұл физикалық және моральдық сипаттамаларын жоғалту  процесі.

    Негізгі құралдардың физикалық тозуы  олар пайдаланылған кезде жабдықтың бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың құрылымдық элементтерінің механикалық тозуына байланысты (физикалық тозуыдың пайдаланудағы нысаны), сондай-ақ темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыратын (физикалық тозуыдың табиғи нысаны) табиғи-климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі құралдар құнының бөлігі жоғалады.

    Негізгі құралдардың моральдық тозуы  техникалық прогреспен, өндіріс әдістерінің  жетілуі және жаңаруымен байланысты. Техника және технологияны жетілдіру қолданыстағы негізгі құралдарға қатысты өндірісті арзандатуға мүмкіндік тудырады. Соған байланысты пайдаланудағы негізгі құралдар өз құнының бөлігін жоғалта отырып, құнсыздана бастайды. Өндіріске неғұрлым жетілген және үнемді машина, жабдық, үй мен ғимараттар түрлерін, жануарлардың тұқымдарының, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен сараптарының жаңа және жақсартылған, неғұрлым өнімдірек түрлерін жасалуы мен өндірілуі қолданыстағы негізгі құралдарды одан әрі қолданудың экономикалық тиімділігін көрсетіп берді.

                                                                                                                   

     Негізгі құралды моральды тоздыратын факторлар:

  1. Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімделуіне ауыстырады);
  2. Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);
  3. Шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);
  4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуда субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы;
  5. Жұмыс күшінің. Білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.

    Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін;

  1. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің өндіру салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады. Мұражай мен қылқалам құндылықтарынан, кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізі құралдардың барлығы моральды тозуға бейім.

    Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың (негізгі құралдың) жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың объективтік процесі.

    Амортизациялық  құн дегеніміз бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалқы бөлшектердің, сынықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан қалдықтардың болжамдық құны ретінде анықталады.

    Амортизациялық  аударымдар амортизация нормалары  бойынша жасалады.

    Амортизация нормасы – бұл амортизциялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.

    Нормалар  еңбек құралдарының экономикалық мақсатта қызмет мерзіміне орай белгіленеді. Олар негізгі құралдар өтелуінің  нормативтік мерзімін көрсетеді. Олардың  деңгейі негізгі құралдың ұзаққа  шыдамдылығы мен физикалық тозуына  байланысты. Мұның өзі еңбек құралдарының техникалық-құрылымдық және материалдық - заттық ерекшеліктеріне, пайдаланудағы негізгі құралдың (әсіресе машиналардың, жабдықтардың) нақты жасына, қолданыстағы еңбек құралдарының моральдық тозуына байланысты анықталады.

    Автомобиль  көлігінің жылжымалы құрамының амортизациялық аударымының нормасы 1 000 км жүрістің баланстық құнына процентпен белгіленуі мүмкін. Жыл бойы әрбір айдағы амортизациялық аудырымдардың мөлшерін анықтау негізгі құралдар құрамының өткен айда өзгеруіне байланысты, сондай-ақ негізгі құралдардың толық амортизациясына нормативтік қызмет мерзімінің аяқталуына байланысты белгіленген нормаларға түзетілген амортизация нормасына қарай жүргізіледі.

    Қайтадан  пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу  енгізілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады. Шығарылған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеу шығарылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. Қайтадан құру мен техникалық қайта жарақтандыру бойынша, егер олар толықтай тоқтатылса және НҚ консервацияға жіберілмесе, амортизация есептеу жүргізілмейді.

    Жалға алынған НҚ бойынша амортизация  есептеуді жалдау шартының нысанына және шарттың талаптарына сәйкес жалгер немесе жалға беруші жүргізеді. 

      Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі

      Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шы-ғарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

Информация о работе Негізгі құралдарды түгелдеу, қайта бағалау және есеп берудің мәнін ашу