Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:21, курсовая работа

Описание работы

Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

Работа содержит 1 файл

курс нқ жалдау.doc

— 185.00 Кб (Скачать)

              Жалға алынған негізгі құралдар нысандары 001 «Жалдағы негізгі құралдар» шотының дебетінде, шоттардың кредитінсіз көрсетіледі. Жалға берушіге жалдағы негізгі құралдар нысандарын қайтарғанда 001 «Жалдағы негізгі құралдар» баланс сыртындағы шоттың кредитінен, шоттардың дебетінсіз көрсетіледі.

              Аудитор ағымдағы жалдағы шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп шоттарындағы көрсетілуін тексеріп, ары қарай ұзақ мерзіиді қаржыландырылған негізгі құралдар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын тексерумен жалғастырады. 17 «Жалдағы есеп» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жалдаудың ағымдағы түрін қолданған кезде, жалға беруші жалдағы негізгі құралдар  нысандарының құнын өзінің бухгалтерлік балансындағы актив түрінде, ал төлеуге тиісті жалгерлік төлемді міндеттеме ретінде көрсетеді. Жалгерлік шартта қол қойған күннен басталатын жалгерлік төлем міндеттеме, сату құны бойынша (егер ол сату құнынан төмен болса) немесе жалгерлік төлемнің дисконтталған құны бойынша (егер ол сату құнынан төмен болса) көрсетілуге тиісті.

              Сату құны – бұл жан-жақты хабардар, келісім жасауға дайын тәуелсіз тараптарының арасында мүліктің айырбастауға ықтимал сомасы. Жалгерлік төлемнің дисконтталған құнын есептеген кезде дисконттау коэфициенті жалдау кезінде қаралған пайыздық қойылымы болып табылады. Жалдау кезінде қаралған пайыздық (төлем ақы) қойылым жалданған активті ағымдағы құны бойынша төменгі жалгерлік төлемді және жалдаудың басындағы кепілдіксіз қалдық құнын анықтау үшін жалдаудың  басында мүліктің дисконтталған құнын анықтайтын дисконттық қойылым. Кепілдіксіз қалдық құн – жалға берілген мүліксіз (жалдаудың басында анықталған), жалға беруші сатуға кепілдік бермеген немесе сатуды тек қана жалға беруші жағы кепілдік беруге байланысты қалдық құнның бөлігі. Егер дисконтталған құнын анықтау мүмкін болмағанның өзінде, жалдушының заемдық капиталына үстемелі өсімді пайыздық қойылым қойылады. Капиталына үстемеленген өсімдегі пайыздық қойылым – жалдаушы төлеуге тиісті активті сатып алу үшін оындай уақытқа пайыздалған несиелік (заемя-қарызы) жалға алушының жалдаудың басында қабылданған қойылымы.

              Жалгерлік төлем қаржыландырылған (пайыздарын төлеуге) төлемдерден және жалгерлік міндеттеменің баланстық құнын қысқартатын (негізгі міндеттемені сөндіру) төлемдерден тұрады. Қаржыландырылған төлем жалдаудың бүкіл мерзімінде сақталатын әрбір қорытынды есеп кезеңінде жалгерлік міндеттеменің баланстық құнына қоладанылатын  тұрақты пайызының қойылымы.  Пайыздарын төлеу шығындары және амортизациялану шығындары бүкіл жалдау мерзіміндегі әрбір  қорытынды есеп беру кезеңінде сақталады.

              Жалға алынған мүлікке тозу есептеу негізгі құралдар нысандарының бастапқы құнына және оларды жалдау мерзіміне қарай жүргізіледі.

              Жалға берілген мүлік жалға берушінің жалға берген жалпы күрделі қаржы салымы мен өтелмеген табысының арасындағы айырмасы болып  табылатын таза қаржы салымына тең, бухгалтерлік баланста дебиторлық борыш ретінде көрсетіледі. Жалдауға салынған күрделі қаржы өз кезеңінде – бұл жалға берушінің алған қаржыландырылған жалдау бойынша төменгі жалгерлік төлем мен мүліктің кепілдік берілмеген қалдық құнының қосындысының жиынтық сомасы. Жалға берушінің жалға беруге салған жалпы күрделі қаржысы мен сол мезетте жалға берілген дисконтталған құнының айырмасы өндірілмеген табысы болып табылады. Жалға беруші жалгерлік төлемді табыс түрінде, әрбір қорытынды есеп беру кезеңінде жалға беруге салынған күрделі қаржыдан алынған табыс ретінде санайды.

              Жоғарыда баяндалғандай, жалға алушы жалдаудың ұзақ мерзімді түрін қолданғанда, жалға алынған негізгі құралдардың өзінің балансында көрсетіп, оған тозу есептеп, бүкіл жалдау мерзімінде жалгерлік төлемнен тыс, жалдағы негізгі құралдардың құнын біртіндеп төлеп сатып алады.

              Жалға беру және алу шарты бойынша жалға алушының меншігіне (сатып алуына) өту, жалдау мерзімі бітуі бойынша немесе ол біткенге дейін жалға алушының шарттағы келісілген бағада барлық сомасын құйған жағдайлары қаралған, ұзақ мерзімдік жалдаудың нысаны негізгі құралдар болып табылады. Демек, бұндай жалға беру түрінің ерекшелігі нысанның меншіктік құқығы жалға берушіден жалға алушыға берілуін көздейді. Нәтижесінде, бір меншік иесі берілетін нысанды балансынан шығарып, негізгі құралдарды шығысқа шығарудың қаржылық нәтижесін анықтаса, ал екіншісі – жалға алған нысанды шартта келісілген құнның сомасында кіріске алып баланста, активтер құрамының бөлігінде көрсетеді.

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              3.   Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі

 

              3.1  Лизингтік операциялар және олардың сипаттамалары

 

              Лизингктік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.

              Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласын ұсынады. Лизингкті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тысаны болуы мүмкін.

              Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті муліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.

              1998 жылы Оттавада қабылданған халқаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: «Халқаралық тәжірибеде лизинг үшін үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықты сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін».

              Әр түрлі белгілеріне қарай лизингктік операцияларды келесі тәртіппен топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып келеді:

-         тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім);

-         жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.

Тура лизингктің жиі кездесетің түрі – қайтымды лизинг, лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.               Мүлікті типіне қарай былай бөлуге болады:

-         жылжымалы мүлік лизингі;

-         жылжымайтын мүлік лизингі;

-         бұрын пайдаланылған мүлік лизингі;

Өтеу деңгейіне қарай былай бөлуге болады:

-         бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін лизинг;

-         толық өтелмейтін лизинг.

Амортизация шарты бойынша былай бөледі:

-         толық амортизация және соған сәйкес лизинг объектісінің құны толық төленетін лизинг;

-         толық емес амортизациялы лизинг.

Қызмет объектісіне қарай былай бөлінеді:

-         егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз мойнына алса, таза лизинг;

-         толық қызмет жиынтығы бар лизинг – объектіге толық қызмет көрсету лизинг берушіге жүктеледі;

              Операция өткізілетін нарық секторында ішкі және сыртқы (халқаралық) лизингті қарастырады.

              Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық лизинг кезінде – лизинг беруші болып табылады.

Салық және автоматизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинг мынадай болып бөлінеді:

-         жалған лизинг – қызмет алыпсатарлық сипатта болады және жеңілдіктер есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі;

-         нағыз лизинг – жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы салық төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төлемдерді алып тастай алады.

              Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай бөледі:

-         ақша төлемімен жүргізілетін лизинг – барлық төлемдер ақша нысанында жүргізіледі;

-         компенсациялық өлеммен жүргізілетін лизинг – төлем аталған жабдықты өндірілген тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету нысанында жүзеге асырылады;

-         аралас төлемді лизинг

Лизингтің осы нысандарын екі негізгі екі түрге біріктіруге болады: жедел және қаржылық лизинг.

              Жедел лизинг – көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да техникаларды қысқа мерзімді жалға беру. Оның ерекшелігі құралжабдықты пайдаланған соң иесіне қайтару болып табылады. Лизинг берушінің жалға ұсынылатын затты алу мен ұстауға байланысты шығындары бар лизингтік келісімшарт ағымында жалдық төлемдермен өтелмейді.

              Қаржылық лизинг – қолдану үрдісінде мүліктің толық немесе үлкен бөлігінің амотизациясы өтетін ерте және ұзақ мерзімді сипаттағы келісімдермен сипатталатын лизингтің неғұрлым кең қолданылатын типтік нысаны. Қаржылық лизингтің  маңызды белгісі – лизингтік жалдау шығындарын қалпына келтіруге қажетті жалдаудың негізгі мерзімі деп аталатын ағымда келісімді бұзудың мүмкін болмайтындығында.

              Қаржылық лизинг – бұл ұзақ мерзімді жал болып табылады, оның шартының құрамына келесі критерийлердің ең болмаса біреуі көрсетілуі қажет:

-         меншік құқығының жал мерзімі аяқталуына қарай көшуі;

-         келісім шарттары бәсекелес саудадан мүлікті сатып алу құқын ұсынады;

-         жал бойынша жалға берушіге ең аз төленетін келтірілген құн жабдықтың нарықтық құнының 90 %-ына тең немесе одан жоғары болу керек.

              Келтірілген құнды есептеу кезінде қабылданатын дисконттау мөлшерлемесі қсынылады несие бойынша (жалға берушіде) пайыздық мөлшерлеме және алынатын несиелер бойынша (жалға алушыда) пайыздық мөлшерлеменің ең азына тең болуы керек, онда:

-         жалға алушының ең аз төлемі – жал бойынша жылдық төлем;

-         ең жоғары төлем – жалға алынған мүлікті сатып алу кезіндегі төлем;

-         келтірген құн – ағымдағы жылға келтірілген болашақ жылдың ақша ағымының құны.

              Егер жал келісімшарты жоғарыда аталған қағидалардың ең болмаса біреуіне сәйкес келмесе, онда бұндай жал қарапайым болып саналады.

              «Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан Республикасының заныңда қаржылық лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:

-     Лизинг беруші – лизинг шартымен лизинг затын сатушыдан алуға және оны лизинг алушыға белгілі төлеммен, белгіленген мерзімге және анықталған шартпен уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін қолдануға міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жағынан лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80% кем емес) амортизациясымен өлшенеді.

-     Лизинг алушы – лизинг келісіміне сәйкес, келісім жасау кезіндегі баға бойынша лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80% кем емес) көлемде қалпына келтірілуімен (амортизация) есептелетін қалыпты кезеңдік төлемдерді төлеуге міндеттенеді. Бұл кезде әрекет ету мерзімі өткеннен кейін лизинг заты толықтай лизинг алушының меншігіне көшеді немесе ол аяқталғанға дейін лизинг келісімінде қарастырылған төлем толықтай төленеді, әрине, егер мұндай алмасу келісімде көрсетілген жағдайда ғана.

              Лизинг затына үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көліктік құралдар, жер учаскілері және басқа да тұтынылатын заттар жатады. Бағалы қағаздар және табиғи ресустар лизинг заты бола алмайды. Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік құқы лизинг берушіде ақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқы беріледі.

              Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті «несие-жал» деп атайды.

              Тауар деген меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға ауысу шартынан айырмашылығы, лизинг кезінде жалға деген меншік құқығы жалға берушіде сақталады да, ал лизинг алушы оны уақытша қолдануға ғана құқық ала алады.

              Лизинг мәміле негізін келесілер құрайды:

-         мәміле объектісі;

-         мәміле субъектілері (лизингтік келісім тараптары);

-         лизингтік келісім мерзімі(лизингтік кезеңі);

-         лизингтік төлемдер;

Информация о работе Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі