Міндеттемелер аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 13:30, курсовая работа

Описание работы

Арнайы бақылау мен аудиттің арнайы тағайындалуы шаруашылық тәжірибесінің, ғылыми ұйымның немесе жеке экономикалық субьектінің талаптарымен анықталады.Іс – тәжірибеде арнайы аудит бағыттарды және басқа түрлердің қорытындылары мен аудиторлық қызметті жинақтайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. МІНДЕТТЕРДІ АРНАЙЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АУДИТ ЖҮЙЕСІ.............................................................................................................4-10
1.1 Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті.....................................................................................................................4-7
1.2 Кредиторлық берешектің арнайы бақылауы мен аудиті...................................................................................................................7-10
2. БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ БАҚЫЛАУЫ МЕН АУДИТІ............................................................................................................11-20
2.1 Бюджетпен есеп айырысу аудитін өткізу және тексеру...............................................................................................................11-13
2.2 Міндеттемелер мен капиталдар аудиті.................................................................................................................14-15
2.3 Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелер аудитін талдау................................................................................................................16-20
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................21-22
ҚОСЫМШАЛАР...........................................................................................23-25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................26

Работа содержит 1 файл

контроль дайыны.doc

— 223.50 Кб (Скачать)

   Оларға төлеу мерзімі келмеген акцептелген есеп – қисап құжаттары бойынша жабдықтаушыларға берешек және бюджетке төлемдері өтіп берешектер саналады.

    Ақталмаған кредиторлық берешек болып бюджет пен есеп айырысу бойынша қаржы органдарына, еңбекті өтеу бойынша кәсіпорын қызметкерлеріне. Мерзімінде төленбеген есеп – қисап құжаттары бойынша жабдықташыларға және т.б. мерзімі өткен берешектер саналады.

    Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес кредиторлық берешектің аудиті мына шоттарда жүргізіледі;

    Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек;

   4110 – Жабдықтаушылар мен мердігерлерге  ұзақ мерзімді берешегі.

   4120 – Енщілес ұйымдарға ұзақ  мерзімді кредиторлық берешегі.

   4130 – Ассоциацияланған және бірлескен  ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық берешегі.

   4140 – Филиалдар мен құрылымдық  бөлімшелерге ұзақ мерзімді кредиторлық  берешегі.

   4150 – Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешегі.

   4160 – Төленуге тиісті ұзақ  мерзімді кредиторлық берешектері.

   Қысқа мерзімді кредиторлық берешек:

   3310 – Жабдықтаушылар мен мердігерлерге  қысқа мерзімді берешегі.

   3320 – Еншілес ұйымдарға қысқа  мерзімді кредиторлық берешегі.

   3330 – Ассоциацияланған және бірлескен  ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық  берешегі.

  3340 – Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешегі.

   3350 – Еңбекақы бойынша қысқы  мерзімді кредиторлық берешек.

   3360 – Жал бойынша қысқа мерзімді  кредиторлық берешегі.

   3370 – Ұзақ мезімді кредиторлық берешектердің ағымдағы бөлігі.

   3380 – Төленуге тиісті ұзақ мерзімді сыйақылар.

   3390 – Басқа да қысқа мерзімді кредиторлық берешектер.

    Кредиторлық берешекті тексерудің басты міндеттері мыналар:

  • берешектердің төлем тәртібі сақтадғанын тексеру;
  • оларды есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтің және басқа құндық көрсеткіштердің нақтылығын тексеру;
  • кредиторлық берешек сомаларының шынайылығын тексеру;
  • есептіліктерді реттеу мен кредиторлық берешекті азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

    Кредиторлармен есеп айырысу жағдайын бақылауды ұйымдастыру келісімшарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментте және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру сапасы мен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешекті қысқартуға және шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

    Аудитор 3310 шотын тексерген кезде оның қалдығын 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотымен салыстыру керек, ал 4110 шотын тексерген кезде оның қалдығын 2110 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» шотымен сәйкестігін салыстыру керек, ол жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі ақпаратты жинақтап қорытуға арналған:

  • алынған ТМҚ мен айналымнан тыс активтер, орындалған жұмыстар мен тұтынылған қызметтер;
  • алынған ТМҚ, айналымнан тыс активтер, есеп – қисап құжаттары әлі түспеген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;
  • қабылдау кезінде табылған ТМҚ артығы мен айналымнан тыс активтер;
  • тасымалдау мен тағы да сол сияқты бойынша алынған қызметтер.

    Бұл шот бойынша есептеулер негізгі мынадай екі баыт бойынша жүргізілуі керек:

  • Қабылданған материалдық құндылықтар, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін төлемнің дұрыстығын талдау.
  • Жабдықтаушылардан алынған ТМҚ кіріске алудың толықтығын талдау.

    Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды тексеру бойынша аудитор бағдарлама жасағанда, ішкі бақылау мен есеп жағдайын анықтайтын ішкі аудит жұмысына да, жүргізілген жұмысқа қаншалықты сүйенетіндігін анықтауы тиіс.

