Мемлекеттің фискалдық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 20:15, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің фискалдық саясаты атты курсттық жұмыста мынадай мәселелерге тоқталып кетеміз: Экономиканы мемлекеттік реттеу тарауында экономиканы мемлекеттік реттеудің не екенін біліп, оның толықтай мән – мағынасын ашамыз. Экономиканы реттеудің негізгі бағыттары мен бастапқы қалпын, әдістерін қарастырамыз. Несие ақша саясаты, бағаны және табысты реттеу саясаты, мемлекеттің фискалдық саясатын оның ішінде дискрециялық және дискрециялық емес саясатты, қазыналық экспансия мен қазыналық шектеуді толықтай қарастырып өтеміз.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................... 3
І ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ..................................... 4
I. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдық- методологиялық негіздері............................................................................. 4
I. 2 Өтпелі экономика кезеңіндегі макроэканомикалық процестерді мемлекеттік реттеу.........................................................................................11
I. 3 Мемлекеттің фискалдық саясаты..........................................................13
ІІ. ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ...............17
II. 1 АҚШ – та соңғы уақытта қазыналық саясаттың жүргізілуі............ 17
II. 2 Шығыс Еуропа мен оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі нарықтық қатынастарды дамыту және экономиканы мемлекеттік реттеу....................19
II. 3 Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тәжірибесін пайдалану мәселелері.................................................................23
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ САЛЫҚ САЯСАТЫ.....................................................................................................27
III. 1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы............................................27
III. 2 Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы.................36
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................46

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттің фискалдық саясаты.docx

— 61.40 Кб (Скачать)

 Көптеген Шығыс Еуропа елдері бұрыннан Экономикалық өзара көмек Кеңесінің құрамында болып (қаңтар 1949 ж), қоғамның тұрмыстық экономикалық   негізі мен саяси құрылымы біркелкі болуына  қарамастан орталықтандырылған шаруашылық жүйесінен нарықтық экономикаға өте бастады. Экономикалық жағынан қарайтын болсақ, олардың айырмашылығы меншік түрлерінің өндіріс құралдарымен қатынасына, өнеркәсіптің мамандану түрлері, халық шаруашылығының  ұйымдастыру мен басқару құрылымына байланысты болуда. Сондықтан экономикалық реформаны әр түрлі басымды механизмдерді қолдану арқылы, яғни үдемелі қарқындық пен мерзімділік арқылы, әо түрлі жүйелер мен ресурстарды сақтау қағидаларын қолдана отырып жүргізу керек. Міне осы тұрғыдан алға қойған міндеттерді шешуге нарықтық экономикаға көшкен  елдердің тәжірибесін жинақтап жаңа нарықтық жолмен шаруашылық жүргізуге көшу. Шаруашылық жүргізудің бір түрінен екінші түріне көшуде жоғарғы жағдайды қорытындылай келіп, келесі ережелерге сүйенуімізге болады:

-                  меншік түрлеріне қарамастан  мемлекеттік меншікті жекешелендіру  және шаруашылық әрекетіне жағдай жасау;

-                  Мемлекеттік кәсіпорындарды уақтау, тауар өндірушілерді демонополизацияландыру және монополияға қарсы күрестің қызметін күшейту;

-                  Нарық механизмінің ерекшеліктеріне   байланысты экономиканы басқару  құрылымын жетілдіру;

банк  жүйелерін реформалау және бюджеттік инвистицияны қысқврту;

-                  Елдің экспорттық әлеуетін арттыруда  бәсекелестік қабілеті бар өнеркәсіпті мемлекет  тарапынан қолдау;

-                  Шетел инвистицияларын енгізу  және бірікке өндіріс қызметін қолдауда  саяси, құқықтық және шаруашылық жағдай жасау.

  Жоғарыда  көрсетілген шараларды экономикада  нарықты реттеу механизмдері  ретінде қолдануда әр елде өзінің ерекшеліктері есепке алынады. Ең қолайлы жағдайда венгрия болды.   Бұл елде экономикалық реформа үш – он жыл бұрын басталған. Шаруашылық жүргізуде кәсіпкерлікті  ынталандырудың түрлерін алдын ала ескере жүргізген. Халық шаруашылығының алдыңғы буындарындағы құқық негіздерін жасауда экономикалық ассоциациялар заңы негізгі рөл атқарады. Мемлекеттік жекешелендіруде  көп жағдайда уақтау және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды  қайта құру шаралары  жүргізілді. Бұл шаралар тек бұйрық  түрімен емес, еңбек ұйымдарының және  олардың басшыларының қолдауымен жүргізілді.  Соның нәтижесінде  үш жылда  (1989 -1991 жж.) елде  шағын және орта  кәсіпорындар төрт есе көбейді. Конъюнк тураның өзгеруіне  байланысты  кәсіпорындардың қызметінде қажетті икемділік   пайда болды. Мемлекет тарапынан  бұл процесс қолдау тапты. Қаржы – шаруашылық  жағдайлары  мен халық шаруашылығына керекті өнім шығаратын кәсіпорындар банкрот жағдайына ұшыраса, жеңілдік несие беріп санация жасалған немесе бұл кәсіпорындарды басқа меншікке  (соның ішінде шетелдіктерге) берілді.

 Бұған нарық инфроқұрылымының құрылуы (қордық қызметтердің пайда болуы мен дамуы, тауарлы және брокерлік биржалар, инвистициялық қорлар, несие – банк қызметтері) және қаржы – банк жүйелерінің реформалануы мүмкіндік туғызды. Экономикадағы дағдарыстық жағдайдан шығуда банкротқа ұшыраған өнеркәсіптегі  жекешелендіру процесі инвистициялық бағыт алды. 1993 ж. 600 өнеркәсіптің жартысына жуығы инвестордың ықыласына байланысты жекешелендірілген,  ал 40% - дан жоғарғысы өнеркәсіптердің өздерінің ықыластарына  байланысты жекешелендірілген. Нарықтық шаруашылық даму “төменнен” негізделіп, жоғарыдан ұйымдық, құқықтық, экономикалық жағдай жасалуы  керек. Тәжірибе көрсеткендей, тауарлы материалдық құндылықтардың өндіріс  құралдары мен халық тұтыну тауарлары және “қозғалысына толық еркіндік беру маңызды шара болып табылады. Бірінші жағдайда олардың қозғалысы шарт негізінде қамтамасыз етілсе, ал екінші жағдайда фирмалық дүкендер негізгі мен халыққа  сауда қызметін көрсету орындары арқылы жүргізіледі.

 Нарықтық жағдайда шаруашылық жүргізуге дайын Австрия болды. Баға құру мен еңбек ақыны реттеу, шетел инвистицияларымен ынталандыру, сыртқы экономикалық қатынастарды либерализациялау, ақша айналымын тұрақтандыру, ұлттық валютаны конверсиялау жөніндегі шаралар 40 – жылдардың соңынан жүргізіле бастады. Нәтижесінде осы шаралар “мемлекет пен жеке меншіктің арасындағы ұтымды пропорцияны қалыптастыруға, орталықтандырылған және нарық құрылымының байланысын үйлестіруге халықтың басым көпшілігінің тұрмыс дәрежесін жақсартуға” негіз болды.

 Қаржы тепе – теңдігіне көңіл бөле отырып Австрия үкіметі әлеуметтік серіктестік пен шағын бизнесті қолдауға ерекше көңіл бөлді. Австриялық тәжірибедегі үкімет тарапынан  жасалған бәсекелестік шаралары нарық экономикасына қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Бұл жерде әсіресе шағын және орта фирмалардың құрылуын және әлем шаруашылық процестеріне ұлттық экономиканың араласуын қолдау шаралары көрсетіледі. Мұндай ынталандыру жаңа құрылған  шағын, орта фирмаларға  мемлекет тарапынан жәрдемақы немес жеңілдетілген салық салу түрлері арқылы жүргізіледі. Осындай фирмалардың қызметтеріне тауарларды сату ережелері,  дұрыс емес бәсекелестікке жүргізілген шаралар,  жергілікті жабдықтау, картельдер туралы т.б заңдар құқықтық негізі болып табылады.

 Өнеркәсіпті  бақылау және кәсіпкерлер мен  бизнесмендердің саудаға шығу  ережелерін бақылау мемлекеттің  құқықтық қызметтерінің бірі  болып табылады.

 Егер шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту заңдылығын былай қойсақ (жекешелендіруді реттеу, бағаны ырықсыздандыру және т.б) онда ең кемінде жоғарыда аталған қорытындылардың үш негізгі түріне көңіл аудару керек.

 Біріншіден, бұл жерде тиімді макроэкономикалық саясатты дұрыс негіздеу және қолдау болып отыр. Оны жүзеге аысру бағаларды ырықсыздандыру және сыртқы  сауда  үшін негіз дайындау мақсатында реструктивті вариантын (өндіріс пен экспортты тежеу) тұрмысқа енгізуден басталады.

 Екіншіден,  ұлттық капиталмен салыстырғанда шетел капиталын тартуға артықшылық берілмеуге тиіс. Мұның себептері мынадай: а) шетел капиталы ақыр аяғында белгілі бір ел үшін екі  есе қымбатқа түседі және ә) шетел көмегі көбіне екі ұшты мағынаға ие.

