Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:21, курсовая работа
Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Д-т 5057 «Басқа банктерден алынған қаржылық лизинг бойынша сыйақыны төлеумен байланысты шығындар»
5227 «Алынған қаржы лизингі бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығындар»
К-т 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар».
Лизинг келісімімен құралған төлемдерді мерзімде төлегенде, лизинг алушы мынадай бухгалтерлік жазба жасайды:
а) лизинг бойынша есептелген сыйақыны өтеу бойынша:
Д-т 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар»
К-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
ә) лизинг затын алу, жеткізу және лизинг келісімін жасау кезіндегі баға бойынша лизинг келісіміне сәйкес мақсатында қолдану үшін жұмыс жағдайында келген шығындар мен басқа да кез келген шығындарды қалпына келтіру бойынша.
Д-т 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»
2227 «Алынған қаржы лизингі»
К-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».
Тозу құны банктің есеп саясатына сәйкес есептеледі. Егер жалдау мерзімінің соңында меншік құқы лизинг алушыға өтетіні толық сенімділік болмаса, өте қысқа екі кезеңнің бірінде активке тозу құны есептеледі: жалдау мерзімі немесе оны тиімді қолдану мерзімінде бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Д-т 5784 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал жабдықтар бойынша амортизациялық аударымдар»
К-т 1695 ««Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал жабдықтар бойынша есептелген амортизация»
Лизинг алушы сыйақы бойынша төлемдерді, сондай ақ қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасы кешіктірілгенде, келесі бухгалтерлік жазба жасалады:
а) Есептелген сыйақы сомасына:
Д-т 2705 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген шығындар»
К-т 2741 «Алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар»;
б) Негізгі борыш сомасына:
Д-т 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»
2227 «Алынған қаржы лизингі»
К-т 2058 «Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен берешек»
2225 «Банктің клиенттермен жасалған қзге операциялары бойынша мерзімі өткен берешегі».
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, бұл курстық жұмыс «Негізгі құралдардың есебі» тақырыбы бойынша жазылған. Курстық жұмыстың мазмұны кіріспе, негізгі бөлімнен соның ішінде мынадай сұрақтар қарастырылған: негізгі құралдарды жалдау есебі; негізгі құралдардың ағымдағы жал есебі; қаржылық жалдау операциялар есебі; негізгі құралдарды жалдау есебінің аудиті; қаржыландырылған жал есебінің аудиті; ағымдағы жалдау жөніндегі операциялар есебінің аудиті; лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі; лизингтік операциялардың есебі мен аудиті.Әр бөлімнің өзіндік ерекшелігі бар. Алғашқы бөлімде негізгі құралдарды жалдау операцияларының есебі жайлы қарастырылған. Яғни, № 16 Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында,сондай-ақ өндірістік емес салада ( материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы ( 1 жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер ( жер учаскілері,үйлер,ғимараттар,
Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.
Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласын ұсынады. Лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылады. Лизингктік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция. 1998 жылы Оттавада қабылданған халқаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: «Халқаралық тәжірибеде лизинг үшін үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықты сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін».
Лизингкті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тысаны болуы мүмкін.
Заңды мазмұнына қарай жалға берудің екі түрін бөліп көрсетеді: қаржылық жалға беру және операциялық жалға беру. Лизингктік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.
ГЛОССАРИЙ
Аудит — заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебіне оның дұрыстығы мен әділдігі туралы пікір білдіру мақсатында, заңмен белгіленген талаптарға сай тексеру жүргізу.
Аудитор — біліктілік комиссиясы аттестациялаған және "аудитор" квалификациясының тағайьндалғандығы туралы куәлік алған жеке тұлға.
Аудиторлық дәлелдеулер — аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын қорытынды пікірлерді тұжырымдау процессінде аудитор алатын ақпарат.
Аудит стандарттары — аудитке қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеуші және аудит өткізу принциптері мен тәртібін айқындаушы нормативтік кұжаттар
Аудиторлық тәуекелдік - қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмалаушылық болған күнде аудитордың соған сәйкес емес аудиторлық қорытынды беріп қою тәуекелдігі.
Аудиторлық тексеру — қаржылық жағдайға қатысты аудиторлық дәлелдеулерді жинау, бағалау жөне талдаудан тұратын іс-шара.
Ағымдағы жалгерлік – қаржыландырылатын жалгерліктен басқа кез келген басқа жалгерлік.
Қаржылық лизинг – қолдану үрдісінде мүліктің толық немесе үлкен бөлігінің амотизациясы өтетін ерте және ұзақ мерзімді сипаттағы келісімдермен сипатталатын лизингтің неғұрлым кең қолданылатын типтік нысаны.
Жалға беру - жал иесінің жалгерге ақы төлегені үшін мүлікті уақытша иелікке және пайдалануға беруі.
Жалгерлік мерзім – жалгер мүлікке жалгерлік шарт жасайтын нақтылы мерзім уақыты, сондай-ақ жалгерлік мерзімнің басында ескерілген, жал иесі құқықтары, жалгерлік мерзімін одан ары ақы төлеп және төлемей ұзартуға болатын басқа да кез келген одан кейінгі мерзім.
Жалгерлік мерзімнің басы – жалгерлік шартына қол қойылған күн болып табылады.
Жалгерлік төлемнің ең аз мөлшері – жалгердің жалгерлік мерзім ішінде (көрсетілген қызметтер құны мен салықтардың шегерілімін жал иесі төлеуі және оған қайтарылуы керек) жүзеге асыруға міндетті төлемдері.
Жалгерлікті жалпы күрделі қаржыландыру – қаржыландырылатын жалгерлік төлемін ең аз мөлшері сомасының оған мүліктің кепілдік бермеген құн қалдығы қосқандағы жиынтығы.
Жалгерлікті таза күрделі қаржыландыру – жал иесінің жалгерлікті күрделі қаржыландыру және пайдаланылмаған табыс арасындағы айырма.
Жедел лизинг – көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да техникаларды қысқа мерзімді жалға беру.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Абленов Д.О. Аудит негіздері, Алматы: Экономика 2005 ж.
2. Абдыхалықов Г.А. Бухгалтерлік есеп пен аудит негіздері, Орал: Дастан, 2001 ж.
3. Әжібаева З., Байболтаева Н., Жұмағалиева Ж. Аудит, Алматы: 2006ж
4. Байдаулетов М., Байдаулетов С. Аудит, Алматы: Қазақ университеті 2004 ж
5. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности: Учебное пособие / К.Ш Дюсембаев.,С.К. Егембердива, З.К. Дюсембаева. – Алматы: «Каржы – Каражат», 2008 –512 с.
6. Исакова С.А. Есеп және аудит халықаралық стандарттары.– Тараз: Тараз университеті, 2010. – 213 б.
7. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. Қаржылық есеп, Алматы: Экономика 2001 ж.
8. Международные стандарты аудита в Казахстане. - Ллмвпы: Рарггпг, 2004. - 786 с.
9. Сәтмырзаев А., Укашев Б. Аудит теориясы, Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2000 ж.
10. Толпоков Ж.С. Бухгалтерлік есеп: Оқулық. – Қарағанды, «Қарағанды полиграфиясы» АҚ, 2009. – 568 бет
11. Н. Қабылова, Ш. Доспаналиева, Е. Оразалинов Бухгалтер «Бухгалтерлік есеп негіздері)- Астана: Фолиант, 2008.-368 б.
12. Д.О. Абленов «Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» - Алматы: Экономика, 2007.-544б
13. М. Байдәулетов, С. М. Байдәулетов. «Аудит» - Алматы: Экономика, 2010.- 288 б.
ТІРКЕМЕЛЕР
24
Информация о работе Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі