Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 12:04, курсовая работа
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін.
1.1. Міндеттемелер есебі
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін.
Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі.Міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі. Міндеттемелер дегеніміз-мақсатты шараларды қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан ірі компаниялардан алынған қарыздары осы ұйымның кіріске алып түбінде қайтарып беру жөніндегі алған міндеттемесі.Міндеттемелер-
Міндеттеменің үш сипаттамасы болады:
1.Кредиторлық қарыз белгілі бір оқиға кезінде басқа тұлғаларға талапарды ұсынуды жүзеге асыру уақытында немесе активтерді пайдалану ықтималдығы бар тұлғалар алдындағы қарыздар мен міндеттемелерді көрсетеді.
2.Бұл кредиторлық қарызға шаруашылық бірлігін жауапкершілігінің туындауы мүмкіндігінше келешекте жоғалмайды.
3.Міндеттеменің пайда болуына әсер еткен мәселе бұрын да орын алған.
Егер осы сипаттамалардың біреуі жоқ болса,онда есеп обьектісі несиелік қарыз ретінде мойындалмайды.Бірінші сипаттама бірнеше жағдайда пайда болады.
Біріншіден,несиелік қарыз қазіргі міндеттемені көрсетеді.Келесі кезеңнің шығындары ағымдық мерзімнің кредиторлық қарызы болып саналмайды.
Екіншіден,несиелік қарыз басқа субьектіге қатысты міндеттемені көрсетеді.Үшіншіден,осы қарыздың өтелуі басталатын уақыт мерзімі бар.Оның құрамына өтелуі толық көлемде қарастырылмайтын міндеттемені кіргізуге болмайды.
Міндеттемелерге ұлттық және шет елдік валюта түріндегі банктер және банктерге жатпайтын тұлғалардан алынған ұзақ және қысқа мерзімді займдар,облигациялар,
Несие беруші жақ тәуелсіздікке түседіалушы жақ оларға пайыз төлеу міндеттемесін орындайды.Қарыз және несие алу екі жақты келісім шарт жасау талабымен орындалады.Міндеттемелер ұзақ мерзімді және ағымдағы болып бөлінеді.Ағымдағы міндеттемелер он екі ай ішінде жабылуға тиісті.Ұзақ мерзімді міндеттемелер бір жылдан жоғары мерзімге қызмет етеді.Бұлармен қатар коммерциялық несие бухгалтерлік есеп жүйесінде кездеседі.Коммерциялық несие алдын ала аванс түрінде тауарлар құнын төлеу және кейіннен төлеу.Екі жақты жасалынған келісімшарттың негізінде банк көшірмесі жасалынады.Одан соң тексерілген банк көшірмесінің негізінде синтетикалық есебі №4 журнал ордерінде жүргізіледі.
2.2.Қысқа мерзімді міндеттемелер.
Қысқа мерзімді міндеттемелер пассив болып табылады,өйткені ол шаруашылық құралдар,ақша қаражаттары,салықтар мен ұсталымдардың есептелуі және басқа кредиторлық қарыздардың келіп шығуы көздерін бейнелейді.
Қысқа мерзімді міндеттемелерінің есептелуі.Аталмыш жағдайда олар кредит бойынша өтеді.Бұл жерде біз кредиторлық берешектер қандай элементтерден пайда болуына назар аударуымыз керек:
1)заемдар алудан. Бұл операциялар №3010-3050 «Банктік және басқа қарыздар»пассивті шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді.
2)Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдерді есептеуден.Бұл операциялар №3110-3190 «Салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдер»шоттарының кредиті бойынша бейнелейді.
3)еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздардан.Бұл операциялар №3320-3340«Еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздар»пассивті шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді.
4)Қысқа мерзімді аванстар алудан.Олар бойынша есептер №3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар»пассивті шоттарында бейнеленеді.
5)басқа да кредиторлық берешектерді есептеуден.Бұл операциялар №3300«Қысқа мерзімді кредиторлық берешек»бөлімшесі шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді.Кредиторлық қарыздардың есептелуі өзіндік құнға,әкімшілік шығындар немесе калькуляциялық шоттарға апарылатындықтан,сондай-ақ персоналдың еңбекақысынан ұсталынатындықтан,шаруашылық операция кредиттерінде жүргізіледі.
Қысқа мерзімді міндеттемелердің кемуі.Олар дебет бойынша өтеді.Бұл жерде біз кәсіпорынның тауар-материалдық қорларының құны қандай элементтерден пайда болады немесе есептелетін міндеттемелер қандай көздерден ұсталатынына назар аударуымыз керек.
1)Қарыздарды төлеу.Бұл операциялар №3010,3020«Қысқа мерзімді қарыздар»шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.Несиелердің жабылуы (төленуі) болатындықтан,шаруашылық операция №1010,1040 шоттарының кредитінен №3010,3020шоттарының дебетіне жасалады.
2)Салықтар мен басқа бюджетке міндетті төлемдерді төлеу(жабу).Бұл операциялар №3110-3190«Салықтар бойынша міндеттемелер»шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.Салықтар мен басқа бюджетке міндетті төлемдер жабылатындықтан,шаруашылық операция №1010-1040 шоттарының кредитінен жоғарыдағы щоттардың дебетіне жазылады.
3)Еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздарды жабу(төлеу).Бұл операциялар №3320-3340«Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек»шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар жабылатындықтан,шаруашылық операция №1010-1040 шоттарының кредитінен дебетіне жасалады.
4)Алынған аванстарды жабу.Олар бойынша есептер №3510«Алынған қысқа мерзімді аванстар» пассивті шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.Бұрын алынған аванстардың жабылуы болғандықтан, шаруашылық операция №1010-1040 шоттарының кредитінен №3150 дебетіне жасалады.
5)Басқа кредиторлық қарыздарды жабу(төлеу).Бұл операциялар 3300«Қысқа мерзімді кредиторлық берешек»бөлімшесі шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.Басқа кредиторлық қарыздаржабылатындықтан,
2.3.Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Бұл жерде біз кредиторлық берешектердің қандай элементтерден пайда болуына назар аударуымыз керек.1)Ұзақ мерзімді қарыздар алудан.Бұл операциялар №4010-4020«Банктік ұзақ мерзімді қарыздар» пассивті шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді.Активтер несие берушілерден келгендіктен шаруашылық операцияларының жазуы №1010,1040 шоттарының дебетіне №4010-4020 шоттарының кредитіне жазылады.2)Еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздардан.Бұл операциялар №4120-4140«Еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар»пассивті шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді.Қарыздардың есептелуі еншілес ұйымдардың есебінен болатындықтан,шаруашылық операция №4010-4020 шоттарының кредитінен 2411-2930, 1315, 1317, 1010, 1040, 4010-4020, 4110 шоттардың дебетіне жазылады. 3)Ұзақ мерзімді аванстар алудан. Олар бойынша есептер №4410 «Алынған ұзақ мерзімді аванстар»пассивті шоттарында бейнеленеді. Активтер кредиторлардың алынатындықтан,шаруашылық операция №4410шоттарының кредитінен №1010,1040 шоттарының дебетіне жазылады.4)Жеткізушілерге болған ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздардан.Бұл операиялар №3310Жеткізушілерге болған ұзақ мерзімді кредиторлық берешек пассивті шотының кредиті бойынша бейнеленеді.Активтер жеткізіп берушілерден келетіндіктен,шаруашылық операция №3310шотының кредитінен №1310-1315,1317,1330,1420,
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің кемуі.Аталмыш жағдайларда олар дебет бойынша өтеді.Бұл жерде біз кәсіпорын тауар-материалдық қорларының құны қандай элементтерден пайда болады немесе есептелетін міндеттемелер қандай көздерден ұсталатынына назар аударуымыз керек.1)Ұзақ мерзімді қарыздарды төлеу(жабу).Бұл операциялар №4010,4020«Ұзақ мерзімді қарыздар» шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.Несиелердің жабылуы болатындықтан шаруашылық операция №1010,1040 шоттарының кредитінен №4010,4020шоттарының дебетіне жазылады.2)Еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешектерді жабу(төлеу).Бұл операциялар №4120-4140«Еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешек»шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.Еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздар жабылатындықтан, шаруашылық операция №1010,1030 шоттарының кредитінен дебетіне жазылады.3)Алынған ұзақ мерзімді аванстарды жабу.Олар бойынша есептер №4410 «Алынған ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді.Бұрын алынған аванстардың жабылуы (төленуі) болғандықтан,шаруашылық операция №1010,1040 шоттарының кредитінен №4410шоттың дебетіне жасалады.4)Жеткізушілерге ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздарды жабу(төлеу).Бұл операциялар №4410 «Жеткізушілерге берілетін ұзақ мерзімді берешек»пассивті шотының дебеті бойынша бейнеленеді.Жеткізушілерге кредиторлық қарыздарды жабу(төлеу)болғандықтан,
2.4.Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерінің есебі.
Несие-бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде процент алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым қатынас жүйесі болып табылады.Бухгалтерлік есептің бұрынғы стандарты бойынша шаруашылық субьектілерінің басқа субьектілерге несие беруіне немесе олардан несие алуына құқығы болмады.Нарықтық жолға көшу жағдайында экономикадағы тәртіптердің көбі өзгереді.Қазіргі кезде кәсіпорындар,ұйымдар яғни шаруашылық субьектілері ақша қаражаттарының қозғалысын еркін пайдалануға,яғни өз қалауы бойынша несие беру құқығына ие болады.Ұйымның банктерден алатын несиелері ҚР Ұлттық банкісінің арнайы шешімімен белгіленген ресми заңды тұлғалар және банктік операцияларын нормативтік актілері негізінде жүргізуші банктерден алынады. Несие алушы ұйымдар несие беруші банктердің қойған талаптарына сай көптеген екі жақты құжаттар рәсімдеу арқылы несие алуына болады.Банк несиелері тек несие өтеушілік қабілеті бар ұйымдарға ғана беріледі.Несие өтеушілік қабілеті бар ұйымдар өзінің қабылдаған міндеттемесіне сай алынған несиені белгілі бір мерзімде банкке қайтаратындай толық мүмкіндігі болуы керек.Банк несиелері негізінен арнайы мақсаттық шараларға,өндірістің тиімділігін арттыруға,ғылыми техникалықпроцесті жетілдіруге жаңа технологиялық негізде өнім өндіруді ынталандыру,тұрған халыққа сапалы қызметтер көрсетуге ,экспортқа шығарылатын тауарлар сапасын жақсарту мақсаттары үшін алынады.Банк несиелері жасалынған келісім шарт негізіне сай мерзімдік,қайтару,пайыздық төлеу жағдайларының барлығы толығымен көрсетілгенде немесе зерттелгенде ғана беріледі.Банк несиелендіру жөніндегі бөлім немесе басқарма жөніндегі бөлім немесе басқарма несие алушылардың тапсырған құжаттарының барлығын мұқият тексеріп талдағаннан соң ұйымның несие алуы жөнінде шешім қабылдайды,пайдалануға,яғни өз қалауы бойынша несие беру құқығына ие болады.Несиелердің мониторингі 1999 жылдың 16 тамызынан бастап ҚРҰБ №276 қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерді несиелеу бойынша құжаттауды жүргізіу Ережесіне сәйкес,несие толық өтелгенше несие бөлімінің қызметкерлері әрбір қарыз алушыға несиелік іс жүргізеді.Несиелік шарт әрекет ету мерзімі бойынша банк қарыз алушымен тығыз қатынасты сақтап,оның қаржылық жағдайын бақылайды,несиенің мақсатты пайдалануын,оның қамтамасыз етілуіне кепілге берілген мүлкінің сақталу жағдайын тексереді,яғни несиелік мониторинг жүргізіледі.
Несиелік мониторинг –несиені берген мезеттен бастап өтелуін және негізгі қарыз сомасының сыйақысымен бірге,толығымен қайтарылуына қарыз алушының қызметіне әрдайым талдау жасау,жолымен бақылау жүргіз,жасалған келісімшарттың барлық талаптарының орындалуына бақылау жасау және несиенің сапасының төмендеуі жағдайында қарыз алушыға әсерін тигізетін адекваттылық шараларды қабылдау бойынша күнделікті жасалатын жұмыстар. Мониторингті жүзеге асыруда толығымен алынған ақпараттар 2 түрге бөлінеді.
-үстүртін мониторинг- Қарыз алушының несиелік жағдайына еш қауіп жоқ кезде жүргізіледі;
-терең мониторинг-несиенің мерзіміне сомасына байланысты жүргізіледі немесе қайта есептеу нәтижесінде күрделі жағдай туындаған кезеңде,қарыз алушы несиені уақытында өтеуге мүмкіндік бермейтін қателіктер жіберген кезде жүргізіледі.
Шартты міндеттемелеуді есептеу ережесіне және оларға қарсы мәжбүрлі шығындар құру туралы 2002 жылдың 16 қарашасында бекітілген №465 қаулысына сәйкес жіктеледі.Өтімділік дәрежесіне қарай міндеттемелер несиесі келесі топтарға бөлінеді:
-стандартты;
-І дәрежелі күмәнді,ІІ дәрежелі күмәнді,ІІІ дәрежелі күмәнді,ІVдәрежелі күмәнді,Vдәрежелі күмәнді.
-үмітсіз.
-стандартты несие- қайтару мерзімі жетпеген және оның сапасы күдік тудырмайтын несие.
-І және ІІ дәрежелі күмәнді несие- мынадай несиелерге жатады:қаржылық жағдайы тұрақты клиенттерге берілген,бірақ белгілі дәрежеде қанағаттанарлықсыз көрсеткіштері бар.
ІІІ жәнеІVдәрежелі күмәнді несиелерге –негізгі қарызды немесе сыйақыны есептеу бойынша төлемдер.
Vдәрежелі күмәнді несиелерге -60-90 күнге дейін төлемі кешіктірілген несиелер,яғни қарыз алушының негізгі табыс көзінен алынған қаражаттарының жүйелі жетіспеушілігі.
-үмітсіз несие:
-90 күннен асқан мерзімде кешіктірілуі;
-қарыз алушыныбанкрот деп жариялағанда.
Міндеттемелер бойынша жүргізілетін операциялардың есебі
Міндеттемелер сатып алуға жұмсалған нақты шығындар кіріске алынады.Олардың құрамы активтерді сатып алу кезеңдегі нақты шығындардың құрамына ұқсас.Бір жылдан астам мерзімге алынған облигациялар бойынша бастапқы құнның түзетілуі олардың №1150,2040шоттар бойынша бастапқы құны облигацияларды жабу мезгіліне номиналды бағасына сәйкес келуіне негізделіп жасалады.Бастапқы құн мен номиналды бағаның арасындағы айырманы шығыс ету немесе қосып есептеу кәсіпорынға тиесілі облигациялар бойынша алынатын пайыздар есебінен жасалады.Басқада міндеттемелерді жауапкершілігіне алу кезінде бухгалтерлік есеп шоттарында төмендегі жазулар жазылады: