Негізгі құралдар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:01, курсовая работа

Описание работы

Негізгі құралдар деп – өндірістік процеске көп жыл қатарынан,бірнеше қайтара қатыса отырып,өзінің бастапқы формасын жоғалтпайтын және құнын дайын өнімге,тозуына байланысты бірте-бірте енгізіп отыратын құндылықты айтамыз.
«Негізгі құралдарға»-қозғалмайтын мүлік,жер учаскелері,үйлер мен ғимараттар,өткізгіш тетіктер,машиналар мен жабдықтар,өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары,агрегатты аспаптар,өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары,өнім және жұмыс малдары,көп жылдық көшеттер,тағы да басқалар жатады.

Содержание

Кіріспе
I.Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі.
II.Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдардың кіріске алу есебі.
2.2.Негізгі құралдардың істен шығарудың есебі
2.3.Негізгі құралдардың амартизациясы мен тозуын есепке алу.
2.4.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.5.Негізгі құралдарды жалдау жөніндегі операциялардың есебі.
III. Негізгі құралдардың бағалау,қайта бағалау және түгендеу есебі.
3.1.Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау есебі.
3.2.Негізгі құралдарды түгендеу
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

29-Негізгі құралдар есебі және оларды бағалау.doc

— 160.50 Кб (Скачать)

                                          Кесте-2

Бірінші жылы

5/15

Екінші жылы

4/15

Үшінші жылы

3/15

Төртінші  жылы

2/15

Бесінші жылы

1/15-ке тең  болады.


Станоктың бастапқы құны 1 600 000 теңге, қалдық құны 400 000 теңге болағн жағдайда оның амортизицияланатын аударым мөлшері 900 000 теңгені құрайды /1 600 000 - 400 000/. Ал жылдық амортизациялық аударым мөлшері былайша анықталады:

1 жыл АА = 5/15 х /1600 000 - 400 000/ = 400 000тг 2жыл АА = 4/15 х /1600 000 - 400 000/ = 426 000тг.

Жоғарыда айтылған мысалымызға сай сандар жиынтығы бойынша құнын есептен шығару әдісімен негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі.

Қалдық  құнының кемуі /қалдықты азайту/ әдісі.

Кесте-3

 

Негізгі құралдардың бастапқы

құны /тг/

Жылдық амортиз-қ аударым сомасы /тг/

Жинақтал -ған тозу сомасы

/тг/

Негізгі құралдардың қалдық құны /тг/

Сатып алған кездегі

1 600 000

-

-

1 600 000

1-жылдың соңында

1 600 000

5/15x900000-400000

400000

1200000

2-жылдың соңында

1 600 000

4/15x900000-426000

826000

774000

3-жылдың соңында

1 600 000

3/15x900000-240000

1066000

534000

4-жылдың соңында

! 600 000

2/15x900000-160000

1226000

374000

5-жылдың соңында

1 600 000

1/15x900000-80000

1306000

294000




 

Бұл әдіс бойынша негізгі  құралдарға амортизациялық аударым  есептеу алдымен құнды бірқалыпты /тура жолды/ есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдың бастапқы құны оның жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланылатын уақыт  жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның проценті анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған процент мөлшері /100% бөлінген пайдаланылатын жылы/ екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы амортизацияланбаған қалдық құнына, яғни баланстық құнына көбейтіледі.

 

 

2.4.Негізгі  құралдарды жөндеудің есебі

 

Негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстау үшін оларды мерзім сайын жөндеу қажет.Мұның өзі машиналардың,жабдықтардың,үйлердің және т.б. негізгі құралдардың түрлерінің жекелеген бөлшектерінің тозуы біркелкі еместігіне байланысты болады.Бухгалтерлік есеп орындалған жөндеу жұмыстарының көлемі мен оның құны туралы ақпаратпен,сондай-ақ жөндеуге жұмсалатын қаражаттарға бақылау жасауды қамтамасыз етуі тиіс.Ұйымдастыру-техникалық белгілері бойынша жөндеу:

  • күрделі жөндеу;
  • шағын (ағымдағы) жөндеу болып бөлінеді.

Күрделі жөндеу дегеніміз-жалпы  объектіні салыстырғанда тозу мерзімі  аз НҚ жекелеген бөлшектерін қалпына  келтіру.

Ағымдағы жөндеу дегеніміз-НҚ жұмыс жағдайындаустау үшін оның тозған тетіктерін алмастыруды немесе түзетуді айтамыз

Жөндеудің есебі барлық жұмыстардың құжатпен рәсімделуін,жұмыстардың көлемі мен өзіндік құнын анықтауды,жөндеуге арналған қаражаттардың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз етуге тиіс.Жөндеуді 3 әдіспен жүргізеді:

    1. Мердігерлік;
    2. Шаруашылық;
    3. Аралас;

Мердігерлік әдіс кезінде-негізгі құралдарды арнайы субъектілер (автожөндеу,жөндеу-шаруашылық субъектілері) жүргізеді.

Шаруашылық  әдіс кезінде-жөндеу субектінің өз күші жіне қаражаттарымен жүзеге асырылады.

Аралас әдіс кезінде-жөндеу жұмыстарының бір бөлігін өз күштерімен,екінші бөлігін арнайы ұйымдар жүзеге асырады.

Мысалы ретінде,жөндеудің  бір әдісіне есеп шығарайық:

Негізгі құралдарды жүргізудің мердігерлік әдісі:

1.Егер субъект жөндеу  қорын жасама.

Орындалған акт бойынша  қабылданған НҚ жөндеу жөніндегі  жұмыстар үшін мердігерлердің шотын төлеуге келісім берілді,олар мыналарға қызмет көрсеткен:

  • Күрделі құрылыс Дт-2930        Кт-3310-5,0
  • Негізгі өндіріс     Дт-8044(нө)   Кт-3310-280,0
  • Көмекші өндіріс  Дт-8044(кө)   Кт-3310-62,0
  • Әлеуметтік сала  Дт-8055         Кт-3310-33,0
  • Жалпы және әкімшілік шығындарға жататындар Дт-7210   Кт-3310-42,0
  • Тауарды сату орны  Дт-7110    Кт-3310
    1. ҚҚС сомасына (480,0-нен 20%) Дт-1260 Кт-3310-96,0
    2. ҚҚС сомасына бюджет төлемдерін кемітуге жатқызылды (ҚҚС-ны есепке алу) Дт-3130  Кт-2160-96,0
    3. Орындалған жұмыстары үшін мердігерлердің шоттары төленді Дт-3310  Кт-1040,1010,1020-576,0
    4. Жыл қорытындысы бойынша шығыстар жиынтық табыстың кемуіне жатқызылды Дт-5410  Кт-7110,7210-70,0

 

 

 

 

 

2.5.Негізгі  құралдарды жалдау жөніндегі  операциялардың есебі.

Шаруашылық жасаушы субъект үшін өзінің қаражылық жағдайын және төлем қабілеттілерден негізгі құрал объектілерін уақытша пайдалануға,яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.

Жалға жасалатын келісім-шартта: жалға берілетін мүліктің құралы мен құны; жол ақысының мөлшері; жалдық мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарт және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жол ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және басқа қарастырылады.

Негізінен алғанда , жалға  алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім-шарттың жағдайы есепке көрсетілетін  операцияға да әсер етеді.

Жалгерлік есеп №7-ші «Жалгерлік есеп» деп аталатын бухгалтерлік есептің стандартымен ұйымдастырып ретеледі және сонымен жол мерзіміне  байланысты қаржылық және ағымдағы болып бөлінеді.

Жал келісім-шарты қол  қойылған күннен бастау алады.

Жал мерзімі- көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді және  сол жалға алынған мүлік келісім-шартпен ресімделеді, сондай-ақ кез келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуы мүмкін.

Ағымдағы деп қаржыландырылатын  жалгерліктен басқа кез келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте  жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік  мерзімінің боцында жүйелі түрде  әрбір есеп алушының мүлікті тек  уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісілі субшоттарында, яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс табады.

Алынуға жататын жал  ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес 1430-«Басқа да» шоттың дебетінде және 3280,705 (жалға субъектінің негізгі қызметі болса шоттарының кредитінде көрініс табады.

7210.егер де негізгі  құрал жалпы шаруашылық қажеттілігі  үшін пайдаланылса 3210 шоттың  кредитінде  көрініс табады.

Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша жалға алушының есебінен ұзақ мерзімге алынатын несиелеудің нысаны болып табылады.

 Қаржыландырылатын жал-мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға берушінің алжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуелділіктің де үлкен бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады.

Қаржылық  лизинг-бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға алу, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амартизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады.

Лизинг өз нысаны бойынша  ішкі және халықаралық болып бөлуі  мүмкін. Ішкі лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да ҚР-ның резиденті  болып табылады.Халықаралық лизинг, негізінен ҚР-ның резиденттері емес тұлғалары жүзеге асырады.

 Жалға берушіде

1.Бұрын пайдалануда  болған негізгі құралдарды жалға  берген кезде Дт 7410  Кт 2412-2416

2.Есептелген жалдау  процентінің сомасына Дт 2940  Кт 4420

3.Есепті кезең басталған  кезде жалдық % кіріс ретінде есептен  шығарылады Дт 4420   Кт 6110

4.Жалгерден жалдау ақысы келіп түсті:

а) амартизация бөлігінде  Дт 1010,1020,1050,1060. Кт 1430

б) жалдық  % бөлігінде  Дт 1010,1020,1050,1060   Кт1270

Жалгерде

Жалгердің есебінде мынандай бухгалтерлік жазбалар жасалады:

Жалдау мерзімінің  соңында НҚ өтемін төлеу былайша  көрсетіледі: жалға берушінің шоты бойынша өтемін төлеп қайтарылмаса Дт2412-12116  Кт 3310

Егер НҚ жалдау мерзімі  аяқталғанға дейін қайтарылса, онда:

Есептелгенг тозудың сомасына Дт 2421-2428/2   Кт2412-2416/2.

 

III. Негізгі  құралдардың бағалау,қайта бағалау  және түгендеу есебі.

        3.1.Негізгі құралдарды бағалау  және қайта бағалау есебі.

 

Қызмет көрсету мерзімі  мен күйіне байланысты негізгі қорды  бағалаудың келесі түрлері кездеседі:

  1. толық бастапқы құны, яғни жаңа құрал-жабдықтың өндіріс жағдайында жасалынған, және іске асырылған құны.
  2. толық қайтадан қалпына келтіру құны, яғни өндірістің қазіргі заманғы жағдайындағы негізгі қорлардың әрбір түрін қалпына келтіру құны.
  3. тозуды алып тастағандағы бастапқы құны.
  4. тозуды алып тастағандағы қайтадан қалпына келтіру құны.

Негізгі қордың толық  бастапқы құны тасымалдау мен монтажға жасалған шығындарды қосқандағы әрбір  түрін сату немесе иемдену процесінде төленген нақты сомамен анықталады. Оған пайдалану процесінде еңбек  құралдарының кеңейтілуі мен жаңартылу  шығындары кіреді. Егер негізгі құралдар қаржы төлемін кейін төлеу арқылы немесе несиеге алынса, онда бастапқы құнға жабдықталуға төленетін пайыз сомасы да кіреді. Толық бастапқы құн бойынша негізгі қор кәсіпорының негізгі іс-әрекетінің балансына жатқызылады. Оның шамасы негізгі қордың кезекті қайта бағалау сәтіне дейін өзгермейді. Бағалаудың бұл түрі меншікке салынатын салықтың шамасына және амортизациялық төлемдерді анықтауға қолданылады.

Еңбек құралдарын жасауға  және иеленуге кететін шығындар әр түрлі уақыттарды жүзеге асырылады және бұл өздерінің тұтыну қасиеттеріне байланысты зерзаттардың бастапқы құнын түрлендіруге әкеледі.

Толық бастапқы құн бойынша  ескерілген негізгі қорды сатып  алу бағасы инфляция кезінде уақыт  өткен сайын өзгеріп отыратын ағымдағы бағамен сәйкес теңестіріледі. Бұл негізгі қордың динамикасын, өндірісін зерттеуді қиындатады, негізгі қорлардың өнім көлеміне немесе алынған табысқа қатысты алынған көрсеткіштерді сәйкессіздендіреді.

Осылайша, бастапқы құнның бағалар тұрғысынан сәйкессіздігі, бағалаудың бұл түрін негізгі қорлардың көлемдерін салыстыруға жарамсыз етеді.

Толық қалпына келтіру  құны бағалауды қайта орындау  процесінде негізгі қорларды жаңа түрде  қайта өндіруге қажетті шығындарын анықтайды. Бұл жағдайда амортизация  сомасын анықтау амортизациялық төлемдердің мөлшерін дәл анықтау, негізгі қорлардың көлемдерін және динамкасын зерттеу барысында барлық кәсіпорындарды тұтас экономикалық жағдай жасауға мүмкіншілік беретін бағалардың сәйкессіздігі жойылады.

Қалпына келтіру құны негізгі қордың іс-әрекетке келу уақытындағы бастапқы құнымен сәйкес келеді. Бұдан әрі бастапқы және қалпына келтіру құндарының айырмашылықтары негізгі қордың және элементтердің өзгеруіне байланысты болады. Әдетте іс-әрекетке келумен негізі қорды қалпына келтіру құнының алшақтығы неғұрлым айқын болған сайын, олардың баға шамаларының айырмашылығы да соғұрлым көп болады.

Тозуды алып тастағандағы бастапқы құн дәл сол кезеңде  пайда болған тозудың сомасын  алып тастағандағы толық бастапқы құнға  сәйкес келеді, яғни негізгі қордың қызмет ету процесінде өнімге аударылған құнының бөлігіне тең. Ол қалдық құны деп аталады, оны  анықтауға қажетті тозудың сомасы бухгалтерлік баланстың пассивінде көрсетіледі, негізгі қордың қалдық құны жылдық есепке енгізіледі.

Негізгі құралдарды қайта  бағалау №6 БЕС сәйкес,негізгі құралдардың бастапқа құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі,содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады.Оның барысында негізгі құрал-жабдықтардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында ете маңызды болып табылады. Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайларды жасап, негізгі құрал-жабдықтарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.

Информация о работе Негізгі құралдар есебі