Негізгі құралдар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:01, курсовая работа

Описание работы

Негізгі құралдар деп – өндірістік процеске көп жыл қатарынан,бірнеше қайтара қатыса отырып,өзінің бастапқы формасын жоғалтпайтын және құнын дайын өнімге,тозуына байланысты бірте-бірте енгізіп отыратын құндылықты айтамыз.
«Негізгі құралдарға»-қозғалмайтын мүлік,жер учаскелері,үйлер мен ғимараттар,өткізгіш тетіктер,машиналар мен жабдықтар,өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары,агрегатты аспаптар,өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары,өнім және жұмыс малдары,көп жылдық көшеттер,тағы да басқалар жатады.

Содержание

Кіріспе
I.Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі.
II.Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдардың кіріске алу есебі.
2.2.Негізгі құралдардың істен шығарудың есебі
2.3.Негізгі құралдардың амартизациясы мен тозуын есепке алу.
2.4.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.5.Негізгі құралдарды жалдау жөніндегі операциялардың есебі.
III. Негізгі құралдардың бағалау,қайта бағалау және түгендеу есебі.
3.1.Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау есебі.
3.2.Негізгі құралдарды түгендеу
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

29-Негізгі құралдар есебі және оларды бағалау.doc

— 160.50 Кб (Скачать)

Инфляция /ақшаның құнсыздануы/ жағдайында негізгі құралдарды қайта  бағалау негізгі құрал-жабдықтарды  бағалауды реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін реттеуді көздейді.

Негізгі құрал-жабдықтарды  қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік түгелдеудегідей комиссия құрылады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды  өткізердің алдында мүліктік түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта  бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады. Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан   барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал-жабдықтарға жүргізіледі. Сондай-ақ әлі орнатылмаған, қоймадагы құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс та қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру коэффиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі тағайындайды.

 

 

 

 

 

3.2.Негізгі  құралдарды түгендеу

 

Бухгалтерлік есеп пен  есеп берудің деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде бір  рет мүліктермен қаржылық міндеттемелерге  түгендеу жүргізеді.

Бухгалтерлік есептің 24 «Бухгалтерлік қызметтің жұмысын  ұйымдастыру» деп аталатын стандартқа сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше жүйелі түрде түгендеу жұмысын жүргізіп отыруды көздейді.

НҚ түгендеудің негізгі  міндеті болып табылатындар:

  1. Есепте тіркелмегенобъектілерді қоса алғанда,НҚ нақты қолда барын анықтау;
  2. Нақты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы Нқ сақталуын бақылау;
  3. Жиынтығы бұзылған және куйреудің,тозудың және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалануға жарамсыз НҚ объектілерін анықтау;
  4. Машиналарды,механнизмдерді,жабдықтарды,көлік құралдарын және НҚ басқа объектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерін сақтауды тексеру;

Түгендеуді:

    • Жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас бұрын,бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктерместен,
    • Кәсіпорын мүлкін жалға бергенде,өтемін төлеп алғанда,сатқанда,сондай-ақ шаруашылық субъектісі жүргізген кезде түгендейді;

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен қорыта айтатын  болсақ,субъектідегі негізгі құралдар есебі ХҚЕС 16-шы «Негізгі құралдар»  стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқындайды.

Негізгі құралдар олар ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар /ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын жөне өнім беретін мал және басқалар. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады

Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде  тозады. Өзінің жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

Айналым құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады. өзінің құның жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіріледі. Негізгі құралдар ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсатқа жету үшін маңызды шарт болып табылады

Еңбек заттары адам еңбек  процесіеде еңбек құралдарының көмегімен әсер ететін заттар. Олар бір рет қана қатысады, толығымен тұтынылады және өзідернің құнын өнім құнына көшіреді

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. «Бухгалтерлік есеп туралы заң» Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы.бухгалтерлік бюллетенъ-2005ж
  2. Бухгалтерлік есеп стандарттары және оларға әдістемелік нұсқау 1,2 бөлім.қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы.Алматы-2000ж.
  3. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» ҚР заңы №2732 26.12.95ж.
  4. «Бухгалтерлік есептің үлгі есеп шоттарының жоспары»-22 желтоқсан 2005жыл,№ 426
  5. Пачиоли Л. Соколов Я.В.  “Шоттар және жазбалар жөніндегі трактат” М: Финансы и статистика,1994ж.
  6. Әбдіманапов А. Раимов С.

    «Бухгалтерлік  есеп принцптері» Алматы-2005 ж.

  1. Глушков И.Е., «Қазіргі кезеңдегі кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп»Москва: 2001-ж.
  2. Мэтьюс М.Р. Перера М.Х.

      «Бухгалтерлік  есеп теориясы». Москва-1999 ж. 

  1. Сейдахметова Ф.С.«Қазіргі кезеңдегі бухгалтерлік есеп»-Алматы:Экономика-2000.
  2. Н.Радостовец В.К. және басқалары «Кәсіпорындағы қаржылық және басқару есебі» Алматы, НАК “Центр-аудит” 1997.
  3. Кирьянова Э.К. «Бухгалтерлік есеп теориясы» Москва-1995ж.



Информация о работе Негізгі құралдар есебі