Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 21:09, курсовая работа
Материалдық емес активтер мазмұны мен түрлері, Материалдық емес активтердің Қазақстанда бөліну түрлері, Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық көздері мен тәртіптері, Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық көздері мен тәртіптері, Материалдық емес активтердің аудитін жүргізу тәртіптері, Материалдық емес активтердің ерекшеліктері мен
теориялық негіздері
Кіріспе........................................................................................................4
1 бөлім. Материалдық емес активтердің ерекшеліктері мен
теориялық негіздері.................................................................................7
1.1 Материалдық емес активтер мазмұны мен түрлері...................7
1.2 Материалдық емес активтердің Қазақстанда бөліну
түрлері..........................................................................................14
2 бөлім. Материалдық емес активтердің аудитін жүргізу тәртіптері.................................................................................................21
2.1 Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық көздері
мен тәртіптері..............................................................................21
2.2 Материалдық емес активтер аудитін жетілдіру
жолдары.......................................................................................26
Қорытынды.............................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................32
- кәсіпорын материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін өз қалауынша белгілейді. Осы жерде материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімінің бір жылдан аз болмауын назарда ұстау қажет, себебі материалдық емес активтерге қатысты нормативтік құжаттарда «ұзақ мерзімді» деген ұғым қолданылады. Бұл жағдайда бір жылдағы амортизациялық аударымдардың сомасы материалдық емес активтердің алғашқы құнының кәсіпорын белгілеген пайдалы қызмет ету мерзіміне қатынасына тең болады;
- егер материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін анықтау мүмкін болмаса, амортизациялық аударымдардың нормасы 10 жылға есептелді, бірақ ол мерзім шаруашылық жүргізуші субъектінің қызмет ету мерзімінен аспауы керек.
Сонымен материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдардың сомасы өнімнің өзіндік құнына немесе шығындардың басқа да баптарына енгізілетін болғандықтан, соңында бұл қаржылық нәтижеге – жалпы және таза табысқа әсерін тигізеді. Материалдық емес активтер бойынша амортизация есептеудің белгіленген ережелерінен кез-келген ауытқу салық салу базасы болып табылатын табыстың бұрмалануына әкеліп соғады. Сол себепті осы сәтте аудитордың негізгі міндеті амортизациялық аударымдардың дұрыстығын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады. Материалдық емес активтерді пайдаланудың белгіленген мерзімі аяқталған-нан кейін олар бойынша амортизациялық аударымдар жасалмайды.
2.2 Материалдық емес активтер аудитін жетілдіру
жолдары
Дамушы елдердің экономикасы нарыққа бағдарланған сайын бизнес секторларына тәуелсіз қаржылық бақылаудың рөлі мен маңызы арта түсуде. Әлемдік экономика, бизнес, сауда ғаламдасуындағы байқалған тенденцияға байланысты халықаралық бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы жұмыстың көлемі артып, аса ірі ұлтаралық бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымдары құрыла бастады.
Шетелдердегі нарықтық экономиканың жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастырудың деңгейі айтарлықтай жоғары. Мемлекеттік қаржылық бақылауды бірнеше органдар жүзеге асырады: Парламент, президент пен үкімет аппаратындағы қаржылық бақылаудың арнайы қызметі, қаржы Министрлігі, салық комитеті, салық тексеру-бақылау бөлімшелері.
Келісімшарт негізінде ұдайы қаржылық бақылаудың мемлекеттік органдардың қызметімен қатар бұл істі бухгалтер-аудиторлардың тәуелсіз фирмалары да орындайды. Олардың пайда болуы мен жылдам дамуы ең алдымен қаржылық және өндірістік-коммерциялық ұйымдардың есептіліктерін объективті тұрғыдан бағалау қажеттілігінен туындады. Компанияның өз мәліметтеріне күмәнсіз сенім білдіру өте қауіпті, өйткені есептіліктердің жақсы көрсеткіштері оларды банкротқа жиі ұшыратқан. Меншік иелері, акционерлер жэне кредиторлар өз капиталын жоғалтып алу қаупі (қорқынышы) мен сенімсіздіктерді акционерлік қоғамдардың қаржылық есеп берулерін зерделеп, талдап, оның шындыққа жанасымдылығына білікті қорытынды беретін тәуелсіз кәсіби аудиторлардың пайда болуына себепкер болды.
Бүгінгі танда АҚШ-та 100 мыңнан көп тәуелсіз маманданған бухгалтерлер ресми тіркелген. Халықаралық ассоциация өз қызметін әлемдегі 189 елде жүзеге асыратын 4,5 мыңнан артық аудиторлық фирмаларды біріктіріп отыр. Тек Ұлыбританияның өзінде 200-ден аса ірі аудиторлық фирмалар құрылып, жұмыс істеп жатар. Әлемдегі нарықтық экономиканы барлық елдерде өзінің құқығы мен ұйымдық инфрақұрылымы бар кәсіби аудиттің қоғамдық институты жұмыс істейді.
Егер АҚШ пен Ұлыбританияда аудиторлық ұйымдарға біліктілікті дайындау, игеруге және аудиторлар кәсіби міндеттерін қаншалықты дәрежеде өз еркімен және біліктілікпен орындайтынын бақылау ісіне дербестік берілсе, Еуропа құрлығындағы елдерде аудиторлық қызмет үкімет құрылымында қабылданған нормативті-құқықтық актілер бойынша реттеліп жүргізіледі. Еуропалық одақ мемлекеттерінде бухгалтерлік есеп берулер мен баланстарды тексерумен айналысатын аудиторлармен қатар салық салу мәселелері бойынша кеңес беруші ретіндегі аудиторлар категориясы (Steuerberater) бар.
Бірқатар шет елдерде аудиттің ұйымдастырылуы туралы нормативті-құқықтық актілерді салыстыру арқылы кәсіпкерлік қызметтің осы саласындағы көптеген мәселелердің шешілуіндегі белгілі бір ұқсастықтарды оңай анықтауға болады. Айтар болсақ, барлық жерде де кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруіне аудит жүргізудің қажеттілігі туралы ереже бар. Аудиторлық тәжірибеге рұқсат беретін біліктілік талабы белгіленді. Мысалы, Англияда тұлғаның бухгалтерлік органға мүше болып табы-латындығын Мемлекеттік хатшының өкілеттілігі, оның ішінде, Англия мен Уэльстің маманданған бухгалтерлер Институты растамайынша, яғни мойындамайынша ол аудитор бола алмайды. Аудиторға тексерілетін кәсіпорынның барлық жиналысына қатысып, сөз сөйлеуге құқық берілген. Жұмысқа салғырт қарағаны үшін аудитордың моральдық және тәртіптік, сонымен қатар қылмыстық және материалдық жауапкершілігі болады.
Аудиторлық ұйым негізінен жауапкершілігі шектелмеген серіктестік түрінде болып отыр, ұйымның бұл түрі ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде кең тараған. Олардың көбінде аудитордың қолы компания басқарушысының жауапкершілігін өз мойнына алады. Сондықтан да шектеулі жауапкершілік түрі тараған кейбір елдерде аудитордың өз міндетін орындау барысында жіберген ұқыпсыздығы үшін тек материалдық тұрғыдан ғана жауап береді жэне оған бұл қызмет түрімен айналысуына тыйым салынады.
Материалдық емес активтің аудитін жетілдіру үшін келесі жағдайларды қарастырған жөн:
1. «Гудвилл» - фирма бағасы (іскерлік бедел) - әдетте дамыған елдерде біртұтас мүліктік-қаржылық кешен ретіндегі фирманың құны мен олардың актив құны арасындағы айырманы сипаттайтын құндық категория.
2. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүйесінде «Гудвилл» заңды түрде әзірге аукционнан және конкурс бойынша жекешелендіру процесі үшін қолданылады.
3. Азаматтың зияткерлік (интеллектуалды) және іскерлік жақтары, оның ішінде біліктілігі мен еңбекке деген қабілеті одан алынып, басқа адамға берілуі мүмкін емес болғандықтан, материалдық емес актив болып танылмайды.
4. Материалдық емес активтер объектісінің бар екендігі құжат түрінде ресімделді ме? Есепке алынатын материалдық емес активтің кез келген объектісі оны елестетуге болатындай объективті түрде көрінуі тиіс. Мысалы, егер жерді пайдалану құқығы енгізілсе, онда бұл құқықты есепке алу үшін белгіленген заңнамалық тәртіпке («Жер учаскесіне меншік құқығын беретін акт») сәйкес ресімделуі тиісті, кәсіпорынның пайдалануына берілу фактісі мен жер учаскесіне құрылтайшылық құқықты растайтын тиісті құжаттама болып табылады.
5. Талап-құқығына ие болу, пайдалы үлгілерге, өндірістік үлгілерге құқықтарды алу патенттік ведомоствада тіркелуге тиісті лицензиялық келісімдермен расталуға тиісті.
6. Материалдық емес активтер құнының бастапқы бағасы
дұрыс көрсетілгендігі.
7. Материалдық емес активтердің объектілері кәсіпорынның
баланс есебінен дұрыс шығарылуы.
8. Материалдық емес активтер объектілеріне тозу дұрыс есептелді ме? Амортизациялық аударымының мөлшері жалпы ережеге сәйкес бастапқы құн мен пайдалы қызмет мерзіміне (бірақ кәсіпорынның іс-әрекеті мерзімінен аспауы тиіс) негізделіп есептелген нормалар бойынша ай сайын анықталуы тиіс пайдалы қызмет ету мерзімі болып қолданылатын объектілердің пайда немесе кәсіпорынға басқадай тиімділік әкелетін уақыты
саналады. Пайдалы қызмет ету мерзімін анықтау мүмкін емес жағдайда немесе қиынға түскенде материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар нормасы 10 жылға деп есептеліп, белгіленеді. Материалдық емес активтердің кейбір түрлері бойынша амортизация мүлдем есептелмейді. Бұлар - құны уақыт өте келе кемімейді, не болмаса пайдалануына қарай пайдасы азаймайды деген сенімділігі бар активтер. Әлемдік тәжірибеде мұндай активтерге «ноу-хау» құқығы, тауарлық белгілер және т.б. жатады.
9. Материалдық емес активтердің синтетикалық және аналитикалық есебі дұрыс жүргізілуі.
10. Материалдық емес активтердің синтетикалық жэне аналитикалық есебі мен олардың тозу мәліметтері Бас кітаптағы және басқа бухгалтерлік регисторларға жазбалармен сәйкестігі.
11. Пайдалану барысында материалдық емес активтер бойынша амортизацияны есептеу үшін негізгі корреспонденциялар қолданылуы.
12. Жыл соңында барлық шығыстар жиынтық табысқа есептен шығарылуы.
Қорытынды
Курстық жұмысты қорытындылай отырып, келесілерді айтуға болады.
Әр қоғамның өмірінде материалды өндірістен басқа рухани өмір маңызды орын алады. Адам туылған кезінен бастап ойлауға, шығармашылыққа, ғылым мен өнер туындыларын жасауға қабілетті болып келеді. Мұндай әрекеттердің нәтижелері әрбір халықтың, мемлекеттің сонымен қатар жалпы адамзаттың рухани және зияткерлік потенциалын құрайды және арттырады. Ол жетістіктер зияткерлік меншік деп аталады, ал есеп жүйелерінің мақсатында оларды материалдық емес активтерге жатқызады.
«Материалдық емес активтер» ұғымы дүние жүзілік тәжірибеде әдетте зияткерлік әрекет нәтижесі болып табылатын арнайы шаруашылық объектілер топтарын белгілеуге қолданылады. Олардың заттай құрылымы болмаса да кәсіпорын үшін құны бар болады.
«Материалдық емес активтердің есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес материалдық емес активтер әкімшілік мақсаттарда, өндірісте, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуде және басқа субъектілерге жалға беру үшін ұзақ уақыт бойы пайдалануға арналған заттай нысаны жоқ үлестірілетін ақшалай емес активтер.
Кәсіпорынға келіп түскен материалдық емес активтерді бағалау бухгалтерлік есепте кәсіпкерлік және бухгалтерлік қателесудің жоғары тәуекелдігімен ерекшеленетін әдіс элементі болып табылады. Бағалау – бұл қаржылық есептіліктің барлық көрсеткіштерін құндық, ақшалай өлшеу тәсілі.
Материалдық емес ативтер тану кезінде бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастпқы құнын есептеу олардың сырттан алынғанына немесе субьектінің өзінде жасалғанына тәуелді болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес сатып алынған мүлікті оны сәйкес алуға жұмсаған нақты шығындарды қосу арқылы; сыйға алынған мүлікті кірістеу күніне нарықтық құны бойынша; ұйымның өзінде өндірілген мүлікті оны жасау құны бойынша бағалау жүзеге асырылады.
Материалдық емес активтерді есепке қабылдау негіздері оларды алу нысандарына байланысты: активтерді сатып алу, активтерді ұйымның өз күшімен жасауы, активтерді жарғылық капиталға салым ретінде алу, активтерді қайтарымсыз алу және т.б.
Материалдық емес активтер есеп пен есептілікте оларды жасауға, алуға, керек болған жағдайда оларды жоспарланған мақсаттарда пайдалануға дайын қалпына жеткізуге жұмсалған шығыстар сомасымен көрсетіледі.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу үшін әртүрлі әдістер пайдаланылады. Әдісті тандау активтен күтілетін экономикалық олжаның тұтыну моделіне байланысты болып келеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп беруінде материалдық емес активтердің есебі үшін қабылданған есеп саясаты ашып көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында материалдық емес активтердің есебін жетілдірудің бірден бір-жолы қаржылық есептің халықаралық стандарттарын қолдану болып табылады.
Кәсіпорында аудит жүргізудің басты мақсаттары – ұйымның қаржылық-шаруашылық жағдайы жөнінде неғұрлым нақты, толық және шынайы ақпараттарды жинау.
Материалдық емес активтердің аудиті бұл кәсіпорында олардың нақты барлығын, құжаттарда көрсетілген ақпараттардың ақиқаттылығын, пайдалы қызмет ету мерзімі мен құнын бағалаудың шынайылығын, амортизациялық аударымдарды, есептен шығуының негізділігін, есептің ұйымдастырылуын, талдау мен оларды тиімді пайдалануды ішкі бақылауды тексеру болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Олеханович Г.И. Интеллектуальная собственность и проблемы ее коммерциализации – 2-издание, Минск 2004 г.
2. № 28 «Материалдық емес активтердің есебі» бухгалтерлік есеп стандарты: Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің 10.09.1999 ж. № 490 бұйрығы
3. Самоучитель по бухучету и налогооблажению: Выпуск 3 - Алматы 2004г.
4. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456-I «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» заңы
5. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 «Патент заңы»
6. Родостовец В.К., Родостовец В.В., Ғабдуллин Т.Ф., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп: Өңделіп және толықтырылып 3-ші басылуы. – Алматы: Қазақстан аудит орталығы, 2002 ж.
7. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет. Учебное пособие. Издание 2-е переработанное и переделанное. – Алматы 2005 г
8. Путеводитель бухгалтера – Алматы 2004 г
9. Исақова С.А “Аудит” – Аудит теориясы. Оқу құралы. – Алматы, 2009 ж
10. Нематериальные активы: практическое пособие / Скала В.И., Скала Н.В., Петухова Е.Г. под общей редакцией Скала В.И. – Алматы 2003 г
3