Кассалық операциялар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:27, реферат

Описание работы

Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық жүргізүші субьектілерде касса болады. Касса — бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, яғни едені мен түбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, үрттен сақталатындай түрлі материалдармен қалталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет ететін оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі.

Работа содержит 1 файл

касса.docx

— 64.82 Кб (Скачать)

Төлем карточкаларын қолданумен жүзеге асқан. операциялар карточка ұстаушының карт — шотында күрсетіледі. Орын алған төлемдер жүнінде ақпараты бар банк күшірмелері үхтаушыға үсынылып отырады. Төлем карточкаларын қолдану жағдайларына сәйкес шоттар корреспонденциясымен мысал келтірейік:

Мысал.   VISA   халықаралық   корпоративті   карточкасын   шығару   мен қолдану жүнінде кәсіпорын банкпен келісім — шартқа отырды. Бір жалпы карт -шот ашылды  және  іс — сапар,  кеңсе,  үстеме  шығындарын  түлеу үшін   10 қызметкерге   карточка   берілді.   Карт   -   шот   шетел   валютасында   -   АҚШ долларында ашылды.

Карт — шоттағы орналасқан ақшалар 423 «Банктегі арнайы шоттағы ақша қаражаттар» шотында күрсетіледі. Олардың келіп түсуі 423 шоттың дебетінде және 441, 431 шоттың кредитінде күрсетіледі.

Төлем карточкалары арқылы ақша қаражаттарды шығысқы шығару 423 шот кредиті және сэйкес шоттардың дебеті:

333 «Қызметкерлер мен басқа да түлғалардың борышы» — іс — сапар және шаруашылық шығындарды авиа — теміржол билеттерін түлеу үшін қолма қол ақша қаражаттарды алған кезде.

821 «Жалпы және әкімшілік шығындар», 811 «Өткізу бойынша шығындар», 938 «Басқалар» — күрсетілген қызметтерге корпоративті карточка арқылы төлем ақыны жүзеге асырған кезде.

821 «Жалпы және әкімшілік шығындар» — Банк комиссиясының сомасына

20 бөлімше «Материалдар», 222 «Сатып алынған тауарлар» — карточка арқылы тауарлы материалдық қорларды сатып алған кезде.

Карт — шот  бойынша күшірмеде екі күн күрсетіледі.

-    «шот бойынша күн» — шотта операцияның шотта күрсетілу күні

-    «күн» — операцияның нақты орын алған күні. Шоттар корреспонденциясын құрайық

1.   банкоматтан кеңселік шығындарды жабу мақсатында қолма қол ақша алынды: Д-т 333; К-т 423;

2.   валюталық   шоттан   карт  -   шотты   толтыру   үшін   ақша   қаражаттар аударылды (Ұлттық Банк бағамы бойынша):

Д-т423;К-т431;

3.   Астана қ. қонақ үйінде түрудың 1 күннің ақысы түленді: Д-т 811; К-т .  . 423;

4.   Карт -шоттағы депозит бойынша гфоценттер есептелді: Д-т423;К-т724;

5.   банк комиссиясы кәсіпорын шығындарына жатқызылды: Д-т 821; К-т 423;

6.   Валюталық шот бойынша бағамдық айырым күрсетілді: Д-т 423; К-т 725;

2.3 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі.

Ақша қаражаттар қозғалысының есебі №4 БЕС сәйкес жасалынады. Есеп беруді құрудың қажеттілігі ақша қаражаттардың келіп түсуі мен шығуы бойынша ақпарат алуда және қаржылық қызметі жүнінде мәліметке ие болуда жатыр.

Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есебі ақпарат қолданушыларға кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы үзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді, шаруашылық субъектінің операционды, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша есепті мерзімде ақша қаражаттардың келіп түсуі мен шығысы туралы мәліметтермен қамтамасыз етеді.

Операционды қызмет — заңды тұлғаның табыс табу мақсатындағы негізгі қызметі, сонымен қатар инвестициялық және қаржылық қызметке жатпайтын басқа да қызмет.

Инвестициялық қызмет — үзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату.

Қаржылық қызмет – нәтижесінде меншіктік капитал мен заемдық қаражат құрамы мен мөлшерінің өзгеруі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі.

Операционды қызметтен түскен ақша қаражаттардың қозғалысын кәсіпорында тікелей және жанама әдістерді қолдану арқылы көрсетеді.

Тікелей әдіс ақша қаражаттардың келіп түсуі мен төлемдердің негізгі түрлерін ашып қарастыруды және олар қызметтің қай түріне жататынын анықтауды күздейді.  Бұл  әдіс бойынша қаржы шаруашылық қызметі нәтижесі туралы есеп берудің әр бір бабына түзету жасалынады. Мысалы, өнімді сатудан түскен түсімнен материалдарды сатып алу бойынша төлем ақыларын, тасымалдау шығындарын, материалды сатып алуға алынған несие үшін пайыздарды төлемін, бюджетке төлемдер сомасын азайтып тастайды.

Тікелей әдісті қолданған кезде операционды қызмет нәтижесінде ақша қаражаттардың келіп түсуі мен шығысы өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен түсімнен, алынған аванстан, проценттен, дивидендтен, роялти және басқа да табыстардан; жабдықтаушы мен мердігерлер алдындағы қарызды үтеуден, берілген аванстардан, еңбек ақы, бюджеттік мекемелерге және бюджеттен тыс қорларға төлемдерінен тұрады.

Жанама әдіс — бұл тәсілді қолданған кезде таза табыс немесе зиян ағымдағы активтер мен міндеттемелер, қаржылық емес операциялар, сонымен қатар алдыңғы есеп беру мерзімімен салыстырғандағы табыстар мен шығыстар өзгерісіне түзетіледі.

Тәсіл баланстағы және қаржы — шаруашылық қызметінің нәтижесі бойынша есеп берудегі ақпаратқа негізделіп қолданылады. Бұнда қаржы -шаруашылық қызмет нәтижесі бойынша есеп берудегі әр бір бап түзетілмейді, есепті мерзімде алдыңғы есеп беру мерзімімен салыстырғандағы үзгерістер сомасына тек таза табыс (зиян) қана түзетіледі.

Түзетуді жүргізу операциялары.

Негізгі құралдар мен материалды емес активтерге тозуды есептеу.

Есептелген амортизация  сомасы таза табыс (зиян) сомасына қосылады, себебі олар ешқандай шығынға әкелген жоқ

Ағымдағы активтер сомаларының өзгерісі: дебиторлық борыш, қорлар, болашақ кезең шығындары, басқа да ағымдағы активтер және т.б.

Ағымдағы активтердің артуы есепті кезең мерзімінде ақша қаражаттар ағымын төмендетеді де олардың шығысын үлғайтады және керісінше ағымдағы активтердің азайуы ақша қаражаттар ағымын ұлғайтып, олардың келіп түсуін білдіреді

Ағымдағы міндеттемелер (қысқы мерзімді банк несиелерін қоспағанда) кредиторлық қарыз, салық төлемдері және басқа да ағымдағы міндеттемелер сомаларының үзгерісі

Ағымдағы міндеттемелер сомасының үлғайуы ақша қаражаттардың ағымын үлғайтады және олардың түсімін білдіреді; ағымдағы міндеттемелердің азайуы ақша қаражаттар ағымын азайтып, олардың шығысын білдіреді.

Инвестщиялъщ және қаржылъщ цызмет.

Инвестициялық қызмет — ұзақ мерзімді активтерді алу және сату, үтелетін несиелерді беру және алу. Инвестициялық қызметке жататындар:

-    материалды емес активтерді, негізгі  қүралдарды басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға кеткен ақша қаражаттардың шығысы;

-    қаржы   инвестициялярын   сатып   алу;   басқа   кәсіпорындарға   заемдар үсыну; басқа да төлемдер.

Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланста ұзақ мерзімді активтерді енгізетін бөлімшеде күрсетіледі. Бүған, сонымен қатар қаржылық ивестицияларға әсер ететін опреацияляр да жатады, олар бухгалтерлік баланстың — ағымдағы активтер бөлімшесінде күрсетіледі. Акцияларды, негізгі құралдарды үткізумен байланысты табыстар немесе шығындар күрсетілген жағдайда ғана инвестициялық қызмет ақша қаражаттары қозғалысы туралы есебінде үз орнын табады.

Қаржылық қызмет — нәтижесінде үзіндік капитал мен заемдық қаражаттардың құрамы мен мүлшері үзгерген қызмет.

Оған жататындар:

-    акция   және   басқа   да   құнды   қағаздарды   шығарудан   түскен   ақша қаражаттары,   банктік  және  банктік  емес   кредиттерді  алу,   басқа  да түсімдер;

-    банктік   және   банктік   емес   ақша   қаражаттардың   шығысталуы,   үз акционерлерден акцияларды сатып алу, дивидендтерді түлеу, басқа да төлемдер.

Кәсіпорын ақшалай емес инвестициялық және қаржылық операцияларды жүзеге асыру мүмкін. Оларға:

-    материалды емес активтерді, негізгі қүралдарды ұзақ мерзімді несие есебінен сатып алу;

-    кредиторларға  акция  мен  басқа да  құнды  қағаздарды   беру  арқылы кредиторлық қарызды үтеу;

-    басқа кәсіпорындардың акциясын оларға эквивалентті дайын өнім мен сатып алынған тауарларға айырбастау арқылы иемдену т.б.

Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есебін жасағанда арнайы үңделген таблицалар қолданылады, оларда келесі ақпарат келтірілген (ақша қаражаттар қозғалысын есептеудің жанама әдісі)

-    алдыңғы жыл және есеп беру жылы бойынша баланстар, олар әр бір бап бойынша   мәліметтерге   салыстыру   жүргізіп,   әр   қайсысы   бойынша ауытқуды (+;-) табуға мүмкіндік береді;

-    қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі бойынша алдыңғы жыл мен есепті жылдың есеп берулері, бүлар табыс пен шығыстың, сонымен қатар есепті жыл соңындағы бүлінбеген пайданың (зиян) барлық баптары бойынша мәліметтерді салыстыруға мүмкіндік береді.

Мәліметтерді салыстыру арқылы ақша қаражаттардың келіп түсуі немесе шығысын арттыратын не кемітетін сомалар қызметтің қай түріне жататынын (операционды, инвестициялық, қаржылық) анықтауға болады.  Бұл  мэліметтер үңделген кестеге жалпыланып, есеп беруге сэйкес түзетулер енгізуге мүмкіндік туғызады.

Операционды қызметтің нэтижесіндегі ақша қаражаттардың қозғалысын тікелей әдіспен анықтаған кезде, олардың қозғалысына әсер еткен, тікелей келіп түсуі мен шығысымен байланысты операцияларды айқындайды, яғни ақша қаражаттар есебі бойынша шоттар корреспонденциясындағы операциялар және ақшалай емес операциялар болған жағдайда, олар біріктіріліп есеп беруде бір жолда күрсетіледі.  Бұл  кезде қызмет түрі бойынша операцияларды алдын — ала бөліп алу қажет (операционды, инвестициялық, қаржылық).

 

Қорытынды

Сонымен, бухгалтерлік есеп бүгінгі таңда басқару жүйесінде маңызды орындардың бірін алады. Ол өндірістің, айналыстың, бүлудің және түтынудың нақты үрдістерін күрсетіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешімдерін қабылдаудың негізі болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп Бухгалтерлік есеп стандарттарында және Типтік шоттар жоспарында бекітілген принциптеріне сэйкес жүргізіледі.

Әр бір кәсіпорын үзінің қызметі барысында сатып алынған тауарлар, күрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін басқа шаруашылық жүргізуші субьектілермен, бюджеттік мекемелермен, бюджеттен тыс қорлармен және т.б. мекемелермен есеп айырысады. Ал, есеп айырысу операцияларының тиімділігі күбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына байланысты. Ақша қаражаттар бойынша есеп айырысу қолма қол және қолма қолсыз нысанда жүреді. Қолма қолсыз ақшаның есебі есеп айырысу шоты, валюталық шот, банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттар операцияларының есебі арқылы, ал қолма қол ақшалардың есебі касса операцияларының есебі бойынша жүзеге асады.

Барлық шаруашылық субъектілер ақша қаражаттарын банктердің сәйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажетті қолма — қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды тұлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу күрсеткішінен артып кеткен жағдайда, есеп айырысу тек қолма -қолсыз түрде жүзеге асу керек.

Ақша қаражаттардың есебі мынадай алғашқы құжаттардың негізінде жүзеге асады:

-    төлем тапсырмасы;

-    нақты жарнаға хабарландыру;

-    төлем талап тапсырмасы;

-    кіріс касса ордері;

-    шығыс касса ордері;

-    ақшалай чектер;

-    слиптер;

-    қаражатты депонирлеудің төлем тапсырмасы;

-    банктік көшірмелер.

Әр бір кәсіпорын басшылары кәсіпорын қызметін дүрыс жолға қойып, пайдасын асыру үшін ішкі аудитті жүргізу керек. Кәсіпорынның барлық қаржылық нәтижелері қаржылық есеп беруде шығарылады. Ал, аудиттің ең маңызды объектісі қаржылық есеп беру, яғни ол жердегі мәліметтердің шынайылылығын, анықтау болып табылады. Теорияда аудиттің әдісі болып ең алдымен аудит обьектілерін зерттеудің диалектикалық әдісі түсініледі.  Бұл  зерттеулерді өткізген кезде танымның жалпы ғылыми әдістеріне үлкен көңіл бүлінеді, оның ішінде негізгі болып табылатындар: талдау және синтездеу, индукция    және    дедукция,    абстракция    және    аналогия,    модельдеу және эксперимент жасау және т. б. Аудиттің әдістемелік тәсілдері: есептік талдау, құжаттық және жалпылау.

Аудиттің ең негізгі принциптері: тәуелсіздік, кәсіпқойлылық, объективтілік, шыншылдық, қүпиялылық.

Кәсіпорын құжаттарымен жұмысты бастаудан бұрын аудитор аудиторлық тексерудің бағдарламасын жасайды.

Аудиторлық тексерудің жоспары

1.   клиент қызметі жүнінде білім алу;

2.   есеп саясаты мен ішкі бақылау жүйесімен танысу;

3.   ішкі аудитке деген күтімді сенімді анықтау;

4.   қызмет көлемі жүнінде дүрыс мағлүмат алып, олардың еңбек сыйымдылығына баға беру;

5.  Аудит жүргізу үшін мамандарды жинау;

6.  Шынайы ақпарат алу;

7.  Аудиторлық тәуекелді бағалау;

8.  Аудит бағдарламасын жасау;

Өндірістік іс — тәжірибе үлкен кәсіпорында ішкі аудит жүйесі дұрыс жолға қойылған. Оның заңды мәртебесі тексеруші комиссия ретінде анықталған және серіктестік жарғысымен белгіленген.

Тексеруші комиссия Серіктестіктің Қатысушыларының Серіктестіктің атқарушы органдарының қызметіне бақылау жасау мақсатында тексеруші комиссиясын құруға немесе тексерушіні сайлауға қүқығы бар.

Тексеруші комиссияның Серіктестіктің атқарушы органының қызметіне тексеру жасаған кезде атқарушы органнан барлық қажетті материалдарды, бухгалтерлік және басқа да құжаттарды және жеке түсінік берулерін талап етуге құқығы бар. Тексеруші комиссия жасалған тексерулердің нәтижелерін Серіктестіктің Қатысушыларына ұсынады.

Информация о работе Кассалық операциялар есебі