Кассадағы ақша қаражаттарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 00:20, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі есеп жүргізу жүйесінде, ақша қаражатының есебін жүргізу ерекше орын алуымен бйланысты, өйткені субьектілердің ағымдағы, қаржылық және инвестициялық қызметтері ақшалай есептесу негізінде құрылады.
Курстық жұмыстың міндетіне төмендегілер жатады:
Ақша қаражаттар қозғалысының мазмұныны талдау;
Ақша қаражат қозғалыстары бойынша есеп беру әдістерін талдау;
«Қазпошта» АҚ ақша қаражатының есебін зерттеу болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда бухгалтерлік есептің маңызы мен ролі 5
2. Кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысын құжаттық рәсімдеу 12
3. Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша есеп беруді тапсыру тәртібі 16
4. Кассадағы ақша қаражаттарының синтетикалық және талдау есебі 23
5. Кассадағы ақша қаражаттарының есебін жетілдіру 32
ҚОРЫТЫНДЫ 39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 41

Работа содержит 1 файл

курс_Кассадагы акша.doc

— 329.50 Кб (Скачать)

    Кіріс және шығыс касса ордерлері мен  оның орнына жүретін құжаттарды  бухгалтерия дәл әрі айқын  етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.

    Еңбекақы, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша  жәрдемақылар мен сыйлықтар төлеу, ақшаны беру мерзімі жалпы сомасы жазу түрінде көрсетілуімен ұйым жетекшісі мен бас бухгалтер қол қойған төлем ведомостері бойынша жүзеге асырылады. Оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды. [7, 25б]

    Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен  соң, кассир төлем тізімдемесіне  еңбекақысы бойынша тиесілі сомасын  алмаған адамдардың аты тегінің  тұсына мөртаңба соғады немесе “Депозитке салынды” деп қолмен жазып, белгі соғады, берілген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуы тиісті сома жазылады. Егер төлемді кассир емес, өкілетті адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: “Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)” деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

    Жазылған  касса ордерлері немесе олардың  орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерлерінің толтырылған күні мен номері, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың нысаналы мақсаты көрсетіледі (жалақы, сыйлықтар, степендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар). Егер ақша қаражатының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.

    Кіріс және шығыс кассалық құжаттарды тіркеу  үшін “Кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу журналы” қолданылады, шығыс құжаттарға бөлек, кіріс кассалық құжаттарға бөлек журнал ашылады. Бұл журналда мыналар көрсетіледі:

    1. Кіріс және шығыс ордерінің күні мен нөмірі;
    2. Кімнің қолына ақша берілді немесе кімнен алынды, сол адамның аты-жөні немесе кәсіпорынның атауы;
    3. Берілген немесе алынған ақшалардың қандай мақсаттарға берілгені;
    4. Түскен немесе берілген ақшалардың сомасы;

    Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир  басшы мен бас бухгалтердің қолдарын, олардың дұрыс рәсімделуін, ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға  штамп басылады немесе жазумен күнін, айы мен жылын көрсете отырып “Алынды” немесе “Төленді” деп белгі соғады.

    Кассадағы сақталатын ақша қаражаттары мен  қатаң есептегі бланкілеріне тексеру, есеп саясатында белгіленген мерзімдерде  жүргізіледі. Оны кәсіпорын жетекшісі тағайындайтын  комиссия жүргізеді. Тексеру нәтижелері қолға берілетін ақша қаражаттарын түгендеу Актісімен (№ Түгендеу - 15) және құндылықтарды түгендеу тізімдемесімен және қатаң есептегі құжаттар бланкілерімен (№ Түгендеу – 16) рәсімделеді.

    Кассада анықталған артық шыққан ақша қаражаттары  кіріске алынады, кем шыққан ақша қаражаттары кассирден өндіріледі.

    Қолға берілетін ақшадан өзге, кассада  акциялар, мемлекеттік зайымдардың  акциялары, вексельдер, чек кітапшалары, өзге де бағалы қағаздармен  қатаң есептегі бланкілер сақталуы мүмкін.

    Қатаң есептегі бланкілерге мыналар жатады: асханадан тамақ алуға, белгілі  бір ас қабылдауға, оқу орындарының  асханаларынан тамақ алуға, емдеу  профилактикалық ас қабылдауға берілетін  абонементтер, қызметкерлерге тегін арнайы тамақ босатуға арналған талондар (сүт немесе соған тең тамақ өнімдері) және басқа да Билеттер, талондар, абонементтер және қатаң есептегі өзге де бланкілер, материалдық құндылықтар ретінде, оларды сатып алынған нақты өзіндік құны бойынша  1350 “Өзге қорлар” шотында есепке алынады. Материалға жауапты тұлғалар бланкілер есебінен  кіріс-шығыс кітабында қатаң есептегі бланкілер есебі бойынша әрбір атауы және нақты құны бойынша жүргізіледі. Бланкілердің кіріс және шығыс операциялары қатаң есептегі бланкілерде кіріс шығыс (накладной) құжатымен рәсімделеді.  Материалға жауапты тұлға ай сайын бухгалтерияға қатаң есептегі бланкілердің қозғалысы туралы есеп береді.  Белгілерді (бланкілерді)  өткізуге дайындау кезінде, субъект жетекшісі арнайы тағайындайтын комиссия материалға жауапты адамның  қатысуымен қапшықтарды ашып, бланкілерді әр парақ бойынша түгендеп, санап шығады. Ашылған қапшықтағы бланкілерді  парақтап санап шығу кезінде анықталған нәтижелер абонементтерді, талондарды және өзге де белгілерді тексеру нәтижелері туралы Актіге жазылады. Актіде алшақтықтар анықталған жағдайда, орауындағы құлақша қағаздағы деректер мен қапшықтан шыққан нақты белгілер жазылады. Акт негізінде белгілерді (бланкілерді) жасаушыларға талап білдірілуі мүмкін. Тамақ алуға берілетін абонементтерге және өзге белгілерге оларды сатуға дайындау кезінде субъектінің мөрі басылады.

    Есеп  саясатында  белгіленген мерзімдерде  кассада сақталатын ақша қаржаттары мен қатаң есептегі бланкілерге  тексеру жүргізу қажет. Оны субъект жетекшісі тағайындайтын комиссия жүргізеді.

    Кассалық  операциялар есебін компьютерлендіру кезінде, сондай-ақ кассалық құжаттарды өңдейтін бағдарламалық құралдар жұмысының  дұрыстығына тексеру жүргізіледі. Оның бұзылуына кінәлі тұлғалар белгіленген  тәртіпте  жауапкершілікке тартылады. Ақша қаражаттары мен қатаң есептегі бланкілерді  тексеру нәтижелері қолға берілетін ақша қаражаттарын түгендеу Актісімен және құндылықтар мен қатаң есептегі  құжаттар бланкілерін түгендеу тізімдемесімен рәсімделеді. Кассада анықталған артық шыққан ақша қаражаттары  кіріске алынады. Бұл операция дебет бойынша  1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотында және кредит бойынша 6280 “Басқа да кірістер” шотында көрсетіледі. Кем шыққан ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар кассирден өндіріледі:

    1280 “Өзге қысқа мерзімді дебиторлық  берешек”шотының дебеті.

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының кредиті. 

    Қатаң есептегі бланкілердің кем шығуынан субъектіге келтірілген шығын олардың  нақты құны негізінде есептеледі. Осыған орай келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:

    Кассадағы қатаң есептегі бланкілердің кем  шығуы анықталды:

    а) нақты өзіндік құн мен  көрсетілген  құн арасындағы айырма бойынша:

    1280 “Өзге қысқа мерзімді дебиторлық  берешек” шотының дебеті, субшот  “кем шығу, жетпеу және талан-тараж бойынша дебиторлар.”

    1350 “Өзге қорлар” шотының кредиті,  субшот “қатаң есептегі бланкілер.”

    б) көрсетілген құны бойынша:

    1280 “Өзге қысқа мерзімді дебиторлық  берешек” шотының дебеті, субшот  “кем шығу, жетпеу және талан-тараж   бойынша дебиторлар.”

    3520 “Алдағы кезеңнің кірістері”  шотының кредиті. 

    Қатаң есептегі бланкілердің жетпейтін құны кассаға салынды:

    1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты”  шотының дебеті.

    1250 “Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі” шотының кредиті, субшот “кем шығу, жетпеу және талан-тараж бойынша дебиторлар.”

    «Кассадағы  шетелдік валюта түріндегі қолма-қол  ақша» есебі. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға  ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.

    Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол  ақша есебі. Қоғамдық тамақтандыру мен  бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша қаражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте , сауда залында орналасады.

 

    3. Кассалық кітапты  жүргізу  және касса бойынша есеп беруді тапсыру тәртібі

 
 

    Қолға берілетін және қабылдайтын ақша қаражаттарын сақтау үшін әрбір ұйымның  кассасы болады.

    Касса – бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме. Операция жүргізілетін  уақытта есіктер  ішкі жағынан жабылады, сейфтің және темір шкафтың кілттері кассирде сақталады, ал кілттердің көшірмелері мөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылданған құндылықтардың сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды жүргізеді.

    Оған  арналған бөлме кассалардың өрттен қорғау белгілерімен және құралдарымен нығайтылып, техникалық жарақтануы туралы Ұлттық Банк талаптарына сәйкес, оңаша  бөлініп, жабдықталған болуы тиіс. Кәсіпорын  жетекшілері кассадағы ақшаның, сол сияқты банктен әкелу кезіндегі және банкке тапсыру кезіндегі ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Кәсіпорынға жататын қол ақшаларын кассада сақтауға рұқсат етілмейді.

    Кассалық  операцияларды кассир жүргізеді, ол материалды жауапты тұлға болып  табылады. Кассирді жұмысқа қабылдау кезінде ол кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен танысады, толық жеке материалдық жауапкершілік туралы онымен шарт жасалады және кассирдің қызмет міндеттемелеріне қол қояды. Кассир болмаған кезде толық материалдық жауапкершілік жайлы шарт жасасқан бухгалтер кассалық операцияларды атқарады.

    Кассадағы ақша қозғалысының есебі касса кітабында  жүргізіледі (Қосымша), ол номерленіп, бау өткізіліп, жетекшінің, бас бухгалтердің қолдарымен және мөрмен расталған болуы керек. Түсу мен жұмсау бойынша барлық операцияларды кассир 1 жылға ашылатын кассалық кітапқа жазады. Кассалық кітаптағы жазбалар көшірме арқылы 2 дана болып жүргізіледі. Кіріс және шығыс кассалық ордерлеріндегі жазбалар басталмас бұрын кассалық кітапта күн басындағы ақша қалдығы көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир күні бойғы операциялардың қорытындысын есептейді және күн соңындағы ақшаның қалған қалдығын шығарады. Кассалық кітап беттерінің екінші даналары жыртылады және кассирдың есебі болып қызмет етеді. [8, 18б]

      Касса кітабының екі жартысы да бірдей номерлермен номерленеді. Барлық кассалық операциялар парақтың үзілмейтін бөлігінің беті жағынан (“күннің басындағы қалдық” жолынан кейін) бастап жазылады, жазбас бұрын әуелі парақтың жартысы бүктеледі (үзілетін бөлігі қалған парақ бөлігінің астына салынады). “Ауыстырғаннан ” кейінгі жазуларды жалғастыру үшін парақтың үзілетін (жыртылатын) бөлігін екінші жаққа қайырады (яғни үзілмейтін бөліктің беткі жағынан) парақтың үзілмейтін бөлігінің келесі бетіндегі көлбеу сызықтар бойынша жазуларын жалғастырады.

      Есеп беретін бланкі сол күн ішіндегі операция соңына дейін үзілмейді. “Оның ішінде еңбек ақы” жолындағы төлем ведомостілері бойынша  жалақыға кассадан шығысқа есептен шығарылмаған сома көрсетіледі.

      Касса кітабында ақша кімнен алынғаны және кімге берілгені, корреспонденциялық шот және  кіріс пен шығыс сомасы құжатының номері көрсетіледі. Есеп беру (күн) соңында кассир жиынын есептен шығарады және есеп беру (күн) соңына қалдықты шығарады. Кітапта расталмаған өшірулер мен түзетулерге жол берілмейді. Түзету кассирдің және бас бухгалтердің  қолдарын қою арқылы расталады. Касса кітаптарын жүргізу мен кассалық операцияларға бақылау жасау бас бухгалтердің міндеті болып саналады.

    Кассалық  операциялардың көлемі үлкен болмаған кезде, кассалық есеп беруді 3-5 күнде бір рет жасауға рұқсат етіледі.

    Күн сайын немесе 3-5 күнде бір рет  жұмыс күнінің соңында  кассир кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу арқылы бухгалтерияға қолхатпен  есеп береді. Кассирдің берген есебіндегі корреспонденциялық шоттарға белгі  соғылады, содан соң оның деректерін  1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотының дебеті және кредиті бойынша есеп-қисап тізімдеріне ауыстырады. Ай соңында тізімдерде келесі есеп беретін айдың 1-не қалдық шығарылады, ол кассирдің берген есебінің қалдығына және 1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шоты бойынша бас кітапқа сәйкес келуі тиіс.

    Кассалық  операцияларды бақылау процедуралары  міндетті түрде аяқ астынан жоспарсыз  түрде жүргізіледі. Кассадағы аудиттік операцияларға кірісерден бұрын, мынадай  ережелерді сақтаған жөн:

    1.Чектер  мен чектік кітапшаларды сақтаған  жөн;

    2.Кассалық  кітап бойынша кассадағы қалдық  ақшаны келесі күнге көшіру  тәртібі;

    3.Кассалық  кітап бойынша есептегі ақшаны  әр сайын есептеп, бір күн  бұрын кіріс пен шығысты есептеу,  бір қалдық ақшаны келесі күн есебіне көшіру;

Информация о работе Кассадағы ақша қаражаттарының есебі