Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 00:20, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі есеп жүргізу жүйесінде, ақша қаражатының есебін жүргізу ерекше орын алуымен бйланысты, өйткені субьектілердің ағымдағы, қаржылық және инвестициялық қызметтері ақшалай есептесу негізінде құрылады.
Курстық жұмыстың міндетіне төмендегілер жатады:
Ақша қаражаттар қозғалысының мазмұныны талдау;
Ақша қаражат қозғалыстары бойынша есеп беру әдістерін талдау;
«Қазпошта» АҚ ақша қаражатының есебін зерттеу болып табылады.
КІРІСПЕ 3
1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі 5
2. Кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысын құжаттық рәсімдеу 12
3. Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша есеп беруді тапсыру тәртібі 16
4. Кассадағы ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі 23
5. Кассадағы ақша қаражаттарының есебін жетілдіру 32
ҚОРЫТЫНДЫ 39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 41
Қазірге кезде ақша қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы кезеңдерде дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада қабілетті активтер есептелінеді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады. [4, 13б]
Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Ақша баламалары – бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді.
Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іссапар шығындары үшін аванс ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқа дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатпайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.
Овердрафт – дегеніміз кәсіпорынның иелігінде, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш болып есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық соиадан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома кәсіпорынның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек көрсетілуі тиіс.
Ақшалай қаражатқа міндеттемені жедел төлеу үшін қолдануға болатын қаржы ғана кіреді. Оларға қаржылық мекемелердегі ағымдағы шоттағы қалдықтар, қолма-қол ақша қаражаты, монеталар, валюта мен субъект кассасына нақты берілетін ақшалай құжаттар (жай чектер, кассалық ордерлер, клиенттердің чектері, ақшалай аударымдар және басқа да есеп айрысу құралдары) жатады. [5, 26б]
БҚОФ «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы 39 мекен жайында орналасқан. Қоғамда қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар фирма бланкілері, мөрі, штампы, өзінің балансы, банктердегі есеп және басқа да шоттары бар. Қоғамның құрылу және іс-әрекеттерінің мақсаты:
- Баспа, кітап т.б. өнімдерін тарату;
- Банктік қызмет көрсету;
- Редакциялық-баспа іс-әрекеті;
- Тұрғындарға газет-журнал, хат, посылка, бандерол тарату;
-
Қазақстан Республикасы
- Тұрғындарға байланыс қызметін көрсету;
-Жеке және заңды тұлғаларға есептік кассалық қызметтер көрсету;
-
Зейнетақы, жәрдемақы, және
-Күнделікті қажетті тауарларды сату мен лотореялық билеттерді тарату;
-Зейнетақы
қорлары, сақтандыру
-Бюджеттегі мекемелердің қызметкерлеріне жалақы, степендия төлеу;
Өз мақсаттарына жету үшін қоғам өзінің атынан келісім шарт жасауға, мүліктік және мүліктік емес құқықтар, міндеттемелерді атқаруға құқылы.
«Қазпошта» АҚ қаржылық
- қаржылық жоспарлау;
- оперативті жұмыс;
- бақылау-аналитикалық жұмыс.
Қаржылық жоспарлау шаруашылық субьектісінің қаржылық іс-әрекетін ұйымдастыруда маңызды орын иеленеді. Қаржылық жоспарлау кезінде әрбір кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайын жан-жақты бағалайды, қаржылық ресурстарды арттыру мүмкіндігін анықтайды және оларды неғұрлым тиімді пайдалану бағыттарын айқындайды.
Қаржылық жоспарлау бухгалтерлік есеп және басқару есептерінен алынатын кәсіпорын қаржылары туралы ақпараттарды талдау негізінде іске асырылады.
Жоспарлау саласында қаржылық қызмет келесідей міндеттерді орындайды:
Оперативті жұмыс саласында қаржылық қызмет көптеген міндеттерді орындайды. Негізгілері болып келесілері табылады:
Кәсіпорында бақылау-аналитикалық жұмысына үлкен көңіл бөлінеді, себебі оның тиімділігі көп жағдайда қаржылық іс-әрекеттің нәтижесін анықтайды. Қаржылық қызметтер, пайда, рентабельділік бойынша қаржылық, кассалық және несие жоспарлары көрсеткіштерінің орындалуына бақылау жүргізеді, меншікті және қарыз капиталының бағытталуы бойынша пайдаланылуын, банк несиесінің мақсатты пайдаланылуын қадағалап отырады. Бақылау – аналитикалық жұмысының іске асырылуына бухгалтерия бөлімі көмектеседі. Олар бірлесе отырып шоттардың құрастыру дұрыстығын, капитал салымдарының өтімдігін есептеуді тексереді, есеп берудің барлық түрлеріне талдау жасайды, қаржылық және жоспарлы тәртіптің сақталуына бақылау жүргізеді. [6, 48б]
Қаржылық қызмет шаруашылық іс-әрекетті басқарудың бірегей механизмінің бірі болып табылады және ол кәсіпорынның басқа қалған қызметтері мен тығыз байланыста болып келеді. Осылайша, бухгалтериямен тығыз байланыста болуы нәтижесінде қаржылық қызметке өндіріс жоспарлары, кредитор мен дебиторлар тізімдері, қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша құжаттар пайдалануға беріледі. Өз кезегінде қаржылық қызмет бухгалтерия бөлімін қаржылық жоспарлармен және олардың орындалуы жөніндегі аналитикалық есептермен таныстырып отырады.
Бухгалтерия
бөлімінің іс-әрекеті
Қаржылық жұмыстың негізгі міндеттері болып келесілер табылады: табысты арттыру және рентабельділікті жоғарлату жолдарын іздестіру, негізгі іс-әрекетті қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету, қаржылық органдар алдында қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша міндеттемелерін уақытылы және толық орындау.
«Қазпошта»
АҚ жұмысының қорытындылары
Есеп-қисап құжаттамаларын қолмен өңдеу, сол сияқты автоматтандырылған өңдеу кезіндегі кассаға ақшаның түсуі кассалық кіріс ордерімен (№КО-1) (ҚОСЫМША) бір данада рәсімделіп, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды.
Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен рәсімдейді. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдаған туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир “Төлем таңбаларын анықтау тәртібін” басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс (№КО-2) (ҚОСЫМША) ордерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен, ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: “Сенімхат бойынша” деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.