Міндеттемелер аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 13:30, курсовая работа

Описание работы

Арнайы бақылау мен аудиттің арнайы тағайындалуы шаруашылық тәжірибесінің, ғылыми ұйымның немесе жеке экономикалық субьектінің талаптарымен анықталады.Іс – тәжірибеде арнайы аудит бағыттарды және басқа түрлердің қорытындылары мен аудиторлық қызметті жинақтайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. МІНДЕТТЕРДІ АРНАЙЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АУДИТ ЖҮЙЕСІ.............................................................................................................4-10
1.1 Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті.....................................................................................................................4-7
1.2 Кредиторлық берешектің арнайы бақылауы мен аудиті...................................................................................................................7-10
2. БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ БАҚЫЛАУЫ МЕН АУДИТІ............................................................................................................11-20
2.1 Бюджетпен есеп айырысу аудитін өткізу және тексеру...............................................................................................................11-13
2.2 Міндеттемелер мен капиталдар аудиті.................................................................................................................14-15
2.3 Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелер аудитін талдау................................................................................................................16-20
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................21-22
ҚОСЫМШАЛАР...........................................................................................23-25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................26

Работа содержит 1 файл

контроль дайыны.doc

— 223.50 Кб (Скачать)

    Аудиторлық тексерудің одан әрі жүзеге асатын кезеңдері мыналар болып табылады:

  • төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру;
  • жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқуымен байланысты болатын қосымша еңбекақыны рәсімдеу тәртібі;
  • құжаттық рәсімдеу мен іріктеп тексеру;
  • өнімнің ақауын құжатпен рәсімдеу мен оны төлеу;
  • түнгі мезгілдегі жұмысқа төленетін қосымша еңбекақы;
  • жұмыстан тыс уақыттағы еңбекақыны төлеу;
  • мерекелік күндердегі жұмыс істегені үшін еңбекақыны төлеу;
  • іс жүзіндегі заңда қарастырылған жұмыспен өтелмеген уақытқа төлем есептеу;
  • уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу;
  • еңбекақыдан аударымдардың дұрыс ұсталғандығын тексеру;

   Заңға сәйкес еңбекақыдан мыналар ұсталынуы тиіс:

  • зейнетақы қорына аударым;
  • табыс салығы;
  • бұрын берілген аванс бойынша берешекті;
  • арифметикалық қате нәтижесінде артық төленген соманы беруге;
  • пәтер ақы;
  • баланың мектепке дейінгі балалар мекемесінде  тәрбиеленгені үшін;
  • қызметкердердің кәсіпорынға келтірген материалдық зиянның орнын толтыруы;
  • ақшалай артық есептеулер;
  • несиеге сатып алынған тауарлар үшін;
  • газет пен журналдарға жазылғаны үшін;
  • орындалатын үкім бойынша құжаттар, өнім ақауы үшін.

    Жеке табыс салығы ҚР «Салықтар бюджетке мінжетті басқа төдемдер туралы» кодекте белгіленген тәртіп бойынша ұсталынады.

     Зейнетақы жарнасын ұстауы және қызметкерлердің ай сайынғы еңбек ақыдан 10% мөлшерінде ұсталынады.

    Қарызға алынған тауарлар үшін ұсталымдар қызметкерлерге ұзақ пайдалану үшін несиеге тауарларды сату ережелерінде қарастырылған тапсырма – міндеттеме негізінде жасалады. Қызметкерлер келтірген материалдық зиянның орнын толтыру үшін ұсталым кәсіпорын бойынша бұйрық негізінде, не болмаса сот шешімі бойынша атқарылады.

    Тексеру қорытындысында мыналарды анықтау қажет:

  • шығыстарды еңбекке ақы төлеу қорына жатқызудың дұрыстығы;
  • жеке төлемдерді өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығы;
  • бухгалтерлік өткізбелерді еңбекті төлеу қоры бойынша жасаудың дұрыстығы;
  • синтетикалық және аналитикалық есепті, жиынтық мәліметтерді және еңбекке ақы төлеу қоры бойынша бухгалтерлік есеп беру формаларын толтыруды жүргізудің дұрыстығы;
  • 3350 шоты арқылы орындайтын үкім қағазы және депозитке салынған еңбекақы, 8, 10 журнал – ордерлердегі жазбасы, Бас кітап баланс жағынан аналитикалық есеп жазбаларына сәйкестігі.
 
 

2.2 МІНДЕТТЕМЕЛЕР МЕН КАПИТАЛДАР АУДИТІ 

    Капиталдың құрылымы жарғылық капиталдан, резервтерден, төленбеген капиталдардан, эмиссиялық кірістен, бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) мен қорытынды пайдадан (қорытынды залал) тұрады, соның әрқайсысына аудитор тексеру бағдарламасын жасау керек.

    Құрылтайшылармен есеп айырысу кезінде және жарғылық капиталды құру кезінде қателер мен олқылықтар туындауы мүмкін.

    Олардың кейбіреулері:

  • құрылтайшылардың жарғылық капиталға өз үлесін уақытында немесе толық салмауы осы серіктестіктің ынталы адамдарының шағымы негізінде сот шешімімен таратылуына негіз болады.
  • акционерлердің тізіміне өз уақытында кіргізілмеуі;
  • құжаттардың негізгі нұсқасы немесе олардың заң жүзінде бекітілген көшірмелерінің болмауы;
  • акционерлік қоғам мен серіктестіктер үшін жүргізілген маңызды келісімдердің акционерлер мен құрылтайшылардың жалпы жиналысының келісімінсіз жасалуы;
  • құжаттардағы жазбалардың себепсіз және оны растайтын қолдарсыз түзетілуі;

    Аудитті қорытындылау үдерістері болып, бүгінгі күні қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес капиталды есептеуде табылған ауытқуларды жинақтап, оларды жою туралы жасалған ұсыныстар саналады.

  Ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелер бөлімдері қаржылық есептілік аудитінің ең қиын бөлімі болып табылады. Олардың ішінде:

  • еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп ауырысу аудиті;
  • бюджетпен есеп айырысу аудиті.

   Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу аудиті кадрлар бөлімімен сөйлесуден басталады.

    Еңбекақы төлеудегі бақылау жүйесінің тиімділігіне онша көп мән берәлмейді, себебі кәсіпорынның еңбекақы жөніндегі көптеген операциялары жеткілікті бағаланады және негізделеді.

    Бюджетпен есеп айырысу аудиті келесі бухгалтерлік шоттарды зерттеуден басталады.

Бухгалтерлік  шоттарды зерттеу 

Бұрынғы шот  № Шот атауы Дебет Кредит Есеп беру мерзімдері
1 2 3 4 5
631 Корпорациялық табыс салығы 7710 3110 Келесі жылдың 31 наурызынан кешікпей 81 – 152 СК бап
632 Мерзімі кейінге  қалдырылған 7710 4310 Жылдық декларация құрған кезде
633 Қосымша құн  салығы 1420 3130 Салық кезеңінен  кейін 15 күннен кешікпей 228 – 276 СК бап
634 Акциздер 1210 3140 Салық кезеңінен  кейін 15 күннен кешікпей 255 – 273 СК бап
635 Әлеуметтік  салық 7110,

7210,

8110,

8210,

8310

3150 Есеп берілетін  тоқсаннан кейін 15 күннен кешікпей 355 – 364 СК бап
636 Жер салығы 7210 3160 Есеп беру кезеңінің 31 наурызынан кешікпей 372 – 393 СК бап
637 Мүлік салығы 7210 3180 394 – 410 СК  бап
638 Көлік құралдарына  салынатын салық 7210 3170 365 – 371 СК  бап
639 Жеке табыс  салығы 3350 3120 153 – 187 СК  бап
639 Өзге салықтар   3190  

  

      Тәжірибеде  көптеген кәсіпкерлер аудит жүргізуді  салық есептіліктерін тексеру мен  ревизорлар жұмысы ретінде көреді, бұл оның маңыздылығын төмендетеді. Көптеген жағдайда аудиторлық тексерулер салық төлемдерін тексеруден тұрады, ал заңнамаға сәйкес бұл аудиттің ілеспе қызметі болып саналады. Аудиторлар негізінен қаржылық есептіліктің саплы жасалғанын тексеріп, соған жауапты болады. Бірақ бұл жағдайда аудиторлар кінәлі емес, көп жағдайда тапсырыс берушілер олардан салық есептеулерін тексеруді сұрайды. 
 

2.3 ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР АУДИТІН ТАЛДАУ 

    Ағымдағы міндеттемелерге қысқа мерзімді банк заемдары, банк мекемелерінен тыс заемдар және кредиторлық берешек жатады. Шаруашылық жүргізуші субьект есеп саясатына сәйкес, әр түрлі аналитикалық есеп регистрлері – карточкалар, журналдар және т.б. қолдануына болады. Нақты қарастырылған аналитикалық есеп кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерге жүргізілетін ішкі бақылау жүйесін дұрыс бағалау тексерушілерге көмектеседі.

    Қысқы мерзімді заемдардың алынуы және қайтарылуына байланысты операциялар 3010 – 3020 «Қысқа мерзімді займдар» шоттарында жүреді. Бұлар пассивтік шоттар болып табылады және олардың қалдығы есеп беру кезеңінің қайтарылмаған қарызын көрсетеді. Субьект несиені алған жағдайда дебеттелетін шоттар: 1040, 1050, 1070, ал кредиттелетін шоттар сол 3010 – 3020. Несиенің қайтарылу жағдайында аталған 3010 – 3020 шоттар дебеттелініп, 1040, 1050, 1070 шоттар кредиттелінеді. Қысқа мерзімді заемдардың аналитикалық есебі займдарды берген банктердің түрлері бойынша және кредиторлар бойынша жүргізіледі. Аудиторға мыналарды тексеру керек:

     а) займ үшін төленген пайыздардың дұрыстығын және оларды кезеңдік шығыстарғы дұрыс  апарылғандығын;

     ә) 3010, 3020 шоттар бойынша №4 журнал –  ордер, баланстағы синтетикалық және аналитикалық есептің дұрыстығын;

     б) «Ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігі» деген бабының көрсеткіштері  баланстағы «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөліміне кіргізілуін тексеру;

     в) осы бап бойынша зайымдардың  қайтару мерзімінің орындалуы, көрсетілген сомалардың нақтылығын тексеру;

     г) «Овердрафт» бабы бойынша көрсеткіштердің  дұрыс анықталуын және уақытылы төленбеген банк заемдары бөлек есептелінуі  керектігін;

     д) 3020 шотының аналитикалық есебінің мәліметтерін тексеру;

     е) вексельге коммерциялық несие және қарыздық міндеттемелерге жататын серіктестік несие түрінде ұсынылған банк мекемелерінен тыс алынған қысқа мерзімді заемдардың есептесуінің жағдайын тексеру;

     ж) шығарылған облигацияларды қайтару  және үйлестіріп тарату, вексельдердің  берілуі және төленуі, қызметкерлер үшін алынған заемдарды және т.б. байланысты операциялар 3050 «Басқа да қаржылық міндеттемелер» шотымен тексеріледі.

    Жүргізілетін тексерулердің нәтижесі кәсіпорында қысқа мерзімді займдардың аналитикалық есебінің жүргізілмейтінін немесе оның нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді. Сол себепті жұмыс уақытын үнемдеу мақсатында аудиторға банкілік және банк мекемелерінен тыс зайымдар бойынша пайыздардың есептелуінің дұрыстығы дер кезінде әрқашанда тексеріле бермейді. Осыған ұқсас жағдайларға байланысты аудиторға негізгі белгілері  бойынша барлық несиелік шараларды топтастырып, содан кейін банк зайымдары бойынша пайыздардың есептелуінің дұрыстығын және олардың кәсіпорын балансында дұрыс көрсетілуін тексеру керек.

    «Негізгі құралдар» 16 ХҚЕС – ке сәйкес материалдық активтер мына шарттар бойынша негізгі құралдар бойынша саналады:

  • бұл активтерді пайдаланудан келешекте экономикалық пайда табу ыөтималдығы бар;
  • активтердің құны шын мәнінде дұрыс бағалануы мүмкін.

    Аудиторға аудиторлық бақылаудың алдында тексерілетін бухгалтерлік құжаттардың тізбесіне көңіл бөлу қажет. Себебі осы құжаттардың негізінде тексеру жүреді.

    Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтер аудиті ақпараттарының негізі блатын бухгалтерлік құжаттар төмендегідей:

Негізгі бухгалтерлік құжаттар

Реттік  № Нысанның № Нысанның атауы
1 2 3
1.   Есеп саясаты
2.   Бас кітап, бухгалтерлік есептің тіркелімдері
3. НҚ – 1 Негізгі құралдарды қабылдау – жіберу актісі
4. НҚ – 2 Қайта құрылған, жаңғыртылған және жөнделген обьектілерді қабылдау – жіберу актісі
5. НҚ – 3 Негізгі құралдарды есептеп шығару актісі
6 НҚ – 4 Автокөлік құралдарын есептеп шығару актісі
7. НҚ – 5 Негізгі құралдар есебінің түгендеу карточкасы
8. НҚ – 6 Негізгі құралдардың  есебі бойынша түгендеу карточкаларының  тізімдемесі
9. НҚ – 7 Негізгі құралдар қозғалысының есеп карточкасы
10. НҚ – 8 Жалға берілген есеп карточкасы
11. НҚ – 9 Негізгі құралдардың  түгендеу тізімі
12. НҚ – 10 Құрал – жабдықтау  қабылдау акті
13. НҚ – 11 Монтажға өқрал  – жабдықтарды қабылдау – жіберу акті
14. НҚ – 12 Құрал – жабдықтардың анықталған ақау актісі
15. ТІЗ – 1  Негізгі құралдың түгендеу тізімдемесі
16. ТІЗ – 2  Материалдық емес активтердің түгендеу тізімдемесі
17. ТІЗ – 11 Негізгі құралдарды түгендеу нәтижелерінің салыстыру  ведомосы
18. МЕА – 1 Материалдық емес активтерді өабылдау – жіберу акті
19. МЕА – 2 Материалдық емес активтердің есеп карточкасы

Информация о работе Міндеттемелер аудиті