Мемлекеттің фискалдық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 20:15, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің фискалдық саясаты атты курсттық жұмыста мынадай мәселелерге тоқталып кетеміз: Экономиканы мемлекеттік реттеу тарауында экономиканы мемлекеттік реттеудің не екенін біліп, оның толықтай мән – мағынасын ашамыз. Экономиканы реттеудің негізгі бағыттары мен бастапқы қалпын, әдістерін қарастырамыз. Несие ақша саясаты, бағаны және табысты реттеу саясаты, мемлекеттің фискалдық саясатын оның ішінде дискрециялық және дискрециялық емес саясатты, қазыналық экспансия мен қазыналық шектеуді толықтай қарастырып өтеміз.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................... 3
І ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ..................................... 4
I. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдық- методологиялық негіздері............................................................................. 4
I. 2 Өтпелі экономика кезеңіндегі макроэканомикалық процестерді мемлекеттік реттеу.........................................................................................11
I. 3 Мемлекеттің фискалдық саясаты..........................................................13
ІІ. ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ...............17
II. 1 АҚШ – та соңғы уақытта қазыналық саясаттың жүргізілуі............ 17
II. 2 Шығыс Еуропа мен оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі нарықтық қатынастарды дамыту және экономиканы мемлекеттік реттеу....................19
II. 3 Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тәжірибесін пайдалану мәселелері.................................................................23
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ САЛЫҚ САЯСАТЫ.....................................................................................................27
III. 1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы............................................27
III. 2 Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы.................36
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................46

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттің фискалдық саясаты.docx

— 61.40 Кб (Скачать)

Бюджет  шығыстарының функциялық сыныптамасы  барлық  деңгейлер бюджетінің шығыстарын топтастыру болып табылады, ол мемлекет функцияларының орындалуын, республикада  мемлекеттік саясаттың  жүзеге асырылуын  қамтып көрсететін функциялық және ведомствалық белгілер бойынша бюджет қаражаттарының жұмсалу бағыттарын анықтайды.

 Бюджет  шығыстарын функциялық сыныптауда  топтастыру мынадай деңгейлерден  тұрады: функциялық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар және ішкі бағдарламалар.

Функциялық  топ – салалық белгілері  мен  фуекциялық бағыты бойынша  бюджет шығыстарын біріктіру. Функциялық ішкі топ – функциялық топ ішінде бюджет қаражаттарын жұмсаудың бағыттарын нақтылайды.

 Бюджет  шығыстарының  сыныптамасының негізінде   бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін,  функциялық топтар мен бюджеттік  бағдарламаларды ( ішкі бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомствалық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін.

 Мемлекеттік  басқарудың функциялары мен мен мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі бюджеттің шығыстары бюджеттік бағдарлама деп аталады.  Оның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау орындау кезінде қол жеткізу тиіс белгілі бір түпкілікті  нәтиже болып табылады.

 Экономикалық  нәтижелерге  қарай бюджеттік  бағдарламалар былайша ажыратылады:

ағымдағы  бюджеттік бағдарламалар,олар тұрақты сипаты бар немесе дамудың бюджеттік бағдарламаларына  жатпайтын біржолғы шаралар өткізуді  көздейтін заңнамалық актілерге сәйкес  мемлекеттік  басқарудың функциялары мен мемлекет міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталады;

 Белгілі  бір функциялар  атқаратын мемлекеттік басқару деңгейіне қарай бюджеттік бағдарламалар республикалық бюджетте бекітілетін республикалық және жергілікті  бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.

Бюджетаралық  реттеу-  теңгермелік теңгерімділік мақсаттарында жоғарғы бюджет ресурстарының бір бөлігін төменгі бюджетке беруден тұратын және керісінше, ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі. Реттеу механизміне бюджеттік субвенциялар, бюджеттік алынымдар, реттеуші кіріс көздері жатады.

Бюджеттік алынымдар– заңнамалық актілермен актілермен немесе мәслихаттардың шешімдерін бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерге беретін ресми трансферті.

Субвенциялар  – төменгі бюджеттердің  жоғарғы  бюджеттерден заңнамалық актілермен және  және маслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде  алатын ресми трансферттері.

Реттеуші  кіріс көздері  бекітіліп берілген және реттеуші болып бөлінеді.

Бекітіліп берілген кірістер - бұл түгелдей  немесе ішінара белгілі бір бюджетке берілетін бюджет қаражаттары.

Реттеуші  кірістер –жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке  нығайту үшін бағытталатын қаражаттар.

 Бекітіп берілген және реттеуші кірістердің тізбесі бюджет заңнамасында  белгіленеді.

 Егер  биліктің әрбір деңгейінде жиынтық бюджеттердегі түсімдердің көлемі жалпы алғанда олардың функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті болса бюджет жүйесі сатыластығы жағынан баланстандырылған деп есептеледі. Деңгелес теңгерімділік – биліктің тиісті деңгейлерінің жеке аймақтары мен аумақтарының бюджеттеріндегі кірістер мен шығыстардың жалпы сәйкестігі.

Сатылас теңгерімділікке жету – теңгерімділіктің І – кезеңі, ал деңгейлес теңгерімділікке  жету – теңгестірудің ІІ – кезеңі, ол Қазақстанда бюджеттік алынымдар  мен субвенциялар арқылы жүзеге асырылады.

