Материалдық емес активтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 21:09, курсовая работа

Описание работы

Материалдық емес активтер мазмұны мен түрлері, Материалдық емес активтердің Қазақстанда бөліну түрлері, Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық көздері мен тәртіптері, Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық көздері мен тәртіптері, Материалдық емес активтердің аудитін жүргізу тәртіптері, Материалдық емес активтердің ерекшеліктері мен
теориялық негіздері

Содержание

Кіріспе........................................................................................................4
1 бөлім. Материалдық емес активтердің ерекшеліктері мен
теориялық негіздері.................................................................................7
1.1 Материалдық емес активтер мазмұны мен түрлері...................7
1.2 Материалдық емес активтердің Қазақстанда бөліну
түрлері..........................................................................................14
2 бөлім. Материалдық емес активтердің аудитін жүргізу тәртіптері.................................................................................................21
2.1 Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық көздері
мен тәртіптері..............................................................................21
2.2 Материалдық емес активтер аудитін жетілдіру
жолдары.......................................................................................26
Қорытынды.............................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................32

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 165.00 Кб (Скачать)
style="text-align:justify">Тауардың шыққан жерінің атауы — тауарды таңбалау үшін пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялык объектінің атын қоса және басқа да ерекшеліктері арқылы сипатталады.

Сондықтан нарықтық экономика жағдайында тауар таңбасы кәсіпорынның өте қымбат тұратын активі болып табылады, себебі компания оны сата алады немесе жарғылық капиталға қосқан үлесі ретінде пайдалану құқығын береді.

Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер. Бұл  топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік ақпаратты қолдану құқықтары, копирайт (кешіру құқығы) лицензиялар және басқалар жатады.

Патенттер. Патент оның ұстаушысының патент қамтыған нәрсесін, процесін немесе қызмет түрін және дәл сондай әрекетті басқа тұлғаның жүзеге асыруына тиым салатын, бақылайтын, сататын, өндіретін және пайдаланатын құқық болып табылады. Патенттің күші оны берген мемлекеттің аумағында ғана жүреді. Патенттің қызмет мерзімі (15-20 жыл) ұлттық зандармен белгіленеді. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427-І «Патент заңының» 5 бабына сәйкес өнертабысқа патент Қазпатентке тапсырыс берген күннен бастап жиырма жыл мерзімде жарамды; пайдалы модельге берілген патент өз күшін бес жыл сақтайды және жарамдылық мерзімі үш жылға дейін ұзартылуы мүмкін; өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек. Сонымен қатар, патент деп белгілі кәсіппен, саудамен, тауар сатып алумен шұғылданатын тұлғаларға берілген құжат саналады. Патент берілгенде патенттік алым (пошлина) ұсталынады. Патент иеленушінің ерекше құқықтары оның өнертабысты пайдалану бойынша монополиялық құқықтарын көрсетеді. Патент иеленуші өнертабысқа деген құқықтарын шеттете алады және басқа тұлғаларға патенттелген өнертабысты пайдалануға рұқсат қағаздарын (лицензияларды) бере алады. Жаңа өнертабысты пайдалану үстеме табыс алуға мүмкіндік беретіндіктен, патенттерді алу бәсекелестік күресте күшті қару болады және оларды алуға ең алдымен үлкен қаржылық мүмкіндіктерге ие ірі кәсіпорындар мүдделі.

Лицензиялық келісім бойынша патент иесі (лицензиар) өнеркәсіптік үлгіні пайдалану құқығын басқа тұлғаларға да (лицензиат) бере алады, ал соңғысы лицензиарға төлемдер беріп тұруға және келісімде қарастырылған басқа да іс-әрекеттерді орындауға міндетті. Өнеркәсіптік үлгілердің құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қатынастары Қазақстан Республикасының зандарымен реттеледі.

Лицензия (еркіндік, құқық деген латын сөздерінен алынған) - қандай да бір операцияларды жүзеге асыруға құзырлы мемлекеттік органдарының берген рұқсаты.

Лицензиялар келесі белгілері бойынша бөлінеді:

Субъект бойынша:

- Қазақстан Республикасының занды және жеке тұлғаларына берілетіндер;

- шетелдік заңды және жеке тұлғаларға, азаматтығы жоқ тұлғаларға, халықаралық ұйымдарға берілетіндер.

Қызмет ету көлемі бойынша:

- негізгі (бас) - мерзімі шектеусіз, белгілі бір қызмет түрімен шұғылданатындарға, егер де олардың қызметі бір тұтас технологиялық кешенге кіретін болса, онда бас лицензия қызметтің бірнеше түрімен шұғылданатындарға да беріледі;

- бір жолғы (бірақ рет пайдалануға берілетіндер) — белгілі бір шаруашылық операциясын жасау үшін рұқсат етілген шегінде өнімнің көлемін, санын немесе салығын (ақшалай немесе натуралды түрінде) алуға беріледі;

- операциялық — валюта заңдылығымен анықталған, валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты белгілі бір  банк кызметінің операцияларын жасау үшін беріледі.

Аймақтық әрекет ету сферасы (территориялық әрекет ету аясы) бойынша:

- тұтастай Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етеді;

- Қазақстан Республикасының белгілі бір аймағында ғана әрекет етеді;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де таратылады

4. Материалдық емес активтердің басқа да түрлері. Материалдық емес активтердің бұл тобына "Фирма бағасы" ("гудвилл"), интеллектуалдық меншік және тағы басқалары кіреді.

Гудвилл (іскерлік репутация) басқа материалдық емес активтердің қатарында өзгеше көрінеді, ол бағалау және амортизация әдістерімен, алу және кету тәсілдерімен еркшеленеді. Басқа активтерден айырмашылығы оны беру, бөлек сату, немесе сыйлау мүмкін емес. Ол жеке мәміле объектісі бола алмайды, іскерлік репутация бүкіл компанияға тән және одан бөліне алмайды. 28 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес компанияның ішінде жасалған іскерлік репутациясы бақыланатын, дәл бағаланатын, сәйкестендірілетін ресурс болып табылмағандықтан актив ретінде танылмайды.

Гудвиллді бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда, ол компанияларды біріктіріп немесе сатып алған кезде кәсіпорынның сатып  алынған бағасын  және оның дербес бірлік болып тұрған кезіндегі баланстық қалдық құнының (міндеттемелерін қоспағанда)  арасындағы айырмасын көрсетеді.

Олардың ішіндегі ең айрықшасы: ерекше тиімді жарнама саясаты, бұрындары белгісіз болған табиғи ресурстарының ашылуы, жоғары несиелік рейтингі, қызметкерлерінің машықтығының жоғары болуы, географиялық орналасуының артықшылығы, жабдықтаушылармен тиімді және тұрақты байланысының болуы, т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 бөлім. Материалдық емес активтердің аудитін жүргізу

тәртіптері

2.1 Материалдық емес активтер аудитінің ақпараттық

көздері мен тәртіптері

              Материалдық емес активтердің аудиті – бұл кәсіпорында олардың нақты барлығын, құжаттарда көрсетілген ақпараттардың ақиқаттылығын, пайдалы қызмет ету мерзімі мен құнын бағалаудың шынайылығын, амортизациялық аударымдарды, есептен шығуының негізділігін, есептің ұйымдастырылуын, талдау мен оларды тиімді пайдалануды ішкі бақылауды тексеру болып табылады.

              Осы объектілерді тексеру барысында аудитор Қазақстан Республикасының «Меншік туралы», «Тауарлық белгілер туралы», «Авторлық құқық туралы» заңдарын, «Материалдық емес активтер» қаржылық есептің халықаралық стандартын,  «Материалдық емес активтердің есебі» бухгалтерлік есеп стандартын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді негізге алады.

Кәсіпорынның материалдық емес активтерінің аудитінің негізгі ақпараттық көздері қаржылық есептілік, есеп саясаты, Бас кітап пен бухгалтерлік есеп регистрлері, МЕА-1 «Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісі», МЕА-2 «Материалдық емес активтердің есептік карточкасы», Инв-2 «Материалдық емес активтердің түгендеу тізбесі.

Аудитор материалдық емес активтердің аудитін бастаудың алдында аудиторлық тексеру бағдарламасын жасау керек. Ол бағдарлама келесілерден тұрғаны жөн: материалдық емес активтердің баланста дұрыс көрсетілгенін және олардың Бас кітап  пен басқа да есеп регистрлерінің мәліметтеріне сәй-кестігін тексеру; материалдық емес активтердің нақты барын, кәсіпорынның осы объектілерді иелену құқықтарын және сонымен қатар кәсіпорынның оларды алу фактісін растайтын алғашқы құжаттарды тексеру; келіп түскен материалдық емес активтерді бағалаудың дұрыстығын тексеру; материалдық емес активтерді кірістеудің дұрыстығын тексеу; материалдық емес активтер бойынша амортизация есептеудің дұрыстығын тексеу; материалдық емес активтер объектілерінің кетуінің немесе есептен шығарылуының есепте дұрыс көрсетілгендігін тексеу; материалдық емес активтердің синтетикалық және аналитикалық есебінің дұрыс жүргізілгендігін тексеру.

Арналымы мен атқаратын функцияларына қарай материалдық емес активтер негізгі үш топқа жіктеледі:

1.     Интеллектуалдық меншік.

2.     Мүліктік құқықтар.

3.     Кейінге қалдырылған шығындар.

Интеллектуалдық меншік объектілері бұл – патенттер, лицензиялар, пайдалы модельдер, жаңалықтар, өнеркәсіптік үлгілер, электронды есептеуіш машиналарына арналған бағдарламалар, эксперттік жүйелер, «ноу-хау», «гудвилл», тауарлық белгілер, фирма атаулары, қызмет көрсету белгілері, авторлық құқықтар және басқалары.

Мүліктік құқықтарға табиғи ресурстарды (жер қойнауларын, минералды ресурстарды және басқаларын), жер учаскелерін, түрлі мүліктерді және тағы басқаларды пайдалану құқықтары жатады.

Кейінге қалдырылған шығындар келесілерден тұрады:

а) ұйымдастыру шығындары;

ә) ғылыми-зерттеу жұмыстары;

б) тәжірибелік-конструкторлық еңбектер.

Аудиторлық процедураларды жүзеге асыруды материалдық емес активтердің баланста дұрыс көрсетілгендігін тексеруден бастаған жөн. Ол үшін материалдық емес активтердің баптар бойынша қалдықтарын Бас кітап  пен басқа да есеп регистрлерінің мәліметтерімен салыстыру керек.

Материалдық емес активтердің аудитін жүргізгенде екінші қадам -кәсіпорынның осы материалдық емес актив объектісіне меншік құқығын және иелік ету мерзімін анықтап көрсететін алғашқы құжаттарды тексеруден тұрады. Материалдық емес актив кәсіпорынның иелігінде тұрақты немесе уақытша болуы мүмкін.

Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді жасау құқықтары сәйкес лицензиялық келісімдермен куәландырылып, патенттік ведомствода тіркелген болуы керек.

Интеллектуалды меншік объектілерінің аудитін жүргізгенде алдымен осы объектіні сипаттайтын және оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін құжаттарды тексеру керек. Мұнымен интеллектуалды меншік объектісінің нақты барлығы туралы факт тұжырымдалады. Қызметкерлердің  интеллек-туалдық және іскерлік қасиеттері, соның ішінде квалификациясы мен еңбекке қабілеттілігі материалдық емес актив ретінде таныла алмайды, себебі ол қасиеттер басқа бір тұлғаға берілуі мүмкін емес. Кәсіпорынның «Ноу-хау» алғанын көрсету үшін оның суреті немесе сипаттамасы болуы керек.

Кәсіпорынның тауар белгісін немесе қызмет көрсету белгісін сатып алуы патенттік ведомствода тіркелген тапсыру туралы келісім шартпен куәләндірілген болуы керек.

Қандай да бір авторлық құқықты алғанда осы авторлық құқықты сатушы заңды немесе жеке тұлғамен жасалған құқықтық жағынан толыққанды және күшіне енген келісімшарттың негізінде ғана есепке кірістеуді жүзеге асыруға болады.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, ұлттық тағамдар мейрамха-наларында тағамдар рецептурасы жарғылық капиталға салым болуы мүмкін. Бұл салымды кірістеу үшін оның авторы рецепттердің сипаттамасын тапсыруы міндетті.

Геологиялық немесе басқа да жер қойнауы туралы ақпараттар геологи-ялық есептемелер, карталар мен басқа материалдар түрінде көрсетілуі керек.

Мүліктік құқық объектілерінің аудитін жүргізгенде материалдық емес активтердің осы тобының объектілерінің нақты барлығы сәйкес құжаттармен рәсімделуіне баса назар аударған дұрыс. Сонымен, құрылтайшының жер учаскесіне құқықтары мен оны кәсіпорынның пайдалануына беруін куәландыратын сәйкес құжаттама жерді пайдалану құқықтарын кірістеуге негіз болады. Бұл процесс тиісті заңнамада көрсетілген тәртіппен рәсімделуі керек.

Жақтардың келісімі бойынша келісілген құнмен жарғылық капитал салымдарына жатқызылған; басқа кәсіпорындар мен тұлғалардан – сатып алынған объектілерді алып келуге және пайдалануға жарамды күйге жеткізгенге дейін жұмсалған нақты шығындары бойынша алынған; басқа кәсіпорындар мен тұлғалардан эксперттік жолмен сыйға алынған материалдық емес актив объектілері алғашқы құны бойынша есептелінеді.

Аудитор материалдық емес активтердің құнын алғашқы бағалау дұрыс көрсетілгендігін тексеру керек.

Материалдық емес актив объектілерінің нақты барын куәландыратын құжаттармен бірге міндетті түрде кәсіпорынның осы объектіні алу фактісін растайтын құжаттаманың бар болуын тексеру керек.

Материалдық емес актив кәсіпорынға келіп түскенде материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісі толтырылады. Бұл құжат кәсіпорынға объектінің келіп түсуі мен пайдалануға берілуін белгілеп, объектінің толық сипаттамасын, оның алғашқы құнын, амортизация нормасын, қызмет ету мерзімін, объект пайдаланылатын бөлімше, және басқа да мәліметтерді қамтиды. Бұл құжат белгіленген ережелерді қатаң сақтай отырып толтырылған болуы керек. Бұл құжатты жасағанда техникалық мамандардың қатысуы міндетті болып табылады.

«Материалдық емес активтер» бөлмшесінің шоттары бойынша аналитикалық есеп кәсіпорынға келіп түскен материалдық емес активтердің инвентарлық есеп карточкаларында жүргізіледі. Ол карточкалар әрбір материалдық емес актив объектісіне жеке ашылып, материалдық емес актив объектісін кәсіпорынның алу фактісін куәләндыратын құжат негізінде толтырылады.

Материалдық емес активтердің келіп түсуі туралы құжаттаманы тексеріп болғаннан кейін аудитор материалдық емес активтердің келіп түсуі туралы әртүрлі фактілердің есепте дұрыс көрсетілгендігін тексеру керек.

Материалдық емес активтердің қызмет ету мерзімін белгілеудің кемінде үш нұсқасы бар:

- материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі олардың сәйкес келісімшартпен алдынала анықталған мерзіміне сайма-сай. Бұл жағдайда бір жылдағы амортизациялық аударымдардың сомасы материалдық емес активтердің алғашқы құнының келісімшартта көрсетілген мерзімге қатынасына тең болады;

Информация о работе Материалдық емес активтер