Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:21, курсовая работа

Описание работы

Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

Работа содержит 1 файл

курс нқ жалдау.doc

— 185.00 Кб (Скачать)

-         лизинг бойынша ұсынылатын қызметтер.

              Өндірістік циклде жойылмайтын материалдық құндылықтардың кез келген түрі лизингтік қызмет объектісі болып табылады. Жалға берілетін объект табиғаты бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингі қарастырылады.

              Мәміле объектісіне тікелей қатысы бар тараптар лизинг субъектісі болып саналады. Банктерді лизингтік қызмет нарығына енгізу, біріншіден лизинг-бизнестің капитал сыйдым түрі болуымен, ал банктер – ақша ресурстарының негізгі ұстаушысы болуымен байланысты. Екіншіден, лизингтік қызмет өзінің экономикалық табиғаты бойынша банктік нсиелеумен тығыз байланысты және соңғысына өзіндік балама ретінде шығуы жатады.

              Лизинг кезеңі лизингтік келісімнің әрекет ету мерзімімен түсіндіріледі. Себебі лизинг ұзақ мерзімді жалдаудың негізгі нысаны, жоғары құн және қызмет объектілерінің әрекет ету мерзімінің ұзақтығы лизинг кезенінің уақытша шектерін анықтайды. Лизингтік келісім мерзімін анықтау кезінде лизинг алушы мен лизинг беруші келесі мезеттерді ескереді: құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімін, оның амотизациялық кезеңдерін, неғұрлым өндірістік немесе ұқсас арзан қызметтердің пайда болу циклдерін, инфляциялық үрдіс динамикасын, қарыз капитал нарығының жағдаятын (конъюнктурасын) және оны дамыту беталысын (тенденцияларын).

              Лизинг берушіге тиесілі лизингтік төлемдер сомасын анықтау, лизинг операцияларының неғұрлым күрделі тәртібі болып табылады. Лизингтік төлемдер лизинг алушы өндіретін өнім (жұмыс, қызмет) құнына заңмен белгіленген тәртіпте енгізіледі.

              Төлемдерді кезеңдеріне қарай былай бөледі:

      кезеңдік төлемдер – лизингтік келісімге қатысушы, тараптар келісімімен жасалған кесте бойынша төленетін жылдық, тоқсандық, айлық төлемдер;

      бір мерзімдік төлемдер – егер келісімінде лизинг берушіге аванс төлеу қарастырылса, кезеңдік төлемдермен қатар қолданылады.

              Лизинг алушының қаржылық жағдайы мен төлем мүмкіндіктерін ескере отырып, мәміле лизингтік төлемдерді дөлеудің төмендегідей әр түрлі тәсілдері белгіленуі мүмкін:

      бірдей үлестермен – бір қалыпты түзу сызықты төлемдер;

      өспелі өлшемдермен (прогрессивтік төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде лизингті пайдаланушыға лизингтік төлемді аз жарналармен енгізген ыңғайлы, ал содан соң жабдықты меңгеру және онда өндірілетін өнім қарқынын арттыруға байланысты төлемді ұлғайтатын, негізінен қаржылық жағдайы тұрақсыз лизинг алушыларға қолданылатын төлем;

      азаймалы өлшемдермен (жеделдетілген, регрессивті төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде пайдаланушы лизинг берушіге өз берешегінің көп бөлігін өтеуді көздейтін, қаржылық жағдайы тұрақты лизинг алушылар қолданатын төлемдер.

              Жалпы жал төлемдерінің көлеміне амортизациялық аударулар көлемі, қалдық құн, несие үшін пайыз, лизинг компаниясы көрсететін қызмет шығындары (тасымалдауды, лизинг объектісіне техникалық қызмет көрсетуді, құрастыруды, салық салу, қызметті рәсімдеу бойынша кеңестерді ұйымдастыру) әсер етеді. Кез келген лизингтік төлем құрамына келесі негізгі элементтер енеді:

      амортизация;

      мәмілені жүзеге асыру үшін лизинг берушінің тартылатын ресурстар үшін төлемі;

      көрсетілген қызметтер үшін лизинг берушінің кірісіне енетін лизингтік маржа;

      лизинг берушіге тиесілі кейбір тәуекелділік деңгейіне қатысты тәуекелділік сыйақысының көлемі.

              Ресурстар үшін төлем, лизингтік маржа және тәуекелділік сыйақысы лизингтік пайызды құрайды.

              Лизинг лизинг берушіге ұсынылатын қызметтердің көп түрлілігімен сипатталады. Бұл қызметтердің барлық түрін екі топқа бөлуге болады:

-         техникалық қызмет – клиент пайдаланатын объектіні тасымалдауды, құрастыруды және орналастыруды ұйымдастыруға, жабдыққа техникалық қызмет етуге және ағымды жөндеуге байланысты (көбіне жабдық жаңа болған жағдайда);

-         кеңес беру қызметі- салық салу, рәсімдеу және т.б мәселелер бойынша қызметтер.

              Жалгер лизинг компаниясынан қажетті жабдықты алу үшін өтініш жазады, өтініште жабдық аты, жабдықтаушы, жабдық типі, маркасы, бағасы, және оны қолдану мерзімі көрсетіледі. Өтініште, сондай-ақ жалгердің өндірістік және қаржылық қызмет деректері көрсетіледі. Ұсынылған мәліметтер толық талданған соң лизингтік компания соңғы шешімге келеді және оны лизинг алушыға лизинг келісімінің жалпы шарттарын қоса хатпен жібереді, ал жабдықтаушы жақ лизинг компаниясының жабдық алу жөніндегі ақпаратымен хабардар етіледі. Бұл жағдайда лизинг беруші жабдықтаушымен жабдық құның келіседі, қажет болса қызмет объектісінің сенімділігі, өнімділігі және тиімділігімен танысады.

              Хатқа қосымша лизинг келісімінде лизингтің келесі маңызды шарттары көрсетіледі:

-         келісім заты;

-         лизинг затын сатушының аты, сатушы таңдауы кіммен белгіленгені;

-         лизинг алушының лизинг затын жалдау шарттары және мерзімдері;

-         лизинг затының құны;

-         келісімде әрекет ету мерзімдері;

-         лизинг алушының меншігіне лизинг зтының біржола берілу шарттары, егер мұндай берілу келісімде қаралса;

-         лизинг затының сипаты;

-         лизинг затын сақтандыру;

-         тараптардың біріне лизинг затын лизинг беруші атына мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы міндеттемені белгілеу;

-         лизинг шарты бойынша лизинг алушының міндеттемелерін орындауына лизинг берушінің бақылау жасау тәртібі;

-         тараптар жауапкершілігі.

              Осы шарттардың бірі көрсетілмесе лизинг келісімі жасалмаған болып саналады. Бұл кезде лизинг келісімінің мерзімі лизинг затының толық немесе жарты құнының амортизация мерзімінен кем болмауы тиіс.

              Лизинг беруші лизинг келісімінің жалпы шартымен танысып, лизинг алушыға бекітім – міндеттемесі бар хатты, қол қойылған келісімінің жалпы шартының көшірмесін, оған жабдыққа тапсырыс жасау бланкісін қосып жібереді. Бұл құжатты фирма-жабдықтаушы дайындайды және лизинг алушымен келісіледі. Аталған құжаттарды алған соң лизинг беруші тапсырысқа қол қояды және оны жабдықтаушыға жолдайды. Тапсырыс бланкінің орнына сату-сатып алу туралы келісім және жабдыққа жіктелім құрастыруды қолдануы мүмкін.

              Жабдықтаушы жабдықты лизинг алушыға жеткізіп береді және қызмет объектісін жүргізеді. Жұмыс аяқталуымен жабдықты нақты жеткізгенін дәлелдейтін қабылдау жөніндегі хаттама толтырылады. Қабылдау жөніндегі хаттамаға лизингтік қызметке қатысушылардың қолы қойылады және лизинг алушы қызмет объектісінің құнын төлейді.

 

                3.2 Лизингтік операциялардың есебі мен аудиті

 

              Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлкігі қаржылық лизингке ұсынуымен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.

              Лизинг келісімі жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден өткен соң, сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік мақсатына уақытша пайдалануға және ұқсатуға лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі.

              Лизинг берушінің лизинг затын сатушыдан алу және лизинг келісімінің шартына сәйкес жолдау:

              Лизинг берушінің лизинг затын сатушыдан алу және лизинг келісімінің шартына сәйкес жолдау:

              - Негізгі құралдарды алу:

              Д-т 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құрал- жабдықтар»

              К-т 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»

-         Алынған негізгі құралдар үшін төлем:

              Д-т 2856 « Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»

              К-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

              Лизинг затын лизинг келісімшарттарына сәйкес, лизинг алушыға уақытша ұстауға және кәсіпкерлік мақсатта қолдануға беру:

              Д-т 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі»

              К-т 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құрал- жабдықтар»

              Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг беруші лизинг бойынша сыйақылар есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

              Д-т 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

              К-т 4305 «Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»

4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».

              Лизинг келісімімен қаралған төлемдерді мерзімінде алғанда лизинг беруші келесі бухгалтерлік өткізбелерді жүзеге асырады:

              1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі»

              б) Негізгі борыш сомасы Ұлттық банктің нормативтік – құқықтық актілеріне сәйкес құрылатын мәжбүрлі шығын сомасына:

              Д-т 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар) ақша бөлу».

5455 «Клиентерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар) ».

              К-т 1339 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)».

1439 «Клиентерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

              Есептелген сыйақы мен негізгі борыш уақтылы бір кезде төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде көрсетілмесе) лизинг беруші айып өсімақы және тұрақсыздық сомасын есептейді. Бқл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

              Д-т 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

              К-т 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)».

Лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған соң лизинг заты лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг берушіге қайтарылады:

              а) Егер лизинг заты толық амотизацияланса, онда лизинг беруші аталған лизинг затын қабылдау-өткізу акті бойынша қабылдайды және қажет болса оны одан әрі қолдану бойынша жүйеден тыс есепке кірістейді;

              б) Егер лизинг заты толық амотизацияланса, қалдық құн сомасына лизинг берушіде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

              Д-т 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»

           1653 «Компьютерлік қондырғылар»

           1654 «Басқада негізгі құралдар»

      1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құралдар»

      1658 «Көліктік құралдар»

К-т 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».

              Егер лизинг келісімінің шарты бойынша лизинг заты қайтарылмаса және аталған лизинг заты толық амортизацияланбаса, онда лизинг алушымен лизинг берушіге қалдық қалпына келтіруі лизинг келісімшартымен реттеледі.

              Егер ағымды жылда қаржылық лизинг бойынша берешекті өтеу жүргізілсе, онда келесі бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

              а) айыппұл, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:

              Д-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

              К-т 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімппұл)»бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

              ә) Сыйақы сомасына:

              Д-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

              К-т 4305 «Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»

              К-т 4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

              б) Негізгі борыш сомасына:

              Д-т 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

              К-т 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

              5455 «Клиентерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

              Лизинг алушы банкіде операциялары келесі ретпен жүргізіледі:

              Жасалған лизинг келісіміне сәйкес, лизинг алушыға лизинг заты барлық нәрселерімен және тиісті құжаттар беріледі. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жүзеге жасалады:

              Д-т 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құралдар»

              К-т 2057 «Басқа банктерден алынған қаржы лизингі»

                     2227 «Алынған қаржы лизингі»

              Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг алушы лизинг бойынша сыйақы қосады және келесі бухгалтерлік жазбаны жүргізеді:

Информация о работе Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі