Нарықтық экономика жағдайында аудиттің мәні мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2012 в 10:54, курсовая работа

Описание работы

Сапаны қамтамасыз ету процедуралары аудиторлық фирманың ішкі құжаттарында немесе ішкі стандарттарында жазылуға тиісті. Әдетте, Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес сапаға тексеру жүргізу барысында тексеруге тек сол ішкі реттеуші құжаттар алынады. Әрбір аудиторлық фирмада тиісті процедураларға қойылатын талаптар жазылған құжат немесе қорытынды құжатта бір бөлім не болмаса бирнеше тиісті құжаттар болуға тиісті. Кейбір аудиторлар бұған қарсы. Олардың ойынша, ереже-нұсқаулар жақсы болуы мүмкін, бірақ сол ережелердің қаталдығы көбінесе олардың орындалуының міндетті еместігімен теңгеріледі. Бірақ бұл тәжірибелі тексерушіге қандай-да бір ереже нұсқаулардың практикада қолданылатын, қолданылмайтындығын анықтау қиындық тұғызбайды. Ол үшін қажетті процедуралар көрсетілуге тиісті аудиторлық файлдар болады немесе аудитте кеңінен танымал сұрақ беру, не болмаса бақылау жасау процедураларын қолдануға болады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Аудиттің пайда болуы мен дамуы
1.2 Аудиттің мәні және түрлері
1.3 Нарықты қатынастағы шет елдердегі аудиттің даму жолы
2 СЫРТҚЫ АУДИТ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗІ
2.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі
2.2 Сыртқы аудитті ұйымдастыру
2.3 Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Нарықтық экономика жағдайында аудиттің мәні мен маңызы.doc

— 236.00 Кб (Скачать)

Тұтастай алғанда аудитті  және талдауды уақытылы жүзеге асыру  шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржы — несие, материалдық — техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекттік, қаржы, несие, ведомстволық, салық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін.

Бизнесті басқару жүйесін  нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің  құрамадас бөлігі ретінде қарастыру  қажет.

АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Германия және Франция сияқты нарықтық экономикасы алдыңғы қатарлы елдердегі аудиторлық қызмет дамуының озық тәжірибесі көрсеткендей, кеңес берушілік, зерттеушілік және басқа ілеспе қызметтер  мөлшерінің өсуі қарқын алып келеді. аса ірі халықаралық аудиторлық фирмалардың, оның ішіне үлкен төрттік те кіреді, өз ассортименттерінде кәсіби аудиторлық қызмет көрсетудің және әр қилы көмек түрлерінің 50-ден астам атауы бар.

Аудиторлық еңес беру қызметінің әлемдік нарығы үлкен  өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Көптеген елдерде үлкен төрттік  қызметі ауқымының кеңейгеніне және күшеюіне наразылық аңғарылады. Батыстық іскер топтардың пікірінше, аса ірі халықаралық фирмалардың қызметін  шоғырландыру, оларды одан ары біріктіру нмесе бөлу нәтижесінде аудиторлық қызметтің сапасы төмендемесе, артпайды екен. Аудит саласындағы  оқиғаларды дамытатын басқа нұсқалардың ішінен әлемдік ауқымда аудиторлық және консалтингтік бизнестің бөлінуі, растаушы аудиттің, сәйкесінше аудит пен қаржылық есептілік аудиті көлемдерінің кемуі ықтимал екенін айта кету керек.

Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша аудит түлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады:

1) аудитті дамытудың  эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі — бағдарлы және тәуекелге  негізделген;

2)  құқықтық негізде: міндетті,бастамашылық;

3) қолданылу салаларымен:  жалпы, банктік, сақтандыру, қаржылық, өндірістік, маркетингтік.

Нарықтық экономика  жағдайында өндірілетін өнім мен  көрсетілетін қызметтің негізі, яғни оның тиімділігі мен ұқыптылығы — бұл кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің дұрыс жолға қойылуынан бастау алатындығы сөзсіз. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі үшін бухгалтерлік есепті дамытуымыз қажет.

Аудит стандарттары мен  нормаларының ерекшеліктері стандарттарды аудиттің теориясы мен іс тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрстеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырыды. 

 Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендгін республикамыздың тәуелсіздігінің  жиырма  жылы ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейінгі ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігін, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр. Өнімдерді өндіру барысында ресурстарды үнемдеп жұмсап, жоғарғы өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешімін тапса, онда кәспорындарда өнім өндіру және оны сатуға қатысты кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді.

Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері  бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша  аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда  орнықты болады:

  • аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және тәуекелге негізделген;
  • құқықтық негізінде: міндетті, бастамашыл инициативтік;
  • қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;
  • толықтығы: кешенді, тақырыптық, функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы;
  • жүргізу кезеңдерімен: бастапқы, қайталанатын;
  • аудит жүргізілетін субъектілермен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік;
  • тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық, қаржылық есептеме аудиті және талапқа сәйкестік аудиті.

Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы  мен объективтілігі туралы пікір  білдіру мақсатыңда заңды тұлғалардың  қаржылық қорытынды есебін тексереді.

Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты  — аудиторға қаржылық қорытынды  есепті құрудың белгіленген концептуалдық  негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің  дайындалғаны жөнінде қорытынды  беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.

Аудиттіқ өызметтерді  жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара  қарым-қатынасын мемелекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары  әзірлейді. Біздің елімізде аудитті  нормативті-құқықтық реттеудің мемелекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау ұйымының заңды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер:

    • ҚР Конституциясы;
    • ҚР Азаматтық Кодексі;
    • ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңы;
    • ҚР Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңы;
    • ҚР қылмыстық кодексі;
    • ҚР салық кодексі;
    • ҚР бюджет кодексі;
    • ҚР әкімшілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі және т.б.

Жоғарында аталған заңды  құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей  қатысы бар маңызды нормалар мен  ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданысиағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отыру керек.

ҚР Аудиторлық қызмет туралы заңы аудиторды жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтайды әрі  меншік иеленушілер мен мемлекеттің  мүлікктік мүдделерін қорғауға ықпалын  тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау  жүйесін құруға бағытталған. Егер Қазақстан  Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін елеміздің қазіргі заңы мен басқа да заң актілерінен бөлек халықаралық келісімшарттармен және келісімдермен жүзеге асыруға бет бұрса, онда халықаралық келісімшарттар мен келісімдердің ережелері қолданылады.

Қарастырылып отырған нормативті-құқықтық актіде аудиттің сыйымды анықтамасы берілген, оны өткізу және клиентке басқа да аудиторлық және кеңес беру қызметтерін ұсыну тәртіптері белгіленген. Аудиторлық ұйымдар мен тәуелсіз аудиторлардың функциялары мен міндеттері, тараптардың құқықтыры, міндеттері және жауапкершілік деңгейлері қалыптастырылады. Бұл заңның нормалары меншік түрлері мен қызмет салаларына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты республикамыздың барлық территориясында қолданылады. Онда келісімшарт негіздеріне қарай аудитор мен клиенттің арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ аудитордың өз клиентінен және кез келген мүдделі үшінші жақтан толық  тәуелсіздігі жеткілікті дәрежеде ашып көрсетіледі. Тапсырыс берушіге аудиторларды қалауына қарай еркін таңдауына құқық берілген. Ол, сонымен қатар, қаржылық-шаруашылық қызметтерді тексеру үшін шетелдік аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды шақыруға құқы бар. Аудиторларға ұсынылатын мәліметтер мен құжаттамалардың анықтығы және шынайылығына тексерілетін шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары жауап береді.

Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тәжірибесінде негізгі  ережелер немесе аудиторлық процедураның принциптері деп ұлұға болады. Осы ереже минимумы аудиторға  бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижлерін бағалаудың өлшемдері болып табылады. әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.

Аудиторлық  стандарттар әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс-тәжіребелерді қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.

Аудиторлық стандарттар  мен нормалар сияқты жарияланған  ресми құжаттарды мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқа да өкілетті инстанциялар аудиторлар жұмысының құзыреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа алып, пайдалануы мүмкін.

Жалпы стандарттар –  бұл алға қойылған мақсатты тиімді әрі кәсіби орындауы үшін аудиторға  қажетті біліктілік деңгейі мен белгілі бір сапасы.

Аудиторға қойылатын  негізгі талаптар:

    • даярлығы;
    • құзыреттілігі;
    • тәуелсіздігі;
  • ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жасауды дайындауға тиісті көңіл бөлу.

Жұмыс стандарттары –  бұл тексеру міндетін орындауда  аудитор басшылыққа алатын ережелер.

Олардың құрамына кіретіндер:

    • аудиторлық тексеруге дайындалу;
    • қадағалауды жүзеге асыру;
    • анық айғақтар мен сенімді мәліметтерді жинау;
    • ішкі бақылаудың жағдайын бағалау.

Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады  әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға  және оның формасы мен мазмұнына  қатысты ережені білдіреді.

Кәсіби аудиторларға этикалық тұрғыдан өзін-өзі ұстау мәнері аса маңызды болып табылады. Бизнес саласында екі әдептілік аспект бар – жалпы әдеп және кәсіби әдеп.

әдеп термині ретінде  біз мораль проблемаларын, оның ішінде моральдық тандау саласын зерделеумен  жүйелі түрде айналысатын белгілі  бір философия саласын ұғамыз. Бұл анықтамада үш шешүші элемент бар:

    • шешімді таңдау проблемасы;
    • жаман мен жақсы туралы түсінік;
    • әдеп, адамгершілік мәселелерін, оның ішінде моральдық шешімдерді зерделейді.

Әдеп  кең мағынасында  өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе қәсіби топтағы адамдардың өзін өзі ұстау әдебі ретінде баяндалды. Іс жүзінде әр түрлі әдептілік нормалары мен ережелердің түрлері, оның ішінде аудиторлардың, дәрігерлердің, заңгерлердің және т.б кәсіби кодекстері бар.

Әдептің негізгі мақсаттарының  біріне шешім қабылдауда басшылық жасау  жатса да, шешім қабылдаушы тұлғаның функциясы осымен толық бітпейді, яғни оның кәсіби міндеттері мұнымен  ғана шектеліп қалмайды.

1988 жылы АІСРА мәжілісінде  бухгалтер-аудиторлардың өзін-өзі ұстаудың кәсіби Кодексінің жаңа нұсқасы қабылданды, оның ішінде олардың кәсіби тәртібін көрсететін мынадай 6 жағымды ережелер қамтылған:

1. Міндеттері. Аудиторлар  өз міндеттерін орындауда жоғары  кәсіби және моральдық сапаларын  танытуы керек, өз қызметінің барлық түрінде дәл әрі жан-жақты ойластырылған өз пікірін қалыптастыруы қажет.

2.  Қоғамның мүдделері.  Аудиторлар өзіне мынадай міндеттемелер  жүктеуі тиіс. Қоғам мүддесіне  қарай әрекет-қызмет етіп, оның  сенімін ақтап, жоғары кәсіби  шеберлігін көрсету керек.

3. Адалдық. Қоғамның  сеніміне ие болуы үшін аудиторлар  өзінің кәсіби міндеттерін адал  әрі мінсіз орындауы қажет.

4. Объективтілігі және  тәуелсіздігі. Аудиторлар объективтілігін  сақтай отырып, мүдделер қақтығысынан  бойларын аулақ салғаны жөн.  Аудиторлық жұмыстарды жүзеге асыруда олар мәні бойынша және көрер көзге де тәуелсіз болғаны абзал.

5. Тиісті. Аудиторлар  кәсіби стандарттарды сақтауы  қажет, өз білімдерін жоғарылату  және кәсіби міндеттерді толық  орындап, қызмет сапасын ұдайы  жақсартып отыруға ұмтылуы тиіс, сондай-ақ қабілеттері мен қасиеттерін ең жоғары мүмкіндік деңгейінде пайдаланғаны жөн.

6. Қызмет көлемі мен  сипаты. Аудиторлар көрсетілетін  қызметтің көлемі мен түоін  анықтап, өзін-өзі ұстаудың кәсіби  кодексінің принциптерін сақтауы  керек.

Әрбір аудитор өзін-өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп, кез келген жағдайда болу мүмкін проблемаьарды анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:

Тәуелсіздігі. Бұл қасиет аудиторлық  кәсіптің негізгі іргетасы болып табылады, өйткені тәуелсіз аудиторлық тексерудің мақсаты – қаржылық есеп беруге деген сенімділікті қалыптастыру. Аудиторлар клиент басшылығымен де, тексерілетін экономикалық бірліктермен де ешқандай байланысы болимау керек.

Адалдық және объективтілік. Аудитор кез келген кәсіби қызметін жүзеге асырғанда адал әрі объективті болуы керек, мүдделердің сәйкеспеуінен болатын дауөжанжалдарға араласпай, фактілерді ойдан құрастырып бұрмалауы қажет. Клиенттің салық төлеуден жалтаруы, жалған жазылған есептілік жазбалар, қаржылық есеп берудегі жаңылыс ақпараты барын біле тұра жасырған аудитор қабылданған адалдық пен объективтілік ережелерінің рухы мен атына нұқсан келтіреді.

Информация о работе Нарықтық экономика жағдайында аудиттің мәні мен маңызы