Касипорын каржысын баскару

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: негізгі өндіріс шығындарының тиімділігін талдау. Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындарының басқару тиімділігін арттыруы туралы жазылған. Бірінші бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның мәні жайында түсінік, шығындарды басқару мақсаты мен әдістері шығындардың тиімділігін бағалаумен қоса сипатталып берілген. Курстық жұмыстың екінші бөліміне келетін болсақ, онда шығындардың басқару тиімділігін нақты кәсіпорын мысалында талдау, және де оның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы берілген.

Содержание

Кіріспе.
1. Шығындарды басқарудың теоретикалық негіздері.

1.1. Шығындар ұғымы және мәні.
1.2. Шығындарды басқарудың мақсаты мен әдістері.
1.3. Шығындардың тиімділігін бағалау.

2. Шығындарды басқару тиімділігін талдау (нақты кәсіпорын мысалында).
2.1. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы.
2.2. Кәсіпорындағы шығындарды басқаруды талдау.

3. Кәсіпорындағы шығындарды басқару тиімділігін арттыру.
3.1. Шығындарды басқару тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар.
3.2. Ұснылған іс-шаралардың тиімділігін негіздеу.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

МОЯ КУРСОВАЯ РАБОТА.doc

— 215.50 Кб (Скачать)

Аталған  шығындар,  өнім  және  қызмет  көрсетуге  аударылған,  өзіндік  құнға  қосылғандар  оларды  өткізу  бағасында  өткеріледі.  
Осылайша, өзіндік  құн - кәсіпорында өткізу  мақсатында  өндірілген өнім мен  қызмет көрсетулерге  кеткен  шығындардың  ақшалай  түрдегі  сомасын көрсетеді. Өзіндік  құн - өнім  өндіруге  жұмсалған барлық шығын.  
Өндірілген өнімнің  өзіндік  құнына  барлық  жұмсалған  шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы,  амортизациялық  жарна,  еңбекақы т.б. кіреді.  Өзіндік  құн  сол  кәсіпорын  шығынының  жиынтық  көрсеткіші,  ол  әрбір  өнімге  жұмсалған  жалпы  шығын  сомасын  өнім  көлеміне  бөлу  арқылы  анықталады.

Сонымен, кәсіпорын  қызметінің  негізгі  көрсеткіштерінің  бірі  болып өнімнің  өзіндік  құны  саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің  ақшалай нысандағы шығындар  жиынтығын құрайды және  барлық  өндіріс тиімділігін анықтайды.

Өзіндік  құнның  экономикалық  міндеті - жұмсалған шығындардың  орнын  толтыру  және  соның   негізінде  өндірістің  барлық  элементтерін  қайта  өндіру: өндірістік  қорлар  және  жұмыс  күші.  
Осы  жерде  кәсіпорынның   өзіндік  құнның   негізгі  элементі  болып  амортизация, яғни  шығындалған  материалдық  ресурстар  құны, еңбекақы - ол  шығындардың  бөлімдері  болып  табылады.  Сонымен  қатар  кәсіпорында  басқа  да шығындарды  жүзеге  асырады: өз  жұмысшыларына  
сыйақылар төлейді, банк  несиелеріне  пайыз  төлейді, әлеуметтік  объектілерді  ұстайды,  бюджеттік  емес қорларға  аудрымдар жүргізеді - бұл шығыстар  кәсіпорынның  қосымша  шығыстарын  құрайды.

Өнекәсіптің дамуының бөлек  кезеңдерінде бұл  шығындардың  орнын  толтыру көздері өзгеріп  отырады. Олар  өнімнің  өзіндік құнына қосылса немесе  кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен  іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырады. Осылайша,  өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамы әрдайым өзгеріп  отырады. Бұл  өзгерістердің  басты мақсаты -  қазіргі кезеңдегі орныққан  өндірістік қатынастардың  дамуын  қамтамасыз  ету, оларды  толтыру  көздері бойынша шығындарды  
шектеу-өнімнің  өзіндік құны  немесе  пайда.

Шығындар  жиынтығы  пайда  көлемін анықтайды, олардың көбейуі екі түрлі факторға  байланысты болады. Олар бағаның өсуі және  өнімнің  өзіндік құнының  төмендеуі. Соңғысы тиімдірек  болып табылады.

Өнімнің  өзіндік  құны - синтетикалық, кәсіпорын  қызметінің  барлық жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады.  Ол  кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің  сапалы көрсеткіші. Оның  деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару, жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология деңгейін анықтауға болады. Өзіндік  құнның  мағынасы  сонымен  қатар  оның  атқаратын  қызметтерімен де анықталады:

  • өзіндік  құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 5/4 бөлігі шоғырланады. Сондықтан да өнімнің өзіндік  құны  арқылы өндіріс құралдарының  жұмсалуы қамтамасыз етіледі;
  • өзіндік құн көтерме бағаны қалыптастыру базасы болып табылады, оның есептемей бағақалыптастыру  мүмкін  болмайды;
  • өзіндік құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың рентабельділігі, яғни олардың өндіру мақсаттылығы  есептелінеді.

