Кассадағы ақша қаражаттарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 00:20, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі есеп жүргізу жүйесінде, ақша қаражатының есебін жүргізу ерекше орын алуымен бйланысты, өйткені субьектілердің ағымдағы, қаржылық және инвестициялық қызметтері ақшалай есептесу негізінде құрылады.
Курстық жұмыстың міндетіне төмендегілер жатады:
Ақша қаражаттар қозғалысының мазмұныны талдау;
Ақша қаражат қозғалыстары бойынша есеп беру әдістерін талдау;
«Қазпошта» АҚ ақша қаражатының есебін зерттеу болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі 5
2. Кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысын құжаттық рәсімдеу 12
3. Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша есеп беруді тапсыру тәртібі 16
4. Кассадағы ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі 23
5. Кассадағы ақша қаражаттарының есебін жетілдіру 32
ҚОРЫТЫНДЫ 39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 41

Работа содержит 1 файл

курс_Кассадагы акша.doc

— 329.50 Кб (Скачать)

    Ақшалай қаражаттың лимиттен асуы тек еңбекақы берілген уақытта үш күн шегінде рұқсат етіледі. Ал, пайдаланылмаған жағдайда сол күндер ішінде банктегі есеп айырысу шотына тапсырылуы қажет. Қолма-қол ақша қаражатының банкке тапсырылуы «хабарлама» рәсімделеді.

    Банк  «хабараламаны» қабылдған кезде сол сомаға түбіртек береді, ол кассадағы ақшаны созуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кассаға пайдаланылмаған ақшалар, өткізілген тауарлы материалдық құндылықтар  түсетін түсімдер және комуналдық қызметкерлер үшін төлемдер түседі.

    Кәсіпорындарға  есеп айырысу шотына ақша қаражаттарын алу үшін берілген арыздан соң арнайы чек кітапшасы. Чекте алатын соманы міндетті түрде үлкен әріптен бастап жазбаша түрде көрсетеді. Кәсіпорынның ақша қаражаттарын кассаға қабылдауы мен кассадан жіберілуі. Шығыс касса ордерімен ақша берілген жағдайда кассир қолдардың, мөрдің дұрыстығын, құжаттың дұрыс толтырылуын тексеру қажет кассир шығыс касса ордерлерімен ақша берілген кезде алушыдан жеке куәлігін немесе паспортын талап ету қажет. [20, 17б]

    Егер  ақша қаражаты сенім хат арқылы берілген жағдайда шығыс касса ордерінде ақша берілетін тұлғаның аты жөні жазылып, сенім хат шығыс касса ордеріне жалғанады.

    Барлық  шығыс және кіріс касса ордерлері  бухгалтерияда арнайы ашылған журналда тікеледі. Кіріс және шығыс ордерлеріне  жалғанатын құжаттарда, шығысында «төленді» кірісінде «қабылданады» деген штамп сол күнгі датамен көрсетіледі.

    Кәсіпорынның  барлық шығыстары мен кірістерінің есебі «касса кітабында» жүргізіледі. Кез келген кәсіпорында бір «касса кітабы» жүргізіліп, ол номерленіп, тігіліп, мөр басылуы қажет. Касса кітабындағы жазу номеріне қағазы арқылы 2 дана болып жүргізіледі. Екінші даналары алынып кассирдің есеп беруі үшін пайданылады.

    «Касса  кітабында» жаңа жазулар әрбір ордер  қабылданған соң жүргізіліп отырады. Күн соңында болған операцияларды есептеп қалдық шығарылады да, «Касса кітабының» екінші бөлігімен шығыс және кіріс ордерлері тапсырылады. Операциялардың көлемі аз болған жағдайда 3-5 күн аралықтарында да есеп беруге болады.

    Касса кітабын дұрыс жазылуын бағалау  және қадалау кәсіпорының бас бухгалтеріне жүктеледі.

    Кассалық  тәртіптің сақталуы жауапкершілігі кәсіпорын басшысымен бас бухгалтеріне жүктеледі. Кассада ақша қаражаттарының есепі активтік шоттарда жүргізіледі.

    Кез келген кәсіпорын билік және меншік түріне қарамастан бухгалтерлік есеп жүргізеді. Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында мұқияттылық пен нақтылықтың болмауы кәсіпорынға белгілі мөлшерде зиянын тигізеді.

    Алғашқы құжаттардың үлкен ағымы, арифметикалық  операциялар, есептеулерді тексеру, мәліметтерді жинақтау жұмыстарының бәрі автоматтандырылған жүйе бухгалтерлік есепті жүргізуде компьютер арқылы оңай атқарылуда. Сонымен қатар алғашқы құжаттар мен жұмыс жасауды максимальды электрондық жүйені қағаз бетіне шығарып және арифметикалық операциялардың барлығын компьютер жүргізуде. Компьютерлер кез келген салада жұмыстар жасай алмайды, ол жұмыстарды атқару үшін әр сала бойынша арнайы программалармен жабдықталған компьютерлер жүргізеді.  Компьютерді тиімді әрі әсерлі пайдалану үшін программаның мүмкіндіктерін жетік меңгеру керек.

    Компьютерде жұмыс жасайтын программаларды үш дәрежеге бөлуге болады:

  • күнделікті жұмыс барысында жиі қолданылатын программалар: текстіні редакциялау, сурет салу және т.б.
  • түрлі көмекші функцияларды атқаратын жүйелік программалар, мысалы қолданатын ақпараттарды жасақтау, компьютер жөнінде ақпараттар алу, компьютердің жұмыс қаблеттілігін тексеру.

    Аспаптық  жүйе – бұған кіретіндер:

    - программа тілінде программаны  қайта құру жұмыстарын іске  асыратын программа;

    - программалар жиынтығы;

    - басқалай көмекші программалар.

    Қазіргі уақытта компьютерлер әлемінде Windows технологиясы бухгалтерлік есепті автоматизациялау бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда, ол жетістіктер бухгалтерлік есепті жүргізумен қатар, оны үйренушілерге  де үлкен көмек тигізуде. [20, 37б]

    Ақша  қаражаттарының есебін жүргізуде максимальды  пайдаланылатын Windows жүйесінің «1С  бухгалтерия» программасы. Бірыңғай типтік конфигурацияға «Қазақстан үшін бухгалтериялық есеп. 2 Редакция» ие, себебі бұл өнім түрлі учаскілерде бухгалтерлік есепті икемдеп жүргізуге мүмкіндік береді, және аз шығын мен жалпы көрсеткіштерді программаның икемдеп түзетулер жасауға мүмкіндік береді.

    Бұл бағдарламалық өнім бірнеше нұсқада  таратылады:

  1. Базалық мәлімет.
  2. Мамандандырылғын мәлімет.
  3. Мамандандырылғын мәліметтің жүйелік нұсқасы.

    Қаржылық-шаруашылық жұмыстары жөніндегі ақпаратты  стандарттық есеп беруді пайдалана  отырып, қондырғылардан алуға болады. [23, 72б]

    Бухгалтерлік  есеп бұл программада есептің  орталығымен жүргізіледі, онда есепті шектеусіз жүргізуге болады. Олардың екі түрі бар: біріншісі кассадағы ақша қаражаттарының есебін жүргізуге арналған, екішісі қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға (банктік шоттар). Бұл программаны қолдану барысында журнал ордер №1, ведомості №1,  журнал ордер №2, ведомості №2 автоматты түрде құрылады. Сондай-ақ шот карточкасын қарап қолдануға, шот бойынша айналым ведомостісін, субконт бойынша айналым ведомостісін және т.б. құруға болады. Бұл программаның көмегімен дебеторлық және кредиторлық бережақтарды бақылауға болады. Программа қарыз сомаларының қатынасы бар операциялардың барлық құжаттары бойынша қарыздың мөлшерін анықтай алады.

    Қазақстан Республикасының «Бюджетке төленетін  салық және басқалай төлемдер» 2009 жылдың 1 қантарындағы Кодексіне сәйкес салық  төлеуші салықтық есеп беруге міндетті, кодекстің 69 бабына сәйкес есеп беруді белгіленген мерзімге дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрінің 2009 жылғы 14 ақпандағы №221 бұйрығына сай арнайы электрондық формада форматқа сәйкес тапсыруы қажет. «Е-tax-report клиенттің салықтық есе беру элетрондық формаларын беру және енгізу қосымшалары» модулі  Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігіне салықтық есеп берудің электрондық формаларын электрондық түрде енгізу мен беруді программалық түрде қамтамасыз етеді. Модуль электрондық формаларды енгізу үщін арналған, ол енгізілетін опреацияларды автоматты түрде форматты-логикалық бақылап, енгізілген ақпараттарды сақтап, хаттаманы кепілді жеткізу жүйесі (системы гарантированной доставки сообщений) клиенттің қаралған электрондық формаларда (Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігіне) криптографиялық операциялар жүргізу үшін жүйенің бірінші деңгейіне салықтық есептің электрондық формаларының қабылданып, өңдеуге жеткізуге арналған.

    Оның  көмегімен  хаттаманы кепілді  жеткізу жүйесінен салықтық есеп берудің электрондық формасын қабылдап, базаға енгізілетін ақпараттар мен олардың сақталуын автоматты түрде бақылап отырады. [24, 15б]

    Хаттаманы кепілді жеткізу жүйесінің бірнеше  артықшылықтары бар, солардың бірі салықтық есеп берудің Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігіне тез әрі уақытылы жеткізілуі, және салықтық есеп беру жергілікті органдарына түспей, тікелей Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс министрлігіне жеткізіледі.

    Жоғарыда  аталған программаны пайдалану үшін «Салықтық кодекске жол көрсетуші» электрондық анықтама түрі компакт дискіде таралған. Бұл өнім үлкен көлемде материалдармен толықтырылған, бұл материалдар салықтық нормаларын дұрыс пайдаланып оны тереңрек түсінуге көмек береді.

    Компьютерлік программалар осындай үмкіндіктерімен ақша қаражаттарының есебін жүргізуді компьютерлендіру есеп жұмысының оперативті жүргізілуі мен сапасын жоғарлатуға және бухгалтерлік есептің жетілдірілуіне жол ашып отыр.

    Сонымен, осындай мүмкіндіктермен ақша қаражаттарының есебін компьютерлендіру программалары сапасы жоғарлауда және бузгалтерлік есеп жұмыстарының оперативтілігі мен жетілдіру жолдары іске асырылуда.

 

     ҚОРЫТЫНДЫ

 
 

    Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында  өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.

    Осы  жұмыс барысында жүргізілген  зерттеулермен төмендегідей қорытынды  жасауға болады.

    Тұтас шаруашылық механизмі құрамында  ақша қаражаттары негізгі қаржылық құрал болып табылады. Кәсіпорынға  ақша қаражаттары өндіріске, бюжеттік төлемдер үшін, жабдықтаушылармен есеп айырысу, еңбек ақы беру үшін, және сонымен қатар негізгі қызметтерінің бірі қаржылық операцияларды жүргізу үшін қажет. Кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқаруда бухгалтерлік есебі маңызды орын алады.

    «Қазпошта»  АҚ есеп жүргізу тәртібі бухгалтерлік есеп стандарттары мен нормативтік актілердің талаптарына, ал банктік операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының №58 қаулысымен 2001 жылдың 3 наурызында бекітілген «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің кассалық операцияларды жүргізу және ұйымдастыру ережелеріне»  толықтай сай жүргізілуде.

    «Қазпошта»  АҚ жүргізілетін операциялардың көпшілігі  түрлі айрықшалар бойынша қолма-қол  ақшасыз түде төлем талаптары  мен төлем тапсырмалары арқылы жүргізіледі.

    «Қазпошта» АҚ кассадағы ақша қаражаттрының есебі актив шоттарда жүргізіледі.

    Жиынтық құжаттар мен есеп регистрларын, алғашқы  құжаттарды талдау барысында кассалық операциялардың орындалуы, қолма-қол  ақшасыз есеп айырысулардың жүргізілуінде  нормативиік талаптардың сақталып отырғанын айта кетуге болады.

    «Қазпошта»  АҚ аудан бойынша ауылдық елді мекендерде 11 бөлімшесі бар. Соған  сәйкесті шығындар да номенклатуралық, шаруашылық шығындар, әкімшілік шығындар бойынша есептеледі. 

    «Қазпошта»  АҚ кассалық операциялардың жүргізілуімен қатар барлық қажетті регистрлармен алғашқы құжаттарға тексеру жүргізілді. Тексеру барысында есеп айырысу және валюталық шоттардың операциялары тексерілді, яғни төлем құжаттарындағы реквизиттардың дұрыстығы, ақша қаражаттары түсімдерінің дұрыстығын, есеп айырысу шоты үзіндісі бойынша кассалық кіріс және шығыс құжаттарын тексеру жұмыстары жүргізілді.

    «Қазпошта»  АҚ-на зерттеу жүргізу сізге өз пікіріңізді ұсынуға толық негіз  бола алады.

    Ақша  қаражаттары есебін жетілдіру мақсатында ұсынамын:

    - шетел валюталарының айырма бағаларының ауытқуын ескере отырып «Қазпошта» АҚ таурларды (қызметтер, жұмыстарды және т.б.) сатуға немесе сатып алуға алдын-ала келісілген бағамен есеп айырысуға келісімдер жүргізу, келісім шартқа отыру;

    - бантік және кассалық операцияларға жиі түгелдеу жүргізіп отыру;

    - жеке және заңды тұлғалармен  түрлі банктер (Альянс Банк, Хоум  кредит және т.б.) арасында делдалдық  қызмет атқарып пайыздық комиссиондық  сыйақы алу;

    - «Қазпошта» АҚ қызметтері мен  жұмыстары сапасын жақсарту мақсатындағы саясатты ұстану:

    - тұтынушы талаптарын максимальды  қанағаттандыру мен шаруашылықтағы  бәсекелестікті және тұраұты  сапаны қамтамасыз ету;

    - тұтынушылардың үздіксіз қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін қызметтерді  жетілдіру;

    - процесстік құрылымға көшіп, оны әрдайым жетілдіруді ұйымдастыру;

    - қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін  жоғарлату, жұмысшыларды оқыту;

    - «Қазпошта» АҚ жұмыстары барысында  қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

    - өнімдерді (қызметтерді) жеткізу  уақыттарын оптимизациялау.

 

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 
 
    
  1. № 2732, 1 қаңтар 2009 жылғы Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп жөнінде ” жарлығы. 28 ақпан 2009 жылғы өзгерістерімен және толықтыруларымен
  2. Әбдіманапов Ә.З. “Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері” Алматы-2008 ж.
  3. Бухгалтерлік есеп стандарты. Алматы - 2006 ж.
  4. Би Вандер Вил «Управленческий учет» Москва, Аудит 2007 ж.
  5. Девид Мидитон «Бухгалтерский учет и принятие финансовых решений» Москва. Аудит 2007 г. 
  6. Друри К. «Введение в управленческий и пройзводственный учет» Москва. Аудит 2008 г. 
  7. Дюсенбаев К.Ш. “Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау”        Алматы - 2008 ж.
  8. Ефимова О.В. “Как анализировать финансовое положение предприятия” Москва 2008 г.
  9. Карпова Т.П. «Управленческий учет» Москва, Аудит 2008 г.
  10. Кеулімжаев Қ.И. “Бухгалтерлік есеп принциптері” Алматы - 2008ж.
  11. Керьянова З.В. “Теория бухгалтерского учета ” Москва 2009 г.
  12. Ковалев.В.В. “Финансовый анализ” Москва-2006
  13. Кондраков И.П. “Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной деятельности и аудит” Москва 2008 г.
  14. Любушин С. “Анализ хозяйственной деятельности предприятия” Москва 2009 г.
  15. Нидлз Б. “Принципы бухгалтерского учета” Москва 2009 г.
  16. Радостовец В.К. “Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп” Алматы 2008 ж.
  17. Сейдахметов А. “Современный бухгалтерский учет” Алматы 2007 г.
  18. Соколов П.В. «Основы теорий бухгалтерского учета» Москва 2007 г.
  19. Абишева Ж.А. Отчет о движений денежных средств – важнейшая форма финансовой отчетности. // Бух. Учет и аудит. 2009 г. -№5-ст 17-19.
  20. Кинхузова К.К. Отчет о движений денежных средств исползуем. прямой метод. // Бюллетень бухгалтера. 2007 г. №7. ст. 14-16.
  21. Бухгалтер бюллетені №7, 2007 жыл. 14-17 бет.
  22. Бухгалтерлік есеп және аудит, №3, 2008 жыл. 3-11 бет.
  23. Заочная школа бухгалтера. №6, 2008 г.
  24. Бухгалтер. №2, 2000 г.
  25. Весник предпринимателя. №8, 2008 г. ст. 5-9. Синдрикова Г.С.
  26. Учет расходов и доходов. // заочная школа бухгалтера: 2000 г. №4. ст. 2-30
  27. Г. С. Сейітқасымов “Денги, кредит, банк ”, – Алматы, Экономика, 2008ж
  28. Ілиясов Қ., Құлпыбаев “ Қаржы ”, – Алматы, 2005

Информация о работе Кассадағы ақша қаражаттарының есебі