Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:27, реферат
Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық жүргізүші субьектілерде касса болады. Касса — бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, яғни едені мен түбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, үрттен сақталатындай түрлі материалдармен қалталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет ететін оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі.
Тәжірибе үткен кәсіпорында (серіктестік) ішкі аудит 2003ж. ақпан айында жүргізілген. Аталмыш кәсіпорында бухгалтерлік есеп соның ішінде ақша қаражаттар есебі дұрыс жолға қойылған. Бірақ, кәсіпорын қызметкерлерімен не қаржылық талдауы, не басқару талдауы жүзеге аспайды. Менің айтатын ұсынысым осы талдау мэселесін реттеп, дүрыс жолға қойу керек, яғни қызметкерлерді қосымша арнайы мамандандырып немесе жаңа мамандарды шақырып, бүл мәселені шешу керек. Әрине, бүл қосыша шығындарға алып келеді, бірақ бұл міндетті түрде өз-өзін ақтайтын шығындар. Себебі, қаржылық талдау, басқару талдауы кәсіпорын қызметінің дұрыс жолға қойылып басқарылуының негізі болып табылады.
Жалпы айтқанда, мен қойған мақсатыма жеттім, яғни ақша қаражаттар есебі мен ішкі аудитінің теориялық мәселелерін тәжірибе принциптерімен үштастырып, алған білімімді нығайта түстім.