Материалдық емес активтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 21:09, курсовая работа

Описание работы

Материалдық емес активтер мазмұны мен түрлері, Материалдық емес активтердің Қазақстанда бөліну түрлері, Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық көздері мен тәртіптері, Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық көздері мен тәртіптері, Материалдық емес активтердің аудитін жүргізу тәртіптері, Материалдық емес активтердің ерекшеліктері мен
теориялық негіздері

Содержание

Кіріспе........................................................................................................4
1 бөлім. Материалдық емес активтердің ерекшеліктері мен
теориялық негіздері.................................................................................7
1.1 Материалдық емес активтер мазмұны мен түрлері...................7
1.2 Материалдық емес активтердің Қазақстанда бөліну
түрлері..........................................................................................14
2 бөлім. Материалдық емес активтердің аудитін жүргізу тәртіптері.................................................................................................21
2.1 Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық көздері
мен тәртіптері..............................................................................21
2.2 Материалдық емес активтер аудитін жетілдіру
жолдары.......................................................................................26
Қорытынды.............................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................32

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 165.00 Кб (Скачать)


 

Мазмұны

 

Кіріспе........................................................................................................4

 

1 бөлім. Материалдық емес активтердің ерекшеліктері мен

теориялық негіздері.................................................................................7

       1.1 Материалдық емес активтер мазмұны мен түрлері...................7

       1.2 Материалдық емес активтердің Қазақстанда бөліну

             түрлері..........................................................................................14

 

2 бөлім. Материалдық емес активтердің аудитін жүргізу тәртіптері.................................................................................................21

       2.1 Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық көздері

            мен тәртіптері..............................................................................21

       2.2 Материалдық емес активтер аудитін жетілдіру

             жолдары.......................................................................................26

 

Қорытынды.............................................................................................30

 

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................32

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқаруға аса қажетті әртүрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы қолданбалы ғылымдарға ерекше маңыз беріліп отыр.

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің мәні мен ролі артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпараттарды қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.

Бухгалтерлік есеп – экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пәндердің бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды. Ол шаруашылық жүргізуші кез-келген субъект қызметінде жетекші орын алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, қаржылық жағдайы ашық көрсетіледі.

Микроэкономикалық деңгейдегі даму туралы айтар болсақ, өндіріс тиімділігінің маңызды бағыттарының бірі – субъектінің активтерін пайдалануын жетілдіру, олардың қайтарымдылығын өсіру, олардың тұрақты және реттелген кеңейтілген ұдайы өндірісін жетілдіру. Бұл кез-келген шаруашылықтың материалдық және қаржылық ресурстарының шектеулілігімен тікелей байланысты. Субъектінің активтерін толық пайдалану еңбек өнімділігін өсіруге, ағымдағы өндіріс шығындарын азайтуға, оның басқа сапалық көрсеткіштерін жақсартуға және пайда үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты активтердің есебі мен экономикалық мазмұнын, кәсіпкерлік қызметтегі ролі мен орнын дұрыс түсіну оларды тиімді пайдалану жолдарын анықтау өндірістің экономикалық нәтижелеріне оң әсер тигізеді.

Әр қоғамның өмірінде материалды өндірістен басқа рухани өмір маңызды орын алады. Адам туылған кезінен бастап ойлауға, шығармашылыққа, ғылым мен өнер туындыларын жасауға қабілетті болып келеді. Мұндай әрекеттердің нәтижелері әрбір халықтың, мемлекеттің сонымен қатар жалпы адамзаттың рухани және интеллектуалдық потенциалын құрайды және арттырады. Ол жетістіктер интеллектуалдық меншік деп аталады, ал есеп жүйелерінің мақсатында оларды материалдық емес активтерге жатқызады.

Қоғамның ғылыми және рухани потенциалы дұрыс әлеуметтік-экономикалық саясатпен бірге қоғамның алға қойған мақсаттарына жетуін қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды болып отыр. Елімізде шикізат пен энергия тасымалдаушыларды сыртқа шығаруға ғана сеніп қоймай, міндетті түрде ғылымсиымды және күрделі өндірістерді дамыту керек, әлемдік технологиялық еңбек бөлінісінде өз орнын табуға көңіл бөлу керек.

Материалдық емес активтер Қазақстанның есеп жүйесінде ең алғаш Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қаржы министрлігінің 1991жылы 1қарашадағы №56 бұйрығымен енгізілді. Сол кезге дейін материалдық емес активтер жалған капитал деп есептелді.

Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің болмауы кәсіпорындардың қаржылық көрсеткіштерінің бұрмалануына ұшыратты. Өндірісте бірінші рольде тұратын нақты бар капитал – интеллектуалдық меншіктің болуы теріске шығарылды, ал бұл активтерді мойындап, олардың бағасын білгендер үшін үлкен пайдаларға қол жеткізуге мүмкіндік болды.

Дамыған елдерде әуендер мен әндер, фильмдер мен кітаптар, күрделі химиялық өнімдер, дәрі-дәрмектер мен тағамдық қоспалар, үнемді экологиялық таза технологиялар, электронды есептеуіш машиналарға арналған интегралдық микросхемалар мен бағдарламалық өнімдер сияқты шығармашылық интеллектуалдық әрекет нәтижелерімен сауда жүргізу басты табыс көзіне айналуда.

Қазақстан Республикасы орын тепкен нарықтық қатынастардың ақиқатын түсіне отырып, интеллектуалдық меншік мәселелерін реттеудің нормативтік-құқықтық негізін жасады, адамның шығармашылығының барынша елеулі объектілерінің мәртебесін анықтады. Бұл саладағы нормативтік құқықтық актілер жеткілікті базаны қалыптастырады және әлемде белгілі материалдық емес активтерді толық дерлік қамтиды.

Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінде материалдық емес активтерді сауатты және дұрыс анықтау, рәсімдеу, бағалау мен есептеу бизнес нәтижелері мен фирма бағасына тікелей әсер етіп өте маңызды роль ойнайды.

Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорын қызметіндегі, бухгалтерлік есептегі материалдық емес активтердің алатын орнын қарастыру, олардың түрлерін, бағалау тәсілдерін меңгеру болып табылады.

Курстық жұмыстың алдына қойған мақсатқа жету үшін жұмысты орындау барысында келесідей міндеттерді шешу қарастырылған:

-  материалдық емес активтер туралы әртүлі әдебиеттерді пайдалана отырып, материалдық емес активтердің экономикалық мәнін айқындау мен нақтылау;

-              материалдық емес активтердің түрлері мен қолданылу аясын қарастыру;

-              материалдық емес активтердің аудитін жүргізуді меңгеру.

Курстық жұмыс екі тараудан тұрады. Алғашқы тарауда материалдық емес активтердің халықаралық және отандық тәжірибеде бөліну түрлері қарастырылады.

Екінші тарауда материалдық емес активтердің аудитінің ақпараттық көздері мен тәртіптері және талдау жолдарын жетілдіру қарастырылады.

 

 

 

1. Материалдық емес активтердің ерекшеліктері мен

теориялық негіздері

      1.1 Материалдық емес активтер мазмұны мен түрлері

«Материалдық емес (көрінбейтін) активтер» ұғымы дүние жүзілік тәжірибеде әдетте зияткерлік әрекет нәтижесі болып табылатын  арнайы шаруашылық объектілер топтарын белгілеуге қолданылады. Олардың заттай құрылымы болмаса да кәсіпорын үшін құны бар болады.

Материалдық емес активтер құрамы бойынша, қолданылуына қарай немесе өндірістік процессте пайдаланылуына қарай, қаржылық жағдай мен шаруашылық қызмет нәтижелеріне әсер ету дәрежесіне қарай әртекті болып табылады. Бұл активтермен жұмыс істеу барысында олардың қалыптасу негіздерін ескеру қажет:

1. Кәсіпорынның қаржылық нәтижелеріне әсері бойынша:

           оларды қолданысқа енгізуден тікелей табыс әкелетін материалдық емес актив объектілері;

           қаржылық нәтижеге жанама әсер ететін материалдық емес актив объектілері.

2. Құқықтық қорғалу дәрежесіне қарай:

           қорғаушы құжаттармен (авторлық құқықтар) қамтамасыз етілген;

           қорғаушы құжаттармен (авторлық құқықтар) қамтамасыз етілмеген.

3. Кәсіпорынның қызметкерлерінің еңбегінің жұмсалуына қарай:

           кәсіпорынның қызметкерлерімен немесе құрылтайшыларымен жасалған материалдық емес актив объектілері;

           басқа жеке немесе заңды тұлғалармен бірлесе отырып үлестік шарттарда жасалған материалдық емес актив объектілері;

           сырттан алынған, яғни басқа жеке немесе заңды тұлғалардан ақысына немесе қайтарымсыз алынған материалдық емес актив объектілері.

Авторлық құқықтар (копирайт) әдебиет пен өнер саласындағы еңбектердің авторларының өз туындыларына иелік етуі мен оларды таратуы заңмен кепілдендірілген монополиялық құқықтары болып табылады. Авторлық құқықтар шығармашылық іс-әрекет нәтижелері болып табылатын ғылым, әдебиет, өнер туындыларына таратылады. Келесілер авторлық құқық объектілері бола алады:

           әдеби, әдеби-көркем шығармалар, ғылыми, ғылыми-техникалық туындылар, электронды есептеуіш машиналарына арналған бағдар-ламалар, мәліметтер базалары, лекциялар, баяндамалар және т.б.

           драмалық, мелодрамалық шығармалар, мәтіні бар және мәтінсіз музыкалық шығармалар;

           хореографиялық шығармалар мен пантомимолар;

           аудиокөрнекті туындыларлар (кино-, теле-, бейнефильмдер мен бағдарламалар, диафильмдер және басқа да кино-, телетуындылар);

           көркемсурет, мүсіндік, графикалық, дизайнерлік шығармалар, графикалық әңгімелер, комикстер және басқа да көркемсурет өнерінің туындылары;

           архитектура, қалатұрғызу туындылары;

           географиялық, геологиялық және басқа да карталар, эскиздер пластикалық туындылар және т.б.;

           басқа туындылар.

Көптеген елдерде авторлық құқықтың жарамдылық мерзімі автор қайтыс болғаннан кейін 50 жылға созылады. Авторлық құқықпен қорғалатын туындының негізінде жатқан идеяларға, процесстерге, жүйелерге, тәсілдерге және концепцияларға авторлық құқық таратылмайды.

Гудвилл бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда компанияларды біріктіріп немесе сатып алған кезде кәсіпорынның сатып  алынған бағасын және оның дербес бірлік болып тұрған кезіндегі баланстық қалдық құнының (міндеттемелерін қоспағанда)  арасындағы айырмасын көрсетеді.

Материалдық емес активтердің бұл түрі бүтіндей жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың, немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын сатып алғанда пайда болады. Гудвиллдің пайда болу себептері әрқилы болып келеді. Әдетте, мұндай кәсіпорындардың (бөлімшелердің) баланстық құнымен емес, аукционда (конкурста), кәсіпорынның болашақтағы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнімді шығару нарығындағы беделіне және басқа факторларға байланысты анықталған бағасына, сатылатыны немесе сатып алынатыны  нарықтық қатынастар жағдайында пайда болатын заңды құбылыс.  Кәсіпорынның (бөлімшенің) сатылу құны оның балансындағы активтерінен асып түсуі "Фирма бағасын" құрайды.

Өнертабыс – пайдаланылуы оң әсер беретін, техникалық мәселелердің жаңа және ерекше белгілерге ие шешімі. Халық шаруашылығының түрлі салаларында қолданылуы мүмкін болса және өзіндік өнертапқыштық деңгейі болса құқықтық жағынан қорғауға алынады. Өнертабыс объектісі келесілер бола алады: құрылғы, тәсіл, зат (материал), бұрыннан белгілі құрылғыны, тәсілді, затты жаңа арналымы бойынша қолдану.

Лицензия – бұл біріншіден – заңдармен қорғалатын өнертабыстарды, техникалық білімдерді, өндірістік тәжірибелерді және т.б. басқа заңды немесе жеке тұлғаларға қолдануға берілетін рұқсат қағаз, екіншіден – мемлекеттік органдардың қандай да бір шаруашылық қызметті жүзеге асыруға беретін рұқсатнамасы.

Лицензия ұйымдардың (фирмалардың) сыртқы сауда қызметін, экспорттық ресурстарды ұтымды пайдалану мен реттелген импортты мемлекет тарапынан бақылау нысаны болып табылады.

Айрықша лицензия – сатып алушыға объектіні лицензияда көрсетілген шекте пайдалануға  құқық береді. Бұл шектеулер лицензиялық келісімнің мерзімі мен әрекет ету территориясына байланысты белгіленеді. Айрықша лицензияның негізгі ерекшелігі лицензиар (лицензияны сатушы) өз құқықтарын келісілген шектерде өзі пайдалана алмайды немесе үшінші бір тұлғаға бере алмайды.

Жай лицензия – лицензиар лицензиатқа (лицензияны сатып алушыға) жаңалықты келісімде көрсетілген территория шегінде пайдалануға рұқсат беріп, сол аймақта лицензияны пайдалану құқығын, сонымен қатар лицензияны ұқсас шарттармен өзге үшінші тұлғаларға сату құқығын сақтап қалады.

Толық лицензия – лицензиар лицензиатқа келісімшарт объектісін лицензиялық келісім мерзімі шегінде пайдалану құқықтарын береді және сол мерзімге оны пайдаланудан толық бас тартады. Лицензиар лицензиатқа келісімшарт объектісін пайдалану құқығын толық бергенімен, лицензияның меншік иесі болып қала береді.

Сублицензия – айрықша және жай лицензияның бір түрі. Сублицензияны лицензиар емес, сублицензия келісімі бойынша толық немесе айрықша лицнезияға ие контрагент-лицензиар сатады. Толық немесе айрықша лицензияның иесі келісімшарт затын сублицензиатқа келісімшарт бойынша белгіленген мерзім мен көлемде пайдалануға рұқсат етеді немесе береді. Сублицензиар бұл әрекеттерді толық немесе айрықша лицензия бойынша берілген құқықтар шегінде жүзеге асырады.

Лицензиялық келісім бойынша өнертабыстардың, технологиялық білімдердің, тәжірибенің, өндіріс құпияларының және тағы басқаларының иегері өз контрагентіне осы интеллектуалдық әрекет объектілерін келісілген көлемде пайдалану құқығын береді. Лицензиялық келісімде лицензияның түрі, лицензия объектісін пайдалану құқықтарының көлемі, өндірістік сферасы, территориялық шектері, технологияны беру тәсілі анықталады.

Информация о работе Материалдық емес активтер