Міндеттемелер есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 12:04, курсовая работа

Описание работы

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін.

Работа содержит 1 файл

МИНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБИ.doc

— 154.00 Кб (Скачать)

     Төленуге тиісті пайыздар есебі.Алынған несие,жалдық  келісім шарт және шығарылған бағалы қағаздар бойынша төленуге тиісті проценттердің есебі«Есептелген пайыздар бойынша міндеттеме»деп аталатын шотта  жүргізіледі.Төленуге тиісті проценттердің барлық түрлерін есептеген кезде: «Есептелінген пайыздар бойынша шығындар» деп аталатын шот  дебеттелініп, кредиттелінеді.

 

    2.4.Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі.

 

Зейнетақы қорымен  есеп айырысулар есебі «Жинақтаушы зейтетақы қорымен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі.Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар,сондай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар,зейнетақы қорына  жарналар аударып тұруға міндетті.Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде  жарна төленбеген жағдайларда кәсіпорындар өсім сомасын төлейді,сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына мұндай жағдайларда айыппұлдар  салынуы  мүмкін.Жарналар  пайдаланбаған демалыс үшін өтемақыға жұмыстан шыққан кездегі берілетін жәрдемақыға және зейнетақы қорына,сақтық жарналарын өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы қоры қаражаттарын жұмсау тәртібі туралы нұсқауда,белгіленген басқа да жағдайларда есептелмейді.Зейнетақы бойынша жарналар сомасы есептеген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:

  Дт:«Қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу»деп аталатын шоты;

  Кт: «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шоты;

Ал бұл есептелген жарналар қорға аударған уақытта:

  Дт:«Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын

Кт:«Ақша қаражаттары»шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылуы тиіс.

Кәсіпорынның «Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шоттың қалдығында ұйымның зейнетақы қорына  аударым қаражаттарын уақтылы төлемегені ұшін есептелген өсім сомасы көрсетіледі.Уақтылы зейнетақы қорына аударылмаған жарна үшін есептелмеген өсім сомасына бухгалтерияда мына түрдегі жазу жазылады:

Дт:«Әкімшілік шығындар»

Кт:«Зейнетақы мен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» деп аталатын шоты.Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасынан салықтар сомасы есептелініп ұсталғанға дейін олардың табыстарының барлық түрлеріне 10%мөлшерінде ұсталады.Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аударулары тиіс,бірақ келесі айдың 10-ынан кеш қалмауы керек.Қазақстан Республикасының 1996 жылғы маусым айының үшінде шыққан нөмірі4-1 санды «Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорлары туралы»заңына сәйкес  Қазақстан Республикасының азаматтары  және азаматтығы жоқ тұлғалар ерікті қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар.Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қоры-бұл банктік емес қаржылық мекеме болып табылатын және жабық акционерлік қоғам түрінде құрылып,заңды және жеке тұлғалардан ерікті зейнетақы  жараналарын тарту және тартылған қаражаттарды инвестициялап,қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет жүргізетін заңды тұлға болып табылады.Әрбір жеке тұлға өзінің еңбекақысынан ұсталынып  аударылатын зейнетақы  жарнасын өзі қалаған қорға салуына құқы бар.Жинақталған зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.

 

 

 

 

 

Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі

шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар  мазмұны

Дебеттелетін шот

Кредиттелетін шот

1

Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелеген еңбекақы сомасынан жинақтаушы зейнетақы қорына ұсталған сомаға

3350

3390

2

Жинақтаушы зейнетақы қорына есептелген сомалар есеп айырысу шотынан аударылуы.

3390

1030

 

                      2.5.Басқа да есептелген шығындар есебі.

 

      Басқадай есептелінген шығындар есебі 7470 «Басқа да есептелген шығындар» деп аталатын шотта жұргілізеді.Бұл шотта негізгі  құралдарды жөндеуге арналған резервтер өнеркәсіптің маусымдық салаларының шығындарын жабуға арналған  және тағы да басқа  жасалған резервтер сомаларының есебі жүргізіледі.Негізгі құрал жабдықтарды   жөңдеуге арналған резервтер көп уақыттарда  өндірісі маусымымен жұмыс істейтін  шаруашылық субьектілерінде жасалынады.Мұндай субьектілерде жөндеуге жұмсалатын  шығындар жыл бойы бірдей мөлшерде жүргізілмейді,сондықтан өнімнің өзіндік  құнын маусымдық шығындардың әсерін тигізбес үшін ай сайын жөндеу шығындарына  резерв жасалынады.

         Резерв ай сайын смета бойынша жөңдеуге жұмсалатын шығындардың жылдық сомасының 1/12 бөлігі мөлшерінде жасалынады.

-Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу үшін арналған резервтер сомаларына:7110,7210,2410,8410 және 2420 шоттары дебеттелініп, 7470 «Басқа да есептелген шығындар»деп аталатын шот кредиттелінеді.

-Жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың төлемақысымен байланысты нақты шығындар,өнімнің өзіндік құнына қосылмайды,керісінше оның жүргізілуіне қарай 7110-шоттың дебетіне және 8310-Көмекші өндіріс,3310-Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу және тағы да басқа да шоттардың кредитіне жазылады.Жылдың аяғында пайдаланбаған резервтер сомасы сторно етіледі. Кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдердің есебі «Басқадай міндеттемелер»деп аталатын шотта жүргізіледі.Банктегі шоттарға қате түсірілген сомаға:1060,1030 шоттарының тиістілері дебеттелініп,4430 шот кредиттелінеді.Қате қосылған сомаларды банкке қайтарғанда 4430 шот дебеттелініп,1060, 1030-шоттарының кредиттелінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Міндеттемелер есебі