Өнімнің  өзіндік  құнын  құрайтын шығындар  екі  түрлі негізгі белгілер  бойынша жіктеледі:

  • шығындардың  алғашқы элементтері бойынша;
  • пайда болу және  бағытталу  сипаттамасы  бойынша.              

Шығындарды экономикалық элементтері  бойынша жіктеу өндіріс шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі  шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты  бойынша  біртекті  шығындарда  біріктіріледі, олар  жиынтық  өнімнің  өзіндік  құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді:

  • еңбекке төлем шығындары;
  • әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар;
  • мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар;
  • амортизация;
  • басқа шығындар.

Қарастырылып отырған  шығындар тобы заттай және тірі еңбек  шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.

Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына  өндірістік  бағдары бойынша  топтау, яғни  өндіріс процесінде  пайда болу орны және өнімді өткізуді  көрсетеді.

Шығындарды  калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері

шығындар бабы түрінде  ерекшеленсе, ал  қосымша шығындар   кешенді  шығындар бабында  көрсетілген:

  • шикізат және материалдар;
  • жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар; 
  • өндіріс жұмысшыларына негізгі  және  қосымша  еңбекақы;
  • технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия;
  • әлуметтік сақтандыруларға аударым;
  • цехтық шығындар;
  • жалпы шаруашылық шығындар;
  • коммерциялық шығындар;
  • жалпы өндірістік шығындар.

Шығындарды  калькуляциялық  жіктеу мағынасы - оның негізінде әртүрлі өнім түрлері бірлігінің  өзіндік  құнын есептеуді  білдіреді.  
Ол өндірістің  әр түрлі учаскелерінде  өзіндік  құнды төмендету резервтерін іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция - өнімнің, жұмыстың  өзіндік  құнын  шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның  түр-түрі бойынша өндірілген  өнімнің  бір өлшеміне  немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау.

Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрлі критерилер бойынша бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді.

Қарастырылатын құбылыстар мен объектілерді зерттеу, тану әдісінің бірі жіктеме болып табылады, яғни объектінің жалпы анықталған жағдайлары мен олардың арасындағы заңды байланыс негізінде бөлімдерге бөлу.  
Жіктеме белгілері көбейген сайын объектіні тану деңгейі де жоғарылайды. 

Шығындарды есептеу  жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін анықталған белгілері бойынша экономикалық негізделген шығындар жіктемесін қолдану қажет. Бұл шығындарды тек жақсы есептеп және жоспарлап қана қоймай, сонымен қатар, оларды нақтырақ талдауға көмектеседі. Ол жекелеген шығындар арасындағы анықталған қатынасты шығарады және олардың өндірістік өзіндік құны мен рентабельділік көлеміне әсер ету деңгейін есептейді.

Басқару есебінде шығындар жіктемесінің мақсаты басшыларға дұрыс, негізделген шешім қабылдауға көмектесу. Сол себепті шығындар жіктемесі  процесінің мәні - бұл шығындардың  басшылар әсер ете алатын бөлігін бөліп көрсету. Басқару есебі көздеген мақсаттарына өзінің функциялары арқылы жетуге бағытталған. Әр бір функцияның өз бағыты, мақсаты, міндеті, сонымен қатар, оларға қол жеткізудің өзіндік әдіс-тәсілдері бар.

Нарықтық экономикада  шығындар нақты (бухгалтерлік), нақты емес (имплицивті) және қайтарылмайтын шығындар болып бөлінеді.  
Шығындарды бұлай бөлу басқару шешімдерін қабылдауда өте маңызды орын алады.

Әрбір кәсіпорын, фирма  өнім өндіруді бастамас бұрын, оның қандай табыс, қандай пайда алатынын анықтайды.

     Кәсіпорынның, фирманың пайдасы екі көрсеткішке  тәуелді: өнім бағасы және оны  өндіруге жұмсалатын шығын. Нарықтағы  өнім бағасы сұраныс пен ұсыныстың  өзара әрекетінің салдары. Еркін  бәсеке жайындағы нарықтық баға  белгілеу заңының әсерімен, өнімнің  бағасы сатушының немесе сатып алушының қалаы бойынша, жоғары немесе төмен болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде тегістеледі. Өнім өндірісі шығындар - өндіріс шығындарв басқаша сипатталады. Олар тұтынылатын еңбек немесе материалдық ресурстардың көлеміне, техниканың деңгейіне, өндірісті ұйымдастыру мен басқа да факторларға тәуғлді өсуі немесе азаюы мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші байыпты басқару әрекетіне әкелетін, шығындарды төмендетудің көптеген тұтқаларын орналастырады. Жалпы табыс, пайда және өндіріс шығындары дегенди қалай түсінеміз?

     Шығындарды  зерттеумен саяси классиктері  айналысқан. А. Смит абсоллюттік  шығындар деген түсінік енгізген, ал Давид Рикардо салыстырмалы  шығындра теориясының авторы  болып табылды. «Шығындар» деген  терминды олар, бірлікке жұмсалған қоғамдық шығын деп түсінген, және осы шығын кәсіпорындардың бәрінде осындай бірдей орта шығындар болады деп түсіндірген. Классиктер шығындағы ренталық төлемдер мен есептескендегі өндіріс бағасы депте дәлелдеді.

Марксистық концепция  бойынша , өндіріс шығындары капиталистке тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне (тұрақты және өзгермелі капитал) жұмсалған шығындардың сомасы болады. К.Маркс ерекше капиталисттық шығындардын, тауардың құнын құрайтын (еңбек шығындары) ақиқат өндіріс шығындарын ажыратып зерттейді. Өндіріс шығындарын осылай бөлу – еңбек шығындарына  және капитал шығындарына, капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау жүргізудің астапқы принциптерінің біреуі болып табылады.

XIX ғ. соңында бірнеше  жаңа концепциялар пайда болды. Маржиналистер ( Менгер, Визер)  бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен ( сатушы көзқарасы бойынша) белгіленген, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін сомның шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорынның табысы мен шығындары, өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.

    Австриялық  теоретик Ф. Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субьективтік теориясының авторы. Осы тауардың нақты өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірімен байланысты. Шығындарды барынша төмендету теориясы пайда болды.

Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж.К.Кларк  және Джон А.Гобсон. Кларк қосымша  шығындар мәселелерімен айалысқан  және шығындардың әрқилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақмерзімді және қысқамерзімді типтерін жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді. Бұған еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі жатады және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады.

Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, осы өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және айнымалы) сомасы дейді.

     Соңғы жылдары  неоинституционалистік трансакциондықшығындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады- тауарды өткізу шығындары. Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша, экономикадағы транакциондық шығындар физикадағы үйкеліс құбылысымен ұқсас келкді деп түсіндірген. Неоинституционалистер нарықтың функциясы трансакциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артықшылығына айырбас мүшелерінің арқайсысының информация алуға жұмсалатын шығындардың барынша төмендету тенденциясы жатады деген.

      Шығын-тауарға  және жұмысқа төленетін ақша. «Шығындар қолдағы бардың сатып  алуға жұмсалғанын және оны  шаруашылық субьектісінің балансында  актив ретінде көрсетілген, келешекте  табыс әкелуге қабілетті қаражаттар»  - бұл Г. М. Лисович пен И.Ю.Ткаченконың шығынға берген түсініктемелері. Осымен қатар кәсіби әдебиеттерде осы ұғымның басқалай да түсіндірілері кездеседі. Мәселен, профессор Ч.Т. Хорнгерн, Дж. Фостер келесідей түрде тұжырымдайды : «Шығындар» - тауарларға немесе қызметтерге төленуі қажет болатын, тұтынылатын ресурстар яғни ақшалар». Тура осындай мазмұндағы анықтаманы кейінірек проф. А.Д.Шеремет және басқа да авторлар берді. Бұл ұғымдардан «шығындар» тұжырымдамасының абстрактілі екені көрінеді. Сондықтан да осы күнге дейін экономикалық әдебиеттерде шығының анықтамасы бойынша көзқарастардың біртұтастығы  жоқ. Отандық тәжірибеде ұқсастығына байланысты шығындар, шығыстар, жұмсалған қаражат бірдей деп теңестіріледі және өндіріс шығындары немесе өндіріске жұмсалған шығын терминдері бір мағынада қолданылады. Соған қарағанда шығын сөзінің табиғаты әр қилы ахуалға байланысты түрлі мәнге ие болады. Өндірістік шығындарды тексеру  мақсатына қарай әп түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады.

1. Құрамы бойынша :

Нақты.

Жоспарлы.

 

2.Өндіріс көлеміне байланысты:

Ауыспалы.

Тұрақты, т.б

 

3. Орташаландыру дәрежесі  бойынша :

Жалпы.

Орташа.

 

4. Басқару тәсілдері  бойынша:

Өндірістік.

Коммерциялық.

Әкімшілік.

 

5. Өзіндік құнға кіргізу  бойынша:

Тікелей.

Жанама.

 

6. Пайда түскен кезеңге  шығындарды реттеу және жинақтауға байланысты :

Өнімге.

Кезеңге    болып  бөлінеді.

    Өндіріс шығындарына  келетін болсақ оларды жіктеп  бөлудің бірнеше жолдары бар.  Біріншіден, әлеуметтік – экономикалық  бағыттан қарағанда, шығындар  қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған, еңбек шығындары жатады.

Өндіріс шығындары ұдайы  өндіріс процесінің нәтижесі болып  табылады. Бұл кәсіпорының өндірісте  тұтынатын құрал – жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

     Екіншіден,  өндіріс шығындары экономикалық  және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлікке өнімнің белгілі  мөлшерін өндіріге нақты жұмсалған  өндіріс факторларының шығындары  жатады. Бұл жағдайда факторлар  сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары, бухгалтерлік және статистикалық  есепте, өнімнің өзіндік құны түрін алады.

Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне  және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді.

Информация о работе Касипорын каржысын баскару