Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 14:48, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: негізгі өндіріс шығындарының тиімділігін талдау. Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындарының басқару тиімділігін арттыруы туралы жазылған. Бірінші бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның мәні жайында түсінік, шығындарды басқару мақсаты мен әдістері шығындардың тиімділігін бағалаумен қоса сипатталып берілген. Курстық жұмыстың екінші бөліміне келетін болсақ, онда шығындардың басқару тиімділігін нақты кәсіпорын мысалында талдау, және де оның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы берілген.
Кіріспе.
1. Шығындарды басқарудың теоретикалық негіздері.
1.1. Шығындар ұғымы және мәні.
1.2. Шығындарды басқарудың мақсаты мен әдістері.
1.3. Шығындардың тиімділігін бағалау.
2. Шығындарды басқару тиімділігін талдау (нақты кәсіпорын мысалында).
2.1. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы.
2.2. Кәсіпорындағы шығындарды басқаруды талдау.
3. Кәсіпорындағы шығындарды басқару тиімділігін арттыру.
3.1. Шығындарды басқару тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар.
3.2. Ұснылған іс-шаралардың тиімділігін негіздеу.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Шығындардың экономикалық
мәні және олардың жіктелімі
Қазіргі танда шығындарды басқару өз функциялары арқылы кәсіпорынның ішкі қызметін, оның стратегиясы мен тактикасын басқарудың негізгі ақпараттық фундаменті ретінде көрініс табуда. Осы жүйенің негізгі бағыты - бұл жедел және болжалды басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпараттарды дайындау. Егер қазіргі таңдағы авторлардың шығындарды басқарудың мәні, мақсаты, міндеттері туралы пікірлерін жалпылап алатын болсақ, онда оларды төмендегідей көрсетуге болады.
Шығындарды басқару -
бұл кәсіпорынның ресурстарын тиімді
қолдану, өндіріс процесінің барлық
кезеңдерінде ресурстарды үнемдеу
және олардан болатын пайданы максимизациялау.
Ол тек қана шығындарды азайтуды көздемейді,
себебі басқарудың барлық элементтеріне
тарайды.
Шығындарды басқару арқылы кәсіпорын
жоғары эконоиткалық нәтижелерге қол
жеткізеді.
Шығындарды басқару құралы болып кәсіпорын шығындарының барлық көптүрлілігі табылады. Шығындарды басқару объектісі болып ұйымның өзіндік шығындары, олардың құрылу және азаю процесі табылады. Ал шығындарды басқару субъектісі болып өндіріс бөлімшелері, басшылар және ұйым мамандары, яғни басқару жүйесі табылады.
Қазіргі таңдағы шарттарға
байланысты шығындарды басқару жүйесін
құрудың негізгі мақсаты - ең тиімді
тәсілмен баға анықтауында, сатып алушы
сол бағаны белгілі бір тауар
түрі мен қызмет үшін төлеуге келісуі
қажет. Пайданы максималдау арқылы қаржылық нәтижеге қол жеткізу.
Сонымен қатар, пайда табудың негізгі
факторлық желісі түпкілікті зерттеледі:
шығындар - өндіріс көлемі - пайда.
Шығындарды басқарудың маңызды міндеттері:
Шығындарды басқарудың жоғарыда аталған міндеттерінің барлығы кешенді шешілуі қажет, тек осындай қадам кәсіпорын жұмысының жылдам тиімді өсуіне ықпалын тигізеді және пайда әкеледі.
Шығындарды басқарудың функциялары:
Шығындарды басқарудың
негізгі функциялары болжау және
жоспарлау, есептеу, бақылау (маниторинг),
реттеу және координациялау, сонымен
қатар, талдау болып табылады. Шығындарды талдауды
жүйелі түрде жүргіземіз,
яғни ұйымды жекелеген элементтерден
тұратын бірлескен бөлік
ретінде қарастырамыз. Жекелеген элементтерден
тұратын бірлескен бөлік ретінде шығындарды
басқару жүйесін 1- ші суреттен көруге
болады.
Сурет 1. Шығындарды басқару жүйесі
Егер шығындарды басқарудағы институционалды аспектілер жайында айтар болсақ, онда мынындай негізгі сауал туындайды: шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдастырушылық құрылымының әрбір деңгейінде шығындарды басқарудың өзіндік қызметін құру қажет пе немесе шығындарды басқару саласында осы уақытқа дейін қалыптасқан менеджерлерге қосымша өкілеттілік беру қажет пе. Шаруашылық жүргізу субъектінің шығындарды басқару процесін 2-ші суреттен көруге болады.
Сурет 3. Шаруашылық жүргізу субъектінің шығындарды басқару процесі
Шығындарды бақару жүйесінің
негізгі элементтері болып
Шығындарды басқару
жүйесін ұйымдастыру
қаржылық-шаруашылық қызметін ұйымдастыру
мен оны басқаруға құрылымдық және процестік тәсілдерді аралас қолдануды
талап етеді. Процестік тәсілдің мәні
кәсіпорынның барлық қаржылық-шаруашылық
қызметін екі категорияға бөлуге болатындығында:
негізгі бизнес-процестер және қосымша
бизнес-процестер.
Негізгі бизнес-процестер
өнімді немесе қызметті ұсынумен, оны сатумен
және тұтынушыға жеткізумен байланысты.
Олар өзіне келесі
бизнес-функцияларды қосады: шикізат пен
басқа да материалдық ресурстарды жеткізуді
қамтамассыз ету, өнімнің әр түрін өндіру,
өнімнің өтімі мен маркетингі, кепілдік
және сатылымнан кейінгі қызмет көрсету.
Шығындарды талдау - бақылау функциясының маңызды элементі
бола отырып, негізді жоспарлануы үшін
ақпараттарды дайындайды.
Шығындарды басқару жүйесінде талдау
функционалды циклды аяқтайды және онымен
бір мезгілде оның басы болып табылады.
Шығындар жалпы кәсіпорын бойынша және
де, сонымен қатар, өндірістік бөлімшелер,
шығындардың экономикалық элементі мен
калькуляция баптары, қызмет түрлері,
өнім (жұмыс, қызмет) бірліктері, өндіріс
процесі кезеңдері мен есептеудің басқа
да объектілері бойынша талдауға түседі.
Шығындар бюджеті өндірістік, қызмет көрсетуші және функционалды-басқарушылық бөлімшелері бойынша есептелініп, бекітілетін кәсіпорындарда олардың жүзеге асырылуын талдау жалпы бөлімшелердің барлық бюджеті мен жекелеген элементтерге бөлек жүргізіледі.
3.1. Шығындарды басқару тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар.
Аз шығындар жұмсай отырып көп пайда
табу, еңбектік, материалдық және қаржылық
ресурстарды үнемдеу
Өзіндік құнды төмендету резервтерін анықтау кәсіпорынның кешенді технико-экономикалық талдау жұмысына жүгінуі қажет: өндірістің техникалық және ұйымдастырушылық деңгейін зерттеу, өндірістік күштер мен негізгі қорларды, шикізат пен материалдарды, жұмыс күшін, шаруашылық байланыстарды қолдану.
Өзіндік құнның нақты төмендеуін негіздейтін үнемдеу келесі факторлардың құрамы бойынша есептелінеді:
1 Өндірістің техникалық
2 Еңбек пен өндірісті
Ағымдағы шығындарды төмендету
негізгі өндіріске қызмет көрсетуді
жетілдіру нәтижесінде
3 Өнім көлемі мен құрылымының өзгерісі, олар шартты-тұрақты шығындардың (амортизациядан басқа) салыстырмалы азаюына, амортизациялық аударымдардың қатысты азаюына, өнімнің ассортименті мен номенклатурасының өзгерісіне және оның сапасының артуына алып келеді. Шартты-тұрақты шығындар шығарылатын өнімнің санына байланыссыз болады. Өндіріс көлемін арттыру арқылы олардың өнім бірлігіне деген саны азаяды, ол оның өзіндік құнының төмендеуіне алып келеді.
Бұл шаралар кәсіпорынның шығындарын азайтып, пайданы ұлғайтуға көмектеседі, ол кәсіпорынның қаржылық жағдайының нығайтуға көмектеседі.
Қорытынды
Кәсіпорын қызметі барысында
жоғары қаржылық нәтижеге жету, өндіріс
тиімділігін арттыру мен
Шығындарды басқару - бұл өндірісті қысқартуға алып келетін шығындарды минималдау болып табылмайды, ол кәсіпорынның қорларын тиімді қолдану, оларды үнемдеу. Кәсіпорында шығындарды басқару процесін құрудың мәні шығындарды тану, оларды есептеу, болашақта талдау мен басқару шешімдерін қабылдау үшін оларды жайлы түрде ұсыну және топтастыруда жатыр.
Шығындарды басқару - бұл кәсіпорынның экономикалық қызметінің міндеті болып саналады, ол шығындарды нормалану, жоспарлау мен бақылауды жүзеге асырады. Бірақ, қате пікір болып саналады. Экономикалық қызмет мәліметтерді шоғырландырып, оларды тексетуі қажет, бірақ өзіндік құнды қалыптастыруда кәсіпорынның барлық бөлімшелері қатысады, олардың көлеміне деген жауапкершілік кәсіпорын бөлімшелерінің басшыларына бөлініп ұсынылуы керек. Шығындарға жауапты адамдар шығындарды азайту процесін шығындар пайда болған бөлімшелерде жүргізуі қажет.
Шығындарды басқарудың басты мақсаты ресуртарды үнемдеумен пайда мен рентабельділікті арттыру және өнімнің өзіндік құныны төмендеті үшін оларды қолданудың тиімділігін арттыру.
Шаруашылық жүргізуші субъектісінің шығындарын басқарудың маңызды міндеттері:
Шығындарды басқарудың жоғарыда аталған барлық міндеттері кешенді ұйымдастырылуы керек, осы талаптарлды орындау кәсіпорын жұмысының тиімділігінің жылдам өсуіне көмектеседі.Осылайша, кәсіпорында шығындарды басқару бірегей кешен жүйесіне келесі басқарушылық әсерлерді қосады: болжау және жоспарлау, ұйымдастыру, түзету енгізу және реттеу, іске асыру және ынталандыру, есеп, шығындарды талдау және басқару.
Шығындарды басқару кәсіпорынды басқару теориясына негізделеді және динамикалық процесті көрсетеді, оның мақсаты - кәсіпорын қызметінде жоғары экономикалық нәтижеге қол жеткізу. Басқарудың барлық кезеңдерінде шығындар туралы мағлұматтарды шешім қабылдауда маңызда рөл атқаратын және соңында кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын фактор ретінде ұқыпты қолдану керек. Басқару процесінде туындайтын осы және басқа да проблемалардың жауабы ретінде тәжірибеде шығындарды басқауда әр түрлі өңдеу мен қолдану жүйесі қарастырылды. Кез келген шығындарды басқару жүйесінің негізінде әр түрлі белгілері бойынша жіктелімі жатыр ,ол осы немесе басқа да шығындарға мүмкін болатын әсер ету деңгейін бағалау немесе осы және басқа да шығындардың кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелеріне әсер ету деңгейін анықтауға қажетті.