Касипорын каржысын баскару

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: негізгі өндіріс шығындарының тиімділігін талдау. Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындарының басқару тиімділігін арттыруы туралы жазылған. Бірінші бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның мәні жайында түсінік, шығындарды басқару мақсаты мен әдістері шығындардың тиімділігін бағалаумен қоса сипатталып берілген. Курстық жұмыстың екінші бөліміне келетін болсақ, онда шығындардың басқару тиімділігін нақты кәсіпорын мысалында талдау, және де оның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы берілген.

Содержание

Кіріспе.
1. Шығындарды басқарудың теоретикалық негіздері.

1.1. Шығындар ұғымы және мәні.
1.2. Шығындарды басқарудың мақсаты мен әдістері.
1.3. Шығындардың тиімділігін бағалау.

2. Шығындарды басқару тиімділігін талдау (нақты кәсіпорын мысалында).
2.1. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы.
2.2. Кәсіпорындағы шығындарды басқаруды талдау.

3. Кәсіпорындағы шығындарды басқару тиімділігін арттыру.
3.1. Шығындарды басқару тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар.
3.2. Ұснылған іс-шаралардың тиімділігін негіздеу.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

МОЯ КУРСОВАЯ РАБОТА.doc

— 215.50 Кб (Скачать)

 

 

 

Мазмұны

 

Жоспар

 

              Кіріспе.

1. Шығындарды басқарудың теоретикалық негіздері.

 

1.1. Шығындар ұғымы  және мәні.

1.2. Шығындарды басқарудың  мақсаты мен әдістері.

1.3. Шығындардың тиімділігін  бағалау.

 

2. Шығындарды басқару тиімділігін талдау (нақты кәсіпорын мысалында).

2.1. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-экономикалық  сипаттамасы.

2.2. Кәсіпорындағы шығындарды  басқаруды талдау.

 

3. Кәсіпорындағы шығындарды басқару тиімділігін арттыру.

3.1. Шығындарды басқару   тиімділігін арттыру  бойынша   іс-шаралар.

3.2. Ұснылған іс-шаралардың  тиімділігін негіздеу.

 

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

Кіріспе.

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: негізгі өндіріс шығындарының тиімділігін  талдау. Бұл курстық  жұмыста шығын ұғымы мен басқару  есебінде шығындардың жіктелуі,  сонымен қатар өндіріс шығындарының басқару тиімділігін арттыруы туралы жазылған. Бірінші бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның мәні жайында түсінік, шығындарды басқару мақсаты мен әдістері шығындардың тиімділігін бағалаумен қоса сипатталып берілген. Курстық жұмыстың екінші бөліміне келетін болсақ, онда шығындардың басқару тиімділігін нақты кәсіпорын мысалында талдау, және де оның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы берілген.                          Шығындарды басқару өз функциялары арқылы кәсіпорынның ішкі қызметін, оның стратегиясы мен тактикасын басқарудың негізгі ақпараттық фундаменті ретінде орын табады. Осы жуйенің негізгі бағыты, ол тез және болжалды басқарушылық шешім қабылдау үшін ақпаратты дайындау болып табылады. Шығындарды басқару- бұл кәсіпорыннң ресурстарын тиімді қолдану, жүріп жатқан барлық процестер кезінде ресуртарды үнемдеп пайдалану және де олардан түсетін пайданы көбейту екені белгілі. Осы шығындарды басқару арқылы кез келген кәсіпорын өте жоғарғы нәтижелерге жетеді.

Негізінен шығындар теориясын зерттеумен экономия классиктері айналысқан.Мысалыға алып қарайтын болсақ, А,Смит тұрақты шығындар ұғымын енгізсе, Давид Рикардо салыстырмалы шығындар ұғымының теориясын енгізген. «Шығын» терминын олар белгілі бір бірлікке жұмсалатын қоғамдық орташа шығындар дем түсінген, және өнімге жұмсалған осы бірлік кәсіпорын үшін қандай маңызы бар екенін, немесе саладағы кәсіпорындардың барлығы осындай орта бірлікпен шығындалады деп тусіндірген. Шығындар- бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және пайда табуға арналған қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай турі. Шығындардың мәні болып табылатын бірден бір түсінік ол негізінен алып қарастыратын болсақ- кәсіпорындағы қаржылық және өндіріс процестеріндегі қалыпты жағдайды орнату болып табылады.

Қазіргі таңда шығындарды басқару жүйесін құрудың негізгі  мақсаты- ең тиімді  тәсілмен баға анықтауында, сатып алушы сол бағаны белгілі  бір  тауар турі мен қызмет түрі үшін төлеуге келісуі үшін қажет. Пайданы көбейту арқылы қаржылық нәтижеге қол жеткізу. Сонымен қатар пайда табудың негізгі факторлық желісі түпкілікті зерттеледі: шығындар- өндіріс көлемі- пайда.

1.Шығындарды  басқарудың теоретикалық негіздері.

Шығындарды басқару  дегеніміз, қазіргі таңда алып қарастыратын болсақ оның ішкі қызметтерін реттеу ғана емес, оған қоса басқару тактикасы мен басқару жоспарын өзінің ақпараттық фундаменті ретінде қарастыру болып табылады. Сондықтан да осы таңда бұл жуйенің негізгі бағыты- кез келген кәсіпорындағы басқарушылық шешімдерді жедел арі тез, болжалды түрде  қабылдау екені санаға келеді. Шығындарды азайтып, пайданы көбейту арқылы кәсіпорын өз қаржысын экономикалық түрде көбейте алады. Ол үшін кәсіпорын басқарушылық жуйесі мен оның маңызды міндетттерін анықтап алуы ықтимал. Басқару жуйесін құрудың негізгі мақсаты- ең тиімді нарықтағы бағаның анықтауымен, сатып алушылардан сол бағаны белгілі бір тауарға төленуі келісілуі қажет. Басқарудң негізгі міндеттерін атап өтуге де болады. Оларға:

-кәсіпорындағы  жұмыс  пен қызметтердің тиімділігін  арттыру;

-басқарудың негізгі  атқаратын қызметтерін анықтау;

-шығындарды жекелеп  кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері  бойынша есептеу;

-шығындардың ретабельділігін  қарастырып, оның әдістерін таңдау;

-өнім ассортименты  мен баға саясатын орнату;

-өнімнің сатылуы мен  өндіріс көлемін жылдам арі болжалды түрде жетілдіру.

Кәсіпорындағы шығындарды басқарудың негізгі теоретикалық функциялары  болып болжау, жоспарлау, есептеу  және бақылау, реттеу мен талдау табылады. Шығындарды басқару жуйесінің негізгі  элементтеріне, олар басқару обьектілері : шығын деңгейі мен құрылымы және оның құрамы; шығындарды басқарып отыратын арнайы жоспар жатады.

 

1.1.Шығындар  ұғымы және мәні.

Шығындар өндіріске  және  өнімді шығаруға қолданылатын  белгілі бір кезеңдегі қорлардың  ақшалай көлемін көрсетеді. Сонымен  қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын,  айналымын және өнімнің өтімін көрсетеді.

Шығындар өндірісте  жұмсалатын ресурстар (табиғи, еңбек,           
  құрал-жабдықтар, техника, ақпараттық және т.б.) жиынтығынан тұрады.

Өндіріс шығындары өндіріске  қажетті факторлардың төлемін көрсетеді. Осы өндіріске қажетті факторларды  зерттеу дайындалған өнімді сатудан  түскен пайда көлемінің шығындарды жабуы мен жағымды пайда әкелуіне жеткіліктілігін қамтамасыз етуі қажет. Пайда кәсіпкерлік қызметтің дамуының кепілі болып табылады. Бірақ, аталған мақсаттарға қол жеткізу жұмсалған шығындар көлеміне тәуелді болады. Сол себепті өндіріс шығындары экономикалық талдаудың маңызды бөлігі болып табылады.  
Кәсіпкердің шығындар мен пайдаға деген өз көзқарасы болады. Белгілі бір шығындарды жапқаннан кейінгі пайда өндірістің жақсы мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет. Айтарлықтай тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін шығындар пайдадан аз болуы қажет.

Өндіріс шығындарын көптеген экономистер зерттеген, соның ішінде        К. Маркс. К. Маркстың мақсаты ерекше болды. Ол жалдамалы еңбек эксплуатациясының аспектілерін жан жақты қарастыруды көздеді.  
Маркс шығындардың  мәнін зерттеудің көмегімен келесі проблеманы  
көрсетті - капиталдың орташа пайда нормасын қалыптастыруды талдау қажеттілігі.

Қазіргі таңдағы экономистер  өндіріс шығындарын кәсіпкер тұрғысынан қарастырады. Кәсіпорынның оңтайлы  стратегиясын негіздейтін міндеттерді  шешу барысында өндірістің кез келген факторын сатып алуға жұмсалған әрбір доллардың үстінен таза пайда алу принципіне негізделген мақсатқа қол жеткізіледі. Осылайша, қазіргі таңдағы экономистер дәл Маркстің нәтижесіне қол жеткізді - пайданың орташа нормасын қалыптастырды.

Өндіріс шығындары тауарды  дайындау үшін қажетті шығындарды көрсетеді. Бұндай шығындарға материалды өтеуге (шикізат, жанармай, энергия), жұмыскерлердің еңбек ақысын өтеуге, амортизацияға, өндірісті басқаруға кеткен шығындар жатады. Тауарды сату барысында оның құны ақшаға (ақшалай табысқа) айналады. Ақшалай табыстың бір бөлігі өндіріс шығындарының орнын толтыруға кетеді, ал қалған бөлігі пайда болып табылады.

Осылайша, өндіріс шығындары - аталған дайын өнімнің өндірісіне кеткен шығындары болып табылады.

Маркс бойынша айналым шығындары тауарды ұйымдастырумен байланысты, ол таза және қосымша болып бөлінеді. Айналымның таза шығындары өзіне таза күйінде сатып алу-сатумен байланысты шығындарды қосады, атап айтқанда  сауда өткізу персоналының еңбек ақысы, сауда орталықтарын ұстап тұру, тұтынушылық сұранысты зерттеу, кеңес беру  
және т.б.

Аталған шығындар тауар  құнын жоғарылатпайды, ұйымдастырудан келген пайдадан орнын толтырады. Қосымша  шығындарға тауарларды орауға, сақтауға, жеткізуге, сорттауға кеткен шығындар жатады. Бұл шығындар айналым сферасында тауар өндіру процесін жалғастырумен байланысты. Айналымның қосымша шығындары тауар құнына кіреді және ұйымдастырудан түскен пайданын есебінен орнын толтырады.

Экономикалық ғылым  және тәжірибе шығындарды зеттеуді өндірістің дамуымен бір мезгілде жүргізеді. Қазіргі таңда шығындарды зерттеудің келесі қадамдарын атап көрсетуге болады. Шығындарды еңбек құны теориясына негіздей отырып анықтау, ұлттық шаруашылық және шаруашылық 
жүргізуші субъектілердің шығындары бұл  дегеніміз тек қана еңбек болып табылады.  
Тәжірибиеде шығындар құрамында кейбір шектеулі ресурстардың қолданылуы ескеріледі:

  • капитал салымлары;
  • негізгі және айналым қорлары;
  • табиғи байлықтар.

Логистикалық теория тұрғысынан шығынның мәні дегеніміз  бұл энергияны жұмсау, яғни адамның физикалық және интеллектуалды энергиясын жұмсауы. Қазіргі таңда шығындарды еңбек құны теориясы тұрғысынан анықтау толық және терең болып табылмайды, оның артықшылығы бар деп айту қиын, ал шығындарды логистикалық тұрғыдан  
философиялық-теориялық анықтау  толықтай өңделмеген. Сол себепті біз шығындар анықтамасын жалпы қалыптасқан тәжірибелік тұрғыдан қарастырамыз.

Кәсіпорынның шығындары  туралы түсінік үш маңызды жағдайға негізделеді:

  • шығындар  белгілі бір кезеңде өнімді өндіру кезінде қанша және қандай қорлар шығындалғанын көрсете отырып, қорларды қолдану арқылы анықталады;
  • қолданылған қорлар көлемі ақшалай және натуралды бірліктермен көрсетіледі, бірақ экономикалық есептеулерде шығындардың ақшалай көрінісіне жүгінеді;
  • шығындарды анықтау әрқашан белгілі бір мақсаттарға сай жүргізіледі, яғни ақшалай көріністегі қолданылған қорлар көлемін өнімді өндірудің негізгі функциялары және оның жалпы кәсіпорын немесе кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері арқылы есептейді.

Кәсіпорынның  өндірістік  шешімдері  нарық  жағдайлары  мен  шығындар  арқылы анықталады. Өнім  көлемінің  өзгеруі  фирмалардың  ұсынатын  тауарлардың  мөлшері  және  оның  бағасымен  байланысты.  Өндірістің  шығындары  бухгалтерлік  және  экономикалық  шығындар  болып  бөлінеді. Бухгалтерлік  шығындар  бұл  өнімнің  өзіндік  құнының  құрамына  кіретін  нақты  шығындар.  Бұлар  шикізат,  материалдар,  жалақы,  амортизация,  салықтар  және  т.б.  Экономикалық  шығындарға  барлық  шығындар  жатады.  Соның  ішінде  кәсіпорынның өз  меншігіндегі  
сатып  алынбайтын өндіріс  факторларын  пайдаланбағандағы  айқынсыз  шығындар.

Кәсіпорын  табысы  екі  түрлі көрсеткішке тәуелді болады:

  • өнім  бағасы;
  • өнім  өндірісіне жұмсалатын шығындар. 

Нарықтағы  өнім  бағасы  сұраным  мен ұсыным  өзара байланысының  нәтижесі  болып табылады.  Нарықтық   баға   қалыптастыру   заңдарының    әсерінен   еркін   бәсеке  жағдайында  өндіруші  немесе  тұтынушы  қалауына  сәйкес  жоғары  немесе  төмен болмайды, ол  автоматты  түрде  орнатылады.  Өнім өндірісіне  шығындар - өндіріс  шығындарына қарағанда  басқаша түрде болады.  Олар  тұтынылатын еңбектік немесе  материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің  ұйымдастырылуына  және  басқа факторларға байланысты  өсуі  немесе төмендеуі  мүмкін.  
Сәйкесінше, өндіруші  шығындарды  азайтудың  көптеген  көздерін  қарастырады, ол  оны   өзінің  тиімді  басқару  қабілетімен  жүзеге асыра  алады.

Жалпы түрде өндіріс  шығындары  және өткізу  (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік  құны)  өнім  өндірісі  процесінде  қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи  ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек  ресурстары және  басқа  да өнім  өндірісіне  және  өткізуге  шығындарды  бағалық  тадау  болып  табылады.

Өндіріс  шығындарына  және  өнім  өткізуге  төмендегілерге  байланысты  шығындар  қосылады:

  • ұдайы  өнім  өндірісі, белгіленген технология  деңгейінде өндірістің  ұйымдастырылуы;
  • табиғи шикізаттарды  қолдану;
  • өндірісті дайындау  және  үйрену;
  • өндірісті ұйымдастыру мен  технологияны  жетілдіру, сонымен  қатар  өнім сапасын жақсарту, оның  сапалығын  арттыру, ұзақ  тұтыну  және  басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды  емес сипаттағы шығындар);
  • рационалдау және құрастыру,  тәжірибиелік  жұмыстарын  жүргізу, моделдер  мен  нұсқаларды  дайындау  және  тексеру,  авторлық  сыйақы  төлеу  және  т.б;
  • өндірістік  процеске  қызмет  ету;
  • өндірісті  шикізат, материал, жанармай,  энергия, құрал-саймандар  және  басқа да еңбек  құралдары  және  заттарымен  қамтамасыз  ету,  негізгі  өндірістік  қорларды  жұмысқа   қабілетті   жағдайда ұстау,   
    санитарлы-гигиеналық  талаптарға  сәйкес жұмыс  жасау;
  • қалыпты  еңбек  жағдайын  және  техника  қауісіздігін  қамтамасыз  ету;
  • өндірісті  басқару: кәсіпорынның  басқару  аппараты 
      қызметкерлерінің, фирма  және  оның  құрылымдық  бөлімшелерін,  
    іс-сапарларын  қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық  қызметімен  байланысты  өкілеттілік  шығындар  және  т.б;
  • кадрларды  дайындау  және  қайта  дайындау;
  • мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес әлеуметтік  сақтандыруға  аударымдар.       

Кәсіпорын  қызметінің  нәтижесі (табыс  және  шығын) өнім өткізуден  (жұмыс және қызмет  көрсету) кәсіпорынның  негізгі  құралдары  және  басқа да мүліктерін өткізуге  байланысты  емес  операциялардан  түсім, осы   операциялар  бойынша  шығындар  сомасының  азаюының  қаржылық  нәтижесінен  құралады.

Материалдық  құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет  көрсету адамдық,  материалдық,  ақшалай  ресурс  шығындарын  қажет  етеді. Бұл  қолданылған  ресурстар  соңында  әртүрлі  нысанда және  көлемде  өзіндік  құнға  негізделеді.

Информация о работе Касипорын каржысын баскару