Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2012 в 10:54, курсовая работа
Сапаны қамтамасыз ету процедуралары аудиторлық фирманың ішкі құжаттарында немесе ішкі стандарттарында жазылуға тиісті. Әдетте, Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес сапаға тексеру жүргізу барысында тексеруге тек сол ішкі реттеуші құжаттар алынады. Әрбір аудиторлық фирмада тиісті процедураларға қойылатын талаптар жазылған құжат немесе қорытынды құжатта бір бөлім не болмаса бирнеше тиісті құжаттар болуға тиісті. Кейбір аудиторлар бұған қарсы. Олардың ойынша, ереже-нұсқаулар жақсы болуы мүмкін, бірақ сол ережелердің қаталдығы көбінесе олардың орындалуының міндетті еместігімен теңгеріледі. Бірақ бұл тәжірибелі тексерушіге қандай-да бір ереже нұсқаулардың практикада қолданылатын, қолданылмайтындығын анықтау қиындық тұғызбайды. Ол үшін қажетті процедуралар көрсетілуге тиісті аудиторлық файлдар болады немесе аудитте кеңінен танымал сұрақ беру, не болмаса бақылау жасау процедураларын қолдануға болады.
КІРІСПЕ
1 АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Аудиттің пайда болуы мен дамуы
1.2 Аудиттің мәні және түрлері
1.3 Нарықты қатынастағы шет елдердегі аудиттің даму жолы
2 СЫРТҚЫ АУДИТ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗІ
2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі
2.2 Сыртқы аудитті ұйымдастыру
2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Аудитор жалпы жоспарды тексерілетін кәсіпорынның басшылығымен және қызметкермен ақылдасып талқылауына болады, бұл аудиттің іс-әрекетін күшейтегі әрі кәсіпорын қызметкерінің қызметімен аудиторлық процедураларды үйлестіреді.
Аудитор анықталған кемшіліктер, алдау фактілері мен жіберілген қателіктер туралы кәсіпорын басшысына хабарлап, шындыққа жанаспайтын ақпаратты түзеу бойынша ұсыныстар беруі керек.
Қорытынды кезеңде аудиторлардан мыналар талап етіледі:
Аудиттің ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар. Қаржылық есеп элементтер аудитінің мақсаты. Қаржылық есептіліктің бөлшектеу кезеңдері. Аудит жүргізудегі объект бойынша және циклдік амалдар.
Құрылтай және есептік-қаржы құжаттарын тексерудің мақсаты – қолданыстағы заңнамаға тексерістегі объекттің құрылтай және есептік-қаржылық құжаттардың сәйкестігіне қатысты ой қалыптастыру, оның жарғылық капиталдың қалыптасуының дұрыстығы.
Тексеріс үшін ақпарат көздері: кәсіпорынның жарғысы, құрылтай құжаттар, мемлекеттік тіркеу және статистика органдарындағы, салық органдарындағы тіркеу жөніндегі куәліктер, құрылтайшылар (акционерлер) жиналысының хаттамалары, эмиссия проспектері, акционерлер реестрі, бұйрықтар, өкімдер, ішкі ережелер, лицензиялар, акцияларды қабылдау-беру акттері, акцияның төлем шотына енгізілген мүлікті бағалау акттері, есеп регистрлері, материалды емес активтер, жер учаскелеріне, жылжымайтын мүлік объектітеріне құқықтарын растайтын құжаттар, Бас кітап, бухгалтерлік есеп беру және т.б.
Құрылтай құжаттар аудитінің мақсатына жету мен кәсіпорынның жарғылық капиталының қалыптасуы үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
Ревизорлар құрылтай құжаттармен таныса келе, оның құрылтайшылар құрамын және жарғылық капиталдағы олардың үлесін анықтайды. Сонымен қатар ревизор-аудиторлар кәсіпорынның ұйымдық құрылымы, филиалдары мен өкілеттіліктерінің бар-жоғы; басқару шешімдерін қабылдау кезінде барлық деңгейдегі жетекшілердің өкілеттіктері; құрылуы жарғыда қарастырылған қор түрлері; пайданы бөлу тәртібі жөнінде; кәсіпорынды жою мен қайта ұйымдастыру туралы; мүлікпен келісім сомасы бойынша орындаушы дирекция үшін шектеуледің бар-жоғы жөнінде және т.б. түсінік алады.
Өндіріс кезеңі шоттарының өзара байланысы және аудитінің бағыттары. Өндіріс кезеңінің аудитін жүргізудің ақпараттық көзі. Өндіріс кезеңі шоттарының дұрыстығын анықтайтын талаптар мен аудит жүргізілгенде тексерілетін аудиторлық тұжырымдар. Тәуекелдіктің бастапқы деңгейін анықтау үшін жүргізілетін бақылау тәсілдері.
Тауар-материалды қорлар ревизиясының негізгі мақсаты – олардың есеп жүргізуінің дұрыстығын анықтау, сақтау орындарында қорладың қозғалысы мен бар-жоғы туралы нақты мәліметтер алу, сақталуын қамтамасыз ету, тұтынудың бекітілген нормаларын сақтау, іске жұмылдыру мақсатымен шаруашылық субъектке қажетсіз материалдық қорларды анықтау және сату.
Тауар-материалды қорлардың аудитін жүргізудің процедуралары:
ТМҚ есептік мәліметтерге сәйкестігін тексеру кезінде түгендеу жылдарының әліметтерін зерттеу, тегіс түгендеуді қажет ететін (әдетте дефицит және қымбат тұратын ТМҚ) материал топтарын таңдау қажет. Сонымен қатар қойма мекемелерінің жағдайлары мен оларды дұрыс пайдалану, өлшеу құрылғылары, өрт және күзет дабыл қағыштарының бар-жоғы, сақтау және жіберу ережелерін қадағалау, материалды емес материалдардың бар-жоғы тексеріске жатады.
Күзетті дұрыс ұйымдастыру ТМҚ сақтауды қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. Оның жұмысының тиімділігін материалдық құндылықтарды енгізу мен шығаруды ішкі бақылауды кенеттен тексеру арқылы тексеруге болады. Жиі әр түрлі бұзушылықтар кездеседі, мыслы, материалдарды рұқсаттар бойынша екі рет шығару, ТМҚ-ны құқықтары жоқ тұлғалармен қол қойылған рұқсаттар бойынша шығару. Сондықтар рұқсаттың мәліметтері әкелінетін материалдардың мөлшер, ассортимент, сапа және баға фактілері счет фактура, үстеме жарлық және басқа қосымша құжаттардың мәліметтерімен салыстырылады.
Қойма есебін тексеру. Қойма есебін жүргізу кезінде негізгі бұзушылықтар теріс өтпелі қалдықтардың болуынан, түсімдер туралы жазбалардың жоқтығынан, қоймалық және бухгалтерлік есеп карточкалары мәліметтерінің айырмашылығынан, қалдықтарды қате санаудан тұрады.
Теріс өтпелі қалдық түскен материалдардың толық емес немесе уақытында кірістірілмегендігін немесе өтпелі қалдықтардың қате есебін білдіреді.
Ең алдымен, аудит бағдарламасына сай Бас кітаптің мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәкестігі зияткерлік меншік объектілерінің бар екндігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын материалдық емес активтердің қабылдау-тапсыру актілері, бұл объектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексеріледі.
Объектілерді кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтттіруге қажетті шығындар көлемін айқындаудың аңықтығы мен материалдық емес активтердің құн бағалаудың дұрыстығын айқындау керек.
Бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен қалыптасқан мемлекеттік субъектілердің ЖК құқықтық формасының ұйымдасуы мен меншік формасына байланысты, қатысушылар енгізген (ақшалай және материалды) қаражаттар есебінен қалыптасқан мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдар бірнеше заңды немесе жеке тұлғалардың коллективті қабілеті болып табылады. Ақшалар мен құнды қағаздар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жерді пайдалану құқығы және интеллектуалды әрекет нәтижелеріне құқық жарғылық капиталға салым бола алады. ЖК-ға құрылтайшылардың табиғи формадағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісімімен немесе жалпы жиналыстың шешімімен ақшалай формада бағаланады. Егер осындай салымның құны 20 000 АЕК эквивалентті сомасынан жоғары болса, онда бағалауды тәуелсіз эксперт өткізуі тиіс.
ЖК-ға салымдардың фактілік түсу моменті ақшалай қаражаттар үшін – есеп шотқа немесе кассаға ақшаларды есепке алу күні, негізгі қаражаттар үшін (материалды және материалды емес активтер) - негізгі қаражаттар мен басқа растайтын құжаттардың қабылдау-беру актісін құру күні. Қабылдау-беру актісінің мәліметтері бойынша аудитор салымдардың толық және уақытында кірістірілгендігін тексеру керек (ТТН, кіріс кассалық ордерлер). Тіркеуге дейін салымдардың бекітілген мөлшерін барлық құрылтайшылардың енгізгенін, құрылтай құжаттарымен сәйкес ЖК толық қалыптасқандығын, салымдар ретінде құрылтайшылар нақты не енгізгендігін, мүлікті тек пайдалануға беретін қатысушы салымының мөлшері қалай анықталатыны, құнды көріністе қатысушының салымы қалай бағаланатыны және қандай жағдайларда тәуелсіз сарапшының бағасы қажет екендігін анықтау қажет.
ЖК тексерудің негізгі процедуралары – ЖК өзгеруінің негізделгендігін тексеру, оның өзгеруі бойынша шешім қатысушылардың жалпы жиналысында оның толық төлемінен кейін ғана қабылдануы мүмкін.
ЖК тексерудің сапасын жоғарылату үшін аудитор салымға енгізілген мүліктік және басқа мүліктік құқықтарды түгендеуді жүргізуі тиіс.
Аудиттің аяқтаушы процедурасы – бұл жою бойынша ұсыныстарды жалпылау.
Қосымша төленген капиталдың аудиті бойынша (номиналды құннан меншік акцияларды сату құнын ҚТК-арттыру). Сонымен қатар ДОК мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеру қажет, 531 шоттың мәліметтерімен осы бап бойынша баланстағы қалдықтарды және ж/о №13 шоттың кредиті бойынша салыстыру қажет.
Қосымша төленбеген капитал – қайта бағалау нәтижесінде негізгі қаражаттар мен ұзақ мерзімді инвестициялардың алғашқы құнын арттыру сомасы. Сонымен қатар қайта бағалаудың дұрыстығы тексеріледі.
Резервтік капитал қарастырылмаған шығындарды жабу үшін және негізгі кірістің қаражаттары жетпеген жағдайда инвестордың құжаттарын төлеу үшін түзіледі.
Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын). Сонымен қатар ж/о №13 және 561, 562 шоты бойынша бас кітаптың мәліметтерімен жыл басындағы және жыл соңындағы қалдықтарды салыстыру қажет.
2.3. Операциялық аудит, оның түрлері
Бөлінбеген кірістің көлемін бағалау алда өткен есеп беру кезеңімен салыстыру арқылы жүргізіледі.
Шаруашылық субъект міндеттерінің аудиті. Ұзақ мерзімді міндеттер – ұзақ мерзімді несиелер, ұзақ мерзімді займдер.
Аудит стандарттары – аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар. Аудит стандарттары Аудиторлар палатасының республикалық конференциясында қабылданып, мемлекеттік уәкілетті органдарда тіркеледі. 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші республикалық конференциясында Қазақстан Республикасының аудитін Халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Стандарттар аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижелерін бағалаудың өлшемдері болып табылады.
Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктіліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.
Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:
– жоғары сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;
– аудит өткізудің барлық кезеңдерібойынша регламентті анықтайды;
– аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;
– Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;
– аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге салу міндеттерін шешеді;
– аудиторлық тексеру іс-тәжірибесінде жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал етеді;
– ақпараттарды пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу үдерісін түсінуге көмектеседі;
– кәсіптің қоғамдық беделін құрайды;
– мемлекет тарапынан бақылауды жояды;
– аудиторға клиенттермен келіссөз жүргізуге көмектеседі;
– аудит өткізу үдерісінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді.
Жалпы стандарттар – аудитордың алдында тұрған міндеттерді тиімді әрі кәсіби деңгейде орындау үшін оның бойында болуға тиіс белгілі бір қасиеттер мен кәсіптік дәреже. Ол үшін әзірлік, кәсіби біліктілік, тәуелсіздік, әділдік, аудитті өткізу кезінде тиісті көңіл бөлу талап етіледі.
Аудит стандарттары аудиттің сапасы мен сенімділігіне қойылатын нормативтік талаптарды анықтайды және тәуелсіздіктің, әділеттіліктің, кәсіби біліктіліктің, аудиторлық тексеру нәтижесі жөніндегі ақпараттардың құпиялығын сақтаудың белгіленген деңгейін қамтамасыз етеді. Экономикалық реформалар механизмінің жетілдіруіне қарай Аудит стандарттарын уақыт талабына сай ету мақсатымен, оларды кезең сайын қайта қарап отыру қажет.
Аудиттің халықаралық стандарттары тек оны өткізудің жалпы тәсілдерін, тексеру жүргізу ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, әдістемелік мәселелерін, сондай – ақ аудиторлар қолдануға тиісті негізгі принциптерді айқындайды.
Аудит стандарттары Аудиторлар
палатасының республикалық
Халықаралық аудит стандарттарын
(ХАС) Халықаралық аудиторлық тәжірибе
жөніндегі комитет
Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында аудиттің мәні мен маңызы