Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 12:04, курсовая работа
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін.
-шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы;
-жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерді мен салығы және т.б жатады.Салықтардың,алымдар мен міндетті төлемдердің түрлері,мөлшері және олардың төлеуі тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарында қаралады. «Бюджетпен басқадай есеп айырысу»шотының кредитіне тиісті шығындар есептелетін шоттардың дебетінен есептелген салық,алымдар мен міндетті төлемдер сомасы,ал бұл шоттың дебетіне тиісті төлем төленген шоттардың кредитінен төленген сомалар жазылады.
2.6. Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі.
Өндірістің үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады.Кәсіпорынды материалды құндылықтармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі.Шаруашылық субьектісі өнім өндіруші кәсіпорындармен сондай ақ делдалдық ұйымдармен өзін керекті материалдық құндылықтар, техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісім шарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.Жабдықтаушы мен мердігерлермен есеп айырысу есебі 3310 жабдықтыушы және мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын шотта жүргізіледі.Бұл шотта есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. 3310 шоттың кредитінде тиісті материалдық құндылықтар,шығындар бойынша жабдықтаушылардың акцептелген фактура шотына есептелген.Жабдықтаушы және мердігерлер мен есеп айырысу шоты бойынша есеп номері алтыншы журнал ордерде жабдықтаушы мердігерлердің фактура шоты бойынша бөлек жургізіледі. Қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу операциялары екі жақты жасалған келісім шарт негізінде жүргізіледі.Келісім шарт жасаудың мақсаты ұйым қызметін материалды техникалық жағынан қамтамасыз ету болып табылады.Сонымен қатар алынған тауарлар орындалған жұмыстар көрсетілген қызметтер бойынша да келісім шарт жасалынады.Қоюшылармен мердігерлермен есеп айырысу мәліметтері арнайы үлгідегі жорналда немесе ведмоста әрбір счет фактуралар немесе төлеу талабы құжаты бойынша жүргізіледі.Арнайы үлгідегі жорналда құжаттар номері есепті немесе келісім шарттағы қойылған бағамен қабылданған құндылықтар және бұлардың нақтылы құны т.б.мәліметтер жазылады.Айдың соңында жорналға жазылған сомалар жинағы шығарылып төленбеген шоттар бойынша қалған қалдық әрбір жекелеген аналитикалық шоттар арқылы шығарылады.Орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша «Қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу» счеты кредиттелініп,тиісті шығындар счеттары дебеттелінеді. Яғни шығындар есебін жүргізуші счеттарға орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер құны қосылып жазылады.Құны алдын ала төленген құндылықтар
Дт «Қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу»
Кт «Берілген аванстар» счеттары бойынша жазылады.
2.1. Алдағы кезең кірістерінің есебі.
Шаруашылық субьектінің ағымдағы есепті айда алған,бірақ бұдан кейінгі есепті кезеңдерге жататын табыстары болашақ кезеңдерге жататын табыстары болашақ кезеңдерінің табыстары болып есептелінеді.Есепті кезеңдер арасындағы осындай кезеңдерді шектеу субьектінің шаруашылық қызметін дәлме дәл анықтау ,салық салу және қаржылық есеп беруді негізгі етіп жасау үшін қажет болып табылады.Алдағы кезең табыстарының есебі «Алдағы кезең табыстары»деп аталатын шотта жүргізіледі.Шаруашылық субьектілері орта және ұзақ мерзімді құнды қағаздарды олардың номиналды құнын жоғары бағамен сату арқылы таратуына болады.Бұл жағдайда сату бағасы мен атаулы құнының арасындағы жағымды айырма «Алдағы кезең кірістері» деп аталатын шоттың кредиті бойынша есепке алынып,содан соң құнның төмендеуіне қарай:
Дт:«Алдағы кезең кірістері» деп аталатын шот,
Кт: «Бағалы қағаздардың шығыс етілуінен алынатын кірістер» деп аталатын шот түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
«Алдағы кезең кірістері» деп аталатын шотта алдын ала сатылған айлық және тоқсандық жол жүру билеттері бойынша кәсіпорынға келіп түскен ақшалар және жүк немесе жолаушылар таситын көлік(автокөлік,теміржол көлігі,әуе жолы көлігі және тағы басқа )құралдары үшін күні бұрын төленген ақы есептеледі.Жоғарыда аталған төлемдер кәсіпорынға келіп түскен кезде:
Дт:«Ақшалар»шоты,
Кт: «Алдағы кезең кірістері» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Қаржының төленуіне қарай есепті (ағымдағы) айдың табысы болып саналатын,бұрын яғни алдын ала алынған табыстар ұйымның бухгалтерлік есебінде:
Дт:«Алдағы кезең кірістері» деп аталатын шоты;
Кт: «Тауарларды сатудан алынатын және басқадай алынатын кіріс»;
«Акциялардан дивиденд және сыйақы түріндегі кіріс»немесе«Негізгі емес қызметтен алынатын басқадай кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазуда көрсетіледі.
Жоғалған,ұрланған немесе басқа да жетіспейтін құндылықтар бойынша кінәлі адамдардан өндіріп алынуға тиісті,яғни олардың төленуге тиісті мойындалған,немесе соттың шешімі шығарылған сомасына бухгалтерлік есепте:
Дт: «Жұмысшылар мен қызметкерлердің борышы»деп аталатын шот;
Кт: «Алдағы кезең кірістері»деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылуы тиіс.
Бүлінген,жоғалған,ұрланған немесе басқа да жетіспейтін құндылықтар бойынша кінәлі адамдармен өндіріп алуға тиісті,яғни олардың төленуге тиісті берешек сомалары өтелуіне қарай:
Дт: «Ақшалар» немесе «Қызметкерлермен есеп айырысу» шоты,
Кт: «Жұмысшылар мен қызметкерлердің борышы»деп аталатын шот түріндегі бухгалтерлік жазуда көрсетіледі.
2.2. Дивидендтер бойынша есеп айырысу операцияларының есебі.
Дивиденд дегеніміз-акционерлер иелігінде болатын акциялардың саны мен түрлеріне қарай оларға тиесілі акцияларына табыс түрінде жыл сайын акционерлер арасында бөлінетін акционерлік қоғам табысының бір бөлігі болып табылады.
Акционерлер мен оларға төленуге тиісті дивиденттер бойынша есеп айырысу есебі дивиденттер бойынша есеп айырысу деп аталатын бас шоттың бөлімше шоттарында есептелініп жүргізіледі.Заңды және жеке тұлғаларға есептелініп төленетін дивиденд сомаларынан он бес пайыз ставкасы бойынша табыс салығы ұсталынуға тиіс және одан әрі бұл сома салық салуға жатқызылмайды.Акционерлерге есептелінген дивидент сомасынан ұсталынатын табыс салығы сомасына дебет «Қарапайым акциялар бойынша есеп айырысу»немесе« Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоттардың тиістілері,кредит «Бюджетпен басқадай операциялар» бойынша есеп айырысу деп аталатын шоты негізінде бухгалтерлік жазуы жазылады.Дивидендтер есептеген уақытта:
Дт: «Есепті жылдың бөлінбеген табыс(жабылмаған зиян)»шоты немесе есепті жылда алынған бөлінбеген табыс сомасы жетіспеген жағдайда«Өткен жылдардағы бөлінбеген табыс(жабылмаған зиян)»деп аталатын шот;
Кт: «Қарапайым акциялар бойынша есеп айырысу»немесе«Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоттардың тиістілері бухгалтерлік жазу жазылады.Акцияларға,дивиденд төлеу бойынша заң актілерінде немесе үлес қосушылардың құжаттарында қаралған міндеттемелер негізінде,бөлінбеген табыстың болмауынан немесе жетіспеушілігінен.резервтік капиталдың есебінен артықшылығы бар акцияларға есептелген дивиденд сомасына:
Дт: «Резервтік капитал»деп аталатын шот;
Кт:«Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоттар түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Акционерлерге есептелегн дивиденд сомасынан ұсталатын табыс салығы сомасына:
Дт:«Қарапайым акциялар бойынша есеп айырысу»немесе«Артықшылығы бар акциялар бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоттардың тиістілері;
Кт: «Бюджетпен басқадай операциялар бойынша есеп айырысу» деп аталатын шоты негізінде бухгалтерлік жазу жазылады.
2.3.Еншілес,тәуелді серіктестердің алашақ қарыздары.
Аналық компанияның бақылауындағы еншілес тәуелді серіктестердің алашақ қарыздары жөніндегі негізгі қағидалар ХҚЕ «Байланыстағы жақтар жөніндегі ақпараттарды ашу»стандарттарда айтылған.Байланысқа түсуші жақтар өрісіндегі операциялар негізінен ресурстар мен міндеттемелер алмасудан туындайды.Егер аналық компанияның бақылауындағы және дербес баланстағы еншілес,тәуелді серіктестерден алынған тауарлы материалды босалқылар сату үшін алынған тауарлар басқадай активтер алу қызмет көрсету,жалдау келісімі,лицензиялық келісім ,басқару процесіне жасалынған келісім т.б. бойынша аналық компания өз бақылауындағы еншілес тәуелді серіктестерге берешек болған жағдайда мұндай қарыздар алашақтар қарызы болып табылады.
Аналық компаниямен еншілес ұйымдар арасында кәдімгі коммерциялық қатынастар туындайды.Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген жағдайында көптеген компаниялар өз қызметін еншілес ұйымдар арқылы көптеген компаниялар орперациялар жүргізеді.Қазақстандық бухгалтерлік есеп счеттарының жоспарында еншілес тәуелді және бірлесіп бақыланатын ұйымдардың алашақ қарыздарының бухгалтерлік есебі мына төмендегіше корреспонденцияланады:1.Аналық компаниядан алынған материалдар мен тауарлар операциясы бойынша алашақтар қарызы
Дт «Материалдар»
Кт«Еншілес тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестер» бұлардың жеклеген ұйымдық түрлері бойынша жазылады.
