Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2012 в 20:15, курсовая работа
Мемлекеттің фискалдық саясаты атты курсттық жұмыста мынадай мәселелерге тоқталып кетеміз: Экономиканы мемлекеттік реттеу тарауында экономиканы мемлекеттік реттеудің не екенін біліп, оның толықтай мән – мағынасын ашамыз. Экономиканы реттеудің негізгі бағыттары мен бастапқы қалпын, әдістерін қарастырамыз. Несие ақша саясаты, бағаны және табысты реттеу саясаты, мемлекеттің фискалдық саясатын оның ішінде дискрециялық және дискрециялық емес саясатты, қазыналық экспансия мен қазыналық шектеуді толықтай қарастырып өтеміз.
КІРІСПЕ......................................................................................................... 3
І ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ..................................... 4
I. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен ұйымдық- методологиялық негіздері............................................................................. 4
I. 2 Өтпелі экономика кезеңіндегі макроэканомикалық процестерді мемлекеттік реттеу.........................................................................................11
I. 3 Мемлекеттің фискалдық саясаты..........................................................13
ІІ. ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ...............17
II. 1 АҚШ – та соңғы уақытта қазыналық саясаттың жүргізілуі............ 17
II. 2 Шығыс Еуропа мен оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі нарықтық қатынастарды дамыту және экономиканы мемлекеттік реттеу....................19
II. 3 Қазақстан жағдайында шетелдік макроэкономикалық реттеу тәжірибесін пайдалану мәселелері.................................................................23
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ САЛЫҚ САЯСАТЫ.....................................................................................................27
III. 1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы............................................27
III. 2 Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы.................36
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................46
1992 жылдан бастап ҚР Президенті өндіріс саласындағы шағын және кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау туралы жарлықтар мен заңдарға қол қойды. Бірақ осы жарлықтарды жүзеге асыру жолында әлі де көптеген обьективті және субьективті түрдегі кдергілер бар.
Шет
елдегі баға бнлгілеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ САЛЫҚ САЯСАТЫ
III. 1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Мемлекеттік
органдардың өздерінің
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық - әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.
Бюджет
құрылысында басты орынды
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық – мемлекеттік құрылымын анықталды. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
Федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ – та –штаттардың, ГФР –да – жерлердің (ландтардың), Канада – провинциялардың, Ресейде – федерация субьектілерінің бюджеттері);
Жергілікті бюджеттер.
Унитарлық(біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідейц, әлеуметтік – экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылысының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан
Республикасының жиынтығында
Республикалық бюджет;
Облыстық
бюджет, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда
төтенше немесе соғыс
Мемлекеттік
(республикалық) және
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалық бюджет - бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын жәмемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлкеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет (әкімшілік – аймақтық бірліктердің бюджеттері) – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет
кодексімен айқындалған
Бюджет
заңнамасымен айқындалған
Тиісті қаржы жылына республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер маслихаттардың шешімдерін бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше
мемлекеттік бюджетті
Қазақстан
Республикасының бүкіл
Бюджеттің бірлігі қағидатыбюджет жүйесін ұйымдық – экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО – ның бюджет жүйесінде неғұрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік ауылымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілумен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірің,ай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалықжәне саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс – қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай – ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.
Бюджеттердің бірлігі біріңғай бюджет заңнамасын қолданумен, срның ішінде Үкімет бекіткен біріңғай бюджеттік сыныптамасын, бюджет процесін жүзеге асырудың бюджет рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса біріңғай әлеуметтік – экономикалық саясат арқылы іске асырылады.
Алайда бюджеттернің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттердің дербестігі қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді және оларды жұмсаудың бағыттарын анықтайды.
Бюджеттің толықтығы (толымдығы)бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын шығыстарының, Қазақстан Республикасын салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және толық көрсетілумен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың обьективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай -+ ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.
Реалистік қағидаты –параметрлердің экономиканың ағымдағы жай –күйінің көрсеткіштеріне, сондай – ақ Қазақстанның және аймақтардың параметрлерін және әлеуметтік – экономикалық дамуының бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің реалистігіне ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай – ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады. Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы тиімті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.
Транспаренттілік қағидаты – бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актіледі, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептемелерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа ақпаратты міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу.
Дәйектілік қағидаты дегеніміз мемлекеттік басқару органдарының бюджет қатынастары сферасында бұрын қабылдаған шешімдерінің сақталуы.
Тиімділік пен нәтижелік қағидаты –бұл бюджеттік бағдарламалардың паспорты қарастырған нәтижеге жету үшін қажетті бюджет қаражаттарының оңтайлы көлемін пайдалана отырып белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттігіне қарай бюджеттерді әзірлеу және атқару.
Басымдық қағидаты –бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуының басты бағыттарына сәйкес жүзеге асыру.
Жауапкершілік қағидаты –бюджеттік процеске қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.
Бюджеттердің жариялылығы қағидаты бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және аймақтық бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс – қимылына негізделген.
Кірістер мен шығыстардың егжей – тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптама сыныптау обьектілеріне топтастыру кодтарын бере отырып функциялық, ведомствалық және экономикалық сыныптамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын топтастыру болып табылады. Ол кірістердің сыныптамасынан, бюджет шығыстарының функциялық және экономикалық сыныптамаларына тұрады. Біріңғай бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бюджеттерінің көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қаматамасыз етеді.
Бюджет түсімдерінің сыныптамасыбюджет заңнамасына негізделген барлық деңгейлер бюджеттерінің түсімдерін белгілі бір сыныптамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, ішкі сыныптан және ерекшеліктен тұрады. Санаттар түсімдерді экономикалық белгілері бойынша топтастыру болып табылады. Сыныптар мен ішкі сыныптар түсімдерді олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырады. Ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды.