Кассадағы ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 20:49, курсовая работа

Описание работы

Ақшалай қаражат қозғалысының ішкі бақылау жүйесі – активтерді қорғау, субъектілердің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар. Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ақшалар – шаруашылық қызметі өлшемі мен есебінің ағымдағы қаржылық ақпараттың негізгі бірлігі.

Содержание

КІРІСПЕ 3

1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі 5

2. Кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысын құжаттық рәсімдеу 12

3. Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша есеп беруді тапсыру тәртібі 16

4. Кассадағы ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі 23

ҚОРЫТЫНДЫ 30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 32

Работа содержит 1 файл

а0ша 0араж есеб3.docx

— 80.15 Кб (Скачать)

1060"Өзге  ақша қаражаты" шотында айрықша  сақтауды талап ететін қаражаттар  есепке алынады. Бұлар үкіметтің  жәрдемі ретінде алынған қаражат,  жергілікті бюджеттен мақсатты  қаржыландыру, мектепке дейінгі  балалар мекемелерін қаржыландыратын  кәсіподақ және басқа да ұйымдардың  қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің,  демалыс лагерьлері, ата-аналардың  балаларын балалар мекемесінде  ұстауға жұмсайтын қаражаттары,  кәсіпорынның өтініші бойынша  жеке шоттан күрделі қаржыны  қаржыландыруға шоғырландыратын  және жұмсалатын қаражаттар.

1050 " Жинақ  шоттардағы ақша қаражаттары  " шотында субъектінің құрамына  кіретін филиалдардың, құрылымдық  бірліктердің ақша қаражаттары  көрініс табады, онда ағымдағы  шығыстарын (еңбек ақы, кейбір  шаруашылық шығыстары, іс сапар  шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін  жергілікті банк мекемелерінде  ағымдағы шотын ашады. 

Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің  бланкілерін   түгендеу. [10, 29б]

Кассаны түгендеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері  мен басқа да құндылықтардың нақты  бар болуы тексеріледі. Қатаң  есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен  басқа құндылықтардың нақты бар  болуын есептеу кезінде қолма-қол  ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.

Түгелдеу  актісінде ақша қаржысының бар болуы  түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.

Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген  түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі.

Жол үстіндегі  ақша қаражаттарын түгелдеу осы шотта  тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцияларының деректерімен бірге түсімді өткізу кезінде, банк инкоссаторларына түсімді  өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар  бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатаң олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды  қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме деркетерімен бірге  салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен  салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен, ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша  есеп беру әдістері жоғарыда айтылған шоттарда ашылып көрсетілген. Осыдан соң  «Қазпошта» АҚ ақша қаражаттарының опрациялары  қойылған талаптарға толығымен сай  жүргізілуде деген пікірге келуге болады. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп принциптері  мен бухгалтерлік есеп анықтамаларын  қолдануда.

Кассадағы операциялар  есебі активті синтетикалық шоттардың  бөлімдерінде жүргізіледі:

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” 

1012 “Кассадағы  валютамен ақша қаражаты”

Ақшалардың  ұлттық валюта түрінде түсуі кезінде 1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шоты дебеттеледі, сәйкесінше шоттардың  кредитіне.

Қолма-қол  есептесу мен дайын өнімдерді, материалдарды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу кезінде:

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты”  шотының  дебеті,

6010 “Өнімдерді  сатудан және қызмет көрсетуден  алынатын кірістер” шотының кредиті.

Есеп беруге тиісті сомалар бойынша жұмыскердің (қызметкерлердің) кассаға тапсырылған  берешегі:

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты”  шотының  дебеті.

2150 “Қызметкерлердің  ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі”  шотының кредиті.

Банктен қысқа  мерзімді қарыз қолма-қол ақшамен  алынды:

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты”  шотының  дебеті.

3010 “Қысқа  мерзімді банктік қарыз” шотының  кредиті. 

Банктегі  есепшоттан кассаға түскен ақша қаражаты (еңбекақы беруге, шаруашылық шығындар, т.б)

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  дебеті;

1030 “Ағымдағы  банктік шоттардағы теңгемен  ақша қаражаты” шотының кредиті;

Өнім өткізіп, қолма-қол есеп айрысудан түскен түсім:

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  дебеті;

6010 “Өнімдерді  сатудан және қызмет көрсетуден  алынатын кіріс” шотының кредиті; 

Жолда деп  саналатын ақшалай қаражат кассаға  келіп түсті:

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  дебеті;

1020 “Жолдағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  кредиті; 

Жұмсалмаған есеп берілетін сома кассаға қайтарылды:

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  дебеті;

2150 “Қызметкерлердің  ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі”  шотының кредиті; 

Алдағы кезеңдер табысы шотына әр түрлі төлемдер кассаға  түсті:

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  дебеті;

3520 “Алдағы  кезең кірістері” шотының кредиті; 

Жабдықтағаны, орындаған қызмет үшін аванс түскенде:

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  дебеті;

3510 “Алынған  қысқа мерзімді аванстар”, 

4410 “Алынған  ұзақ мерзімді аванстар” шоттарының  кредиті; 

Еншілес серіктестіктерден  қайтқан берешектер (тәуелді, бірлесіп бақыланатын):

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  дебеті;

2120 “Еншілес  ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық  берешегі”, 

2130 “Қауымдастырылған  және бірлескен ұйымдардың ұзақ  мерзімді дебиторлық берешегі”  шоттарының кредиті; 

Ақшалардың  ұлттық валюта түрінде кассадан берілуі  кезінде 1020 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шоты кредиттеледі сәйкесінше шоттардың дебеті бойынша:

Қолма-қол  ақша төленген негізгі құралдар, материалдық  емес активтер сатып алынды және кіріске  алынды:

2420 “Негізгі  құралдар”,

2700 “Материалдық  емес активтер” шоттарының дебеті;

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  кредиті; 

Кассадан  есеп шотқа ақшалай қаражат тапсырылды:

1030 “Ағымдағы  банктік шоттардағы теңгемен  ақша қаражаты” шотының дебеті;

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  кредиті; 

Кассадан  еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы берілді:

3350 “Еңбекақы  төлеу бойынша қысқа мерзімді  берешек” шотының дебеті;

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  кредиті;

Жабдықтаушылардың шотына кассадан қолма-қол ақша төлеу:

3310 “Жеткізушілер  мен мердігерлерге қысқа мерзімді  кредиторлық берешек” шотының  дебеті;

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  кредиті; 

ТМҚ жабдықталған, орындалған жұмыспен көрсетілген қызмет үшін берілетін аванстар сомасы:

1610 “Берілген  қысқа мерзімді аванстар” шотының  дебеті;

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  кредиті; 

Алынған аванстың қайтарылуы:

3510 “Алынған  қысқа мерзімді аванстар”,

4410 “Алынған  ұзақ мерзімді аванстар” шотарының  дебеті,

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  кредиті; 

Түгендеу  кезінде анықталған ақшалай қаражаттың кем шығуы:

2180 “Өзге  ұзақ мерзімді дебиторлық берешек”  шотының дебеті;

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  кредиті; 

Анықталған  кем шығу кінәліге қойылды:

2150 “Қызметкерлердің  ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі”  шотының дебеті;

2180 “Өзге  де ұзақ мерзімді дебиторлық  берешек” шотының кредиті; 

Кінәлі кем  шығуды өтеді:

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының  дебеті;

2150 “Қызметкерлердің  ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі”  шотының кредиті; 

Егер кінәлі табылмаса, немесе сот өндіруден  бас тартса:

7470 “Басқа да шығыстар” шотының дебеті;

2180 “Өзге  де ұзақ мерзімді дебиторлық берешек” шотының кредиті;

Түсім банкке инкассатор арқылы тапсырылды:

1020 “Жолдағы ақша қаражаттары” шотының дебеті;

1010 “Кассадағы  теңгемен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес шетелдік фирмалардың  және бірлескен кәсіпорындардың  валюталық кассалар ашуына рұқсат етілген. Валюталық кассада кассир валюталардың әрбір түрі бойынша шетел валютасымен және теңгемен валюта қаражаттарының  аналитикалық есебінің карточкаларын және касса кітабын бөлек жүргізеді. Карточкаларда және касса кітабында шетел валютасының түсуі мен шығуы және бағамдағы айырмашылықтарды есептеу бойынша барлық операциялар жазылады, бағам айырмашылықтары шетел валюталарының қалдықтарында есептеледі. Қызметкерлердің шетелдерге баратын іс-сапарлары жағдайында Қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдар қолға берілетін валютамен валюталық операциялар жасауы мүмкін.

Валютамен операция жасайтын субъектілер 1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотын ашады. Валюталық касса есебі субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жргізіледі, бар айырмашылығы, кіріс және шығыс кассалық ордерлерде және касса кітабында қаражаттар сомасы шетелдік валюталарда және теңгемен алғандағы эквивалентінде (баламасында) көрсетіледі. [15, 13б]

Валюталық касса  үшін бөлек касса кітабы ашылады. Валюталық операциялардың көлемі үлкен  болған жағдайда бөлек машинограммалар  немесе өзге есеп тізімдері жүргізілуі мүмкін.

Валюталардың  түсуі кезінде 1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шоты дебеттеледі, келесі шоттардың кредитіне:

Банктегі  валюта шотынан кассаға түскен қолма-қол шетелдік валюта сомасына:

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

1032 “Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Тиісті шетел валюталарына қатынасы бойынша теңге бағамының түсуі кезіндегі бағамдар айырмашылығынан алынған кіріс:

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

6250 “Бағамдық  айырмадан түскен кірістер” шотының кредиті;

Есеп беруге тиісті тұлғалардың кассаға тапсырған валюта сомасынан алынатын кіріс:

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

2150 “Қызметкерлердің  ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шотының кредиті;

Валюталардың  шығуы кезінде 1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шоты кредиттеледі келесі шоттардың дебетіне:

Есеп берілетін  валюталық қаражаттың кассадан берілуі:

2150 “Қызметкерлердің  ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі” шотының дебеті;

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Шетелдік  валютамен валюталық шотқа тапсырылған ақшалай қаражат:

1032 “Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты” шотының дебеті;

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Тиісті валюталарға қатынасы бойынша теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде құралған бағамдардың айырмашылық сомасына:

7430 “Бағамдық  айырма бойынша шығыстар” шотының  дебеті;

1012 “Кассадағы валютамен ақша қаражаты” шотының кредиті;

Кассаға ақша кірістелген кезде 1010-«Кассадағы теңгемен және валютамен ақша қаражаты», шоты дебеттеледі, онда кассадағы ұлттық және шетел валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады, төмендегі шоттары кредиттеледі:

1030-«Ағымдағы  банктік шоттардағы теңгемен  және шетел валютамен ақша  қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық валютамен және шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;

1250-“Қызметкерлердің  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»,  онда қызметкерлердің: активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге  ақы төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар, кызметкерлерге берілген карыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу талан таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөніндеп есеп аиырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі,

Информация о работе Кассадағы ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі