Нарықтық экономика жағдайында аудиттің мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2012 в 10:54, курсовая работа

Описание работы

Сапаны қамтамасыз ету процедуралары аудиторлық фирманың ішкі құжаттарында немесе ішкі стандарттарында жазылуға тиісті. Әдетте, Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес сапаға тексеру жүргізу барысында тексеруге тек сол ішкі реттеуші құжаттар алынады. Әрбір аудиторлық фирмада тиісті процедураларға қойылатын талаптар жазылған құжат немесе қорытынды құжатта бір бөлім не болмаса бирнеше тиісті құжаттар болуға тиісті. Кейбір аудиторлар бұған қарсы. Олардың ойынша, ереже-нұсқаулар жақсы болуы мүмкін, бірақ сол ережелердің қаталдығы көбінесе олардың орындалуының міндетті еместігімен теңгеріледі. Бірақ бұл тәжірибелі тексерушіге қандай-да бір ереже нұсқаулардың практикада қолданылатын, қолданылмайтындығын анықтау қиындық тұғызбайды. Ол үшін қажетті процедуралар көрсетілуге тиісті аудиторлық файлдар болады немесе аудитте кеңінен танымал сұрақ беру, не болмаса бақылау жасау процедураларын қолдануға болады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Аудиттің пайда болуы мен дамуы
1.2 Аудиттің мәні және түрлері
1.3 Нарықты қатынастағы шет елдердегі аудиттің даму жолы
2 СЫРТҚЫ АУДИТ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗІ
2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі
2.2 Сыртқы аудитті ұйымдастыру
2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Нарықтық экономика жағдайында аудиттің мәні мен маңызы.doc

— 236.00 Кб (Скачать)

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

 
І. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА Аудиттің теориялық негіздері  
1.1. Аудиттің мәні және маңызы  
1.2. Аудиттің мақсаттары мен міндеттері  
1.3. Аудиттің сатылары және негізгі функциялары

 
ІІ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА  ЖАҒДАЙЫНДА Аудиттің түрлері  
2.1. Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу  
2.2. Ішкі аудит, оның мақсаттары, міндеттері және атқаратын қызметі. 
2.3. Операциялық аудит, оның түрлері

 

Қорытынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Сапаны қамтамасыз ету  процедуралары аудиторлық фирманың ішкі құжаттарында немесе ішкі стандарттарында жазылуға тиісті. Әдетте, Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес сапаға тексеру жүргізу барысында тексеруге тек сол ішкі реттеуші құжаттар алынады. Әрбір аудиторлық фирмада тиісті процедураларға қойылатын талаптар жазылған құжат немесе қорытынды құжатта бір бөлім не болмаса бирнеше тиісті құжаттар болуға тиісті. Кейбір аудиторлар бұған қарсы. Олардың ойынша, ереже-нұсқаулар жақсы болуы мүмкін, бірақ сол ережелердің қаталдығы көбінесе олардың орындалуының міндетті еместігімен теңгеріледі. Бірақ бұл тәжірибелі тексерушіге қандай-да бір ереже нұсқаулардың практикада қолданылатын, қолданылмайтындығын анықтау қиындық тұғызбайды. Ол үшін қажетті процедуралар көрсетілуге тиісті аудиторлық файлдар болады немесе аудитте кеңінен танымал сұрақ беру, не болмаса бақылау жасау процедураларын қолдануға болады.

Курстық жұмыстың мақсаты  – аудит жүргізу кезіндегі  жұмыс сапасын бақылау туралы теориялық тұрғыдан ашып, талдау. Курстық  жұмыс екі бөлімнен, әр бөлімі үш пунктен тұрады. Бірінші бөлімде аудиторлық қызметтің сапасын бақылау кіріспе ретінде қарастырылған. Екінші бөлімде аудиторлық қызметтің жұмыс құжаттары жайлы жазылған.

Фирмаішілік ереже-нұсқаулар  мен стандарттардың көлемінің аудиторлық фирманың көлеміне қалай байланысты болатындығы жөнінде көптеген сұрақтар туындайды. Халықаралық аудит стандарттарында сапаға бақылау жасау жүйесінің күрделілігі аудиторлық ұйымның көлеміне, оның даму бағытына, ұйымдық құрылымына және т.б. байланысты болатындығы ескертілген. Әдетте, жалпы стандарттарды да ішкі құжаттарды да кеңінен қолданатын ірі аудиторлық фирмаларда ішкі ереже-нұсқаулардың ең төменгі саны қанша болуға тиісті екендігі жөнінде мәселе қойылмайды. Бұл фирмалардың басшылары, әдетте, өз жұмысының сенімді болуына мүдделі болғандықтан, бәрінен бұрын ішкі бюрократиялық процедуралар жайында қайта сақтандыру жасауға бейім. Өз кезегінде кішігірім аудиторлық фирмалар мен аудиторлар, өздерінің атқаратын қызметтерінің көлеміне байланысты, аудит сапасын бақылаудың күрделі жүйесінің керек еместігі туралы көзқарастарын жиі қорғайды.

Егер тексеруге жұмыскерлерінің  саны 10 адамнан аспайтын және қызметінің көлемі шектеулі кіші кәсіпорын тартылатын болса, онда ішкі ереже-нұсқаулар мен  меншікті бақылау құралдарының шектеулі саны пайдаланылуы мүмкін. Сонымен бірге, аудит өткізу барысында клиенттен клиентке дейін тұрақты болуға тиісті аудиторлық файлды, аудиттің жоспарын, маңыздылық деңгейін анықтау тәртібін дайындау талап етіледі. Аудиторлық процедураларды типтік бағдарлама бойынша жүргізген дұрыс. Аудит нәтижелері жөніндегі жазбаша ақпараттар бірегей нысандар бойынша рәсімделуге тиісті. Жоғарыда аталған мәселелердің әрқайсысы жинақтаушы немесе ішкі дербес құжаттардың біреуінде бейнеелеуге тиісті.

Өз клиенттеріне аудиторлық қорытынды бермейтін, яғни, жалғаспалы қызмет көрсетумен, мысалы кеңес берумен, айналысатын аудиторлық фирмалар үшін де сапаға бақылау жасаудың тармақталған процедуралары керек болмауы мүмкін. Көп санды ірі клиенттерге тұрақты түрде аудиторлық қорытынды дайындап беретін аудиторлық фирмаларда тиісті ереже-нұсқаулар, әдістемелік ұсыныстар, ішкі стандарттар түрінде жасалынған ережелер мен сапаға фирмаішілік бақылау жасау процедуралары болуға тиісті.

Жұмыстың негізгі мақсаттары:

Біріншіден,  қаржылық  есеп-қисаптардың жаппай  қол жетерлігі  үшінші  тұлғалардың (соның  ішінде  несиегерлердің,  жеткізушілердің, жұмыскерлердің  жəне  т.б.)  мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз  етеді,  өйткені  бұл кəсіпорындар  мен  үшінші  тұлғалардың  арасында  ақпарат  бөлудегі  теңсіздікті қысқартады.

Екіншіден,  бұл  қоғамды  ықтимал  негативті  экономикалық  салдардан қорғауға  көмектеседі;  ол  мысалы,  экономикалық  маңызды  компаниялар жағдайында, егер олардың қызметі жəне/немесе жабылуы жергілікті экономикаға елеулі негативтік əсерін  тигізуі  мүмкін  болса,  маңызды  бола  алады.

Еліміз егемендік алып, өз алдына ел болғанына жиырма жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдардың  аралығында елімізде бухгалтерлік есеп саласын дамыту бағытында көптеген жұмыстар атқарылды десек артық  айтқандық емес. Бұған дәлел 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан Респупликасының президенті Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар жарлыққа қол қойған болатын болса, 2002-жылы 24-маусымда бұл “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік”   деп аталатын заң болып қайта қабылданды. Ал 2007 жылыдың  28-ақпанында Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік”  деп аталатын №234 III заңы күшіне енді. Еліміздегі ірі кәсіпорындар өз қаржылық есептілігін бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сай жасауға көшті [1].

Курстық жұмыстың негізгі  міндеті – аудитор  растаған  қаржылық  есеп-қисаптар  жалпыға  қол  жетерлік  болуға  тиіс (орта мерзімді перспективада): Қаржылық есеп-қисаптардың бүкіл жинағына, соның ішінде  оларға  ескерімдерге  жаппай  қол  жетерлікке  талаптың  бірнеше  себепке байланысты  үлкен маңызын қарастыру.

Қазіргі кезде бақылау  жасау функциясы не құқығы бар  мемлекеттік органдар не болмаса  аудиттелетін субъект аудиторлық тексерулердің  сапасыз өткізілгендігі туралы мәлімдеме  жасаған жағдайда ана жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда бақылаушы органның міндетті қызметін ҚР аудиторлар Палатасы жанындағы кәсіби этикалық кеңес атқарады. Анықталған салақтықтар мен бұзушылықтардың кейбір бөлігі байқалмай қалып қалуы мүмкін:

-  жүргізілетін тексерулердің мақсаты мен міндеттерін клиенттің толық түсінбеуі;

-  өткізілген аудиттің сапасына бақылау жасаудың дәл анықталған процедураларының жоқ болуы.

Аудиторлық қызмет жүйесінің  ажырамас бөлігі ретіндегі бақылау  жасау механизімі жүйе нақты жаңылыс  тапқан кезде жұмыс істей бастамай, тұрақты негізде жұмыс істеуге тиісті.

Бұдан туындайтын сұрақ: мұндай бақылауды кім жүзеге асырады  – мемлекеттік органдар ма, әлде тек аудиторлардың қоғамдық ұйымдары ма? Екі нұсқаның әрқайсысының өздерінің  жақсы жағы да кемшіліктері де бар. Бір жағынан мемлекеттік органдардың жұмыскерлері сапаны тексеру барысында мемлекеттің мүддесін қорғай отырып, қандай-да бір аудиторлықбірлестіктің абыройын қорғауға мүдделі болмайды деп күтуге болады. Басқа жағынан қарағанда, бүгінгі таңда мемлекеттік бақылау-ревизиялық органдардың жұмыскерлерінің біліктілік деңгейі оларға аудит әдістемесінің бүге-шігесіне дейін талдап қарауға әрдайым мүмкіндік жасай бермейді. Ондай мемлекеттік тексерушілердің штатын өсіру үшін елеулі қаражат бөлуге мемлекеттің жағдайы келмейді. Кейбір аудиторларда, тексерушілер жұмыс процессі кезінде алған құпия ақпараттар аудитор клиенттеріне зиян келтіре отырып, пйдаланылуы мүмкін деген қорқыныш туындайды. Мысалы, табылған қателіктер туралы мәліметтер салықтық бақылау органдарына хабарлануы мүмкін.

Аудиторлық фирма аудиторлық процедуралардың мазмұны, мерзімі  және көлемі үшін жауап беруге тиісті. Олардың сапасына бақылау жасау  аудиторлық фирма қызметінің сипаты, тексеруді ұйымдастыру деңгейі  және табыстар мен шығыстар бойынша  тиісті жағдайлар сияқты факторларға байланысты.

Аудиторлық қызметтің  мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу  құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі  қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін  бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы шаруашлық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынытын аудиторлық фирмалардыңкәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА Аудиттің теориялық негіздері

 
1.1. Аудиттің мәні және маңызы  

Нарықтық экономика  жағдайында аудиттің мақсаты – аудиторға қаржылық  қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі апектілер бойынша  қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатында стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы  қоятын мақсатты түсінуіміз керек.

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялардыңзамын жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.

Жеке және ұжымдық  меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен  қатар кредиторлар өз қызметтерінің  саласында барлық  көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне  өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз  аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық  тексерулер өздерін қызықтыратын  қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың  мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.

Аудиттің маңызы тиісті  жақтардың  мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:

- экономикалық субьектілердің

- салық қызметі тулғасындағы  мемлекеттің

- қаржылық есеп беруді  әр түрлі пайдаланушыларды

- аудиторлардың меншік  иесі мен мемлекеттің мүдделерін  қорғау, сонымен бірге есеп және  қорытынды есеп беруді қамтамасыз  ету мақсатында.

Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті  қаржылық  ақпарат қажет.

Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процесі, егер бұрынғы  есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа обьектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруду беру туралы өтініш  тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.

Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан  ол аудиторға басшылыққа арналған  және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.

Нарықтық экономика  жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады:

1. Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және түрін, оның бақылаушы-талдамалық қызметінің басқа да шектес ғылымдармен және салалармен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен таңдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу.

2. Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау,бизнес жағдайын талдау, көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

3. Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау механизмдерінің құқықтық-нормативтік және ақпараттық базаларының мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалық қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін жетілдіру бойынша  ұсыныстарды әзірлеу  [5].

Бизнестің кәсіби аудит  мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:

- бизнесті басқарумен  байланысты шаруашылық операциялары  мен үдерістірінің аудитін жүргізу  үшін алға қойылған мақсаттарға  қол жеткізу;

- шаруашылық қызмет  нәтижелерін бақылаудың, талдаудың  және есептеудің озық әдістерін  анықтау;

- қаржылық-экономикалық  талдау мен аудиттің озық түрлерін  қолданатын салаларды ұлғайту  әрі оған енгізу;

- бақылаушы-талдамалық  жұмыстарды жақсарту бойынша халықаралық озық іс-тәжірибелерді жалпылау;

- бизнестің кәсіби  аудитін жүргізудің техникасы  мен технологиясын, ұйымдық құрылымын  жетілдіру;

- бастапқы мәліметтерді  алу мен өңдеуде ЭЕМ-ді және  экономикалық- математикалық әдістерді  қолдану, шаруашылық  жүргізуші субъектілер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.

 

 

 

 

 

1.2. Аудиттің мақсаттары  мен міндеттері 

 

Негізгі есеп тұжырымдамасы  бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкесетіндігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында аудиттің мәні мен маңызы