Кассалық операциялар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:27, реферат

Описание работы

Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық жүргізүші субьектілерде касса болады. Касса — бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, яғни едені мен түбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, үрттен сақталатындай түрлі материалдармен қалталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет ететін оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі.

Работа содержит 1 файл

касса.docx

— 64.82 Кб (Скачать)

4.  Аккредитивтің орындалатын уақыты және жері.

5.  Аккредитивтен төлем төлеуге қажет болатын құжаттардың толық және нақты аты.

6.  Аккредитивтің түрі.

7.   Аккредитивтің  қандай  тауарға,   затқа  немесе   орындалатын  жұмысқа төлем түлеуге арналғандығы және оны төлеу үшін банк мекемесіне табыс етілетін құжаттардың тізімі.

8.  Аккредитивтің сомасы.

Аккредитивтен қаржы алу үшін жабдықтаушы кәсіпорын тауарды тиеп жібергеннен кейін аккредетивтің шартында қаралған құжаттарды банк мекемесіне табыс етеді.  Бұл  құжаттар аккредетивте күрсетілген шарттарды толық қанағаттандыратындай болуы керек. Егер аккредетивте қарастырылған бұл шарттың біреуі орындалмаған жағдайда аккредитивтен қаржы түленбейді. Егер аккредитивте қарастырылған шарт бойынша сатып алушы кәсіпорынның өкілі шотты акцептеуі керек болса, онда ол адам орындаушы, яғни қызмет көрсетуші банкке мына құжаттарды күрсетуі қажет:

1.     Төлқұжат немесе оның орнына жүретін басқадай құжаттар.

2.     Аккредитив ашқан кәсіпорын берген іс-сапарлық куәлік пен сенімхат.

3.     Өзінің қолтаңбасының үлгісі.

Жабдықтаущысының баңкісінде аккредитив мынадай жағдайларда жабылады:

1.  Аккредитивтің мерзімі біткенде.

2.  Аккредитивті жабу туралы жабдықтаушының берген арызы бойынша. Аккредитив жабылған уақытта пайдаланылмаған сома сатып алушының (төлеуші субъектінің) банкісіндегі тиісті шотына аударылады. Ашылған аккредитив сомасы 421-«Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар» шотының дебетіне қай шоттан аударылғанына қарай, егер есеп айырысу шотынан аударылса, 441-шотының, валюталық шоттардын аударылса: 431 немесе 432 шоттардың, банктерден алынған несиелердің есебінен аударылса: 601-шоттың, банктен тыс басқа да мекемелердің несиелері есебінен аударылған болса: 602 немесе 603 — шоттың кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен түленген сома бухгалтерияда 671-«Мердігерлдер мен жабдықтаушылармен есеп айырысу» шотының дебетіне 421-«Аккредитивтегі ақшалай қаржы» — деп аталатын шоттың кредитіне жазылады. Ал аккредитив жабылған уақыттағы пайдаланылмаған немесе жүмсалынбаған сома 441, 431, 432, 601, 602 және 603-шоттардың тиестілерінің дебетіне, 421-шоттың кредитіне жазылады.

Чектермен есеп айырысу. Есеп айырысудың бұл нысаны бойынша шоттың иесі (чек беруші) үзінің шотынан сатып алушының (чек ұстаушы) шотына қаражаттың белгілі бір сомасын аудару жүнінде үзіне қызмет көрсететін банкке чек түрінде жазбаша тапсырма береді. Чектер алынған өнімдер, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысқанда және «Қазақстан Республикасында чектермен есеп айырысу ережесінде» көзделегн басқа жағдайларда қолданылады. Чектер үтелген және өтелмеген болып бүлінеді. Біріншісі — депозитпен өтелген, екіншісі — алдын-ала депозитпен үтелмеген. Сонымен қатар чектер түленуі жүнінде банк кепілдемесіне ие болуы мүмкін, соның ішінде өтелмеген чектер бойынша да. Чек беруші мен банктің құқықтары мен міндеттері чекті қолдану келісім — шарты негізінде туындайды. Яғни, чек беруші банкі клиенті — чек берушінің (заңды немесе жеке түлға) чектерін төлеу міндеттерін өзіне алады, ал клиент өзіне банктің белгілеген чекті беру және қолдану тәртіптерін сақтау міндетін жүктейді. Чек үстаушы қүқықтары чек берушіден чекті алу моментінен бастап туындайды.

Чек кітапшасын алу үшін банкке үтініш беріледі. Лимиттелеген чек кітапшасы иесінің жеке шотындағы қаражаты депоненттеуге арналған, субъектінің шоты бойынша операциялар жасауға арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар адамдардың қолы қойылған төлем тапсырмасы мүртаңбасы қойылып, оған қоса беріледі. Чек кітапшасының лимиті чек жазып беріле алатын және банк түлеуге тиісті шекті соманы білдіреді. Ол банк белгілеген сомадан кем болуы мүмкін емес, бірақ тауарлар мен қызметтерді түлеуге арналған қаражаттардың айлық түтынысынан эдетте күп болуы да мүмкін.

Чектермен есеп айырысу  есебі активтік 422 «Чек кітапшаларындағы ақша қаражаттары» шотында жүргізіледі.

1.  Лимиттелген чек кітапшасын онда күрсетілген лимит сомасында алған кезде Д-т 422 К-т 441, 431, 601

2.   Банктен алынған чек кітапшалары бойынша сомалар субъект берген чектердің түленуіне қарай есептен шығарылады, яғни жеткізушілер, үзге де кредиторлар үсынған чекті банктің үтеу сомасы Д-т 671, 687 К-т 422

3.    Пошта-телеграф шығындары чекпен түленді Д-т 821 К-т 422

4.  Іссапарға жіберілген адамдар үшін жол жүру билеттері сатып алынады Д-тЗЗЗК-т422

5.  Чек    кітапшасы    лимитінің    пайдаланылмаған    қалдығы    қаражаттар депоненттелген шотқа есептелді Д-т 441, 4314, 601 К-т 422

422, 423 -шоттардың кредиті бойынша және 42-бөлімшенің басқа шоттары бойынша операциялар  банк күшірмесінің негізінде №3  журнал-ордерде (кредитінде) күрсетіледі.

Жолдағы аударымның және банктегі арнайы шоттардағы қаражаттардың есебі.Аударылған, бірақ әлі кәсіпорынның шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары жолдағы ақшалай қаржылар болып саналып, Ал олардың есебі 411-«Аударылған жолдағы ақшалай қаражаттар»-деп аталатын шотта жүргізіледі.  Бұл  шот ай соңында кәсіпорынға немесе фирмаға басқа кәсіпорын, ұйым немесе фирмалардан аударылған, бірақ эзірге келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған жолдағы ақшалай қаржылар жайлы ақпараттарды қорытындылауға арналған.  Бұл  шотта кәсіпорындар, фирмалар немесе ұйымдар үздерінің қарамағындағы филиалдардың, бөлімшелердің, сондай-ақ сатып алушылардың банктерге, сақтық кассаларына, почта бөлімшелеріне салған, бірақ тиісті шотқа әлі түспеген, аударылғандығы туралы тиісті құжаттармен дәлелденген ақшалай қаржыларды есептейді. 411-«Жолдағы ақшалай қаражаттар» шотында ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай құжаттар болуға тиіс:

1.   Саудадан  немесе   басқа  да  операциялардан  түскен  түсімді   банкінің қабылдағанын дәлелдейтін құжат.

2.  Почта бөлімінің ақшаны қабылдағаны жайлы квитанциясы.

3.  Басқа кәсіпорындардан олардың ақша аударғаны жайлы берген авизасы (бұл авизада ақшаны аударған күні, сомасы, оны қабылдаған банк немесе почта аты көрсетіледі).

Кәсіпорынның, ұйымның және фирманың бухгалтериясы аударылған жолдағы ақшалардың банктердегі есеп айырысу немесе басқа да тиісті шоттарға уақтылы да, дер кезінде түсіп есепке алынуына бақылау жасап отыруы керек. Кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар арасында жолдағы аударылған шетел валютасы да осы 411 «Жолдағы аударылған ақшалай қаражаттар» шотында есептелініп, бірақ бүлек күрсетіледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда, мекемелерде нақты ақшамен қатар почта маркалары, демалыс және емдеу, сауықтыру орындарының жолдамалары, жол билеттері, сонымен қатар үкіметтің жәрдемі ретінде берілген қаражаттары, яғни үлкен жауапкершілікпен сақталуын қадағалауды талап ететін басқа да қаржылар сақталады.  Бұл ар «Банктердегі арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар» шотында есептеледі:

1 .Әлеуметтік мекемелерді үхтауға пайдаланушылардан келіп түскендері Д-т 423 К-т 334

а)  электр энергиясын, жылуды, суды, отынды жеткізу қызметін төлеу Д-т 671К-т423

б) ТМҚ, инвентарь сатып алу Д-т 201-206, 208, 125 К-т423

4.  Ұзақ    мерзімді    инвестицияларды    қаржыландыруға    алынған    және инвестордың өтініші бойынша жеке шоттан жұмсалатын қаражаттар Дт 423 К-т 687/мақсатты қаржылар, 641-643

5.  Атқарушы билік органдарының демеу қаржысы (субсидия) Д-т 423 К-т 726.

Вексель қаражаттарының есебі. Вексель (қарыздық қолхат, міндеттеме) -бүл вексель берушінің вексель ұстаушыға (вексель иесіне) белгілі бір соманы мерзімі жеткен бойда қарыздық міндеттемені сөзсіз төлеуді куәландыратын бағалы қағаз.

Вексель - бұл вексель айналымы жолымен берілетін коммерциялық несиенің түрі (вексельдің бір иегерден басқасына берілуін ақша алмастырады). Вексельдің екі түрі болады:

1. Жай вексель — оны борышкер жазып береді және оған қол қояды. Екі тарап қатысады: вексель беруші және вексель ұстаушы. Вексельде берілген орны мен күні, міндеттеменің жалпы сомасы немесе % төлеу жүніндегі міндеттеме бөлек түрде, төлемнің мерзімі мен орны, алушының атауы, екі тараптың қойған қолдары күрсетіледі.

2. Аудармалы вексель  (тратта) — бұл вексельде көрсетілген соманы белгіленген  мерзімде үсынушыға немесе үшінші  тұлғаға  (эмитентке)  төлеу

жүнінде кредитордың (трассантың) борышкерге (трассатқа) берген бұйрығы. Аудармалы вексельді төлеуші (трассант) табыстау қолының (индосаменттің) көмегімен акцептеуге тиіс. Вексель бірнеше рет пайдаланылуы мүмкін, сүйтіп әмбебап несиелік-есеп айырысу құжатының рөлін атқарады. Вексель қаражаттардың айналымын, банктегі вексельдегі есебін (дисконттауды) жылдамдатады. Мұндай жағдайда вексель ұстаушы индосаменттің көмегімен вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін банкке табыстайды және банк пайдасына берілетін процентті (дисконтты) шегеріп тастап, вексель сомасын алады. Бухгалтерлік есепте вексель емес, вексельді қамтамасыз ететін берешек сомасы күрсетіледі. Ал вексельдің өзі баланстан тыс 006 «Қатаң есеп беру бланкілері» шотында ескерілуі мүмкін. Алынған өнімдер, жұмыстар мен вексельге алынған қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың 302-«Алынған вексельдер» шотында жүргізіледі.[2]

Банктегі   арнайы   шоттағы   ақша   қаражаттар   бойынша   операциялар   есебін төмендегі сызба арқылы көруге болады.

 

2.2 Төлем карточкаларының есебі.

Инкассация шығындарын төмендету, бухгалтерия жүктемесін азайту, Қазақстаннан әлемнің кез — келген жеріне ақшаны автоматты тез түрде аудару мақсатында кәсіпорындар төлем карточкаларын қолданады. Төлем карточкасы — карточка үстаушыға төлемді жүзеге асыруға, қолма — қол ақшаларды алуға, валюта айырбастауға және карточка шығарушы банкпен белгіленген басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараты бар элетронды терминал немесе үзге де қондырғылар арқылы ақша қаражаттарға қол жеткізу әдісі.

Төлем карточкаларының  түмендегідей түрлері бар:

Дебеттік - осы карточканы үстаушыға карт — шоттағы (төлем карточкасын қолдану арқылы іске асатын төлемдерді күрсететін ағымдағы шоттар) ақша қаражаттар сомасының шегіндегі төлемді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін карточкалар. Сонымен қатар, олар үхтаушыға банк үсынған заем сомасының көлемінде де төлемді жүргізуге мүмкіндік береді.

Кредиттік — банктік  заемдық келісім-шарт негізінде төлем карточкасын шығаруды жүзеге асыратын банкпен үсынған заем сомасының көлемінде ғана карточка иесіне төлем жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кәсіпорын іс-сапар, кеңсе, үстеме шығындарын түлеу үшін корпоративті төлем карточкаларын аша алады.

Корпоративті карточка — банк пен заңды түлға — карт-шот иесі арасындағы келісім-шарт негізінде ұстаушыға берілетін төлем карточкасы. Корпоративті төлем карточкасын қолдану арқылы жүргізілген төлемдер заңды түлғаның карт-шотындағы ақша сомасының шегінде ғана немесе аталған заңды түлғаға үсынылған заем шегінде ғана жүзеге асады.

Бүгінгі таңда 2 млрд. астам карточкалар әлемнің барлық елдерінде қаржылық қүрал ретінде қолданыста жүр. Әлем бойынша 14 млн. астам төлем карточкаларын қабылдайтын кәсіпорындар бар.

Қазақстан Республикасының территориясында төлем карточкаларын ҚР Ұлттық Банктің карточканы шығаруға лицензиясы бар банктер ғана шығара алады. Келісім — шартқа банк мекемесіне заңды (жеке) түлғаның үтініші негізінде отырады, оның мазмүлы келесідей болу керек:

-    төлем карточкаларын беру шарттары;

-    төлем карточкасын қолдану арқылы төлемді жүзеге асыру шарттары;

-    қосымша карточка берілетін түлғалар тізімі немесе түлғалар тізіміне сілтеме;

-    төлем карточкасын жою шарттары;

-    төлем карточкасы жүніндегі келісім — шарттың мерзімдері; т   екі жақтың қүқықтары мен міндеттері;

-    екі жақтың жауапкершілігі;

Төлем    карточкаларын   қолдану   арқылы    жүретін   төлемдер   төлем құжаттары   мен   төлем   карточкасының   реквизиттері   арқылы   жүзеге   асады.

Қазақстан   Республикасы   территориясында   төлем   карточкаларын   қолдану арқылы жүретін төлемдер тек ұлттық валюғада жүзеге асады.

Егер төлем басқа валютада, ал карт — шот басқа валютада жүргізілсе, карт — шоттан ақша алу төлем валютасының конвертациясынан кейін ғана жүзеге асады. Төлем валютасын шот валютасына конвертациялау төлем карточкаларының жүйесінің қатысушылары арасындағы келісім — шарт негізінде, төлем карточка жүйесінің ішкі ережелеріне сәйкес жүзеге асады.

Төлемді жүргізудің алдында кәсіпорын төлемнің авторизациясын жүргізу қажет. Авторизация автоматтандырылған (кәсіпорын төлем терминалын қолдану) немесе дауысты (телефон байланысын қолдану) жағдайда жүзеге асады.

Авторизация — төлем карточкасын қолдану арқылы төлемді жүзеге асыруға банктің рұқсат беруі.

Карточка қолдану арқылы төлем жүзеге асқанда, төлем құжаты ресімделеді. Авторизация берілгеннен кейін банк алдында осы төлем құжатын түлеу бойынша міндеттеме туады.

Төлем құжаты — сатып алынған тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін ақша төлеу жүнінде эквайерге тапсырмасы.

Эквайер — төлем карточкасы бойынша қолма — қол ақшаның берілуін, сонымен қатар, карточка иесі пайдасына түскен ақша қаражаттарды қабылдауды немесе келісім — шартта күрсетілген басқа да шарттарды жүзеге асыратын банк мекемесі.

Қазақстан Республикасында тауарлар мен қызметтердің ақысының төлем карточкасын қолдану арқылы төлемі сатып алу сомасына сауда чектерінің екі данасымен немесе слиппен расталуы тиіс.

Слип — қағаз бетінде ресімделеген төлем құжаты. Ол үш данада ресімделеді: біріншісі банкке беріледі, екіншісі кәсіпорында (тауар сататын, қызмет күрсететін) қалады, үшіншісі — төлем карточкасының иесіне беріледі.

Төлем құжатында келесі реквизиттер болу керек:

-    төлем құжатының номері, оның ресімделу күні, айы, жылы;

-    операцияны жүзеге асырып жатқан ұйымның және банктің толық атауы;

-    төлем карточкасының реквизиттері;

-    төлем сомасы;

-    төлем валютасы;

-    карточка үстаушының қолы;

-    эквайер немесе үкілетті түлғаның қолы;

-    төлем мақсатының коды;

Қағаз бетінде құрылған төлем құжаттарында еш бір түзету рұқсат етілмейді.

Информация о работе Кассалық операциялар есебі