III. 2  Мемлекеттік  бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы.

    Мемлекеттің  орталықтандырылған  ақша қорын қалыптастырумен және  пайдаланумен  және  пайдаланумен  байланысты болып келетін бюджеттің  жұмыс жасауы рекше экономикалық  нысандар бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты обьективті  және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша  қаражаттарымен  қамтамасыз етеді,шығыстар  орталықтандырылған  ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттілктерге  сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің  қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай – ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

 Бюджет  кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы  мына бөлімдерден тұрады:

1) Кірістер;

 Салықтық  түсімдер;

 Салықтық  емес түсімдер;

 Негізгі  капиталды сатудан түскен түсімдер;

 Ресми  трансферттер түсімдері;

2)шығындар;

3)операциялық  сальдо;

4)таза  бюджеттік кредит беру;

 Бюджеттік  кредиттер;

 Бюджеттік  кредиттерді өтеу;

5) қаржы  активтермен жасалатын операциялар  бойынша  сальдо;

 Қаржы  активтерін сатып алу;

 Мемлекеттің  қаржы активтерін сатудан түсетін  түсімдер;

6) бюджет  тапшылығы (профициті);

7) бюджет  тапшылығын  қаржыландыру (профицитін  пайдалану);

 Қарыздар  түсімі;

 Қарыздарды  өтеу;

 Бюджет  қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

 Бюджеттерді  бекіту және бюджеттердің атқарылуы  туралы есептерді  түзу осы  көрсетілген құрылым  бойынша  жүзеге асырылады.

Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдері, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін  сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер – бюджетке  төленетін міндетті, қайталылмайтын төлемдер, сондай  - ақ ресми   трасферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.  Негізгі  капиталды сатудан түсетін түсімдердге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке  тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми  трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.

 Мақсатты  ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайы.

Бюджеттің шығындары– қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.

 Бюджет  шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

1)     мемлекеттік мекемелердің қызметін  қамтамасыз ететін шығындар;

2)      тұрақты сипаты жоқ іс –  шараларды ұйымдастыру мен өткізуге  байланысты шығындар;

3)     Мемлекеттік тапсырысқа арналған  шығындар – мемлекеттік саясатты  іске асыру мақсатында (мемлекеттік  органдардың өздерінің  тұтынуына  арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;

4)     Жеке тұлғаларға  аөшалай төлемдер – қызметкекерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының   заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша  нысанындағы  төлемдерден байланысты  шығындар.

5)     Заңі тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік  мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және  қайтарусыз  негізде қаржыландыру;

6)     Ресми трансферттер – бюджеттің  бір деңгейінен екіншісіне, сондай –ақ Ұлттық қорға трансферттер  төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

 Заңи  тұлғаларға субсидиялар нақты  саланы немес қызмет аясын  әлеуметтік –экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлық тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан республикасының  заңнамалық актілерінде көзделеген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңи тұлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді  фискалдық саясатпен айқындалады.

 Республикалық  және жергілікті бюджеттерді  болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейіге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтері құрылады.

 Үкіметтің,  жергілікті атқарушы орандардың  резерві:

1)     төтенше  резервті;

2)     шұғыл шығындарға арналған резервті;

3)     облыстық бюджеттердің, республикалық  маңызы бар қалалар, астана  бюджеттерінің, аудандар (облыстық  маңызы бар қалалар) бюджеттерінің  кассалық алшақтығы жабуға арналған  резервті кіріктіреді.

 Үкімет  резервінің және жергілікті атқарушы  органдарының резервтерінен ақша  бөлу тиісті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс.

Бюджет  тапшылығы (профициті)таза бюджеттік кредит  беруді және  қаржы  активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы  операциялық сальдоға тең.

 Теріс  белгімен алынған шама бюджет  тапшылығы, оң белгімен алынған  шама бюджет профициті болып  табылады.

 Бюджет  тапшылығының жол берілетін шекті  мөлшері әлеуметтік – экономикалық  дамудың орта мерзімді жоспарымен  белгіленеді.

Бюджет  кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын  түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге түсімдердің, сондай – ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.

(5 кесте)  Республиканың бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы.

Дерек көзі: Қаржы Министірлігі статистикалық  бюллетені № 6, маусым 2005 ж

 Кестеден  көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғыдай қосылған құнға салынатын салық пен корпорациялық табыс салығы болып табылады. Республикалық бюджет кірістерінің басқа едәуір көзі – салықтық  емес түсімдер және капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер.

Бюджеттің шығыстары- бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.

 Республикалық  бюджеттің шығыстары мына бағыттар  бойынша жұмсалады:

1) жалпы  сипаттағы мемлекеттік қызметтер  көрсету:Қазақстан Республикасы  Президентін және оның отбасын  қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету, Парламенттің Үкіметтің және Конституциялық кеңестің жұмыс істеуі, сайлаулар мен референдумдар  өткізу, мемлекеттік бюджетті болжау мен республикалық бюджетті жоспарлау, салық службасы органдарының қызметі, республикалық меншікті басқару, мемлекеттің біріңғай жүйесін  ұйымдастыру, мемлекеттік қаржылық бақылау, кеден қызметтері, мемлекеттің сыртқы саяси қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мемлекеттік статистикалық есеп, мемлекеттік службаның біріңғай жүйесін ұйымдастыру, заңнамаларға сәйкес қфзметтің әр түрлі салалары мен қызмет сферасында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау және басқалары.

2) Қорғаныс,қоғамдық  тәртіп, қауіпсіздік: мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, лаңкестікке және және экстремизм мен сепаратизмнің басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, паспорт және виза жұмысын жүзеге асыру, жедел іздестіру, тергеу қызметі, азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру, экономикалық және қаржы сфераларындағы құқық қызметі және басқалары.

Информация о работе Мемлекеттің фискалдық саясаты