Негізгі құралдар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 10:01, курсовая работа

Описание работы

Негізгі құралдар деп – өндірістік процеске көп жыл қатарынан,бірнеше қайтара қатыса отырып,өзінің бастапқы формасын жоғалтпайтын және құнын дайын өнімге,тозуына байланысты бірте-бірте енгізіп отыратын құндылықты айтамыз.
«Негізгі құралдарға»-қозғалмайтын мүлік,жер учаскелері,үйлер мен ғимараттар,өткізгіш тетіктер,машиналар мен жабдықтар,өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары,агрегатты аспаптар,өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары,өнім және жұмыс малдары,көп жылдық көшеттер,тағы да басқалар жатады.

Содержание

Кіріспе
I.Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі.
II.Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдардың кіріске алу есебі.
2.2.Негізгі құралдардың істен шығарудың есебі
2.3.Негізгі құралдардың амартизациясы мен тозуын есепке алу.
2.4.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.5.Негізгі құралдарды жалдау жөніндегі операциялардың есебі.
III. Негізгі құралдардың бағалау,қайта бағалау және түгендеу есебі.
3.1.Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау есебі.
3.2.Негізгі құралдарды түгендеу
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

29-Негізгі құралдар есебі және оларды бағалау.doc

— 160.50 Кб (Скачать)

1.Мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Дт 5020  Кт 5010  –     5 млн теңге.

2. Жарғылық капиталға  салым ретінде келіп түскен  НҚ келісім (келісілген ) құнына  Дт 2412-2416  Кт 5020- 3500,0.

IV. Тауар-айырбас операициясы  нәтижесінде НҚ келіп түсуі  (тауар беріліп, орнына НҚ алынған).

Босатылған тауарлардың  сатып алу құнына

Дт 7010    1330 

VII.НҚтүгендеу кезінде  анықталған артықшылықтары (келіп  түскен кезде кіріске алынбағандары)  мынандай бухгалтерлік жазбамен  кірістеледі: Дт  2412-2416   Кт 6280.

 

 

2.2.Негізгі құралрдардың істен шығарудың есебі

 

Негізгі құралдарды есептен  шығарған кезде «Негізгі құралдардың  есептен шығару актісі»толтырылады.Актіні субьектінің басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетті  адам екі дана етіп тағайындайды.Актінің 1-данасы бухгалтерияға беріледі,екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннан кейін қалған қосалқы бөлшектерді,материалдарды,металл сынықтарын және басқаларын қоймаға өткізуге негіз болып табылады.

Есептен шығаруға жұмсалған,сондай-ақ жоюдан және үйлерді,ғимараттарды бұзғаннан,құрал-жабдықтарды бөлшектегеннен түскен материалдық құндылықтардың бағасы актінің «Объектіні есептен шығару нәтижелерінің есебі»деген бөлімінде қарастырылады.

Негізгі құралдарды есептен  шығарудың қабылданған тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау анықталса,онда  оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады.

Басы артық,пайдаланбайтын құрал-жабдықтарды,көлік-құралдарын,приборларды,құрал-саймандарды,мүлікті,жұмысқа пайдаланатын және өнім алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.

Негізгі құрал-жабдықтарды  бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға  беру кезінде екі дана етіп акт  жасалады.акт негізінде мүліктік түгендеу тізіміне негізгі  құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі соғады.Мысалы,

Негізгі құралдарды есептен  шығару актісінің негізінді өндіріс  құрал-жабдықтары есептен шығарылды:

-обектінің пайдалану  кезіндегі есептелген тозу сомасы

    Дт       2423                               Кт      2413

-объектінің баланстық  құнына

   Дт          7410                              Кт        2413

 

Шаруашылықты жүргізуші  субьект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзіне тиісті үйлер мен  ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға бёруге, уақытша тегін пайдалануға беруге немесе заң актілері мен субьект жарғысында бұл іс-әрекеттер көзделмеген болса, оларды баланстан шығарып тастауына болады.

          Негізгі құрал-жабдықтардың есептен  шығару табиғи және моралдық (саплық) тозуына байланысты жою қажет  болғанда, құрылыс жүргізгенде, кәсіпорындарда, цехтарда немесе басқа объектілерді  техникалық жағынан қайта жарақтандырып,  кеңейткенде, негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда, табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде, баланстан тегін бергенде, сыйлағанда, шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде /сатқанда/, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.

Жою толық және ішінара /объектіні қайта жабдықтау және жаңалау кезінде/ болады. Субъектінің  балансынан жою тәртібіне сәйкес пайдалану мерзімі біткен, табиғат  зіл-заласы мен апаттардың нәтижесінде  өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда жөне оларды іске асыруға немесе басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге беруте болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып тасталынады.

Негізгі құралдардың  синтетикалық  есебі бухгалтерияда, шаруашылық мүліктің бір типті заттарынан, құрал-сайманнан және бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасын топтап көрсетеді.

 

2.3.Негізгі  құралдардың амартизациясы мен  тозуын есепке алу

Негізгі құралдар өндіріс  процесінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдарды алуға тура келеді.

Негізгі құралдардың  тозуын табиғи және сапалық тозу –  деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың  табиғи тозуы олардың матералдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу процесінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып, мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың, көп уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар, басқа да табиғи жағдайлар әсер етуіне байланысты.

 Негізгі құралдардың  табиғи тозуы /физикалық тозуы/  оларды ұзақ пайдалану және  оларға басқа факторлардың әсер  етуі нәтижесінен болып табылады.

Негізгі құралдардың  сапалық тозуы олардың толық  табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму процесіне кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техника дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

Осы жоғарыда айтылғандарды  қорыта келе, негізгі құралдың тозуын - олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп айтуға болады.

Негізгі құралдардың  сапалық тозуының бірінші себебі – өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты еңбек  өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын  белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді /арзандайды/. Сөйтіп, еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады.

Негізгі құралдардың  сапалық тозуының екінші себебі ғылыми-техниканың өркендеуіне байланысты толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі  құралдардың пайда болуына байланысты. Шаруашылық субъектілерде өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланылып келген негізгі құралдардың сапалық /моральдық/ тозуына әкеліп соқтырады. Барлық шаруашылық субъектілер қандай меншіктің болса  да /мемлекеттік, жекеменшік, акционерлік, тағы басқалары/  өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескеретін жағдай, негізгі құралдардың ішінде мына төменгі аталған активтерге тозу дәрежесі анықталмайды және оларға амортизация есептелмейді: жерге, кітапхана қорына, фильм қорларына, архитектуралық және өнер ескерткіштеріне, өнімді малдарға, музейлік заттарға, көлік жолына.

 Сапалық тозуы ескірген  негізгі қорлар  өзінің  конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған  өнімнің  сапасы жөнінен жаңа  үлгіден қалып қоятындығын білдіреді.  Сондықтан негізгі қорды, әсіресе олардың белсенді бөлігін дүркін-дүркін ауыстырып отыру қажеттілігі туады.

Негізгі қордың табиғи және сапалық тозуы олардың құнының  экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге  кеткен шығындарға  қосылады. Сонымен амортизация – бұл шығарылған өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы. Ол қаражаттың қорлануы мақсатында негізгі   қордың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады.

Амортизациялық аударымды  өтелім мөлшеріне  және өзінің балансында  тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын  жасап отырады.

Жылдық амортизациялық аударымы мөлшері (%) төмендегі формула  бойынша есептелінеді:

Мұндағы  – жылдық амортизация мөлшері

                 – негізгі қорлардың бастапқы құны, тенге

                 – негізгі қордың мөлшері қызмет ету мерзімі,жыл..

Құнды орындалған жұмыстың көлеміне үйлесімді  мөлшерде есептен шығару әдісі / өндірістік әдіс/-зерзаттың пайдаланылған уақытына емес, оны пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 жыл ішінде пайдаланылатын уақыты аралығында 1 миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бір дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.

Станокқа  құнды орындалған жұмыстың көлеміне үйлесімді /тепе-тең, пропорционалды/ мөлшерде есептен шығару әдісі бойынша-амортизациялық аударым есептеу кестесі.

 Кесте-1

 

Бастапқы құны /тг/

өндірілген өнім

көлемі /дана/

1 жылдық амортиз-қ аударым сомасы /тг/

Жинақталған тозу сомасы /тг/

Қалдық құны /тг/

Сатып алынған кездегі

1 600 000

-

-

-

1 600 000

1 -жылдың соңында

1 600 000

3 000 000

360 000

360 000

1240 000

2-жылдың соңында

1 600 000

3 000 000

360 000

720 000

880 000

3-жылдың соңында

1 600 000

2 000 000

240 000

960 000

640 000

4-жылдың соңында

! 600 000

1 000 000

120 000

1080 000

520 000

5-жылдың соңында

I 600 000

1 000 000

120 000

1200 000

400 000




 

Бұл әдісті /өндірістік әдісті/ қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жұмыс көлемінің - яғни станок арқылы өндірілген өнім санының арасында тікелей байланыс бар. Бұл әдісті қолдану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Ал объектінің қалдық құны амортизацияланатын құнның соңына жеткенше орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің  санына тікелей үйлесімді /пропорционалды/ түрде азайып отырады. Жалпы бұл әдісті зерзеттық пайдаланылу кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.

Жеделдетіп  есептен шығару әдісі.

Жеделдетілген амортизациялык аударым әдістері негізгі құралдарды өздерінің мөлшерленген пайдалану  мөлшерінен бұрын есептен шығару үшін қолданылады. Бұл әдістерді қолдану барысында негізгі құралдарды алғашқы пайдалану жылдарындағы есептелетін амортизациялық аударым сомасы, оның соңғы пайдаланылатын жылдарындағы есептелінетін амортизациялық аударым сомасынан анағұрлым асып түседі. Өйткені, негізгі құралдардың алғашқы пайдаланылу, яғни жұмыс істеу жылдарындағы өнім өндіру қабілеттілігі соңғы жылдарға қарағанда едәуір жоғары болып табылады. Осыларды ескеретін болсақ амортизациялық аударым есептеудің жоғарыда аталған жылдамдатып есептен шығару әдісі өндірілген өнімнің өзіндік құнына сәйкестендіріліп есептеу принципіне негізделген. Жеделдетілген әдістің қолданылуы, сонымен қатар техника мен технологияны мейлінше жетілдіруге яғни жаңартуға орай жабдықтардың, яғни негізгі құралдардың өздерінің сапалық құнын тез жоғалтып алуына байланысты бұрын сатып алынған, сапалық жағынан тозған негізгі құралдарды жаңа өнімділігі жоғары басқа да жақтардың тиімді болып келетін құралдармен ауыстыруды көздейді. Жылдамдатып есептеп шығару әдісін қолдануға әсер ететін тағы да бір дәлелденген жағдай - негізгі құралдарды жөндеу шығындарына байланысты. Оларды пайдалану кезеңдерінің бастапқы уақытына қарағанда пайдаланудың соңғы уақытына қарай өсе бастауы.

Коммулятивтік әдісі.

Бұл әдістің коммулятивтік, яғни сандардың қосынды жиынтық сомасы деп аталуының себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің

пайдаланылатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байланысты. Бұл формула мына түрде жазылады. Мысалы: станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл деп қарастыратын болсақ, онда станоктың пайдаланылатын жыл сандарының қосындысы 15-ке тең, яғни /1+2+3+4+5/. Бұл 15 саны - коммулятивтік сан. Әр жыл үшін есептік көрсеткіш коэффициенті өзгеріп отырады, яғни осы мысалымызда:

Информация о работе Негізгі құралдар есебі