 Үшіншіден, “қалған дүниеден көмек емес, сауда мен айырбас керек” деген қағиданы басшылыққа ала отырып, шетелдік нарықты ашып, дамыту қажет.

 Көптеген  экономикалық реформаларды  бастан кешңірген басқа елдерге қарағанда, қытайдың реформасы мемлекеттік реттеудің күшті құралдарын (директивті жоспарлау, салалық және аймақтық жоспарды үйлестіру, “ғылым - өндіріс” циклін жоспарлау, несие – салық және баға  саясатын жүйемен жүргізу) қолданды. Сол сияқты нәтижелер бір қатар Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде – Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Филипинде, Сингапурда,  Тайландта және т.б елдерде байқалады.

 Жапония  мен Оңтүстік Кореяда мемлекеттік  реттеу  ішкі жалпыұлттық өнім, жинақ көлемі және қор, еңбек ақының өсуі, еңбек өнімділігі т.б көрсеткіштерді қамтитын экономикалық жоспарлау арқылы жүргізіледі. Әлемдік шаруашылық интеграцияға кіру стратегиясында қаржы – банк,  салық баға және  сыртқы экономикалық  саясатты жүргізу шаралары қолданылды.

 Бұл  шаралар жоғары аталған елдердің  табиғи экономикалық, геосаясаттық  және әлеуметтік ерекшеліктері  бойынша  жүргізілді: әр елдегі мемлекеттік реттеудің тәжірибесін ретроспективалық талдау екі негізгі асаектіден тұрады:

 -                  Біріншіден, экономиканы реформалауда басқа елдердің қатесін болдырмау;

-                  Екіншіден, біреудің  позитивті  тәжірибесін дұрыс пайдалану  реформаға кеткен шығынды азайтуға және уақытты үнемдеуге көмектеседі.  

II. 3   Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тәжірибесін пайдалану мәселелері.

 Мемлекеттік  және нарықтық басқарудағы шетелдік  экономикалық тәжірибені ғылыми  қорытындылау күн тәртібіне   келесі   мәселелерді қойып  отыр: бұл тәжірибе Қазақстан  экономикасының жағдайына  қаншалықты  қолайлы  және оны енгізуге  бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің  өзіндік моделі болуға тиіс пе?  Бұл сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді.  Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары қазіргі  уақытта  экономикалық жаңалықтардың теориялық  негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкімшілдік және  нарықтық механизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды  бекер тілге тиек етіп жүрген жоқ. Бұл шешім қазіргі кезеңде біздің  аталмыш проблемалардың теориясын анықтап енгізуге  байланысты туындап отыр. Осы проблемалардың арасынан келесі жәйттерді бөлуге болады?

-         Шаруашылық моделдерін өзгертуде  және экономикалық жаңартуда  қандай жол  тиімді  - эволюциялық  па, революциялық па?

-                  Нарықтық қатынастардың аясын  ұлғайту және нарық инфрақұрылымын  дамыту әкімшілік шешімдер арқылы  немесе сыртқы ұйымдастырушылық  – құқықтық және экономикалық  шешімдер арқылы іске аса ма?

-                   Экономиканы мемлекеттік реттеу  шараларын қандай ғылыми негізде  және қандай бағытта іске асырылуы  қажет?

-                  Экономиканы мемлекеттік реттеу  механизмдерінің басыңқылығы мен  құрамы  әр кезеңде қандай себептерге байланысты өзгеріп отырады?

-                  Бәсекелестік нарықты ортаны не  маңызды: меншік иесін ауыстыру мақсатында міндетті түрде және жаппай жекешелендіру ме, жоқ, әлде кәсіпкерлердің өз ынтасымен құрылған шағын және орта кәсіпорындарды  мемлекет тарапынан қолдау ма?

-                  Макроэкономикалық  реттеуде  салалық және  аймақтық мүдделері қаншалықты дұрыс ескеріледі?

-                  Халық шаруашылығын жоспарлау  және нарықтық реттеу қандай  ғылыми негізде  үйлестіріледі?

 Егер  де осы қорытындылауды қарастыра  отырып, шетелдік экмемлекеттік  реттеу тәжірибесін Қазақстан  жағдайында  пайдаланылатын болса,  онда келесі  негізгі заңдылықтарды  көрсетуге болса, онда келесі  негізгі заңдылықтарды көрсетуге болады:

1.      Экономикалық саясатты ғылыми  негіздеу, стратегияны анықтау, шаруашылық  даму тактикасын, мақсатын және  басымдылығын айқындау  инвестициялық  – құрылымдық, ғылыми – техникалық, құқықтық сипаттағы мәселелерді  шешуге пайдаланылады.

2.       Кәсіпкерлердің , шағын және орта  бизнес субьектілерінің нарықтық  инфрақұрылымдар қызметтерінің  мемлекеттік және жекеменшік  кәсіпорындарының тиімді бағытта дамуын ынталандырылуы мақсатында ұсынушы – реттеушілік жоспарлауды жүзеге асырады.

3.       Әкімшілік, заң шығару, қаржы –  несие, салық және баға белгілеу  механизмдерін кеңінен қолдана  отырып, қоғамдық тауарлар, заңды  және жеке тұлғалар табыстарының, трансакциялық шығындар “қозғалысын” тікелей мемлекеттік реттеу.

4.      Сыртқы экономикалық саясатты  жүргізуде мемлекеттің экспорттық  потенциалын жоғарылатудың басыңқылығын  мойындау және оның әлемдік  шаруашылық интеграциялық процесіне  “жеңіл” кіруін іске асыруды қамтамасыз ету.

 Қазақстанның  әлеуметтік шаруашылық жүйесінде  шетелдің мемлекеттік басқару тәжірибесінің жақсы жақтарын   қолданғанда келесі екі негізгі ерекшелікті ескеру қажет:

 а)  КСРО мемлекетінің құлдырауы  салдарынан республика саяси  – экономикалық  бостандық және  егемендік алғаннан кейін сыртқы  экономикалық саясаттың құрылуы және іске асырылуы  жаңа маңызға ие болады;

 ә)  Қазіргі таңда Қазақстан, қатаң  орталықтандырылған жоспарлы модельден,  нарық субьектілері  арасында  бәсеке өскен жағдайда іске  асырылатын, нарықтық  шаруашылық  модельге өту үстінде. Соңғы  жылдардың тәжірибесінің нәтижесі көрсеткендей, халық   шаруашылығын басқарудың орталықтандырылған жүйесінің негізгі механизмі ретінде жоспарлаудан бас тарту,  экономиканы  басқаруда көптеген дағдарыстар туғызды, еңбек  көлеңкелі экономиканың қалыптасуы  орын алды.

 Енді  шетел тәжірибесінің макроэкономикалық реттеуін Қазақстанда  қолдаудың негізгі сұрақтарына тоқталайық.

    Әлеуметтік экономикалық даму  жоспарының қажеттілігі  сөзсіз  үлкен. Бірақ, жоспарлаудың ғылыми  – методологиялық және ұйымдастырушылық  негіздері бұрынғы әкімшілік  – директивті мәнінен айырылу  әажет және ұсыныстық – реттеушілік,  мемлекеттік және жеке  меншікке  негізделген белсенді шаруашылық  жүргізуді ынталандыру рөлдерін атқаруы тиіс.

 Бұл  жердегі ең маңызды мәселе  мақсатқа жету, жеке және мемлекеттік  кәсіпорындардың стратегиялық жоспарларына  “сіңіру” (салалар және әкімшілік  аумақтар)  сол сияқты соңғының  орындалуы қажет. Өйткені ЖҰӨ экономиканың денсаулығы, ал осы жылда кәсіпорын өнім көлемінің бүкіл табыс сомасын көрсетеді. Бұл  табыс “қозғалысын” жоспардың орындалуы мен шаруашылық субьектілерінің байланысы ретінде қарастыруға болады.

      Шет елдерде нарықтық экономикасымен  қоса кәсіпорын және фирмалардың  жоспары маңызды рөл атқарады. Біздің ойымызша  республикадағы қазіргі   жағдайда  шетелдік өндіріс сфераларын жеңілдікпен несиелеу және осы несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттің бақылау функцияларын  күшейту тәжірибесін қолданған жөн. Өйткені Қазақстанда үш жыл бүрын осы қарастырлып отырған  саланы несиелеуде және салық салуда барлық жеңілдіктерді алып тастау туралы шешім қабылдады, ал несие ресурстары көбінесе  коммерциялық делдалдық жүйеге  “қызмет көрсетуге”, басқаша айтқанда  тауар айналымына жұмсалды. Осында й саясаттың кері әсері әлі де сезілуде . Шаруашылық тәжірибе  тауар өндірісінің өсуін ынталандыру мақсатында және мемлекеттің экспорттық потенциалының өсуіне бағытталған кәсіпкерлер мен бизнесмендердің белсенді қызметі, бізді икемді салық жүйесінің жоғарғы тиімділігіне сендіруде. Біздің республикамызда әлі де бұл салада, керісінше, заңды және жеке тұлғалардың өндірістік өызметпен айгалысуға ынталарын жоятын қатал жүйе таңдалуда.

Информация о работе Мемлекеттің фискалдық саясаты