Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 13:30, курсовая работа
Арнайы бақылау мен аудиттің арнайы тағайындалуы шаруашылық тәжірибесінің, ғылыми ұйымның немесе жеке экономикалық субьектінің талаптарымен анықталады.Іс – тәжірибеде арнайы аудит бағыттарды және басқа түрлердің қорытындылары мен аудиторлық қызметті жинақтайды.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1. МІНДЕТТЕРДІ АРНАЙЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АУДИТ ЖҮЙЕСІ.............................................................................................................4-10
1.1 Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің аудиті.....................................................................................................................4-7
1.2 Кредиторлық берешектің арнайы бақылауы мен аудиті...................................................................................................................7-10
2. БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ БАҚЫЛАУЫ МЕН АУДИТІ............................................................................................................11-20
2.1 Бюджетпен есеп айырысу аудитін өткізу және тексеру...............................................................................................................11-13
2.2 Міндеттемелер мен капиталдар аудиті.................................................................................................................14-15
2.3 Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелер аудитін талдау................................................................................................................16-20
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................21-22
ҚОСЫМШАЛАР...........................................................................................23-25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................26
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1.
МІНДЕТТЕРДІ АРНАЙЫ
БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АУДИТ
ЖҮЙЕСІ........................
1.1 Ағымдағы
және ұзақ мерзімді міндеттемелердің
аудиті........................
1.2 Кредиторлық
берешектің арнайы бақылауы мен
аудиті........................
2.
БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ
БАҚЫЛАУЫ МЕН АУДИТІ........................
2.1 Бюджетпен
есеп айырысу аудитін өткізу
және тексеру..................
2.2 Міндеттемелер
мен капиталдар аудиті.........
2.3 Қысқа
және ұзақ мерзімді
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОСЫМШАЛАР....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Арнайы бақылау мен аудиттің арнайы тағайындалуы шаруашылық тәжірибесінің, ғылыми ұйымның немесе жеке экономикалық субьектінің талаптарымен анықталады.Іс – тәжірибеде арнайы аудит бағыттарды және басқа түрлердің қорытындылары мен аудиторлық қызметті жинақтайды.
Қаржылық есеп берудің негізгі элементтерінің бірі – шаруашылық субьектіде қолданылатын міндеттемелер ретінде арнайы бақылау мен аудитте жиі кездесетін жағдайларды қарастырады.Бақылау – талдау қызметінің басқа аймақтары мен аспектілерінде қолданылатын арнайы бақылау мен аудитке келсек, кейінгі бөлімдерінде қарастырылатын жекелеген нәтижелерді. Жаңа іздестіру зетрреулерін талап етеді.
Міндеттемелер – бұл ұйымның осы есепті уақытында бар нақты берешегі оны өтеу үшін қарсы жақтыңң наразылығын қанағаттандыруда ресурстың жылыстауы түріндегі экономикалық пайданың кемуіне алып келеді.
Міндеттемелер - өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижелерін болып табылады және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Міндеттемелер, егер ұйымның қалыпты операциялардың циклы кезінде төлеу балансынан кейін 12 ай ішінде жүргізіледі деп болжанса, ағымдағы мерзімді деп жіктелуі тиіс. Барлық басқа міндеттемелер ұзақ мерзімді деп жіктеледі.Шаруашылық субьекті есептеушінің қабылданған есеп саясаты қолданылатын нысанына сәйкес әр түрлі талдамалық есеп – карточкалар, ведомостар журнал және т.б. регистрін қолдана алады. Жан – жақты ойластырылған және жақсы қойылған талдамалық есеп тексерушіге кәсіпорын міндеттемелер үшін ішкі бақылау жүйесі жағдайына дұрыс баға беруге көмектеседі.
Бақылауды тиімді ұйымдастыру кредиторлар
мен айырысу жағдайына және есеп айырысу
тәртібіне, тапсырылған сұрыпталым мен
сапада өнім жеткізу бойынша міндеттемелерді
орындауға төлем тәртібін сақтау жауапкершілігін
көтеруге және соңында шаруашылық субьектінің
қаржылық жағдайын жақсартуға қабілеттілікті
бекітуге көмектеседі. Аудитордың субьектінің
кредиторлық берешегін тексерген кездегі
басты мақсаты – оның баланста бейнеленген
көлемінің нақтылығы мен дәлдігін белгілеу
болып табылады. Ол үшін оған баланстық
мәліметтерде жазылғандарды Бас кітаппен,
журнал - ордермен, ведомостылармен
және басқа да есептік регистрлармен салыстыру
қажает. Бухгалтерлік баланстың « Қысқы
мерзімді міндеттер» бөлімінде «Ұзақ
мерзімді зайымдардың ағымдағы бөлімі»
бабы келтірілген. Аудитор оны тексерген
кезде ұзақ мерзімді кредит талдамалық
есебінің мәліметтері бойынша зайымдарды
төлеу уақыты мен осы бап бойынша негізділігін
белгілеу қажет.
1.
МІНДЕТТЕРДІ АРНАЙЫ
БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ АУДИТ
ЖҮЙЕСІ
1.1
АҒЫМДАҒЫ ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ
АУДИТІ
Ағымдағы міндеттемелерге банктің қысқы мерзімді қарыздары, шаруашылық субьектінің кредиторлық берешегі жатады. Банктің қысқы мерзімді қарыздары бір жылдан аса уақытқа қолданылатын нормативті құжаттарға сәйкес беріледі, мысалы, жөнелтілген тауарлардың нақтылы құжат айналымы уақытына тең, бірақ 30 күннен аспайды. Қысқы мерзімді кредиттерді алу және өтеумен байланысты есепшоттық – кредиттік операциялар 3010 – 3020 «Қысқа мерзімді қарыздар» және 4010 – 4020 «Ұзақ мерзімді қарыздар» шоттарында есепке алынады.Қысқа мерзімді қарыздардың талдамалық есебі оны ұсынңан банк кредиті және жекелеген критерийлер бойынша жүргізіледі. Қысқа мерзімді кредит түрінде ұсынатын овердрафт, сенімді клиентке оның шотында қалған ақшалай қаржы қалдығынан жоғары, сондай – ақ уақытында төленбегендері жеке есептеліп беріледі.
3010 – 3020 «Қысқы мерзімді займдар» мен 4010 – 4020 «Ұзақ мерзімді займдар» шотының аналитикалық есебі займ берушілермен кредитті өтеу уақыты бойынша жүргізіледі.
Қысқа мерзімді займдар коммерциялық кредит векселі мен қарыздық міндеттемелердің «серіктестік» кредиті сипатында жиі көрінеді. Баланста алынған қысқы мерзімді займдардың дұрыс бейнеленуін тексере келе, аудитор мынаны белгілеуі тиіс:
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады:
Банкілердің және банкіден тыс мекемелердің ұзақ мерзімді заемдары 1 жылдан жоғары мерзімге беріледі, ол заемдар жаңа техниканы, қымбат жабдықтарды сатып алу, өндірісті кеңейту және т.б. бағдарламаларды іске асыру үшін алынады.
Заемдарды алу және өтеу бойынша операцияларының арнайы аудитін өткізу үшін «Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына (ХҚЕС)» сәйкес,келесі көрсетілген шоттар: 4010 «Ұзақ мерзімді банк заемдары», 4020 «Ұзақ мерзімді алынған заемдар», 4030 «Өзге де ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» қолданылады. Оларға 1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары», 1020 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты», 1040 «Ағымдағы банкілік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты», 1050 «Ағымдағы банкілік шоттардағы валютамен ақша қаражаты» және басқа шоттар мен корреспонденцияда алынған заемдар сомалары несие бойынша, ал дебеті бойынша – ақшаның есебі жүргізілетін шоттармен корреспонденцияда өтелген зайымдар сомасы беріледі.Зайымдарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк ережелеріне және заем алушы ұйым мен арасындағы несиелік шартпен рәсімделеді, онда несиелеу обьектісі, займды беру мен қайтару мерзімдері, құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдайлар көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексергенде, аудитор алдымен баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы мен соңындағы қалдықтың Бас кітаптағы жоғарыда аталған шоттары мен журнал – ордердің мәліметтеріне қарап сәйкестігін анықтауы тиіс. Бірақ осыны бірден істеуге болмайды, өйткені баланста синтетикалық есептің қалдықтары емес, аналитикалық есептің мәліметтері келтіріледі. Бір сөзбен айтқанда, баланстың «Қамтамасыз етілген заемдар», Қамтамасыз етілмеген заемдар» және «Ұйымдардың бір – біріне және еншілес ұйымдарға беретін қарыздары» баптары аналитикалық есеп мәліметтері негізінде толтырылуы тиіс. Сондықтан аудитор синтетикалық есептің аналитикалыққа сәйкес болуына баса назар аударуы тиіс. Атап айтатын жайт 4010, 4020, 4030 шоттары бойынша аналитикалық есеп мерзімінде өтелмеген заемдар, оларды берген банктердің түрлері бойынша: заем берушілеер мен заемды өтеу мерзімдері бойынша мәліметтер банк көшірмелерімен расталуы тиіс. Заемдарды банктер тиісті қамтамасыз етуге немесе кепілдікке және белгілі бір мақсаттарға беруге тиісті болғандықтан, біріншіден, кәсіпорын басшысын қамтамасыз ету құрамына кіруін немесе кепілдікті, екіншіден – заемды мақсатты пайдаланғанын тексеру керек. Үшіншіден, оларды ынталандырудың толықтығы мен уақыттылығына ерекше назар аудару қажет. Бұл үшін банк көшірмелерін тексеру керек. Қайтару мерзімі бұзылғанда осының себебін анықтау талап етіледі.
Басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыздарды тексергенде, аудитор заем берушілермен мәліметтерді салыстыру нәтижелерімен анықтауға тиісті, қайтарылмаған заемның қаржы қалдықтарының дұрыстығын анықтауы тиіс. Аудитор бір мезгілде басқада кәсіпорындардан заем алудың негізділігі мен заңдылығында да, сондай – ақ оларды өтеудің толықтығы мен мерзіділігін тексеруі тиіс. Сонымен өатар аудитор қарыз және алынған несие үшін пайыз тқлеудің дұрыстығын тексеріп, сондай – ақ кәсіпорынның өтелмеген заем қалдықтарымен бірге осы қарыз үшін банкке тиесілі пайызды көрсету жайлы шешім қабылдағанын анықтауы тиіс. Пайыздар сомасы банкілердің заемдары жөніндегі пайыздарды төлеу бойынша, шығыстар есебінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденцияда ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
Тексеру кезінде аудитор берешек кәсіпорынға берілген вексельдермен қамтамасыз етілгенін, ұзақ мерзімді заемдар шотынан есептеп шығарылмайтынын, вексельдік операциялар есебі ережелерінен сәйкес ескерілетінін назар аударуы тиіс. Ұзақ мерзімді міндеттемелерге, сондай – ақ «Кейінге қалдырылған салықтар» бабы жатады. Бұл отандық бухгалтерлік есептің мүлдем жаңа обьектісі, жаңа термин, оның және «Салықтық төлем» , «Табыс салығы» , «Салықтық табыс» , «Салықтық эффект» , тағы басқаларының мазмұны «Табыс салығы бойынша есеп» БЕС – да ашылып көрсетіледі, ал ХҚЕС бойынша стандартында қарастырылған, аудитор «Мерзімді ұзартылған корпоративтік табыс салығы» бабына байланысты тексерудің мына ерекшеліктеріне назар аударуы тиіс::
1.2 КРЕДИТОРЛЫҚ
БЕРЕШЕКТІҢ АРНАЙЫ БАҚЫЛАУЫ МЕН АУДИТІ
Кредиторлық берешек – кәсіпорынның басқа заңды, жеке тұлғаларға міндеттемелері(берешегі).
Қалыптасу сипатына байланысты кредитолық берешек қалыпты және аяқталмаған, мерзіміне байланысты ұзақ және қысқа болып бөлінеді.
Қалыпты кредиторлық пен кәсіпорынның бизнес жоспарын орындау барысында немесе есеп айырысудың іс жүзіндегі формаларымен байланыстығын санаған жөн.