Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 12:04, курсовая работа
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін.
1)Борыштық міндеттемелері үшін қаражаттар аудару кезінде:Дт-3540,4430 Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу суб шоты Кт-1040,1050Ағымдағы банктік және валюталық шоттардағы ақшалар төлем түріне байланысты.
2)сатып алу нақтылығы расталған кезде:
Дт -1150,2040Қысқа және ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары.
Кт3540,4430Борыштық міндеттемелермен операциялар жүргізу субшоты.
Борыштық міндеттемелер бойынша табыс алумен байланысты бухгалтерлік есеп шоттарында қаралған жазулар бұдан бұрын қаралғандарға тіпті жақын.
Бір жылдан кем мерзімге шығарылған борыштық міндеттемелер жағдайында жоғарыда келтірілген жазулар оларды жабумен бір мезгілде жазылады.Нәтижесінде бухгалтерлік есеп шоттарында жабу төмендегідей көрсетіледі.
1)алынған барыштық міндеттемелердіңғ номиналды құнына пайыздар қосқанда:
Дт 3540,4430 Борыштық міндеттемелер субшоты.
Кт 6110 сыйақылар бойынша кірістер.
2)Алынған борыштық міндеттемелердің нақты құнына:
Дт 7340 Қаржыландыруға арналған басқада шығыстар.
3)Қаражаттардың алынған сомасына :
Дт 1040Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалар
Кт 3540,4430 Борыштық міндеттемелер субшоты.
Міндеттемелер құрылымын талдау кезінде:
А)пайыздық шығыстарды талдау
Б)ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша шығындар;
В)төленген комиссиялар бойынша шығындар;
Д)шетел валютасы бойынша шығындар;
Е)валюталық құндылықтар бойынша операциялық шығындар.
Басқадай несиелік операциялар есебі.Коммерциялық банктер іс жүзінде көбінесе несиені нақты ақшалай емес,төлем қаржысы есебінде,яғни пайдаланатын вексель түрінде береді.Несие алушы ұйымдар мұндай вексельдерді өздерін материалдық қорлармен тауарлармен жабдықтайтын сондай-ақ қызмет көрсететін жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін пайдаланады.Әрбір векселдің айналу мерзімі несие беруші банк мекемесімен несие алушы ұйымның арасындағы келісімшартта қарастырылып белгіленеді.
Бұл айтылған векселдер айналым мерзімі шегінде бір ұйымнан екінші ұйымға төлем құралы ретінде бірнеше рет берілуі мүмкін.Олардың пайдалану мерзімі аяқталғанда вексельді ұстаушы ұйым оны банк мекемесіне төлем ретінде табыс етеді.Ал осы вексель түрінде несие алған келісімшарттың аяқталуына қарай банк мекемесіне алған несиесіне сәйкес есептелген пайыз сомасын аударады.Әрбір кәсіпорын өз қалауы бойынша «Басқадай қарыздар» деп аталатын шотта«Басқадай қысқа мерзімді несиелер»және«Басқадай ұзақ мерзімді несиелер»деп аталатын аралық шоттарын ашуларына болады.Сонымен қатар бұл шоттарда алынған несиелердің басқадай түрлері де есептеледі.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде нақты несиеге алынған ақшаларына:
Дт«Ақшалар»шоты,
Кт «Басқадай қарыздар»шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Бұл алынған қаржы бойынша есептелген пайыз сомасына:
Дт«Сыйақы түріндегі шығын»шоты,
Кт «Басқадай қарыздар»шоты түрінде екі жақты жазу жазылады.
Ал вексельдерді дисконттау бойынша операцияларға:
Дт«Басқадай қарыздар»шоты;
Кт «Алынған вексельдер»шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
№ | Операциялар мазмұны | Дебиттелетін шот | Кредиттелетін шот |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Алынған банк несиелері кассаға неме есеп айырысу шотына келіп түсті | 1010,1030 | 4010 |
2 | Жабдықтаушы мердігерлерге банк несиесінің есебінен қойылған аккредитивтер | 1060 | 4010 |
3 | Жабдықтаушы мердігерлерге қарыз сома банк несиесінің есебінен төленді | 3310 | 4010 |
4 | Жабдықтаушы мердігерлерге алдағы уақытта алынатын материалдық қорлар үшін банк несиесінің есебінен берілген аванс | 1310 | 4010 |
5 | Көрсететін қызметі немесе орындайтын жұмысы үшін жабдықтаушы ұйымға банк несиесінің есебінен берілген аванс | 3310 | 4010 |
6 | Есептелген салық бойынша ұйымның бюджетке қарыз сомасы банк несиесінің есебінен аударылды | 1430 | 4010 |
7 | Вексельге алынған банк несиелері | 1030,1010 | 4010 |
8 | Кәсіпорынның банк мекемелерінің алған несиелері бойынша қарызы есеп айырысу шотынан өтелінді | 4010 | 1030 |
9 | Банктен тыс мекемелерден алынған несиелер | 1010,1030 | 4020 |
10 | Банктен тыс мекемелердің алынған несиелерінің есебінен жабдықтаушы мердігерлерге қарыз сома төленді | 3390,3310 | 4020 |
11 | Банктен тыс мекемелерден алынған несиелер бойынша қарыз есеп айырысу шотынан төленді | 4020 | 1030 |
Несиелік тәуекелділік-Қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктердің зиян шегуін айтады.Несиелік операция жүргізу барысында пайыз алады жәнеде мынадай мөлшерлемелер қолданылады:Жай пайыз түріндегі табыс күнімен кезеңнің ұзақтығына байланыссыз бастапқы сома негізінде келісім шартта көрсетілген мерзім аралығында жинақталады.Күрделі пайыз түріндегі пайыз есептеу интервалдарының соңына тәуелді болып келеді және олардың әрқайсысына бөлек өзінің пайыз мөлшерлемелерін есептеу.
Қалқымалы мөлшерлеме –пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне байланысты табыс таба алмау тәуекелділікті төмендету мақсатында қолданылады.Әрбір несиелердің операцияларын жүргізуден алатын табысын талдау әрбір нақты келісімшарт бойынша пайыздық есептеулердің пайдалы әдісін іздеу мақсатында жүргізіледі. Несие бойынша міндеттемелер баланстың өндірілген үмітсіз несиелер бойынша сомасы және іске асырылмайтын бөлігімен анықталады.
2.5.Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі.
Бюджет-жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану,жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын,мәдени деғгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар,Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.Ұйым өзінің есепті жылдағы алған табысы бойынша табыс салығы сомасын есептеу барысында бухгалтерлік есепте мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:
Дт: «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар»шоты;
Кт:«Төленетін корпоративтік табыс салығы»-шоты.
Ал бұл сома бюджетке аударылғанда:
Дт: «Төленетін корпоративтік табыс салығы»-деп аталатын шот;
Кт: «Ақша қаражаттары» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Мемлекеттік бюджет жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға халықтың әл ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады.Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша мынадай жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдар енгізілді:
Әлеуметтік салық.Қазақстан Республикасының 1999жылғы 17сәуірдегі салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес әлеуметтік салықта бұған дейінгі жол салығы және әлеуметтік қамсыздандыру алымы бойынша салық алымдары мен төлемдерінің есептеу тәртібі арастырылған. Әлеуметтік салықтың ерекшелігі оның салық салу объектісі еңбекақы төлеу қоры болып табылады. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалармен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақы төлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептелінеді де.Келесі айдың он бесінен кешіктірілмей төленуі тиіс.Кәсіпорында әлеуметтік салық есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады:Дт: «Әкімшілік шығындар»деп аталатын шот;
Кт: «Әлеуметтік салық» деп аталатын шот.
Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төленгенде:
Дт:«Әлеуметтік салық» деп аталатын шот;
Кт:«Ақшалар»деп атлатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы.Салық ұжымында салық салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесінің басқа заңды тұлғалар жатады. Олардың қатарына резидент емес заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған бөлімшелер кіреді. Шаруашылық субъектісінің жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмыстармен көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін салық төлеушінің алуға (алған) тиісті ақшалай немесе басқа да қаражаттары, сондай ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзрара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жібершген қаржылар жатады. Салық салынатын табыстардың және одан шегерілетін шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы,сондай-ақ салынатын тасыс салығының мөлшері 10%.
Кейінге қалдырылған табыс салығының есебі.Бухгалтерлік есепте табыстың сомасы бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құралады.Салық салынатын табыстың сомасы салық заңына сәйкес анықталады.Бұл пассивті болғандықтан кейінге қалдырылған салық сомалары бұл шотта кредиттелініп,ал азайғанда дебеттелінеді.Бухгалтерлік және салық есептерінің талаптарындағы өзгешеліктер нәтижесінде пайда болған айырмашылықтар «Кейінге қалдырылған корпаративтік табыс салығы»деп аталатын шотта жүргізіледі.
Қосылған құнға салынатын салық. Қосылған құнға салынатын салық тауарларды өндіру,жұмысты орындау немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосыоған құн өсімінің бір бөлігін аудару,сондай-ақ осы елге тауарлар импортты кезіндегі аударым болып табылады. Бұл ретте салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт салық обьектісі болып табылады.Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі.Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салық сомасы,ал дебетіне бюджетке аударылған және субьектінің жабдықтаушыларға тиісті түрдегі рәсімделген салық шоты бойынша төленген сомалары жазылады.Бюджетке төленуі тиісті қосылған құнға салынатын салық өткізілген өнім,орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелген қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жеке тұлғалардан ұсталатын табыс салығы.Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбекақы түрінде алынатын табыстар,кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары және т.б.табыстары кіреді.Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарына инвляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден түскен құнның өсімі жатады:салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын ,жылжымайтын мүліктің ,бағалы қағаздардың,заңды тұлғаларға және басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен;шетелдік валютадан;асыл тастар және асыл металдардан,олардан жасалған зергерлік бұйымдардан,құрамында асыл тастар және асыл металдар басқа да бұйымдардан,өнер туындылары мен антиквариаттардан.Жеке тлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта:
Дт: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу»шоты;
Кт: «Бюджетке төленетін басқадай салықтар,алымдар және міндетті төлемдер»шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Акциздік салықтар.Акциздік(жанама)салық дегеніміз-сатылатын тауарлар бағасына қосылатын сатып алушы төлейтін салық болып табылады.Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар,яғни спирттің барлық түрлері,темекі өнімдеріқұрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.Қазақстан Республикасының аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акцизделуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады.Кәсіпорындарда акциз салығы есептегенде:
Дт:«Алынуға тиісті борыштар»деп аталатын шоты;
Кт: «Акциз салығы» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған салықтардан басқа да өзінің меншігіндегі жерге,көлік құралына және мүлкіне заңда бекітілген мөлшерде салық төлеп тұруы тиіс.Салықтардың бұл түрлері есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында :
Дт: «Әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты;
Кт: «Жер салығы»
«Көлік құралына салық»
«Мүлікке салық» деп аталатын шоттар түріндегі екі жақты жазуы жазылады.Сондай-ақ «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар» шотында Қазақстан Республикасы заңдарына қаралған басқадай салықтар,алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі.Бұл айтылғандардың қатарына: