Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 21:09, курсовая работа
Материалдық емес активтер мазмұны мен түрлері, Материалдық емес активтердің Қазақстанда бөліну түрлері, Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық көздері мен тәртіптері, Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық көздері мен тәртіптері, Материалдық емес активтердің аудитін жүргізу тәртіптері, Материалдық емес активтердің ерекшеліктері мен
теориялық негіздері
Кіріспе........................................................................................................4
1 бөлім. Материалдық емес активтердің ерекшеліктері мен
теориялық негіздері.................................................................................7
1.1 Материалдық емес активтер мазмұны мен түрлері...................7
1.2 Материалдық емес активтердің Қазақстанда бөліну
түрлері..........................................................................................14
2 бөлім. Материалдық емес активтердің аудитін жүргізу тәртіптері.................................................................................................21
2.1 Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық көздері
мен тәртіптері..............................................................................21
2.2 Материалдық емес активтер аудитін жетілдіру
жолдары.......................................................................................26
Қорытынды.............................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................32
Патенттік лицензиялық келісім – бұл келісімнің объектісі патенттермен немесе басқа құжаттармен қорғалқан ғылыми –технологиялық жетістіктер болып табылады.
Ғылыми жаңалықтарды халықаралық тіркеу туралы Женева келісімшарты (1978жыл) бойынша ғылыми жаңалық бұл материалды әлемнің әлі күнге дейін ашылмаған және тексерілуі мүмкін болмаған құбылыстары, қасиеттері немесе заңдары болып табылады.
Ноу-хау өндірістік және шаруашылық қызметте пайдалануға болатын, техникалық, ұйымдастырушылық-әкімшілік, қаржылық, экономикалық, басқарушылық сипаттағы құпия білімдер. Ноу-хауға құқықтық жағынан қорғалмайтын білімдер мен тәжірибелер жатады. Ноу-хауды бөлу мен тануға Европалық экономикалық комиссияның ХХІІІ сессиясының (Женева, 1969 ж. сәуір) критериилері негіз болады:
құпиялығы;
ғылыми-техникалық білімдері мен тәжірибесі;
құндылығы;
тәжірибеде қолдану мүмкіндігі;
ұлттық және халықаралық деңгейде құқықтық қорғалмауы.
Бірлескен кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдарды құрғанда пайда болатын ұйымдастыру шығындары – бұл кәсіпорынның құрылтай құжаттарын жасауға және техникалық-экономикалық негіздерін құруға байланысты шығындар мен кадрларды дайындауға және қызметті ұйымдастыруға тікелей байланысты басқа да шығыстар (олар кәсіпорынның жарғылық қорына салым ретінде кірістелсе).
Патент – өнімді белгілі бір мерзім бойында пайдалануға, өндіруге сатуға заңды тіркелген ерекше құқықтар болып табылады. Патент ұстаушыға заңдарға сәйкес патент қамтитын затты, процессті немесе қызмет түрін пайдалануға, өндіруге, сатуға және бақылауға, сонымен қатар осы әрекеттерді басқа тұлғалардың жүзеге асыруына тиым салатын құқықтар беріледі. Америка Құрама Штаттарында патенттер 17 жыл мерзімге беріледі.
Электронды есептеуіш машинасына арналған бағдарлама - электронды есептеуіш машиналары мен басқа компьютерлік құрылғылардың қызмет етуі үшін арналған мәліметтер мен бұйрықтар жиынтығының объективті формасы.
Табиғат ресурстарын пайдалану құқығы жерді, су және орман ресурстарын, жер қойнауларын және т.б. пайдалану құқықтарынан тұрады.
Мүлікті пайдалану құқығы материалдық (жылжымалы, жылжымайтын) және материалдық емес (материалдық емес активтерді пайдалануға және қандай да бір әрекетпен шұғылдануға құқық беретін лицензиялар) мүлікті пайдалану құқығынан тұрады.
Өнеркәсіптік үлгілер өнімнің немесе қызметтің сыртқы түрiн айқындайтын көркемдiк немесе көркемдiк-конструкторлық шешiм болып табылады. Дизайн саласына жатады. Аталған белгілері бар болған жағдайда құқықтық қорғауға ие болады. Жаңалығымен, ұтымдылығымен, өндірісте қолданылуымен ерекшеленеді. Өнеркәсіптік үлгілері модельдерімен, суреттерімен, формасымен, құрылымымен берілуі мүмкін. Бұйымның өнеркәсіп құралдарымен ұдайы өндірісі мүмкін болу керек, бұлай болмаған жағдайда өнеркәсіптік меншік туралы заңнамамен емес, авторлық құқық туралы заңнамамен қорғалатын туындылар санатына жатқызылады.
Өнеркәсіптік үлгілер әдетте заңсыз көшіру немесе ұқсастырудан қорғалған болып табылады. Мұндай қорғаудың ұзақтығы әр елде әртүрлі 5 жылдан 15 жылға дейін жалғасады.
Оңтайландыру ұсыныстары – ұйым үшін жаңа және пайдалы болып табылатын техникалық шешім. Бұйымдардың конструкциясын, өндіріс технологиясын немесе материалдың құрамын өзгертуді қарастырады. Оңтайландыру ұсыныстары проектілердің, конструкциялардың және технологиялық процесстердің техникалық мінездемелерін жақсартуы керек. Оларға проектілер, конструкциялар, технологиялық процесстер жатады.
Сабақтас құқықтар – бұл орындаушылардың құқықтары. Берілген шығарманы орындаушылар, түрлі көшірмелер мен фонограммаларды дайындаушылар, түрлі эфирлік немесе кабельдік таратылымдарды ұйымдастырушылар сабақтас құқықтардың субъектілері бола алады.
Тауар таңбасы мен қызмет көрсету таңбасы – бұл бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарлары мен қызметтерін басқа заңды немесе жеке тұлғаның осыларға ұқсас тауарлары мен қызметтерін ерекшеленуін көрсететін белгілер.
Тауар таңбасы мен қызмет көрсету таңбасы ретінде сәйкес экспертизадан кейін кез-келген түстегі немесе түстердің үйлесімінде берілген сөз түріндегі, көркемсурет түріндегі, көлемді және басқа белгілер мен олардың комбинациялары тіркеле алады.
Интегралды микросхемалардың топологиясы – материалды тасымалдаушыларда тіркелген интегралды микросхемалардың элементтердің жиынының орналасуы және олардың арасындағы байланыс. Электронды микросхемалардың қызметін атқару үшін арналған. Құқықтық қорғалуы тек монолиттік схемаларға қатысты, яғни автордың шығармашылық әрекетінің нәтижесінде басқалардан ерекше белгісіз технологиямен жартылай өткізгіш пластинада жасалған интегралды микросхемаларға қатысты.
Фирмалық атаулар кәсіпорынды басқаларынан бөліп көрсету үшін қолданылады. Фирмалық атауларды қорғау мемлекеттердің басым көпшілігінің заңнамаларында қарастырылған. Бірақ осы атауларға байланысты құқықтық режимдер азаматтық және сауда құқықтармен анықталатындықтан әр елде әртүрлі болып келеді.
Франчайзинг – бір ұйымның екінші ұйымға иелігіндегі негізгі құралдарды, тауар маркасын, және басқа материалдық және материалдық емес активтерді арналуы бойынша пайдалану, ұсынылатын тауарлар мен қызметтер үшін анықталған сапалық стандарттарды ұстану шарттарында белгілі бір мерзімге беруі. Бұл үшін алушы жақ «аналық» фирмаға кіру үшін салым төлейді және табысының белгіленген пайызын төлеп отырады.
1.2 Материалдық емес активтердің Қазақстанда бөліну
түрлері
«Материалдық емес активтердің есебі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес материалдық емес активтер әкімшілік мақсаттарда, өндірісте, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуде және басқа субъектілерге жалға беру үшін ұзақ уақыт бойы пайдалануға арналған заттай нысаны жоқ үлестірілетін ақшалай емес активтер.
Материалдық емес активтер — бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашакта экономикалық олжа табады деп күтіледі.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.
Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдай алынса: болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің ролі анықталса; субъектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.
Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер — нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал-жабдықты басқару үшін, оны компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету керек, өйткені онсыз құрал-жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал-жабдықтың бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осыдан, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін байымдап ақыл-парасатпен анықтау керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтің де құрамында есептелуі мүмкін.
Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүрушілердің) құрамында болады, атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін- дискетте, фильм-лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) — қағазда болады, бірақ дискет те, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.
Қазақстандық тәжірибеде материалдық емес активтерге: лицензиялық келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар, сату құқықтарына, тауар белгілерін пайдалануға, артықшылықтар, гудвилл және т.б. жатады.
Материалдық емес активтер шартты түрде 4-топқа бөлінеді:
1. Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа "ноу-хау", ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады.
"Ноу-хау" — құжаттама өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрінде көрсетілген нысан және т.б. түрінде көрінетін техникалық білімдерін айқындау үшін халықаралық қатынастарда қолданылатын термин.
Кең мағынасында "ноу-хау" техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патенттелмеген, белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға қажетті өндірістік тәжірибесінің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялык келісім-шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте, "кілті қолма-қол" тапсырылатын құрылыста және т.б қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттік ақпараттар субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын "ноу-хаудың" құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.
"Ноу-хау" өзінің бағасы мен басты көрсеткіштерімен құнды. Өзінің табиғаты және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. "Ноу-хау" сатып алушылардан қосымша алынған табыстың есебінен қалыптасады және ол онын иесіне төленетін сыйақының орнықты тағайындалған сомасы түрінде көрсетіледі. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден "ноу-хаудың" өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылық капиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін. "Ноу-хаудың" субъект балансына алынатын құны құрылтайшылар немесе қатысушылардың келісімшартарының көмегімен анықталады.
2. Өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе субъектінің өнімін болашақ кезендегі тұтынушылары туралы, шикізатпен, материалдармен және қызметтермен жабдықтау туралы, бәсекелестері және тағысы тағылар туралы мәліметтер жатады.
Ұйымдастыру шығындары. Бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды құру кезеңінде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептелінеді. Бұған кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңіндегі шығындар мен кәсіпорынның әрбір қатысушысының ұйымдастыру шығындары кірмеуге тиіс. Мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркеу, құжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т.б. шығындары жатады.
ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау - кәсіпорын иемденген, ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге кабілетті бағдарламаларды пайдалануға қажетті мәліметтерді талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесінің жиынтығы.
3. Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері және т.б. жатады. Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесілі таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы занды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 456-І заңымен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тыйым сала алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқтарына қол сұғу болып есептеледі.
Таңбалар сөз түрінде көркемсурет түрінде, көлемді немесе бәрінің комбинациясы түрінде болуы мүмкін: олар кез-келген түсте немесе түстер үйлесімінде тіркеледі.
Айыру белгісі жоқ, тек бір ғана белгіден тұратын, сондай-ақ мемлекеттік елтаңба, ту, эмблемалар, мемлекеттердің ресми аттары, халықаралық және үкіметаралық ұйымдардың эмблемалары, толық немесе қысқартылған аттары, ресми қабылданған бақылау, кепілдік және сапасын (пробасын) көрсететін белгілері, мөрлер, марапаттау белгілері және басқада айырым белгілерінен немесе соларға өте ұқсас, аралас деңгейіндегі белгілерден тұратын тауар таңбалары рұқсат етілмейді. Тауарды, тұтынушыны немесе жасаушыны жаңылыстыратын элементтері бар, қоғамдық мүдделер мен адамгершілік принциптеріне қайшы келетін тауар таңбалары да тіркелмейді.
Занды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.