Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 14:48, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: негізгі өндіріс шығындарының тиімділігін талдау. Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындарының басқару тиімділігін арттыруы туралы жазылған. Бірінші бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның мәні жайында түсінік, шығындарды басқару мақсаты мен әдістері шығындардың тиімділігін бағалаумен қоса сипатталып берілген. Курстық жұмыстың екінші бөліміне келетін болсақ, онда шығындардың басқару тиімділігін нақты кәсіпорын мысалында талдау, және де оның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы берілген.
Кіріспе.
1. Шығындарды басқарудың теоретикалық негіздері.
1.1. Шығындар ұғымы және мәні.
1.2. Шығындарды басқарудың мақсаты мен әдістері.
1.3. Шығындардың тиімділігін бағалау.
2. Шығындарды басқару тиімділігін талдау (нақты кәсіпорын мысалында).
2.1. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы.
2.2. Кәсіпорындағы шығындарды басқаруды талдау.
3. Кәсіпорындағы шығындарды басқару тиімділігін арттыру.
3.1. Шығындарды басқару тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар.
3.2. Ұснылған іс-шаралардың тиімділігін негіздеу.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың қандайымен болмасын экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын (ақшалай), немесе айқын емес (имплициттік) шығындарға бөлінеді.
Айқын шығындар (explicit costs) деп өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын, ақша формасында төлем түрін алатын, балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалқы төлеу үшін, көлік шығындарын өтеу үшін, т.б.
Практикада көбінесе шығындарды тұрақтаға және өзгермеліге бөледі.
Тұрақты шығындарға
( fixed costs FC) осы мерзімде өндіріс
пен откізудің көлемі мен
Тұрақты шығындарға бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп екі топқа бөлуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқталғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорының тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.
Өзгермелі
шығындарға (variable costs – VC) осы берілген
мерзімде өнімді өндіру және
өткізі мөлшерімен жалпы
Өзгермелі және тұрақты
шығындардың сомасы
TC=FC+VC
Орташа шығындар (ATC) - шығырылып отырған өнімнің бір данасына жұмсалған жалпы шығындар:
ATC= TC/ Q
Осыған сәйкес, орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындарды есептеуге болады:
AFC=FC/Q; AVC=VC/Q; ATC=AFC+AVC.
Фирма тек орташа шығындармен ғана емес, шекті шығындармен де есептесуі қажет.
Шекті шығындарға -MC- өнімнің қосымша данасын (бірлігін) өндіруге жұмсалатын қосымша шығындар жатады:
MC=∆ TC/∆Q
Өнімнің қосымша данасын өндіру үшін жұмсалған шығындар оның сатылу бағасынан төмен болғанша фирма өндірісті кеңейте береді. Осы жағдай шекті шығындар өнімнің бағасымен теңескенше орын алады.
«Шығындар»
ұғымына өндіріс шығындарының
пайда болуымен байланысты
«Шығындардың» мәнін жеткілікті түсіну ушін, осы үш жақты қарастыру керек. Біріншіден, шығындар ресурстарды пайдаланумен анықталады. Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетіледі, сөйтіп пайдаланылған ресурстардың санын көрсетеді. Үшіншіден, шығындар кез – келген бөлімшенің қызметі, өнімід өндіру, түрлі қызметтердің іске асырылу жайын ( мақсатын) салыстырады. Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда бір мезгілде белгілі мақсаттарға ақшалай (кейде натуралды не натуралды емес) көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді. «Шығындарды» есепте көрсету соңғы өнім болып табылмайды, ол мақсатқа жету құралы ретінде көрінеді. Икемді шығындар әр түрлі өндіріс көлеміне «өздерін түрліше алып жүреді», ал жекелеген тұрғыдан қарасақ, шығын– пропорционалды, прогрессивты немес дегрессивты түрде көрінеді. «Шығынның» мұндай әрекетін көре тұра шетелдік әдебиеттерде, теориялық еңбектерде «шығынның әрекеті (қылығы)» деген термин өте жиі қолданылады. Қазақстандық тәжірибеде шығындар динамикасы (қарқынды) туралы айту қабылданғанымен, «шығынның әрекеті (қылығы)» термины тек қарқыныд ғана емес, сондай-ақ осы немесе басқа шығыстардың мүмкін болатын тұрақты, қалыпты жағдайын көрсететін өте ауқымды ұғым болып табылады. Шешім қабылдау үшін іскерлік белсенділік пен өндірістік қызметтің деңгейлеріне тәуелді «шығындардың әрекеті (қылығы)» қалай өзгеретінін көрсету өте маңызды роль атқарады.
1.2. Шығындарды басқарудың мақсаты мен әдістері.
Шығындарды басқарудың мақсаты — ылғи да шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сонымен бір мезгілде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын ұстап тұру. Шығындарды басқару кез-келген басқару процесіне сай кезеңдерді өзіне қосады.
Шығындарды дұрыс басқару үшін, біріншіден, оның мәнін сипаттайтын анықтама беру қажет, екіншіден, оларды нақты белгілері бойынша топтастыру қажет, ол олардың басқару объектісі бойынша шығын деңгейін белгілеуге көмектеседі және де кәсіпорында шығындарды басқарудың негізгі әдістерін зерттеп, жоспарлау, есептеу, бақылау, талдау жүргізу қажет.Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- басқару мақсаты үшін
шығындардың экономикалық
- кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметін талдау;
- шығындарды басқарудың
қазіргі таңдағы әдістерін
- кәсіпорында шығындарды
басқарудың тиімділігін
Шығындардың басқару функциялары бойынша жіктемесі
№ |
Жіктемелік белгілері бойынша |
Басқару функцияларына байланысты шығындардың түрлері | ||
1 |
Басқару шешімдерін қабылдау үрдісі бойынша |
- нақты және баламалы; - релевантты, релевантты емес;
| ||
2 |
Болжау үрдісі |
| ||
3 |
Жоспарлау үрдісі |
| ||
4 |
Мөлшерлеу үрдісі |
| ||
5 |
Ұйымдастыру үрдісі |
| ||
6
|
Есептеу үрдісі |
| ||
7 |
Бақылау үрдісі |
| ||
8 |
Реттеу үрдісі |
| ||
9 |
Ынталандыру үрдісі |
| ||
10 |
Талдау үрдісі |
|
Нақты шығындарға - кәсіпорынның пайдаланған ресурстары үшін төлейтін төлемдері жатады. Оларға шикізат, материалдар, отын, энергия, персоналдардың еңбекақысы, амортизация, көлік, сақтандыру және басқа өнім өндіру мен сату үшін жұмсалған шығындар жатады. Өнім өндірумен бірге, сатуға жұмсалған шығындар жиынтығы өнімнің толық өзіндік құнын құрайды. Сонымен бірге, өнімнің толық өзіндік құны тауарлық өнімді өндіруге кеткен шығындар динамикасы мен деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштердің біріне жатады.
Нақты шығындар оперативті
құжаттарда, қаржы есептерінде
Экономикада шығындардың
балама түрлері шығындарды жоспарлауда,
болжауда қолданылады. Шығындар ең үздік
баламалы түрде пайдалану тұрғысынан
қарастырылса, оларды жіктелген шығындар
деп атайды.
Мұндай шығындар балама нұсқалары бар
болған кезде пайда болады.
Оларды есептеу оңайға соқпайды, сондықтан
экономикалық шешімдер қабылдау кезінде
есепке алынады. Ондай шығындар өзінің
құрамына сыртқы шығындар (жабдықтаушыларға
сатып алған ресурстар үшін төлем төлеу
шығындары) мен ішкі шығындарды (фирмаға
қарасты ресурстарды пайдалану шығындары)
қамтиды. Фирмаға қатысты мұндай ішкі
шығындар баламалы түрдегі ең ұтымды ресурстарды
пайдалануға байланысты есептелген
төлемақы шығындарына тең болады. Мұндай
шығындар нақты емес немесе имплицитті
шығындар деп те аталады. Сонымен қатар,
баламалы шығындар ресурстардың шектеулі
кезінде пайда болатындығын атап өткен
жөн. Егер де ресурстар шектеулі болмаса,
жіктелген шығындар нөлге тең болады.
Балама шығындары кейде қосымша шығындар
деп те аталады.
Қайтарылмайтын шығындар
деп қандай жағдай болмасын қайтарылмайтын,
бір рет қана жұмсалатын шығындарды айтады.
Сондықтан олар кәсіпорынның ағымдығы
операцияларымен ешқандай байланыста
болмайды. Ондай шығындарға жанама шығындарды
жатқызуға болады.
Шығындардың мұндай түрлері
экономикалық тұрғыдағы басқару шешімдерін
қабылдауда ескеріледі. Шығындарды бағалау
тәсілдерінде экономистер мен бухгалтерлердің
атқаратын функциялары арасындағы айырмашылық
анықталады. Экономистер ресурстарды
жұмсаудың бірнеше баламалы жолдарын
іздестіру үшін талдау жұмыстарын жүргізеді.
Олар бұл проблеманы шешуді жан-жақты
талқылап, содан кейін экономикалық табыс
табу жолдарын қарастырады.
Экономикалық пайда
дегеніміз түсім мен барлық жіктелген
шығындардың арасындағы айырманы көрсетеді.
Бухгалтерлер нақты жұмсалған шығындарды есептеумен қатар, нақты
(бухгалтерлік)
шығындарды және бухгалтерлік табыс
көлемін бағалайды. Бухгалтерлік табысқа
түсім мен нақты шығындардың арасындағы
айырма жатады.
Кәсіпорынның оперативті қызметі бухгалтерлік шығындар мен бухгалтерлік табысты есептеу және бағалаумен тікелей байланысты болса, ал экономикалық табыс бизнес-жоспар, инвестициялық жобалар жасауда есептеледі. Кәсіпорын жұмысының уақыт мерзіміне және де өнім көлемінің өзгеру және өзгермеуіне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.
Тұрақты шығындарға өнім
өндіру көлемінің өзгеруіне қарамастан
тұрақты болып қала беретін қысқа
мерзімде өзгермейтін шығындар жатады.
Оларға әкімшілік персоналдық еңбек
ақысы, үй-ғимараттың жал ақысы,
құрал-жабдықтың амортизациясы сияқты шығын түрлері жатады.
Өндіріс көлемінің артуынан бір өнімге
келетін тұрақты шығындар азаяды. Сондықтан
кәсіпорын үшін тұрақты шығындарды есептеу
қажеттілігі пайда болады.
Өз кезегінде тұрақты шығындар қалдық және старттық шығындар болып екі топқа бөлінеді. Қалдық шығындарға өнім өндіру мен сату жұмыстары толық тоқтатылса да, кәсіпорында әрі қарай орын алатын тұрақты шығындардың бір бөлігін атайды. Старттық шығындарға өнім өндіру мен сатуда қалпына келтіруге болатын тұрақты шығындардың бөлігі саналады.
Айнымалы (өзгермелі) шығындарға қысқа мерзімде өнім өндіру көлемінің артуы немесе азаюына қарай өзгеріп отыратын шығындардың түрлері жатады. Мысалы, оларға шикізат пен материалдар, энергия, негізгі және қосымша жұмысшылардың еңбекақысы шығын түрлерін жатқызуға болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты кейбір кезде шығындар әрі тұрақты, әрі өзгермелі болып келуі де мүмкін.
Тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтығы жалпы шығындарды құрайды.
Кейбір жағдайда шығындар
аралас шығындар болып келеді.
Олардың құрамында тұрақты және өзгермелі
шығындар компоненттері орын алуы
мүмкін. Барлық тікелей шығындар өзгермелі
шығындар болуы мүмкін, ал жалпы өндірістік,
жалпы шаруашылық және коммерциялық шығындардың
құрамында тұрақты және өзгермелі шығындардың
құрамдас бөліктері болады. Мысалы, телефонға
төлейтін айлық төлемде абоненттік төлем
тұрақты бөлігін құраса, ал өзгермелі
бөлігіне қалааралық және халықаралық
телефон сөйлесулерінің саны мен ұзақығына
қарай төленетін ақыны жатқызуға болады.
Сондықан шығындарды есептеуде тұрақты
және өзгермелі шығындардың арасындағы
айырмашылықты нақты көрсету қажет болады.
Қабылданатын басқару
шешімдерінің ерекшелігіне байланысты
шығындар релевантты және релевантты
емес болып бөлінеді.
Релевантты шығындарға басқару шешімін
қабылдауда маңызды рөл атқаратын шығындар кіреді.
Жеке алғанда, өткен мерзім шығындары
релевантты бола алмайды, себебі оларға
әсер ету мүмкін емес. Сонымен қатар, жіктелген
шығындар (мәселен, жоғалтылған пайда)
басқару шешімдерін қабылдау үшін релевантты
болады. Қабылданатын шешімдердің нәтижелеріне
ерекше әсер етуіне байланысты шығындар
тиімді және тиімсіз болып бөлінеді.
Тиімді шығындарға өнімділігі жоғары шығындарды жатқызуға болады, басқаша айтқанда шығындарды жұмсау нәтижесінде жоғары табыстылыққа қол жеткізілсе, ондай шығындар тиімді де шығындар қатарына жатады.
Тиімсіз шығындар өнімсіз
шығындар сипатына ие болады, оларды жұмсау
нәтижесінде табыс алынбайды, сондықтан
өнім өндірілмейді.
Көп жағдайда, тиімсіз шығындарға өндірістегі
жоғатулар жатады.
Оларға өндірістегі ақаулардан, тоқтаулар мен
тауарлық-материалдық құндылықтардың
жетіспеушілігі мен бұзылуынан болған
жоғалтуларды жатқызуға болады. Тиімсіз
шығындарды бөліп көрсету жоспарлау мен
мөлшерлеуде жоғалтуларды болдырмау үшін
қажет болады.
Қабылданған басқару шешімдері жоспарлау үрдісімен тікелей байланысты болуы тиіс. Өндірістік және коммерциялық қызметті орындауға байланысты болжанатын шығындар жоспарлау үрдісімен тікелей байланысты болады.
Жоспарланатын шығындарға кәсіпорынның шаруашылық қызметіне туындайтын және өндіріс шығындарының сметасында қарастырылған кәсіпорынның тиімділігі жоғары шығындары жатады. Олар нормалар, нормативтер, лимиттер және сметаларға сәйкес есептеліп, өнімнің жоспарлы толық өзіндік құнының құрамына кіреді.
Жоспарланбайтын шығындарға тиімсіз шығындардың түрлері жатады. Олар кәсіпорынның қолайсыз шаруашылық жағдайынан пайда болады немесе олардың болмауы да мүмкін. Мұндай шығындар тікелей жоғалтулар болғандықтан өндіріс шығындарының сметасына кірмейді. Олар тек тауарлық өнімнің нақты толық өзіндік құнында және бухгалтерлік есептің сәйкес есепшоттарында бейнеленеді. Оларға ақаулар мен өндірісте әртүрлі себептерге байланысты болатын тоқтаулардан болған жоғалтулар кіреді. Оларды жеке есептеу алдын-алу шараларын жүргізу үшін қажет болады.
Шығындарды басқаруда кәсіпорында қолданылатын нормалар, нормативтер, лимиттер және сметаларға қатысты шығындарды топтау басты мәнге ие болады. Осы мәнге байланысты өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық өндірістік үрдісте пайда болған нормалар байынша ағымдық жылдың басында бекітілген шығындар топталады. Нормативтік есептің негізінде шығындарды бұлай бөлу өндіріс шығындарының деңгейін ағымдық оперативтік деп бөлудің басты құралы болып табылады.
Жоғарыда келтірілген жіктемеде кәсіпорын қызметінің функциясы мен сферасына байланысты шығындары топтастырылған. Осы белгі бойынша шығындар жабдықтау-дайындау технологиялық, коммерциялық-өткізу және ұйымдастыру-басқару болып бөлінеді.
Мұндай жіктеме функционалдық есепті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Соның әсеріне шығындар кәсіпорын қызметінің функциялары және сфера шеңберінде, содан кейін калькуляция объектісі бойынша жинақталады. Шығындардың функционалдық есебі ішкі шаруашылық есепті күшейтуге және шығындар орталықтары арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуекелділікті күшейтуге және жұмсалған шығындар жөнінде ақпараттарды нақты және дәл беруді қамтамасыз етеді. Бұл менеджерлерге өнім өткізу жолдары, бағасы, құрамы және түрлері жөнінде басқару шешімдерін қабылдауға және кәсіпорынның өндірістік-коммерциялық қызметінің тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді.