Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:21, курсовая работа
Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
2. 4150 - "Жалдау мiндeттемелерi" шоты - негiзгi, пассивтiк, есеп айырысу шоты. Кредитi бойынша кәсiпорынның ұзақ мерзiмдi жалға алынған НҚ үшiн жалға берушiге берешегiнiң ай басындaғы және соңындағы қалдығы көрсетiледi. Жалдау ақысының сомасы aғымдағы ай үшiн есептеледi. Дебетi бойынша берешектiң жалға берушiге төленуi көрсетiледi. Талдамалы есеп “Әр түрлi дебиторлармен және кредиторлармен есептесулердi есепке алу ведомосында” жүргiзiледi (тек жалгер пайдаланады.
3. 13-бөлiмшенiң шoттары (2421-2429), "Ұзақ мерзiмге жалданған НҚ тозуы" субшоты. Мұндa жалға алушы субъектiлер ұзақ мерзiмге жалданған НҚ құны толық төленгеннен кейiн амортизацияның қолданыстағы нормалары бойынша ұзақ мерзiмге жалданған НҚ есептелген тозудың сомасы ескерiледi. Жал мерзiмiнде есептелген тозу негiзгi құралдардың тозуына қосылады.
Жалға берушiнiң бухгалтерлiк есебiнде (баланста) жалға берiлетiн мүлiк жалға таза күрделi салымға тең болатындай дебеттiк берешек peтіндe көрсетiледi. Жалдау ақысын кipic бөлiгiнде жалға берушi әрбiр есептi кезеңде жалға беруге салынған күрделi салымнан алынған табыс ретiнде таниды. Түсуге тиiстi жалдау мiндеттемелерiнiң есебi 2180 - "Өзге дебиторлық берешек" шотында жүргiзiледi. Oғaн "Түсуге тиіcтi жалдық мiндеттемелер" субшоты ашылады, бұл шот - негiзгi, активтiк және есеп айырысу шоты. Дебетi бойынша - жалға алушы субъектiлердiң жалдау aқысы бойынша берешегiнің ай басындaғы және ай соныңдaғы қалдығы көрсетiледi. Жалдау aқысының coмacын есептi ай үшiн есептейдi. Кредитi бойынша - жалдау ақысы бойынша берешектi өтелуi көpiнic табады. Талдамалы есеп жалға алушы әрбiр субъект бойынша "әр түрлi дебиторлармен және кредиторлармен есептесудi есепке алу ведомосiнде" жүргiзiледi.
Күрделi жөндеуге жұмсалған шығындарды жабу үшiн жалгер кәсiпорын жалдау шартында көзделген күрделi жөндеудiң сметалық құнанa орай тең үлестермен резерв (қоp) жасай алады.
2 Негізгі құралдарды жалдау есебінің аудиті
2.1 Қаржыландырылған жалдау операцияларының есебінің аудиті
Нарықтық қатынаста негізгі құралдар нысандарын жалға беру және жалға алу операциялары жиі кеждеседі. Өйткені шаруашылықта қажетті негізгі құралдарды сатып алғаннан гөрі басқа заңды тұлғалардан және уақытша пайдалануға алу, яғни жалға алу тиімді.
Жасалған операцияның нәтижесі бір жақты ғана емес, екі жағына да тиімді болу керек. Егер жалға берушіге сол негізгі құралды сатып қалдық құнын өндіру мүмкін болмаған жағдайда тиімділік әкелсе, жалға алушыға қаржысын үнемдеуге және негізгі құралдарға қажеттілікті жоюға мүмкіндік береді.
Тексеру кезінде мыналарға назар аудару керек:
а) мүлікті жалға беру жал шарты бойынша жасалады және қабылдау-тапсыру актісімен беріледі (жалға алынған объектілердің қызмет мерзімі мен жал төлемінің көлемі);
ә) жалға беруші мүлікті жалға тапсырудан түскен қаржылық нәтижелер пайдада немесе болашақ кезеңдердің кірісінде көрсетіледі;
б) егер келісімшартта жалға алушының қаржысы есебінен жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы салу қарастырылса, онда жал мерзімі аяқталған соң жалға берушіге өтеусіз беріледі, негізгі құралдарды өтеусіз беру жайлы бухгалтерлік жазбалармен рәсімделеді;
в) ағымдағы жолда жалға алынған негізгі құрал есебі баланстан тыс 001 «Жалға алынған негізгі құралдар» шотында жал шартында белгіленген бастапқы құн бойынша жүргізіледі;
г) ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар есебі «Ұзақ мерзімдік жалға алынатын негізгі құралдар» аралық шотында, ал жал төлемі бойынша есептеулер (жалға беруші де) «Түсуге тиісті жал міндеттемелері» шотында жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің №17 «Жалға беру есебі стандартында» қаржыландырылатын жалдауға мынандай анықтама берілген: қаржыландырылатын жалдау – мүлікке меншіктік құқымен байланысты пайда мен тәуекелдің үлкен бөлігін жалгерге беру. Бұндай жағдайда жалға алушы жалға алған мүлкін өз балансында көрсетеді. Меншіктік құқығы жалдаушыға жалдау мерзімінің ішінде берілуі немесе берілмеуі де мүмкін. Қаржыландырылатын жалдау, егер жалға алушыға тұтыну құқығының едәуір бөлігі беріліп, оның тәуекелділікке барғандығы ақталса және мынандай талаптардың біріне жауап берсе ғана мүмкін болады.
1. Жалға берілген мүліктің иелік ету құқы жалдаушыға өткен сәттен бастап, жалдаушы жалдау мерзімінің басында бекіткен бағасымен немесе жалдау мерзімінің соңындағы бағасымен сатып алу құқығына ие болады.
2. Жалдау мерзімі жалға берілген тиімді пайдалану мерзімінің кемінде 80% құрағанда, жалға берілген кездегі ағымдағы құнынан жалдау соңындағы қалдық құны 20% төмен болмаса немесе активтің пайдалы қызмет ету мерзімінің соңғы 20 пайыздық шегінен төмен болмаған жағдайда. Егер келісім-шарт осындай кезеңнен кейін жасалатын болса, онда мұндай жалға беру ағымдағы жалға беру ретінде саналады. Мысалы, айталық, автокөліктің пайдалы тиімді қызмет ету мерзімі 10 жыл дейік. Жалдауға келісім-шарт кемінде 8 жылға жасалса (10х80):100% қалған пайдалану мерзімі 80% тең болғандықтан, қаржыландырылған жалдаудың санатына жатады.
3. Жалдау ақысының ең төменгі мөлшерінің дисконтталған (ағымдағы) құны 90 пайызды құраған жағдайда. Мысалы, жалға активтің құны 400 мың теңге дейік. Жалдаудың қаржыландырылған түрінің шарты бойынша ең төменгі жалақы төлемнің дисконтталған құны 360 мың теңгеден төмен болмауы тиіс (400х90/100%).
4. Жалдау мерзімінің соңында активтің қалдық құны, келісім-шартта көрсетілген жалға беру бағасының 20 пайызынан аспауы тиіс.
17 «ХҚЕС» көрсетілген, төменгі жалгерлік төлем – жалға алушы бүкіл мерзімінде (жалға беруші төлеуге және оған қайтаруға тиісті, қызмет және салықтардың құны шығарылып тасталып) жүзеге асыруға міндетті төлемі, сондай-ақ жалға алушы жақтан – олардан немесе оларға байланысты жақтардың кепілдік берген кез келген сомасы; жалға беруші жағынан – жалға алушының немесе оған байланысты жақтардың жалға берушіге кепілдік берген немесе бұл кепілдемені қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар, оған немесе тәуелсіз үшінші жаққа байланысты кез келген қалдық сомасы.
Жалға алынған мүлікке тозу есептеу негізгі құралдар нысандарының бастапқы құнына және оларды жалдау мерзіміне қарай жүргізіледі.
Жалға берілген мүлік жалға берушінің жалға берген жалпы күрделі қаржы салымы мен өтелмеген табысының арасындағы айырмасы болып табылатын таза қаржы салымына тең, бухгалтерлік баланста дебиторлық борыш ретінде көрсетіледі. Жалдауға салынған күрделі қаржы өз кезеңінде – бұл жалға берушінің алған қаржыландырылған жалдау бойынша төменгі жалгерлік төлем мен мүліктің кепілдік берілмеген қалдық құнының қосындысының жиынтық сомасы. Жалға берушінің жалға беруге салған жалпы күрделі қаржысы мен сол мезетте жалға берілген дисконтталған құнының айырмасы өндірілмеген табысы болып табылады. Жалға беруші жалгерлік төлемді табыс түрінде, әрбір қорытынды есеп беру кезеңінде жалға беруге салынған күрделі қаржыдан алынған табыс ретінде санайды.
Жоғарыда баяндалғандай, жалға алушы жалдаудың ұзақ мерзімді түрін қолданғанда, жалға алынған негізгі құралдардың өзінің балансында көрсетіп, оған тозу есептеп, бүкіл жалдау мерзімінде жалгерлік төлемнен тыс, жалдағы негізгі құралдардың құнын біртіндеп төлеп сатып алады.
Жалға беру және алу шарты бойынша жалға алушының меншігіне (сатып алуына) өту, жалдау мерзімі бітуі бойынша немесе ол біткенге дейін жалға алушының шарттағы келісілген бағада барлық сомасын құйған жағдайлары қаралған, ұзақ мерзімдік жалдаудың нысаны негізгі құралдар болып табылады. Демек, бұндай жалға беру түрінің ерекшелігі нысанның меншіктік құқығы жалға берушіден жалға алушыға берілуін көздейді. Нәтижесінде, бір меншік иесі берілетін нысанды балансынан шығарып, негізгі құралдарды шығысқа шығарудың қаржылық нәтижесін анықтаса, ал екіншісі – жалға алған нысанды шартта келісілген құнның сомасында кіріске алып баланста, активтер құрамының бөлігінде көрсетеді.
Жалға беруші қаржыландырылған жалға беру бойынша төлемді инвестицияға салынған капиталдың қайтарылуы және алынған табыс ретінде қарайды. Пайыз түріндегі жалгерлік төлем жалдағы күрделі қаржыдан алынатын табыс деп саналады. Төлемнің түсуіне қарамастан, әрбір қорытынды есеп беру кезеңінде пайыз түрінде алынатын табыстың саналатынын естен шығармау қажет.
2.2 Ағымдағы жалдау жөніндегі операциялар есебінің аудиті
Ағымдағы жалдау деп қаржыландыру талаптарына сәйкес келмейтін басқа да кез келген жалдауды айтамыз. Демек, ағымдағы жалға беру – жалға алушының уақытша қажетін қанағаттандыру үшін мүлікті қысқа мерзімге жалға беру. Жалдағы мүліктің меншіктік құқы мен міндеті жалға берушіде сақталса, ал жалға алушыға жалға алған мүліктің тұтыну құқығы ғана беріледі.
Жалға беру және алуға байланысты шартта көрсетілген ең төменгі төлем ақысына жалдаушы тарапынан көрсетілетін қызмет түрлеріне (жарық пен жылу беру, байланыс қызметі және т.б.) байланысты қосымша төлемдер үстемеленуі мүмкін. Жалдау мерзімінің бітуіне қарай мүлік иесіне қайтарылады.
Түпкілікті (қайтарылып алынбайтын) жалдаудың қатарына тек төменгі жағдайларға кездесетін кезде ғана бұзылатын жалдау жатады:
күтпеген жағдайлар кездескенде жалға берушінің рұқсатымен;
дәл осы жалға алушымен осы немесе осыған ұқсас мүлікке жаңадан шарт жасалса;
егер жалға беру мерзімінің бас кезінде жалдауды тоқтату мақсатында шартта көрсетілген төлем ақыны жеткілікті мөлшерде жабатындай қосымша ақы төленсе.
Нысандарды жалға алғанда берілу және қайтарылу тәртіптері көрсетіліп шарт жасалып, екі дана қабылдау актісі толтырылуы керек. Шартта жалға берілетін негізгі құралдар нысандарының құрамы және құны, төлем ақы көлемі, жалдау мерзімі, шартта қаралған тарауларын орындауға байланысты тараптарының міндеттері туралы қосымша түсініктеме беріледі.
Аудитор негізгі құралдар нысандарын жалға беру және алу операциялары бойынша жалгерлік төлемдердің шоттарда көрсетілдуін, есеп айырысулардың дұрыстығын тексеру кезінде назар аударып анықтауға міндетті:
- субъект жалға беру және алудың қандай түрлерін қолданғандығын;
- негізгі құралдар нысандарын жалға беру және алу туралы шарттың жасалып, онда көрсетілген талаптардың орындалғандығын;
- жалға берілген негізгі құралдар нысандарына күрделі қаржы жұмсау кімнің есебінен (жалға алушының немесе жалға берушінің) жүзеге асырылатындығын;
- жалға берілген негізгі құралдар нысандарына күрделі қаржы салымы және күрделі жөндеу жүргізу шығындары кімнің есебінен жүзеге асырылатындығын және оның төлем ақы есебіне жатқызылатындығын;
- жалгерлік төлемдерінің дұрыс есептелгендігін; жалдаушыға мүліктің иемдену құқығының берілуінің заңдылығын;
- ұзақ мерзімге жалға берілетін негізгі құралдар нысандарына қойылатын талаптардың сақталғандығын;
- жалға беру және алу есеп операцияларының есеп регистрларында машина жазбаларда жинақталып, бухгалтерлік есеп корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін;
- аудитор негізгі құралдар есебінің ағымдағы орташа және ұзақ мерзімге жалға беру және қайтарылу ерекушеліктеріне назар аударуға тиіс.
Аудитордың ағымдағы жалдау бойынша шаруашылық операцияларының бухгалтерлік бухгалтерлік есеп шоттарында жалға беруші мен жалға алушылардың тұрғысынан көрсетілу әдістерін ескеру қажет. Сондай-ақ, жалгерлік төлем ақының дұрыс анықталғандығы аудитордың назарынан тыс қалмауы тиіс. Төлем ақы шартта жалдағы мүліктің құнынан пайыз түрінде есептелетін табыстың бір бөлігі немесе белгіленген сома ретінде анықталуға тиісті. Тәртіп бойынша пайыздың көлемі банк операцияларында қолданылатын пайыздардан төмен белгіленбеуге тиісті. Жалдағы мүліктің құнынан амортизациялық аударымға байланысты тараптарының арасынадағы қатынасты тараптарының қатысуымен жасалған шартта анықтайды.
Аудитор жалдағы негізгі құралдар нысандарына күрделі қаржы салымы және жөндеу шығындарының есебінің дұрыстығын тексеруге ерекше көңіл бөлу талап етіледі.
Жалдағы негізгі құралдар нысандарына жұмсалатын күрделі қаржылар шығындары жалгерлік шартта қаралуға тиісті. Жұмсалған күрделі қаржылар шығындары төлемнің есебіне жатқызылып, жалға алушының есебінен жүргізілуі мүмкін. Егер жалдағы негізгі құралдар нысандарына күрделі қаржы салымының шартта жалға берушінің есебінен жүзеге асырылуы қаралса, онда жалға алу мерзімі біткен кезде ол қайтарусыз жалға берушіге беріледі. Берілген кезде негізгі құралдарды қайтарусыз төлем ақысыз сияқты бухгалтерлік жазулар жүзеге асырылады. Жалдағы негізгі құралдар нысандарына салынып біткен күрделі салдымдары 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің сәйкес шоттарында көрсетіліп, жалға берушінің балансында жалдағы негізгі құралдар нысандарының қымбаттағаны ретінде көрсетіледі.
Жалдағы негізгі күрделі жөндеу бойынша шығындары шарттағыи қаралған жағдайға сәйкес, жалға беруші шаруашылықтың есебінен немесе жалға алушы шаруашылық жалгерлік төлемнің есебінен жатқызу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалға алынған нысандар баланста жиынтығын санағаннан кейін жалға алушының мүлкінің құнын ұлғайтпайтын болғандықтан, жалдағы негізгі құралдар нысандарын жалға алушы баланс сыртындағы 001 «Жалдағы негізгі құралдар» шотында есебін жүргізеді. 001 «Жалдағы негізгі құралдар» шоты бойынша аналитикалық есеп жалгерлік шартта белгіленген жалға берушілер, материалды жауапкершілікті тұлғалар және жалдағы негізгі құралдар – нысандар олардың бастапқы құны бойынша жүргізіледі.
Информация о работе Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі