Кассалық операциялар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:27, реферат

Описание работы

Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық жүргізүші субьектілерде касса болады. Касса — бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, яғни едені мен түбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, үрттен сақталатындай түрлі материалдармен қалталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет ететін оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі.

Работа содержит 1 файл

касса.docx

— 64.82 Кб (Скачать)

Касса операцияларының есебі.

Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық жүргізүші субьектілерде касса болады. Касса — бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, яғни едені мен түбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, үрттен сақталатындай түрлі материалдармен қалталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет ететін оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мүрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс.  Бұл  сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің мүрі басылып, кәсіпорын, яғни субьектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күнінің соңында кассаның тиісті жерлеріне тиісті мүр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелдігіне жұмысқа деген немқүрайдылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субьектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықпен немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметкердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бүйрық шыққаннан кейін касса қызметкерін касса опрацияларымен таныстырып, кәсіпорын, яғни шаруашылық субьектімен кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке келісім шарт жасалуы керек. Касса операцияларының есебі ҚР ¥лттық Банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі № 24 хаттамасымен бекітілген «Қазақстан Республикасының касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.

Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.

Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол үкілеттік берген тұлға қол қойған КО №1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жүргізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО №2 нысанындағы шығыс касса ордері (ІПКО) бойынша немесе шығыс касса ордерінің мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. Шығыс касса ордеріне бас бухгалтер мен басшысының қолы қойылған болу керек. Егер шығыс касса ордеріне қоса берілетін құжатта рұқсат ету туралы басшының қолы болса, онда оның ордерде қойған қолының болуы міндетті емес. Субъектінің кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның түл құжатын немесе үзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар касса   қызметкері   осы   күрсетілген   құжаттарда   берілген,   яғни   жазылған деректерді нақты ақша алушы адамның алы-жүнін, құжатының нүмерін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы керек. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді.

Кіріс касса ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ шығыс касса ордері мен оны алмастыратын құжаттар сиямен немесе қаламсаптың сиясымен айқын және түсінікті жазылуға немесе машинкалармен басылуға тиіс.  Бұл  құжаттарды тазалауға, үшіруге немесе ескертіп болсын түзету жасауға болмайды. Кэсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы қызметкерлерге жэрдем ақы, сыйақы, еңбекақы түлеу үшін түлеу ведомостары қолданылады.  Бұл  ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды қабылдау немесе беру тек олар жасалған күні жүргізілуі мүмкін. Кэсіпорынның кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында касса қызметкері кассалық кіріс және шығыс ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын бас бухгалтері қолдарының болуын және ордерлерде көрсетілген қосымша құжаттардың түгелдігіне тексеру жүргізуге, яғни қадағалауға міндетті.  Бұл  операциялар орындалғаннан кейін кркаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қояды және оған қоса берілген құжаттар мөртабан қоюмен немесе күні күрсетілген «төленді» жазуымен өтеледі. Кіріс касса ордерлері мен шығыс касса ордерлері кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында (КО №3 нысаны) тіркелінеді.

Касалық операциялардың есебін кассир КО №4 нысанындағы Касса кітабында жүргізеді. Әр бір кәсіпорынның тек бір ғана Кассалық кітабы болады. Ол тесіліп байланған, нөмірленген және мөрленген болуға тиісті. Ондағы парақтардың саны басшы мен бас бухгалтердің қолдарымен расталған болу керек. Кітаптың соңғы бетінде келесі жазба болу тиіс: «Аталмыш кітапта барлығы … парақ номерленген». Және басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылады. Кәсіпорынның, ұйымның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе ұйымның кассасынан түленген, яғни шығысталған ақша қаражаттарының кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін түленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың номері және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кірістелген немесе шығысталған сомалар касса кітабына жазылуы тиіс. Жүмыс күнінің соңында кассир күн бойындағы операциялардың жиынын касса кітабына жазады да, кассада келесі күнге қалатын ақша қалдығын шығарады.  Бұл  деректерге үзгеріс енгізуге, үшіруге, түзетуге жол берілмейді. Касса кітабындағы жазулар күшіру қағазы арқылы 2 данада жүргізіледі. Кассалық кітаптың әр бір беті екі бірдей бүліктен тұрады: біреуін (горизонталды сызығымен) кассир толтырады (бірінші дана ретінде ол кітапта қалады); екіншісін (горизонталды сызықсыз) беттік және теріс жағына күшірме қағазы арқылы толтырады (ол парақтың жыртпалы бүлігі). Кассалық операциялардың жазбалары парақтың жыртылмайтын бөлігінде («жұмыс күнінің басындағы қалдық» жолынан кейін) беттік жағына жазылады. Парақты алдын ала бөлу сызығы бойынша бүктейді, сонда жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігінің астында болу керек. Жазбаларды парақтың жыртпалы емес бөлігінің келесі теріс жағына жалғастыру үшін жыртпалы бөлігін беттік жағына қарай қайта бүктеп, горизонталды сызықтар бойымен жаза береді. Есеп беру бланкілері күннің соңғы операциясына дейін жыртылмайды.

Екінші даналары жыртпалы болады және кассирдің есеп беруіне қызмет етеді. Егер кәсіпорында аздаған касса опреациялары жасалатын болса, кассалық есеп беру үш-бес күнде бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден қабылданған есептеме деректерін бүхгалтерия қызметкерлері тексереді. Кассада алушының ШКО қолхатымен немесе басқа кұжатта расталмаған ақшалар берілгендігі анықталса, бүл сома жетіспеушілік болып саналып, кассирден өндіріліп алынады. Егер қолма қол ақшаның сомасы ККО-мен расталмаса, онда олар кассаның артық ақшалары болып саналады және субъектнінің кірісіне есептеледі. Кассадағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін активтік 451, 452-шоттар қолданылады.  Бұл  шоттардың дебеті бойынша ақшаның кассаға түсуі, кредиті бойынша — берілуі күрсетіледі. Валюталық кассадағы есеп субъектінің кассадағы есебіне ұқсас жүргізіледі, бірақ ККО-де, ШКО-де және касса кітабында қаражаттардың шетелдік валютадағы және теңгелік баламасындағы сомасы күрсетіледі. Валюталық касса үшін жеке кассалық кітап ашылады. Шетелдік валютадағы қолма қол ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты теңгелік бағасы және номиналы бойынша жинақтауға «Кәсіпорынның валюталық қаражаттарына талдамалы есеп жүргізу карточкасы» арналған. Ол шетелдік валютадағы бастапқы талдамалы есеп пен теңгедегі жинақтамалы есептің арасындағы аралық буын болып табылады. Қажет болған жағдайда күлік пен байланыстың объектілері 451-шотта мынадай аралық шоттар аша алады: 451/1- субъект кассасы,451/2-операциялық касса.

Тауар кеңселерінің, пристаньдардың және пайдаланудағы учаскелердің, аялдама, үзен үткелдерінің кассасындағы билет және багаж кассаларындағы, порттар мен вокзалдардың, байланыс бөлімшесінің кассаларындағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысы 451/2 шотта ескеріледі.

451-452 шоттар бойынша  шаруашылық операциялры

1.   Кассаға сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден ақша қаражатары түсті Д-т 451,452 К-т 3 01

2.   Вексель бойынша түсті Д-т451,452 К-т 302

3.   Алынған қарыздар бойынша келтірілген залал үшін жүмсалмаған есеп беру сомаларын қайтару Д-т 451,452 К-т 333

4.   Еншілес кәсіпорындардан және өзге серіктестерден берешектің түсуі Д-т 451,452 К-т 321-322

5.   Банк шоттарынан қолма қол ақшаның түсуі (чек бойынша) Д-т 451, 452 К-т431,441

6.   Қолма қол ақшалардың құрылтайшылардан түсуі Д-т 451, 452 К-т 511

7.   Займдар қолма қол ақшамен алынды Д-т 451, 452 К-т 602, 603

8.   Жалдық ақы, байланыс қызметі түсімдері және осы кезеңде басқа да төленгендер Д-т 451, 452 К-т 611

9.   Өнімдерді, құжаттарды, қызметтерді, тауарларды қолма қол ақшаға сату Д-т451,452К-т701,702

10. НҚ,МЕА, БҚ қолма қол ақшаға сату Д-т 451, 452 К-т 721-723

11. Акциялар бойынша  дивидендтер келіп түсті Д-т 451, 452 К-т 724

12. Оң бағамдық айырма Д-т 452 К-т 725

13. Алынған айыппұлдар, үсімақылар, тұрақсыздық айыптары Д-т 451, 452 К-т727

14. Есеп беретін  сомалар кассадан берілді Д-т  333, К-т 451,452

15. Сақтандыру полистері сатып алынды Д-т 341 К-т 451,452

16. Болашақ кезеңдер үшін төленген жалдық төлемдер Д-т 342, К-т 451,452

17. Аванстар берілді  Д-т 351, 352 К-т 451,452

18.Қолма қол ақша банктегі шотқа өткізілді (қолма қол салуды мәлімдеу бойынша) Д-т 431, 441 К-т 451,452

19. Займды қайтару Д-т 602, 603 К-т 451,452

20. Дивидендтерді  түлеу Д-т 621, 622 К-т 451,452

21. Жеткізушілердің, мердігерлердің шоттары қолма қол ақшамен төленді Д-т 671 К-т 451,452

22. Жалақы берілді Д-т 681,682 К-т 451,452

23. Теріс бағамдық айырма Д-т 844, К-т 452

24. Кассаға түгендеу жүргізген кезде анықталған ақша қаражаттарының жетіспеушілігі Д-т 334, К-т 451,452

1) егер кінэлі  адам анықталмаса немесе сот оны өтеп беруден бас тартса Д-т 821 (845) К-т334

2) егер кінэлі  адам табылса Д-т 333 К-т 334

Кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал-ордерде есептелініп жүргізіледі.

 

2.1  Банктердегі арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебі

Кәсіпорындар ұйымдар, фирмалар үздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнайы шот ашуына болады.  Бұл  шотта ашылған аккредетивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегі арнайы шоттардағы ақшалар және басқа да ақшалай қаржылыр есептелінеді.

Аккредитивтермен есеп айырысу. Шаруашылық субъектілер 421-«Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар» — деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредетивтегі ақша қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы (субъекті орналасқан жерден басқа жерде тұратын) жабдықтаушылармен қолма қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді.  Бұл  есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет күрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредетив ашады. Есеп айырысудың бүл түрі 1931 жылдан қолданылып келеді. Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

Аккредитив — сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің күрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Аккредитив тек  бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі.  Бұл  шартта мыналар күрсетілуі қажет:

1.    Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің    (банк имитенттің) аталуы

2.    Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдалануының әдісі мен тәсілі

3.    Аккредитив бойынша қаржы (ақша) алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет ететін банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары

4. Тауарларды, материалдарды  тиеп-жөнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтерді    орындағаннан    кейін    қүлсаттардың    банк    мекемесіне тапсырылу мерзімі және олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы туралы хабарлау.

5.    Басқа да керекті құжаттар мен шарттар.

Аккредитивтердің «өтелінген» (депоненттелген) және «өтелінбеген» (депоненттелінбеген) — деп аталатын түрлері ашылуы мүмкін. Аккредитив сонымен қатар «кері шақырылатын» және «кері шақырылмайтын» болып екі түрге бүлінеді.

Тапсырыс берушінің үзінің шотындағы ақша қаражаты есебінен немесе оған күрсететін банкінің берген несиесінің есебінен жабдықтаушы кәсіпорынға қызмет күрсететін банкке келісім — шарт бойынша алдын ала аударылған қаржысы — «Өтелінген аккредетив (депоненттелген)» болып есептеледі.

Ал сатып алушы  кәсіпорын мен жабдықтаушы кәсіпорындарға қызмет көрсетуші банк мекемелері арасында аккредитивте көрсетілген қаржы сомаларын аударуға тек қана келісім-шарт жасалынып келісілген, яғни ақша әзірге аударылмаған болса онда бұл — «Өтелінбеген аккредитив» түрі қатарына жатқызылады.

Аккредитив ашу  жайлы келісім-шартта қарастырылған келісімдерді өзгертуге, жоюға тек сатып алушы, яғни қаржы төлеуші шаруашылық субъектінің ғана құқы болса, ондай аккредитив . — «Кері шақырылатын аккредитив» болып саналады.

Аккредитивті ашу үшін төлем төлеуші кәсіпорын үзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне арыз береді және сонымен қатар мына құжаттарды көрсетулері қажет:

1. Жабдықтаушы шаруашылық субъектісінің аты.

2.  Аккредитив ашылатын келісім-шарттың көшірмесі.

3.   Аккредитив ашылатын банктің аты.

Информация о работе Кассалық операциялар есебі