    Берілген құжаттардың көшірмелері негізінде қуыным өтініштеріндегі жабдықтаушылардың кінәларының айғақтылығын анықтайды. Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысуды тексере келе, өткізілген операциялардың құжаттық негізделуін анықтау, құжаттардың түпнұсқалығы мен оны толтырудың дұрыстығына көз жеткізу, барлық ақтайтын құжаттардың болуына назар аудару, ал жекелеген жағдайларда – ыңғайласпа тексеру өткізіп, банкіден құжаттардың көшірмелерін сұрату керек.

    Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу операциясын бақылай келе, аудитор бухгалтерлік өткізбелерді құрастырудың дұрыстығын тексергені жөн. Өндірістегі шығындар есептеліп, оларды өндірістің өзіндік құнына, шаруашылық субьектінің қаржылық нәтижелеріне әсер ететін көптеген қателерді есепке ала отырып, есеп – шоттардағы операциялардың бейнеленуіне айрықша назар аударылады.

   Уақыты ертеде өтіп кеткен берешекті айқындау үшін оның уақытын талдай келе, мына топтарға құрастырамыз:

  • бір айға дейінгі;
  • бір айдан үш айға дейінгі;
  • бір айдан алты айға дейінгі;
  • алты айдан бір жылға дейінгі;
  • бір жылдан жоғары.

    Осы уақыттар негізінде аудитор қаржылық – есеп айырысу тәртібін бұзу дәрежесін анықтайды. Осы істер бойынша сәйкестілігіне жасалған пайымдаулар түпнұсқаның ақтаушы құжаттарға негізделуі және бекітілуі тиіс, ол құжаттар: шот фактура, жөнелтпе қағаздар, қолхаттар, чектер, төлемқұжаттары, түгендеу тізімдемелері, біріктеру ведомостары, материалдық жауапты және лауазымды тұлғалардың түсіндірмелері және т.б. болуы мүмкін. 

    Қорытынды аудитор шот корреспонденцияларын құрастыру дұрыстығын тексереді. 

Аудит процедурасы Ақпарат көздері
1 2
ТМҚ алуға  арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы  мен бар екендігін тексеру Шарттар, шот  – фактуралар, төлем – тапсырмалары, кірістік құжаттар және т.б.
1 2
ТМҚ –  дың саны мен сапасы жөніндегі  тілек – талаптарды рәсімдеудің  дұрыстығын, нақтылығын және уақыттылығын тексеру Тиісті құжаттарды жабдықтаушыға, темір жолға немесе кеме шаруашылығына талаптар, 8 журнал – ордер, Бас кітап және т.б.
Алынған құндылықтарды кіріске алудың немесе орындалған жұмыс пен көрсетілген  қызмет есебінің толықтығы мен уақыттылығын тексеру Қабылдау актілері, жүк құжаттары, шот – фактуралар, кассалық кірістік ордерлер, қойма  есебі карточкалары, материалдар есебі тізімдемесі, 6 журнал – ордер, Бас кітап, баланс және т.б.
Жабдықтаушылар  мен мердігерлерге берешектің анық сенімділігін, шынайылығын, нақтылығын және заңдылығын тексеру Шарттар жобалық  – сметалық құжаттама, орындалған жұмыс  актілері, шот – фактуралар, төлем тапсырмалары, 6 журнал – ордер, Бас кітап, баланс және т.б.
Вексельдерді  пайдаланып, жабдықтаушылармен ҚҚС  алып тасталғанын және олармен есеп айырысудың дұрыстығын тексеру Вексель, кірістік төлем құжаттары, 5, 6 журнал – ордерлер, салықтық шот – фактуралар, ҚҚс жөніндегі салық декларациясы, Бас кітап және т.б.
Берілген  шот корреспонденциялар жайлы мәліметтерді тексеру, аналитикалық есеп мәліметтерінің синтетикалық есеп мәліметтеріне сәйкестігі Шот – фактуралар, төлем тапсырмалары, 6 журнал – ордер, Бас кітап, баланс, әдістемелік ұсынымдар
 

  

  

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ БАҚЫЛАУ МЕН АУДИТІ 

2.1 БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ БАҚЫЛАУЫ МЕН АУДИТІ

  

    Бюджетпен есеп айырысу аудитін өткізгенде тексеруге жататын жалпы мәселелер мыналар болып табылады:

  • салық салынатын негізді анықтаудың толықтығы және дұрыстығы;
  • салық мөлшерлемесінің және басқа төлемдерді қолданудың, сондай – ақ төлемді есептегенде арифметикалық есептің дұрыстығы;
  • жүргізілетін есептеулердің заңдылығы мен негізділігі және салық төлеуде жеңілдіктерді қолдану;
  • салық инспекциясына төлем түрлері бойынша есеп беруді ұсынуды құрастырудың дұрыстығы мен өз уақыттылығы;
  • бюджетпен есеп айырысудың талдамалық және жинақтамалары есебін жүргізу дұрыстығы;
  • талдамалық және жинақтамалы есептер жазбаларының Бас кітаптағы және субьекті балансы жазбалармен сәйкестігі.

    «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінде «Салықтар бойынша міндеттемелер» атты жеке бап бар. Оның дұрыстығын тексеру үшін мәліметтерді Бас кітаптағы «Төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы» 3110 шоты, «Қосылған құн салығы» 3130, «Жеке табыс салығы» 3120, «Әлеуметтік салық»3150, «Басқа да салықтар» 3190 шоттары обьектінің бюджетке төлейтін салықтары бойынша ағымдағы кредиторлық берешегі туралы ақпараттарды жинақтауға арналған.

    Аудитор әрекет етуші заңдарды мұқият зерттеу негізінде салық төлеу негізі мен салық мөлшерлемесінің өзгеруінің салық төлеуде жүргізілген есептердің заңдылығы мен негізділігін ең алдымен тексеруі тиіс.

    Корпоративтік салық бойынша бюджетпен есеп айырысуды және кейінгі шегерілген корпоративті салықты тексергенде, қосылған құн салығы , акциздерге, бағалы қағаздармен операцияларға салық, арнайы төлемдер мен жер қойнауын пайдаланушылар салығы, ол жалпы мемлекеттік салықтар бойынша бюджетке төленген төлемнің дұрыстығы мен уақыттылығын тексереді.

    Әсіресе, шаруашылық субьектінің салық төлемі дұрыстығын тексергенде мына сияқты жергілікті салықтарға назар аударылады:жер салығы (Д - т 7710, 7210, 8010, К – т 3160) , жеке табыс салығы (Д – т 3550, К – т 3120) , әлеуметтік салық (Д – т 1620, 7110, 7210, 8010, 8020, 8030, 8040, К – т 3150) , мүләк салығы (Д – т 7110, 7210, 8010, К - т 3180)

    Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі міндеті – еңбекақы төлеуде нормативтік – құқықтық актілердің сақталуына бақылау жасау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады. Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекақы төлеуді есептеу жөніндегі алғашқы құжаттар уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемдерді есептеу, нормативтік құжаттар, бұл операцияны реттейтін ҚР «Еңбек туралы заңы», қызметкерлердің еңбегі бойынша мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және т.б. басшылыққа алынады.

    Қызметкерлермен еңбек ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеруді әр айдың бірінші күніндегі 3350 шоты бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің және бухгалтерлік баланстағы, бәр уақытта Бас кітаптағы жазулармен сәйкестігін анықтап бастаған жөн. Бұл үшін Бас кітаптағы қарастырып отырған айлардың бірінші күндегі 3350 шот бойынша тізімдеме ведомосының жиынтық сомасымен кәсіпорын балансындағы көрсеткішімен салыстыру керек. Айырмашылық табылғанда олардың себептерін анықтау керек. Сондай – ақ мәліметтерді депозитке салынған еңбекақы есеп кітабы көрсеткіштермен салыстыру керек. Сосын алғашқы құжаттардың анық сенімділігін, толтырылу дұрыстығын, олардың еңбек ақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін есептеу мен төлеу бойынша нормативтік құжат талаптарына сәйкестігі тексеріледі.

    Еңбекті уақыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесімді еңбекақы төлеуде – жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тексеріледі. Еңбек ақы төлеу есебі жөніндегі алғашқы құжаттарды тексергенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар немесе жоқтығын, барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын, құжаттарда тазартылып өшірілген түзетулердің бар немесе жоғын т.б. анықтайды.

    Жұмыс уақыты мен нарядтар есебі табелін, сондай – ақ еңбекті төлеуді есептеу жөніндегі алғашқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шығарылған, яғни жасанды тұлғаларды кіргізу жағдайлары бар немесе жоқтығын тексеру керек. Бұл үшін оларды берген уақыттағы нарядтағы талдап шығу, нарядтар мен жұмыс уақытының есебі табельдеріндегі жұмысшылардың аты – жөндерін, жеке құрам есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтерімен салыстыру керек. Бұрын төленген алғашқы құжаттар бойынша қайталап есептеу жағдайлары бар немесе жоқтығын, бір адамның аты – жөндері бірнеше есептеу – төлемдік ведомостарда қайталануын тексеру де маңызды болып табылады. Кәсіпорынның тізімдік құрамында жоқ, аз уақыт жұмыс істеген адамдарға жазылған нарядтарға, сондай – ақ төмен сапамен орындалған жұмысты қайта жасап, ақауды жою бойынша нарядтарға ерекше назар аудару қажет және алғашқы құжаттармен есептік ведомостарды тексергенде арифметикалық санаудың дұрыстығына ерекше көңіл бөлу керек.

Информация о работе Міндеттемелер аудиті