2.Негізгі серіктестерден алынған жұмыстар мен қызметтер бойынша
Дт«Шығындар»бұлардың сыныптық топтары бойынша
Кт«Еншілес тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестер»жазылады.
Алашақтардың басқадай қарыздары есебі.Алашақтардың басқадай қарыздары жеке басты және мүліктерді сақтандырудан,еңбек ақы төлеуден жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын ақшадан жал төлемі міндеттемесін алынған қарыздар бойынша есептелінген пайыздардан құнды қағаздар бойынша пайыздар есептеу және басқалай алашақтар қарызынан туындайды.
Сақтандыру бойынша есеп айырысу.Сақтандыру бойынша есеп айырысу Алашақтардың басқадай қарыздары арқылы жүргізіледі.Бұл счеттың кредитіне:
-жеке басты және мүліктерді сақтандыру жөніндегі келісім шартқа сай ұйымның сақтандыру компаниясына берешек қарызы немесе сақтандыру компаниясының алашағы;
-сақтандыру келісім шартында көрсетілген сақтандырушылықпен орнын толтыруға арналған соманы ұйымның сақтандыру компаниясынан алған кезінде.Кепілді міндеттемелер счетының дебетіне:
сақтандыру компаниясымен жасалынған келісім шарттағы ақша қаражаттары счетынан төлеу;
-сақтандыру компаниясымен жеке басты сақтандыру жөніндегі келісім шартқа сай ақша қаражаттарын Басқадай операциялар бойынша жеке тұлғалармен есеп айырысу счетының кредиті арқылы аудару сияқты операциялар есептелінген сақтандыру сомасы шығындар счетына жазылды.Сақтандыру операцияларының қандай түрі болмасын сақтандырушылық процесіне жауапты қызмет атқарушы бухгалтер Қазақстан Республикасы 18желтоқсан 2000жылғы №126-2 Сақтандыру қызметі жөніндегі Заңның мазмұнын жақсы білуі керек.Аталмыш заңның мәні мен мағынасы қолдану өрісі сақтандыру жөніндегі арнайы пәндерде оқылатын болғандықтан біздер тек есеп жүргізу принципін қарастырдық.
2.3.Төленетін сыйақылар есебі.
Банктерден алынған несиелерге қарызға алынған қаражаттарға мүліктерді жалға алу келісім шартына,құнды қағаздарға т.б.есептелінген пайыздық сыйақылар есебі Төленетін сыйақылар счетында жүргізіледі.Есептелінген сыйақылар сомасы шығындар құрамына
Дт«Сыйақыландыру шығындары»
Кт« Төленетін сыйақылар» счеттары бойынша жазылады.
Пайыздық сыйақыларды төлеу
Дт «Төленетін сыйақылар»
Кт« Ақша қаражаттары» счеттары бойынша жазылады.
Төленетін сыйақылардың аналитикалық жіктеу есебі әрбір заңды және жеке тұлғалар бойынша ашылған есеп айырысу шоттары бойынша жүргізіледі.
Сонымен:
Алынған қаржылық инвестициялар бойынша туындаған алашақтар қарызы Дебет:
Дт: «Қаржылық инвестициялар» банктегі счетқа қате жазылған сомаға
Дт: «Ақша қаражаттары» сатып алушыларға қайтарылған тауарлар бойынша туындаған ҚҚС
Дт: « Міндет атқарушылар қарызы еңбеккерлер мен міндет атқарушылар еңбек ақысынан ұсталынған сомалар»
Дт: «Сатылған тауарларды қайтару» сатылған тауарлар құнын сатып алушылар немесе тапсырыс берушілердің төлегеннен кейін қайтарылған тауарлар құнын туындаған алашақ қарыздар
Дт: «Шығындар»ағымдағы жалдау шығындарын есептеу және маңызына қарай тиісті шығындар счетын пайдалану ұйымның еңбек адамдарын және мүліктерін сақтандыру шығындары
Дт: «Әкімшілік шығындар»есептелінген айп пұл,өсім,тұрақсыздық
Дт: «Бағамдық айырым шығындар» валюта айырбастаудағы бағамдық айырым жоғарылаған жағдайдағы алашақтар қарызы счеттары бойынша жазылады.Осы операциялардың барлығы «Алашақтардың басқадай қарыздары»счетының кредитінен жазылатындығын түсінуімізге болады.
Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі.Жалдық міндеттемелердің есебі.Субьектінің жалдық міндеттеремелері есебі «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шотта жүргізіледі. Негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады.Шоттың кредиті бойынша жалға алушы шаруашылық субьектісінің негізгі құрал жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алғаны үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады.Ал «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шоттың дебеті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі.Бұл шоттың талдымалық есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.